Инфоурок Математика КонспектыСабақ жоспар, Рационал сандарды көбейту. 6 сынып.

Сабақ жоспар, Рационал сандарды көбейту. 6 сынып.

Скачать материал

Батыс Қазақстан облысы,

Тасқала ауданы,

«Сәулет» мектеп-лицейінің

математика пәні мұғалімі

Мақсот Марс Мавлетұлы

Сыныбы: 6                   Күні: 25.11.2015

Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды көбейту.                                               

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға оң және теріс сандарды көбейту ережесін үйрету;
  • Оқушылардың салыстыра білу, заңдылықты ескеру, қорыта білу және өз ойын еркін жеткізе білуі үшін жағдай жасау;
  • Еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа және бірлікке тәрбиелеу.

 

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру.

Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

2. Үй жұмысын бекіту

Амалды орындаңдар.

Жауаптарын әріптермен бірге кему ретімен орналастырыңдарҚандай сөз?  (Евклид)         

   - 43 + 65 =          к

    1,5 • 60 =           е

   3,5 – (- 4,5 ) =    л

   19  -  45 =           д

   6,9 : 0,3 =           в

   2,6 • 0,1 =           и

 

3. Жаңа сабаққа кіріспе.

Сабақтың қозғамдамасы.

            «Ертеде бір жер бетіндегі ең бай адам өмір сүріпті, бірақ оның байлығы қанша көп болса да ол үшін әлі де аз көрінетін. Сөйтіп бір күні сол бай адамға жер бетіндегі ең кедей келіп:

-         О, құрметті мырзам! Сенің байлығыңның көптігі сонша көздің жауын алады, бірақ сонда да менің сенің байлығыңды көбейте алатын қасиетім бар. Есесіне өзімдікінде.

Бай әлгі сөзге қызығып:

-         Неғып тұрсың? Көбейт тезірек!

-         Ал сен маған ренжімейсіңбе? – деп кедей қорқақтап сұрақ қойды.

-         Ол не дегенің! Сен менің байлығымды көбейтейін деп тұрсың ғо!

-         Әрине көбейтемін, - деді кедей.

-         Онда неғып тұрсың көбейт, - деп бай айқайға салды.

-         Қалағаның болсын, - деп жауап берді де. – Бір, екі, үш! Дайын!

Бай өзінің байлығы сақталған сандықты ашып қарап:

-         Сен не істегенсің оңбаған?! Менің байлығым қайда? Алтыным қайда? Бағалы тастарым қайда?, - деп ашуланып айқайға басты.

-         Олар сенде болды, енді менде, - деді кедей. – Өзіңіз көбейтуге рұқсат берген! Ал мен көбейттім!

Бұл ертегіден нені байқадыңдар?

/кез келген санды нөлге көбейтсең нөл болады/

 

4. Жаңа білімді меңгеру.

 Проблемалемалық жағдайлар туғызу.

   Қалай ойлайсыңдар неліктен бұлай болды?

   Бұл сұраққа жауап беру үшін сандарға қолданылатын қандай амалды білуіміз керек? (көбейту)

   Сандарды қалай көбейту керек екенін білесіңдерме? (натурал және оңдық бөлшек сандарды, ия)

   Онда біздің бүгінгі сабағымыздың мақсаты не, нені үйренгілерің келеді? (таңбалары әртүрлі сандарды қалай көбейтеміз?)

   Тағы қандай сандарды бір біріне көбейтуге болады (теріс)

   Сонымен, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Рационал сандарды көбейту».

Енді есімізге түсірейікші, біз натурал сандарды қосу және азайтуды білеміз, енді сол білгеніміз арқылы көбейту ережесін қалай алуға болады?

Барлық нұсқалар тақтаға және дәптерге жазылады.

  «дос» – сөзін оң сан, ал  «жау» –  сөзін теріс сан, деп белгілеп алып көбейтуді төмендегіше орындауға болады.

 Мысал 1.               (– 2)  +  (– 2)  +  (– 2) = - 6

                                (– 2) · 3 =  – 6

 Мысал 2.        (– 2) · (–3) = ?

 3 және – 3 қарама – қарсы сандар болғандықтан, нәтижесі де қарама – қарсы болады, яғни   (– 2) · (–3) = 6

 

Смайликтер қолданамыз.

Менің досымның досы - менің досым   (+) · (+)= (+)                  

Менің досымның жауы – менің жауым  (+) · (-)= (-)

Менің жауымның досы – менің жауым (-) · (+)= (-)

Менің жауымның жауы – менің досым  (-) · (-)= (+)

Қорытынды: Таңбалары бірдей екі санның көбейтіндісі оң сан, ал таңбалары әр түрлі екі санның көбейтіндісі теріс сан болады;

5. Жаңа сабақты пысықтау .

– Сонымен біз сіздермен не  үйрендік?

– Ал енді тапсырма: таңбасын анықтап мәнін есепте.

а) (-7) ·  (-5) ·  2 =  70

    (-4) ·  (-10) ·  8 = 320

б) (-2) ·  (-3) ·  (-4) = – 24

    (-1,2) ·  (-2) ·  (-12)= – 28,8

в) (-1) ·  (-2) ·  (-5) ·  (-15) ·  2 = 300

–  Осыдан таңбаларды көбейтуге қатысты қандай қорытынды шығаруға болады, теріс сандардың саны жұп (тақ) болғандағы?

Қорытынды: 1. Егер теріс сандардың саны тақ болса, онда көбейтіндінің мәні – теріс сан.
           
             2. Егер теріс сандардың саны жұп болса, онда көбейтіндінің мәні – оң сан.

6. Есептер шығару

– Оқулықты ашамыз, осы тақырыпта жазылған ережелерді қарап, бүгінгі өзіміздің қорытып шығарған ережемізбен салыстырыңдар, екі теріс санды қалай көбейту екенін, таңбалары әр түрлі екі санды қалай көбейту керек екенін қарап қорытынды шығарыңдар:

           1. Қандай таңбалар көбейтілген?

           2. Нәтижесінде қандай таңба алынған?

 – Енді бүгінгі сабақтың басында айтылған ертегіге оралайық. Қане кім айта алады, бай неліктен бар байлығынан айырылып қалды және кедей ол байлықты қандай санға көбейтті?

№ 564 ауызша

Оқулықтан  №565, 566ұптарын).

№565

1)     -15*(-6)=90

5) 24*(-9)=-216

9) -100*0.81=-81

2)     2*(-35)=-70

6) -0.8*6=-4.8

10) -0.3*(-40)=12

3)     -12*(-7)=84

7) 11*(-0.5)=-5.5

11) -99*0.1=-9.9

4)     -27*0=0

8) -2.8*(-4)=11.2

12) -100*(-1)=100

№566

2) 6,5*(-30,8)=-200,2       4) 5.9*(-3,5)= - 20,65      6) 5*(-9,3)=-46,5      8) (-0,6)*0,75=-0,45  

7. Графикалық диктант     Иә   «-», жоқ  «^»

  1. + .Қарама-қарсы сандардың қосындысы нөлге тең
  2. – .0  саны натурал сандар жиынына тиісті
  3. +. Екі теріс санның қосындысы - теріс сан
  4. +. Таңбалары әр түрлі екі санның көбейтіндісі - теріс сан
  5. -. Кез келген теріс сан нөлден үлкен
  6. +. Оң санның модулі сол санның өзіне тең
  7. +. Теріс көбейткіштер саны жұп болса, көбейтінді оң сан болады
  8. -. Теріс санның модулі сол санның өзіне тең
  9. +. Таңбалары бірдей екі санның көбейтіндісі - оң сан
  10. -. Кез келген теріс сан оң саннан үлкен

                                     -^--^--^-^

8. Қорытынды.  Үй тапсырмасы. Рефлексия

– Ал ендеше әрқайсымыз үшін бүгінгі сабақтың не бергенін анықтайық. Сабақ қызықты өттіме? Не үйрендіңдер? Неден қиналдыңдар?

  1. Таңбалары әр түрлі сандарды қалай көбейтеміз?
  2. Екі теріс санды қалай көбейтеміз?

 

Үй тапсырмасы: п. 3.7 ереже                     №  566 (тақтары), №570

 

Р/с

Сабақтың кезеңдері

балл

1

Үй тапсырмасы   0-2б.

 

2

№564 ауызша  1б.

 

3

№565      0-2 б.

 

4

№ 566  0-2 б.

 

5

Графикалық диктант  0-10 б.

 

6

Қорытынды балл

 

 

17 – 15 «5»

14 – 10«4»

9 – 5 «3»

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспар, Рационал сандарды көбейту. 6 сынып."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Социальный педагог

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 075 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Презентация по алгебре на тему "Применение производной к исследованию функции"
  • Учебник: «Алгебра и начала математического анализа. Базовый и углубленный уровни», Алимов А.Ш., Колягин Ю.М. и др.
  • Тема: Глава 9. Применение производной к исследованию функций
  • 14.12.2015
  • 773
  • 1
«Алгебра и начала математического анализа. Базовый и углубленный уровни», Алимов А.Ш., Колягин Ю.М. и др.
Урок по алгебре на тему "Применение производной к исследованию функции"
  • Учебник: «Алгебра и начала математического анализа. Базовый и углубленный уровни», Алимов А.Ш., Колягин Ю.М. и др.
  • Тема: § 51. Применение производной к построению графиков функций
  • 14.12.2015
  • 903
  • 0
«Алгебра и начала математического анализа. Базовый и углубленный уровни», Алимов А.Ш., Колягин Ю.М. и др.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.12.2015 553
    • DOCX 58.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Максот Марс Мавлетович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Максот Марс Мавлетович
    Максот Марс Мавлетович
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 21189
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 685 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 809 человек

Курс повышения квалификации

Формирование умений и навыков самостоятельной работы у обучающихся 5-9 классов на уроках математики в соответствии с требованиями ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 453 человека

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 101 человек

Мини-курс

Детские и взрослые эмоции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

ЕГЭ по биологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Мозг и психотерапия: влияние, методы и направления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 27 человек