Инфоурок Классному руководителю КонспектыСценарий на тему "Әні әдемі Әлмырза"

Сценарий на тему "Әні әдемі Әлмырза"

Скачать материал

«Әні әдемі Әлмырза » атты     Әлмырзаның шығармашылық кешінің              сценарийі

 

    Жүргізуші :     Армысыздар құрметті  халайық, өнер сүйер қауым. Халқымыз қай кезеңде де өнерліні төрге шығарып, өрге жүзер өрелі жан санатында құрмет жасап, қошемет көрсеткен. Өнерді өмірім деп бағалап, өнерімен қарабасы хан көтерілген өнер иелері халқымызда баршылық. Солардың бірі де, бірегейі, жерлесіміз  әнші, сазгер,  Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері Ноғайбаев Әлмырза Әлиұлы.

     Әлмырза Әлиұлы Ноғайбаев 1947 жылы  Қызылорда облысы Шиелі ауданы Бала би ауылында дүниеге келген. 

   1965 жылы орта мектепті бітірген.

   1967 жылы Алматы қаласындағы эстрада студиясын (қазіргі эстрада-цирк өнері колледжі)  Ғарифолла  Құрманғалиевтың әншілер класы бойынша әйгілі әнші Әскербек Еңкебаевпен бірге бір топта оқып, осы оқу орнының алғашқы түлегі болып бітірген.

    1967 жылы Қарағанды мемлекеттік филормониясының әншісі.

 1997 жылдан  Шиелі ауданы  Балаби аудандық мәдениет үйінің директоры.

   1977 жылы «Жас дәурен» ансамблі құрамында Португалияда өткен Халықаралық фольклорлық фестивальға қатысты.

   1979 жылы Қазақ ССр Жоғарғы советінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

    1998 жылы Ашғабадта өткен Азия және Қазақстан әнші-сазгерлері фестивалінде бас жүлде алды.

    2010-2011 жылдары екі рет мұсылманның бес парызының бірі  қажылыққа

барып келді.

      Қазақтың ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың асыл қазынасы, фольклордың музыкалық саласының бір тармағын құрайды.Фольклор деген сөз ағылшын тілінен алынған. Ол «халық даналығы, халық білімі, халықтың ауызша шығарған туындылары» деген мағынаны білдіреді. Фольклор шығармалары халықтың әр дәуірдегі тұрмыс – салтымен, наным – сенімімен, күнделікті тіршілігімен тығыз байланыста туады. Оларда өмірде болып өткеннің ғана емес, халықтың «осылай болса екен» деген арман, үміттері де бейнеленіп, табиғат, өмір құбылыстарына баға беріледі.

 

Ендеше бүгінгі «Әні әдемі Әлмырза» атты думанды кешіміздің қонағы Әлмырза Әлиұлы Ноғайбаевты ортаға шақырайық.

 

 

 Әлмырзаның  сөзі, әндері

 

         Ән – халықтың сүйіп айтатын, тыңдайтын, сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының ең бір бай арнасы болып табылыды. Көне заманнан келе жатқан ән – күй туралы халықтың аузында қалыптасқан көптеген мақал – мәтелдер, аңыздар, жырлар осының айғағы. Халықтың: «Сөз күміс - ән алтын», «Ел көркі – қыз, той көркі - ән», немесе «Ән өмір ұзартады» деген асыл сөздері осы өнерге арналған.

         Қазақтың ұлы ақыны Абай да ән мен күйдің құдіретін жырлап:

                               Құлақтан кіріп, бойды алар

                               Жақсы ән мен тәтті күй.

                               Көңілге түрлі ой салар

                               Әнді сүйсең, менше сүй – деген.

Әлмырзаның монологы: Қарапайым қазақтың баласымын.

 

Ән: Өтегенова Аружан

    Ән мен күй шыққан күн, туған айдай дала жұртының тал бесіктен жер бесікке түскенге дейінгі жан серігі болды.

Ақын - әншілердің өнері халық арасында өте жоғары бағаланып, ақынның келген ауылы оған зор сый – құрмет көрсеткен. Олардың аты аңыз - әңгімеге айналып, ауыздан – ауызға, ұрпақтан – ұрпаққа жетті. Осындай әндерімен көпшіліктің көңілінен шығып жүрген ағамыз    Әлмырза Әлиұлы  Ноғайбаев 60-қа жуық ән жазған, соның ішінде алғаш рет 1974 жылы Сәкен Сейфуллиннің өлеңіне жазылған «Ақсақ киік» әнімен көпшілікке танымал болған.

Әнші сазгердің бұдан да басқа  «Думан», «Бір үзім нан», «Ләйләжан», «Қара мең», т.б. әндері халық арасына кең тараған.

 

Ән: Доқтырбай Мирастың орындауында Әлмырзаның әні  «Бір қыз көрдім тамаша»

 

    1988 жылы "Әлмырза Ноғайбаев ән шырқайды" – "Қазақтелефильм" студиясының түрлі түсті, 3 бөлімді, қазақ тіліндегі фильм - концерті  түсірілді.  Танымал әнші Әлмырза Ноғайбаевтың өнерін көрсетуге арналған бұл түсірілімде халық әндері және С.Сейфуллиннің авторлық әндері мен оның өлеңіне жазылған әндер, сондай-ақ Сыр сүлейлерінің бірі – Нартай Бекежановтың термелері  орындалады

Әлмырзаның орындауында  термелер.

                    Ұстаздықпен салып жолға деректі із,
                    Сіз біз үшін әрқашанда ерексіз!
                     Қуанышты көп көріңіз демекпіз!
                    Аман болсын ағайының, еліңіз,
                    Алдыңыздан шыға берсін төріңіз!
                    Ұл- қызыңнан таралатын алдыңда,
                    Немеренің қызықтарын көріңіз,- деп өзіңізге құрметкөрсету үшін сөзді «Ботабай» ауылдық клуб меңгерушісі  Маханов Батырхан ағайға береміз.

Арнау тапсырып, шапан жабу.

Жүргізуші:

                    Біз тілейміз өзіңізге амандық,
                    Кездеспесін жолыңызда жамандық!
                    Алла берген бар нәсіпті теріңіз,
                    Бар қызығын бұл өмірдің көріңіз.
                    Зор денсаулық біз тілейміз әрқашан,
                    Жете бергін армандарға аңсаған!
                    Өміріңнің мәні болған ұрпағың,
                    Мол қуаныш сыйлай берсін бір саған!

                    Көп жасай бер, кел Жамбылдың жасына!
                    Бар жақсылық үйір болсын басыңа!
                    Қыдыр бабам ауылыңа кезігіп,
                    Құт-береке дарысын отбасына!- деп бүгінгі ауданымыздың бірегей азаматы, әнші, сазгер, 
,  Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері Ноғайбаев Әлмырза Әлиұлымен ағаймен өткізілген   думанды кешімізді аяқтаймыз. Уақыт бөліп, көңіл қойып келгендеріңізге көп рахмет. Сау саламатта, хош болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сценарий на тему "Әні әдемі Әлмырза""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по переработке нефти и газа

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 075 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.12.2015 1635
    • DOCX 16.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Айпейсова Нурипа Пирмашевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Айпейсова Нурипа Пирмашевна
    Айпейсова Нурипа Пирмашевна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9270
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 92 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 251 человек

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Мини-курс

Психология личности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 23 регионов

Мини-курс

Управление спортивными событиями и организация деятельности в спортивной сфере

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Специальная реабилитация: помощь детям с особыми потребностями

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе