Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Научные работы / Сабақтың тақырыбы: Су – тіршілік көзі. Сабақтың мақсаты: 1. Балаларға су туралы түсінік беру және судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру. 2.Судың табиғатта баға жетпес сый екенін айту,
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Сабақтың тақырыбы: Су – тіршілік көзі. Сабақтың мақсаты: 1. Балаларға су туралы түсінік беру және судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру. 2.Судың табиғатта баға жетпес сый екенін айту,

библиотека
материалов

Бекітемін: Тексерілді:

Мектеп директорының оқу- ісі Бірлестік жетекшісі:

жөніндегі орынбасары:



.10.15ж

Сыныбы. 2

Мұғалім. Нұржанова Б



Сабақтың тақырыбы: Су – тіршілік көзі.

Сабақтың мақсаты:  1. Балаларға су туралы түсінік беру және судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру. 2.Судың табиғатта баға жетпес сый екенін айту, түсініктерін қалыптастырып дамыту. Суды үнемдеп пайдалануға және судың барлық ерекшеліктері туралы сипаттау. 3. Қазіргі кезде адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат-ананы қорғап,аялауға үйрету. Суды ластамауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: көрсету, түсіндіру, тәжірибе жасау, сұрақ – жауап, мадақтау.

Сабақтың көрнекілігі: глобус, слайд – шоу, су, қант, тұз, қасық, сүт, гуашь бояулары, әр түрлі суреттер және т.б

Сөздік жұмыс: судың қасиеті, түссіз, дәмсіз, иіссіз, қатты, сұйық, бу.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Балалар барлығымыз шаттық шеңберге тұрып, қонақтармен амандасайықшы.

Шаттық шеңбері:

Самал жел бізді желдетші,

Күн нұры бізді жарқырат.

Таза ауа дем берші,

Мөлдір су бізді салқындат.

Ал енді балалар барлығымыз жайғасып отырайық, арқамызды тік ұстап, әдемі отырамыз. Бүгінгі оқу іс – әрекетіміздің тақырыбын айтпас бұрын, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, ал сендер мұқият тыңдаңдар:

Дәмі де жоқ, түсі жоқ

Пайдаланбас кісі жоқ. Ол не?

Жауабы: Су.

Дұрыс балалар, әрине су. Ал ендеше бүгінгі оқу іс – әрекетіміздің тақырыбы – «Су – тіршілік көзі» екен. Ойыма ақын Тұрсынзада Есімжановтың су туралы мынадай өлең жолдары есіме түседі.

Су жүргізер тіршіліктің тамырын,

Су жоқ болса, тіршілік тамам бауырым.

Судың біз біле тұра маңызын,

Көп болған соң ұмытамыз қадірін, - дейді.

Балалар осы өлең жолдарында айтқандай су болмаса тіршілік болмайды.

Балалар су қандай зат? (балалардың жауаптары тыңдалады)

Ал судың иісі бар ма, иіскеп көріңдерші? (балалар суды иіскеп көреді)

Судың пішіні бар ма?

Біз қазір судың пішіні бар ма, жоқ па соны тексереміз. (тәрелкеге су құю)

Әрине жоқ, суды қай ыдысқа құйсаң ол сондай пішінді болады.

Судың дәмі бар ма? Осыны да біз тексерейік, алдарында ыдысқа су құйылған. Сол суды ішіп көріңдер. (балалар суды ішіп көреді)

Енді осы суға кейбіреулерің   қант қосып көріңдер, ал басқаларың тұз қосып көріңдер. Суды ішіп көріңдер дәмі қандай болды екен? (балалардың жартысы суға қант қосады, ал басқалары тұз қосады, өздерінің сезімдері туралы айтады)

Дұрыс суға біз не қоссақ, сол заттың дәмін сеземіз, ал судың дәмі жоқ екен.

Судың түсі бар ма? Егер де бояу қосып жіберсек, оның түсі өзгереді. Оны да тәжирибе арқылы дәлелдейік. Стакандағы суға гуашь бояуларын қосайық. (балалар суға гуашь бояуын қосып араластырады, судың түсі өзгергенін айтады)

Сонымен қатар суды мен сүтті салыстырып көрейік, су бар стақанға қасық салайық, қасық көрінеді ме? Иә көрінеді, ал сүт құйылған стақанға қасық салсақ ол көрінеді ме? Жоқ көрінбейді, сондықтан судың түсі жоқ, ол – мөлдір екен.

Балалар сонымен су – түссіз, дәмсіз, иіссіз, тұрақты пішіні жоқ табиғи ресурс. Осыны дәлелдеу үшін біз сумен тәжирибе жасап көрдік.

Білесіңдер ме судың үш қасиеті бар – сұйық, қатты, бу. (үстел үстінде тұрған ыдыстағы су, мұз және қайнаған суды көрсету)

Стақандағы суды тоңазытқышқа қойсақ, ол мұз болып қатып қалады. Ал мұзды жылы жерге қойсақ, ол еріп суға айналады. Суды шәйнекке құйып қайнатсақ, қақпағынан бу шығады, яғни бу болып ұшады.

Мен сендердің қолдарына мұз беремін, ұстап көріңдерші не болады екен? (балаларға мұз беру, ол ери бастайды.)

Мұзбен не болады? Иә дұрыс айтасыңдар ол ери бастайды, себебі біздің қолымыз жылы.

Балалар сендер су туралы мақал – мәтелдерді білесіңдер ме, қане айтыңдаршы?

1.Су бергеннің сауабы бар,

Су төккеннің жауабы бар.

2.Ағын су жолын табады,

Ақ адам оңын табады.

3. Сумен ойнама – батарсың,

Отпен ойнама – жанарсың.

4.Су анасы – бұлақ,

Сөз анасы – құлақ.

Жарайсыңдар балалар су туралы мақал – мәтелдерді біледі екенсіңдер.

Сергіту сәті:

Сылдырлайды мөлдір су,

Мөлдір суға қолыңды жу.

Жуынсаң сен әрдайым,

Таза бетің, маңдайың.

Тазалықтың досы,

Су дегенің осы.

Ал кім су туралы тақпақтар біледі екен? (Балалар су туралы тақпақ айтады)

Су туралы қандай тыйым сөздерді білеміз?

1.Су ішкен құдыққа түкірме.

2.Түнде суға барма.

3.Түнде судың бетін ашық қалдырма.

4.Өзен, көлдерді ластама.

Балалар суға қоқысты тастауға болмайды, жазда өзенге, көлге түсуге барғанда, өзімізден кейін қалған нәрселердің барлығын жинап бірге алып кету керек. Осының бәрін суға тастауға болмайтынын білу керексіңдер.

Балалар енді теледидарға назар аударыңдар. (слайд көрсету)

Адамдар сусыз өмір сүре ала ма?

Ал, жануарлар мен өсімдіктер ше?

Жарайсыңдар балалар, сусыз адам да, жануар да, өсімдіктер де тіршілік ете алмайды. Сондықтан «Су – тіршілік көзі» деп айтамыз.

Балалар глобусқа назар аударыңдаршы. Бұл жер шары, назар салып қараңдаршы, жер шарында қандай түс көп екен?

Бұл көк түстер – сулар, яғни көлдер, теңіздер, өзендер және мұхиттар. Жер шарының ¾ бөлігін, яғни 70%  су алып жатыр. Адам ағзасының 60 – 70% - ы, өсімдіктердің 90%-ы судан тұрады.

Өзен мен көлдерде, теңіздер мен мұхитта нелер тіршілік етеді? (әртүрлі балықтар, өсімдіктер)

Олар сусыз өмір сүре ала ма?

Адамдарға су не үшін қажет?

Судың қажеттілігі туралы не білеміз? (суретпен жұмыс)

Суды ішеміз және жуынамыз.

Сумен өсімдіктерді, бау – бақшаны суарамыз.

Сумен ас әзірлейміз.

Сумен кір тазалаймыз.

Суға адамдар да, жануарлар да шомылады.

Жарайсыңдар балалар, ал енді «Күн мен жаңбыр» деген ойынды ойнайық. Ойын шарты: Мен сендерге күн дегенде сендер жүгіресіңдер, серуендейсіңдер, ал жаңбыр дегенде қолшатырдың астына тығыласыңдар жақсы ма?

Балалар «Күн мен жаңбыр» ойынды ойнайды.

Өте жақсы балалар, ал енді барлығымыз орнымызға отырайық, міне бүгін біз сендермен су туралы көп мәлімет алдық. Ал енді осы сұрақтарға жауап беріңдерші:

Судың иісі, дәмі, түсі бар ма?

Судың қандай қасиеттері бар?

Қандай тәжірибе жасадық?

Сусыз өмір сүруге бола ма?

Суды күнделікті өмірде қалай пайдаланамыз?

Әр топ тапсырманы орындап болған соң жария етеді.Оқушылардың ойларын қорыту. 
Топпен ән айту. Жау-жау жаңбыр
 
Үй тапсырмасы: Оқулықтан 143 бет, М.Аяғанованың «Табиғатпен тілдессем» өлеңін түсініп оқып келу. Дәптердегі тапсырманы орындау
 
8. Соңғы тыныштық сәтi. «Сабақтың қорытынды сәті».
 
Бүгінгі сабақтан не білдік? Көзімізді жұмып, баяу әуен толқынымен қамқорлық пен сүйіспеншілікті үйлестіре отырып, жүрегімізден өткізейік.
 
Су- адамға ең қажетті тағамның бірі, су- тазалық көзі, су- жан сұлулығының нәрі, су – шынығу көзі. Су болмаса тіршілік те болмайтының білдік.Өйткені адамдар, өсімдіктер, жан- жануарлар, аң, құстар, сусыз өмір сүруі мүмкін емес.Судың адам өміріне аса қажеттілігін ұғындық.





Автор
Дата добавления 12.05.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Научные работы
Просмотров71
Номер материала ДБ-078431
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх