Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Конспекты / Разработка урока истории Казахстана в 9 классе

Разработка урока истории Казахстана в 9 классе


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Қарағанды облысы

Бұқар жырау ауданы

Үштөбе орта мектебі

тарих пәнінің мұғалімі Халелова М.Е.

тарих сабағы - 9 сынып

Сабақ тақырыбы: ХХ ғасырдың басындағы ҚАЗАҚСТАННЫҢ МУЗЫКА, БЕЙНЕЛЕУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕРІ

Мақсаттары:

  1. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның музыка, бейнелеу және қолданбалы өнерін сипаттау арқылы тақырып мазмұнын ашу.

  2. Жалпы білім деңгейлерін, ойлау дағдысын арттыру,

  3. Қазақ халқының мәдениетіне сүйіспеншілік және құрмет сезімдерін орнықтыру.


Түрі: кіріктірілген сабақ

Әдісі: флипчарт, сұрақ-жауап, әңгіме-дәріс, мектеп мұражайына сырттай

саяхат

Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру

  2. Ұй тапсырмасын тексеру: - хронологиялық диктант

  3. Жаңа тақырып: - музыка пәнінің мұғалімі Мукушева Ж.С.

  • сурет пәнінің мұғалімі Қарашолақов Б.А.

  • мектеп мұражайына сырттай саяхат

  1. Бекіту

  2. Үй тапсырмасы бойынша нұсқау беру

  3. Қорытынды


Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру

Сабақ жоспарымен таныстыру

  1. Ұй тапсырмасын тексеру:

  • ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ диктанат:

  1. .............Чехословак корпусының бүлігі

  2. ............. ІІ Николай, оның отбасы мүшелері атылды

  3. ............ Орынбор қаласында Азамат соғысының алғашқы ошағы пайда болды

  4. ..........Орынборды атаман Дутов басып алды

  5. ...........Ә.Жангельдин бастаған экспедиция Ақтөбе майданының әскери бөлімшелеріне қару-жарақ, дәрі-дәрмек жеткізді

  6. .......... Қазақ жерін басқару жөнінде Революциялық Комитет (Қазревком) құрылды

  7. ........... Орынбор қаласында “Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы” Декрет жарияланлы

  8. ............... Қызылорда қаласында Қазақ АКСР-і Кеңестерінің Vсъезі өтті

  9. ..............Қазақстандағы Азамат соғысы жылдары

  • ТЕКСЕРУ:

  1. 1918ж 25маусым - Чехословак корпусының бүлігі

  2. 1918ж 16 шілдеде ІІ Николай, оның отбасы мүшелері атылды

  3. 1917ж, қараша - Орынбор қаласында Азамат соғысының алғашқы ошағы пайда болды

  4. 1918ж шілдеде Орынборды атаман Дутов басып алды

  5. 1917ж, тамыз-қараша - Ә.Жангельдин бастаған экспедиция Ақтөбе майданының әскери бөлімшелеріне қару-жарақ, дәрі-дәрмек жеткізді

  6. 1919ж, шілдеде Қазақ жерін басқару жөнінде Революциялық Комитет (Қазревком) құрылды

  7. 1920ж 26 тамызда Орынбор қаласында “Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы” Декрет жарияланлы

  8. 1925ж 15-19 сәуір - Қызылорда қаласында Қазақ АКСР-і Кеңестерінің Vсъезі өтті

  9. 1918-1920жж - .Қазақстандағы Азамат соғысы жылдары

  • БАҒАЛАУ:

«5» - қате жоқ, 1 қате

«4» - 2 қате

«3» - 3-5 қате


  1. Жаңа тақырып:


Мұғалім: Бүгінгі сабақты тақырыпқа байланысты музыка пәнінің мұғалімі Мукушева Ж.С. және сурет пәнінің мұғалімі Қарашолаков Б.А жүргізуге көмектеседі.

Музыка өнері өзіне ғасырлар бойы ұрпақтардың рухани тәжірибесін сіңірді. Қазақтың дәстүрлі музыкалық тілі өте бай және ол халықтың ғасырлар бойғы тарихи тәжірибесін бейнелейді.

Музыка өнері және дәстүрлі музыкалық аспаптар туралы Жайнагуль Сембековна – музыка пәнінің мұғалімі айтып береді

  1. ХХ ғасырда қазақтың музыка өнері жаңа музыкалану мен жанр формаларымен ерекшеленді. Қазақтың музыкалық және ән өнері Кеңес өкіметінің аса мән берген, қызушылығын тудырған нысанына айналады. Жаңа кезеңде музыка өнерінің дамуына ХХ ғасыр басындағы белгілі халық композиторлары мен әншілерінің, композитор-аспапшылардың әсері ерекше болды. Олардың арасында қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаған Абай Құнанбаев, Біржан Қожағұлов, Жаяу-Мұса Байжанов, Дәулеткерей Шығаев, Құрманғазы Сағырбаев, Ықлас Дүкенов, Мұхит Мералиев, Балуан-Шолақ, Ақан-Сері, Тәттімбет, Мәди, Қазанғап, Дина Нүрпейісова, Кенен Әзірбаев және басқаларды атауға болады. 

Иса Байзақов.

Әкесі Байзақ ескіше хат таныған, жасында ән салып, өлең шығарған, шағын шаруалы, сауыққой кісі болған. Иса 9-ға шыққанда шешесі қайтыс болып, өлеңші, әңгімеші әжесі Жанбаланың бауырында өседі. Нағашы ағасы Рахмет оған домбыра тартып, ән салуды үйретеді. Кішкентайынан “Әнші Иса” атанады. 1932 – 40 жылдары АлматыҚарағандыСемей қалаларында радиода, филармонияда, Жазушылар одағында қызмет істеді. Өлеңдері 1924жылдан жариялана бастады. Сан қырлы талант иесі Байзақовтың, әсіресе, суырып салма ақындық өнері қазақ әдебиетіндегі осы бір ерекше құбылыстың жалғасындай еді. Байзақов жазба әдебиет өкілі ретінде де шоқтығы биік көркем туындылар қалдырды.

Жабаев Жамбыл (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Жамбыл - әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Ол шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы.

Әзірбаев Кенен (1884-1976)- ақын, композитор және жырау. Жыр алыбы Жамбылдың шәкірті және өнерін жалғастырушы. Ол - әуен тіліне көшірілген 150 өлең жазған тұлға.

Кененнің әншілік өнермен даңқы шыққан. Ол өз шығармаларында Біржан сал, Ақан-сері сияқты белгілі қазақ ақындарының ең үздік дәстүрлерін жалғастырушы. К. Әзірбаев шығармаларының басты тақырыбы - біртұтас халық өмірі, сондай-ақ, әрбір адамның жеке үміттері мен армандары.

Әміре Қашаубаев (1888-1934) – атақты әнші, актер әрі музыкант. 

1925 жылы Парижде өткен Бүкіл дүние жүзі сән өнері көрмесінде «Ағаш аяқ», «Қанапия», «Үш дос», «Жалғыз арша», «Қосбалапан», т.б. әндерді орындап, 2-бәйгемен қоса күміс медаль алды. «Париж апталығы» газеті мен «Ле мюзикаль» журналы оның сирек кездесетін талант екенін жазса, Сорбонна университетінің профессоры Перно фонографқа Әміренің орындауында бірнеше ән жазып алған. 1927 жылы сәуір айында арнайы шақыртумен Мәскеу консерваториясының залында қазақ әндерін тамылжыта шырқады. Сол жылы Германияның Майндағы Франкфурт қаласында өткен Халықаралық музыкалық көрмеде концертке қатысып, қазақтың халық әндерін әлемге паш етті.

Александр Затаевич Әміренің әншілік өнеріне тәнті болып, одан «Балқадиша», «Дударай», Бес қарагер», «Көк көбелек», т.б. әндерді жазып алып, «Қазақтың 500 ән мен күйі» (1931) жинағында жариялады. Затаевич. Ол алғаш рет қазақтың халықтық музыкасы шығармаларымен 1920 жж. басында, Орынборда жүрген кезінен-ақ таныса бастайды. Сол кезеңнен бастап А. Затаевич өзінің болашақ қызметін аспаптық мұраларын тамаша үлгілерін жинау, оны насихаттаумен тығыз байланыстырады. 

Халықтық кәсіби әнші-күйшілерінің шығармашылық қызметін, олардың орындаушылық шеберліктерінің сырын ашып, өте құнды мағлұматтар жинады. Ақан сері, Біржан сал, Абай, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Құрманғазы, Мұхит, Дәулеткерей, Тәттімбет, т.б. шығармаларын алғаш рет Затаевич жарыққа шығарды. Сөйтіп, ұлттық дәстүрлерді сақтаушылар мен дамытушылар жайында қайталанбас деректер жазып қалдырды. Этнографтың “Қазақ халқының 1000 әні” (1-бас., 1925 ж., 2-бас., 1963 ж.), “Қазақтың 500 ән-күйі” (1931), “Песни разных народов” (1971), жарияланбаған “Қазақ музыкасының 3-томы” деп аталатын жинақтарында қазақ халқының классик. ән, күйлерінің үлгілері мол орын алған. Затаевичтің еңбектері арқылы қазақ музыкасы дүние жүзіне тарады, бүкілЕуропа елдеріне жетті, алдыңғы қатарлы өнер иелерінен жоғары баға алды.

Шара Жиенқұлова он алты жасында «Биші қыз» атағын иеленді. Үлкен сахнадағы өнер жолын жолдасы Құрманбек Жандарбековпен бірге Қазақ драма театрында бастаған. 1924-1930 жылдары Шара Жиенқұлова Қазақ Педагогикалық Институтының тарих факультетінде оқыды.

Шара Жиенқұлова 1936 жылы Мәскеуде өткізілген Қазақ әдебиеті және өнерінің онкүндік мәдени шарасына қатысып, өзге халықты ұлттық би өнерімен таң қалдырды.

Майра Уәлиқызы Шамсутдинова – халық әншісі, композитор. 1896 ж. 6-мамырда Кереку (қазіргі Павлодар) қаласында дүниеге келген. Майра жасынан гармон тартып, ән салған.

1926 жылы әйгілі этнограф-музыкант А.В. Затаевичпен кездесіп, өзінің орындауындағы жеке әндері мен 13 халық әндерін жазған.

Брусиловский қазақтың ұлттық әндерін өз шығармаларында жоғары шеберлікпен пайдаланды. Ол 250-ден астам қазақ ән-күйлерін жазып алған. Ол — “Қыз Жібек”, “Жалбыр”, “Ер Тарғын” сияқты алғашқы қазақ операларының авторы. Олар музыка мәдениетінде, елдің мәдени өмірінде зор маңызға ие болды. 1970 жылдан Мәскеуде тұрған Брусиловский қазақ тұрмысы тақырыбына 8-, 9-симфонияларын, “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” балетін жазды.

Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906-1968) — қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер. Қазақстанның халық артисі (1944), өнертану ғылымының докторы (1943), профессор (1948), академик.

1934 жылы А. К. Жұбанов алғаш 11 адамнан құралған домбырашылар ансамблі негізінде Қазақ ұлттық халық оркестрін ұйымдастырды. Осы ұжымның тұңғыш дирижері ретінде көптеген халық композиторларының музыка туындыларын оркестрге лайықтап нотаға түсірген.

Қазір Құрманғазы оркестрының орындауында «Сарыарқа» күйі


  1. Музыкалық аспаптар бес топқа бөлінеді: 96-бет, слайдтағы аспаптар суретін ажыратып көрейік

  2. Бейнелеу өнері. – Сурет өнері туралы Берик Амантаевич – cурет пәнінің мұғалімі толық айтып береді

Тұңғыш ұлттық кәсіби суретші– акварелші Ә. Қастеев (1904-73). Оның ұстазы Н. Хлудов (11850-1935) – көшпенділер өмірі туралы  этнографиялық дәлме-дәл және романтикалық көркем суреттердің авторы.

Әбілхан — туған жердің әсем табиғатын, оның дидарындағы адам қолының жасампаз өзгерістерін зор шабытпен бедерлей алған суреткер.

Әбілхан Қастеев суретші ретінде өзіндік дара қолтаңбасымен ғана ерекшеленіп қоймайды, сонымен бірге, ол — туған жері мен өскен елін перзенттік махаббатпен жырлай алған біртуар суреткер.

Верещагин қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін,Қазақстан табиғатын бейнелеген көптеген суреттер салды («Лепсі алқабы», «Шу өзені бойындағы қазақ үйлері», «Алатауда» (1869 – 70), «Аңшы қазақ» (1871), т.б.

Хлудов Николай Гаврилович   1877 жылы арнайы шақыртумен Верный (Алматы) қаласына суретшіХ.Глушковпен бірге келеді. Глушковпен бірге жергілікті халықтардың этнографиялық көркемсуретті альбомын құрастырды. Жергілікті халықтың тұрмыс-салтын тыңғылықты біліп зерттеу үшін ол Жетісу және Сырдария облыстарының жерлерін межелеу мекемесіне орналасты. Іссапармен осы өлкенің көптеген жерлерінде болған Хлудов жүрген жерлерінен сан алуан этюдтер, сызбалар, суреттер салып, кейін соның негізінде этнографиялық-өлкетанушылық маңызы зор және көркемдік орындалу шеберлігі жағынан әр қилы картиналар сериясын жасады. Қазақстанда өмірінің соңына дейін тұрған Хлудов Жетісу жерінде ғылыми-зерттеулік жұмыстарын жүргізуге белсене араласып, көптеген ғылыми қоғамдардың мүшесі болды. Әр түрлі ғылыми экспедициялардың жұмысына суретші ретінде қатысты.

1918 — 19 жылы Алматы ауыл шаруашылығы техникумында сурет пен сызудан сабақ жүргізді.

СӘУЛЕТ ӨНЕРІ

Зенков Андрей Павлович (сәулетші, құрылыс инженері. Санкт-Петербургтегі Николаев инжинериялық академиясын (қазіргі Санкт-Петербург архитектура-құрылыс университеті) бітірген 1898 жылы Қазақстанға қоныс аударып, Верный қаласына қоныстанған. 1907 – 17 жылдары Жетісу облысы инжинерия басқармада жұмыс істеді. Жер сілкінісіне төтеп беретін ағаш үйлер салумен, жер сілкінісіне төзімді құрылыстар жобасын жасаумен шұғылданды. Зенковтың жобасымен салынған үйлер: Верный әйелдер гимназиясы (1904 жылы, қазіргі Алматы мемлекеттік университетінің көркемсурет-графика факультетінің корпусы), Кафедральдық собор (1907), Верный әскери мәжіліс үйі (1908 жылы, қазіргі Қазақ халық музыкалық аспаптар музейі), Верный сауда үйі (1912 жылы, қазіргі “Қызыл таң” мата үйі), т.б. Кеңес өкіметі жылдары Зенков Алматыны қайта салуға қатысты.


  1. Қазақ халқының материалдық мәдениеті

Қазір біз біздің мектеп мұражайына сырттай саяхат жасаймыз.

  • Қандай қолөнер туындылары туралы сөз айталасыңдар?

  • Мектеп мұражайында оқушылардың, мұғалімдердің, ата-аналардың көмегімен жиналған біршама жәдігер бар. Оларды ө зхдерін көрдіңдер, қазір слайдтағы суреттер арқылы сөз жалғастырайық.

  • Баспана туралы. Киіз үй, кереге, уық, шаңырақ, текемет, сандық, сырмақ, үстел, бесік.

  • Не үшін? Неден істелінген?

  • Құрал-жабдық. Күбі, торсық, диірмен, мойын ағаш, көсеу.

  • Зергерлік бүйымдар туралы не білесіңдер? Білезік, сақина, сырға, шолпы,қаптырма.

  • Қазіргі кезде қолданыста бар ма? Мысал келтіру

  • Қазақстан Республикасының нышаны ретінде сувенирлер «Азиада 2011» ойындарына арнайы жасалған.


  1. Оқулықпен жұмыс

100-беттегі 1-сұрақ, 10-сұрақ

101- бет,19,20-сұрақтар


  1. ҮЙГЕ:

  • Қазақстанның музыка, бейнелеу, қолданбалы өнері

  • Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар.

  • 101 бет., 1-14 сұрақтар ауызша






57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 04.10.2016
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров15
Номер материала ДБ-235447
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх