Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыСабақ.Тіл дамыту. "Жабайы жануарлардың қыстық тіршілігі"

Сабақ.Тіл дамыту. "Жабайы жануарлардың қыстық тіршілігі"

Скачать материал

      Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі

                                                                                 20.01.2016ж

Білімдік саласы: Қатынас                                                                       

Тараулар: Тіл дамыту

Тақырыбы : Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі

Мақсаты: : Жабайы жануарлар туралы түсініктерін кеңейту. Жабайы жануарларды айыра білуге, атай білуге үйрету.

Аңдардың балаларын тани білуге, атай білуге үйрету.

Балаларға жануарлардың қысқы тіршілігі жайында  түсінік беру. Олар қыстың суығынан қалай қорғанатынын, сыртқы бейнелері неліктен өзгеретінін, немен қоректенетін,  қыста жануарларға қамқорлық қажет екенін айтып түсіндіру. Қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.

Керекті құралдар:  аңдардың суретімен плакат, қыстың суреті, пазлы, аңдардың суреттері жеке  тақтада, балаларының суреттері үстел үстінде, тақтада үйлерінің суреттері, аңдардың суреттері басқа үстелде. Пазлы.

 

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Шеңбер  құрып  тұрып,

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік,

Қабақ түйген не керек,

Көңілді боп жүрейік. Бір – біріне  қарап күлімсірейді.

Балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр,қонақтармен амандасайық.

-Сәлеметсіздер ме?

-Бүгінгі ашық оқу іс-әрекетіміз тіл дамыту.Өткен сабақты қайталап кетейік.

Өткен сабақта құстардың тіршілігігімен таныстық.

-Балалар қыстап қалатын құстарды еске түсірейік.

Қазір жылдың қай мезгілі?

Сендерге қыс ұнай ма?

Қандай ойындарды біз далада ойнаймыз?

Ал қыстағы орманды мекендейтін жабайы аңдардың білесіңдер ме?

-Балалар орманға жабайы аңдардың қысқы өмірімен танысуға барамыз ба,онда көздерімізді жұмайық ,онға дейін санайық .

1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 көзімізді ашайық.

- жабайы аңдар

- аю, қоян, түлкі, қасқыр...

Мен сендерге жұмбақтар жасырамын, жауабын табыңдаршы:

1.өзі бір қу, жүрген жері айғай да шу

Бұл  не? (түлкі)

2.Қорбаң, қорбаң етеді,

Орман оның мекені.

Тәтті балға тойып ап,

Қыста ұйқыға кетеді. Бұл не? (аю)

3.Секең, секең етеді,

Орман оның мекені.

Отырғанда шоқиып,

Құманға ұқсап кетеді. Бұл не?  (тиін)

4. Көп, көп ине,

Бір сабағы жоқ ине,

Іс тікпейді әрине. Бұл не? (кірпі)

Ал, енді суретке қарап отырып атаңдаршы? 13030586_87217nothumb650.jpg

Бір сөзбен қалай айтамыз?Жабайы жануарлар.

Енді мен сендерді ойын ойнауға шақырамын, ойынды  ұнатасыңдар ма?.Пазлы ойының ойнаймыз.Пазлыны құрастыру.Қандай сурет болып шықты?

Қыста орманда олар тоңады ма? Неге тоңбайды?

Қай аң қысқа қарсы тонының түсін өзгертеді?

Неліктен?

Кірпіге үстіндегі инелері не үшін керек?

Қыс бойы ормандағы аңдарға біреулер тамақ апарып бере ме?

Тиін- қыста өзі жинаған саңырауқұлақтар, жаңғақтармен қоректенеді.

Түлкі- қар астындағы тышқандармен  қоректенеді.

Қоян- ағаштардың қабығын кеміреді.

Қасқыр-әлі жететін аңдармен қоректенеді.

Аю- қыс бойы ұйықтайды.

Кірпі қыс бойы ұйықтайды.

Сергіту сәті:

Қорбаңдаған аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Құлпынайын алайық.

Қалтамызға салайық.

Ойын ойнайық: «Үйшігін тап» деген.

Мына жерде аңдардың үйшіктері, бірақ қай үйшік қайсынікі екен, өздері де шатасып қалыпты, кәне көмектесіп тауып беріңдерші?

Ал, енді атап кетейік:

Аю – апанда,

Түлкі- інінде,

Қасқыр – апанда,

Тиін – ағаш қуысында,

Кірпі – інінде.

-  Осы  жабайы аңдардың балалары бар ма?

Қай аңның қандай баласы бар екен, оны тауып атау үшін мен сендерді ойын ойнауға шақырамын.

«Анасын  тап» деген. Міне аналары, ал балалары адасып қалыпты, кане 283425_27976.jpgаналарын тауып беріңдерші?

 

Балаларын атап кетейік:

Аюдың баласы- қонжық

Түлкінің баласы- жәудір

Қасқырдың баласы- бөлтірік

Қоянның  баласы– көжек

Тиіннің – тиін баласы

Кірпінің – кірпі баласы

Бұғының – бұғы бұзауы

Олар жабайы аңдар болса да өз балаларын өте қатты жақсы көреді, қорғап жүреді, тамақ тауып береді.

Ал, енді қойылымды көріп тамашалайық.

                              Аңқау қасқыр.

Қасқыр-К.Жаннұр,Түлкі-А.Асылай,Балықшы-Т.Ерназ.

Балалар, қалай ойлайсыңдар жабайы аңдарды қорғау керек пе?

Орманды бақылайтын орманшы болады, олар аңдарды аңшылар келіп атып кетпесін деп бақылау жасайды. Орманды мекендейтін қай аң болмасын

біз адамдар қамқоршы болуымыз керек

Қорытындылау.
Бұл аңдарды неге жабайы дейміз?
Қай аң қыста ұйықтап жатады?
Олардың балаларын қалай атаймыз?
Қай аң апанда тұрады? (Аю, қасқыр)
Қай аң інде тұрады? (түлкі, тышқан)
Балаларды мақтау, мадақтау.

                                Тәрбиеші.Ергебек.Ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                        


                              Аңқау қасқыр.

-Қыстың салқын бір күнінде, балықшы балық аулауға шығып,үлкен  олжамен үйіне қайтып келе жатқан кезде алдында түлкінің жатқаның көріді. 

Балықшы:кемпірімді де қуантатын болдым гой деп, түлікіні шанасына салып алады.

-Шанада жатқан түлкі балықшының аулаған балықтарын жол бойы тастап  өзі де шанадан сырғып түсіп қалады.

Түлкі  жол бойы тастап кеткен балықтарын жинап алып енді ауызына салайын деп  жатқан кезде қасына аш қасқыр келеді.

Қасқыр: Түлкі сен мына балықтарды қайдан алдың?

Түлкі: Құйрықыммен аулап алдым.

Қасқыр: Ау сонда қалай ,маған да айтсайшы?

Түлкі: Құйрығынды суға салып қой балықтар өздері келеді.

Қасқыр құйрығын суға салып  күн бойы отырады, бірақ балық түспейді.Бір кезде қасқыр ұйықтап кетеді, ойанып кетсе құйрығы мұз болып қатып қалыпты. Құйрығын оңға-солға қарай ашумен  мұздан шығармақшы болады,құйрығы шықпайды. Сол кезде  түлкінің өзін алдап кеткені есіне түсіп, бар күшімен құйрығын мұздан тартып қалады, сол кезде құйрығы жұлынып кетеді.Содан бері қасқырдың құйрығы шолақ болып қалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     №4 М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

 

 

        

 

 

         Тіл дамыту

«Жабайы жануарлардың қысты тіршілігі»

                      (0 «В»сынып)

 

 

 

 

 

               

 

              

 

 

 

 

 

 

 

 

                             Тәрбиеші:Ергебек.Ж.

                               2015-2016 оқу жыл.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ.Тіл дамыту. "Жабайы жануарлардың қыстық тіршілігі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель образовательного подразделения

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 176 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.04.2016 3760
    • DOCX 251.6 кбайт
    • 17 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ергебек Жазира Абеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ергебек Жазира Абеновна
    Ергебек Жазира Абеновна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 193701
    • Всего материалов: 45

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Игропедагогика для современных родителей

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 50 человек

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 782 человека из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 997 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Организация и содержание работы логопеда-дефектолога в условиях реализации ФГОС ДО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 384 человека

Мини-курс

Мастерство PowerPoint: систематизация, интерактивность и эффективность

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1713 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 166 человек

Мини-курс

Общая химия

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 13 регионов

Мини-курс

Развитие дошкольного мышления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек