Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыСабак жоспары Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз.

Сабак жоспары Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз.

Скачать материал

Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз.


Мақсаты: Оқушыларға қазақ тілі – ана тіліміздің ерекшеліктерін, қадір қасиетін өлең сөздер мен мақалдар арқылы түсіндіру.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, интерактивті тақта, суреттер.
Сайыстың барысы:
ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалады:

Мұғалім: Қайырлы күн! Сәлеметсіңдер ме? Бүгінгі біздің «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты сайысымызды тамашалауға шақырамыз!


Тілім менің ғасыр үні жалғаған, 
Тілім үшін отқа түсіп лаулаған.
Басқаны да ортамызға тартайық, 
Қазақ қана сөйлегені аз маған. 
ҚР Президенті Н. Назарбаев еліне, халқына жолдаған Жолдауында: «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі – қазақ тілі, Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» Мемлекеттік тілді үйрену, білу, дамыту – баршамыздың міндетіміз және әркімге де парыз болып саналады», - деген болатын.
Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

 Қазақ тілі – қазақ халқының тілі. Оның негізгі мекені – Қазақстан.Назаркожа: 22 қыркүйек Қазақстан Республикасы Тілдер күні бәріміздің мейрамымыз.

Тілді қастерлеу ізгілік пен мәдениеттілік белгісі.

Мұғалім: Сол себепті мақсатымыз, өскелең жас ұрпағымыздың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Тілдің қоғам өміріндегі маңызын түсінуге тәрбиелеу, насихаттау, дамыту.

Мұғалім: Сайысымыз бағдарламасы 6 кезеңнен тұрады. Олар:
1. «Тегімді менің сұрасаң...» (таныстыру)
2. «Тілім менің - тірлігімнің тірегі» (белгілі ақындардың тіл туралы шығарған өлеңдерін жатқа айту)
3. «Мақал-сөздің мәйегі» (Мақалдарды айтып жарысу)
4. «Сөз құрау» берілген әріптерден сөз құрастыру

5. «Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал» кезеңі. Қазақ тілі пәні бойынша

6. Сұрақ қоя біл.

7. Дәптермен жұмыс


Ал келіңдер, келіңдер,
Біріңе - бірің еріңдер.
Білімдеріңді тексертіп,
Ойынға қатысып көріңдер.
Сөйтіп, біліміміздің артып, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма.
Біліммен өнер жарысып,
Тәрбие -тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол алда.
- Бүгінгі біздің ойнымыз түрлі қызықты тапсырмалардан тұрады. Әр тапсырмалардан дұрыс жауапқа жұлдызшалар таратылады.

Олай болса сайысымызды бастайық (Оқушыларды ортаға шақырылады)

1-кезең «Тегімді менің сұрасаң...» (таныстыру). Әрбір оқушы өздерін таныстырады.

2-кезең: «Тілім менің - тірлігімнің тірегі» (белгілі ақындардың тіл туралы шығарған өлеңдерін жатқа айту)

Даша:
Тілім барда мақтанам, 
Тілім менің аппақ ән.
Бірлігім бүгінгі, 
Ана тілім сақтаған.


Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кең-тілім, 
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен тілім!

Максим:

Ана тілім -

Үйім алып, еркемін.

Ана тілмен

Халық күйін шертемін.

 

Мадияр:

Қазақ тілі – қазақтың ана тілі,

Бірақ оған адам аз бас иетін.

Қазақ тілі – қазақтың дара тілі,

Кейбіреулер түсінбес қасиетін.



Губкина:

Ана тілім,

Жүрегісің анамның.

Жүрек-ана,

Мен өзіңнен жаралдым.



ІІ топ
Тілдің бәрі қымбат маған, 
Әр ұлт тілін бағалаған.
Бәрінен де сен артықсың, 
Қазақ тілім, жыр баптаған!

 

Қазақ тілі – борандатқан дауыл күй, 
Қазақ тілі – өлең мен жыр, ән мен күй.
Байқасаңдар қазақ тілі осындай, 
Аққан судай, ескен желдей табиғи.

 

Ана тілім - бала-шағым, өркенім,

Ана тілім - болашағым, ертеңім,

Ана тілім тілім - сайын далам, жер, көгім,

Ана тілім - арман, ойым, өрнегім.

 

Ана тілді білмесем,

Шат-шадыман күлмес ем.

Жер бетінде сайраңдап,

Қазақ болып жүрмес ем.

 

Ана тілім -

Бала шағым, өркенім,

Ана тілім -

Болашағым, ертеңім.

 

 

3-кезең: «Мақал - сөздің мәйегі»

Сіздің шарттарыңыз: (қатысушы оқушыларға қарап) «Тіл »туралы мақал-мәтелдер айту және бір ескере кететін жайт: біріңіздің мақалдарыңызды біріңіз қайталамауға тырысыңыздар. Ал, ойынымызды бастайық.


Мадияр: Тіл тас жарады,

Тас жармаса, бас жарады.


Губкина: Басқа бәле - тілден.


Максим: Өнер алды қызыл тіл


Сабина: Тіл қаруы - сөз, сөз қаруы - ой.


Даша: Ақыл көркі - тіл,

Тілдің көркі -сөз.


2 топ

Ксения: Тіл - жұрттың жаны.


Алина: Тіл - қылыштан да өткір.


Вероника: Ауыз көркі - тіл,

Тілдің көркі - сөз.


Айша: Ең тәтті де - тіл,

Ең ащы да - тіл,

Ең жұмсақ та - тіл,

Ең қатты да - тіл.

 

Назар: Тілін білмеген түбін білмейді.


Мұғалім: Қандай керемет!


«Мақал – сөздің мәйегі» демекші, құрғақ сөздің ғұмыры қысқа ғой, сол себепті өмірімізде мақал-мәтелдерді жиі қолданған жөн.


4-кезең: «Сөз құрау» берілген әріптерден сөз құрастыру
1 минут ішінде мына берілген әріптерден сөз құрастыру. Көп сөз
құрастырған топқа жұлдызша беріледі.
1-топқа: л,т,е,с,ү

2-топқа: а,р,ы,ң,б,ж

5-кезең: «Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал» кезеңі. Қазақ тілі пәні бойынша 
2 топ ойынға шығады. Жауаптарын алдарындағы карточкадағы жазылған сандарды көтеріп жауап береді. (керекті сөзді көрсету)
1. Қысқы киімдер
2. Түстер
3. Жемістер
4. Күз
5. Уақыт

6. Отбасы
Жауап бергенде дұрыс деп ойлаған санды көтереді. Әрбір дұрыс жауапқа
1- жұлдызша береді. 30 секундтан уақыт
Сұрақтар:
1. Анар, алма, жүзім, шабдалы, өрік 
(№3. Жемістер)
2. Сағат, күн, апта, ай, жыл. (№5. Уақыт)
3. Мектепке барамын. Жемістер, көкөністер көп. Жаңбыр жауады. Құстар ұшып кетеді. Бұл қай мезгіл көрінісі?
(№4. Күз)
4. Қызыл, сары,жасыл, ақ. (№2. Түстер)
5. Ата,әже, әке, шеше, аға, әпке, қарындас (№6. Отбасы)
6. Тон,құлақшын, қолғап, етік. Қандай киімдер?(№. Қысқы киімдер)
6-кезең. Сұрақ қоя біл.

Екі топқа жеке сурет беріледі. Сол суретке оқушылар дұрыс сұрақ қоя білуі керек.

1-топқа

Мынау – менің атам. Мынау____________ ?

Ол 60 жаста. Ол _____________ жаста?

2-топқа

Бұл- Сашаның атасы. Бұл__________________ атасы?

Аты – Иван Иванович.

Аты_____________ ?

7-кезең. Дәптермен жұмыс
Әрбір аяқталмаған сөйлемді оқып, оның астындағы берілген сөздердің біреуін ғана пайдаланып, сөйлемдегі ойды аяқта.
1. Жексенбіден кейін ________________________
(жыл, сағат, дүйсенбі)
2. Жазу үшін ________________________керек.
(доп, құлақшын, қалам)
3. Менің ________________________
(үйің, үйім, үйі)
4. Жаздан кейін ________________________
(қыс, күз, көктем)
5. Әкеден кейін ________________________
(немере, бала, шөбере)
6. Мектеп ________________________қабатты.
(екінші, екі, үлкен).

Мұғалім: Бүгінгі сайысымызды Елбасымыздың сөзімен қорытындылайтын болсақ, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Тілден артық қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ» деген ұлағатты сөзі бәрімізді де, ойландыруы тиіс. Тіл – ұлттың жаны. Тіліміз жоғалса халқымыз да жоғалады. Тіліміз ұрпақтан-ұрпаққа мәңгі өмір сүруі тиіс, - деген болатын. Әрдайым ана тілімізді көркейтіп, қорғап жүрейік!















 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабак жоспары Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель страховой организации

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 839 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.05.2016 843
    • DOCX 20.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Койлыбаева Бахытжамал Ибадуллаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6807
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 136 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 117 человек

Курс повышения квалификации

Теория, методика и практика обучения младших школьников основам шахматной игры в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 188 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Мини-курс

Дизайн интерьера: от спектра услуг до эффективного управления временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и профессиональное развитие

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов

Мини-курс

Культурное наследие России: язык и фольклор

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 17 человек