«Шынықсаң
шымыр боларсың»
(эстафеталық жарыс)
Мақсаты: Салауатты
өмір салтын қалыптастыру. Балаларға өз қабілеттерін, ептіліктерін оятуға
мүмкіндік беру. Өзінің қимылдық тәжірибесін пайдалану;
алғырлығын, шапшаңдығын, күштілігін, төзімділігін дамыту; Балалар
арасындағы мейірімділік, достық қарым-қатынасты арттыру.
Көрнекі құралдар: 2 есек, 2себетке шырша бүршіктері.
Сазды әуенмен балалар залға кіріп шеңбер жасап тұрады.
Тәрбиеші: Еріншектен салақтық
Салақтықтан надандық,
Бірінен –бірі туады
Жоғалар сүйтіп адамдық
Еріншек таза жүре алмас,
Кір қолында жуа алмас.
Қарекет
жоқ, ғалым жоқ
Өз бойынан ұялмас- деп
Шәкәрім атамыз айтқандай бүгінгі «Шынықсаң –шымыр
боларсың» ,-деп аталатын эстафеталық жарысымызды бастаймыз.
Жан-жақты
дамыту жаттығулары.
Бір
қатармен жүру,жүгіру,екі қолды белге қойып, аяқтың ұшымен жүру,
Мұнан
соң балалар шеңбер жасап тұрып ,негізгі жаттығуларды жасайды.
Жан – жақты дамыту жаттығулар:I -Бастапқы қалып: аяқты бірге, қол
төменде.1 – қолды жоғары көтеру. 2 – оңға, 3 – солға
сылдырлату, 4 – бастапқы қалып. 3-4 рет қайталау.II –
Бастапқы қалып: аяқтың арасы ашық, қол төменде.1-отыру,
2- сылдырмақты тізеге ұру, 3 – шыдырлату, 4- қалыпқа оралу. 4
– 5 рет қайталау.III – Бастапқы қалып: аяқтың арасы
ашық, қол жанында 1 – 2 алға қарай сермеу, 3 – 4
артқа қарай сермеу. 4 – 5 рет қайталау.IV — Бастапқы
қалып: аяқтың арасы ашық, қол төменде.1- қолды созу, 2-
аяқты ұшына тигізу, 3- бастапқы қалыпқа оралу. 4 – 5
рет қайталау.V — Бастапқы қалып: аяқты бірге
қойып.Қояндарша қос аяқтап секіру.
Құрметті
, бүлдіршіндер бүгінгі «Шынықсаң
шымыр боларсың»
(эстафеталық жарысқа)
қош келдіңіздер! Көңілді жарысқа «Кұлыншақ» тобының
бүлдіршіндері қатысады.
«Шынықсаң –шымыр боларсың» -деп аталатын
эстафеталық жарысымыздың шарттарымен таныс болайық
1. «Жүйрік есек»
Әр командадан 1 баладан шығады. Балалар есектың ұстыне
отырып секіріп барып, артқа қайтады.
2. Шырша
бүршігін (шишка) себетке салу. Ойын шарты: Шырша бүршігін , себеткеге
тез жинау.
Қимылды ойын : Ұйқыдағы аю.
Ойын
мақсаты:Балаларды ұйымшылдыққа, алғырлыққа баулу.
Ойын шарты:Тәрбиеші аю болып сайланады, Қалған балалар қоян болады.
Қояндар орманда ойнап жүріп, ұйықтап жатқан аюды оятып жібереді. Аю ашуланып,
қуа жөнеледі.Ойын 2-3 рет қайталанып, аю жаңадан сайланып отырады.
Жарыс соңында тыныс алу жаттығулары
орындалады.
Жүгірдің де қарғыдың,
Қане, «Ү-п!» -деп айтайық
Жарадыңдар барлығың.
Демді ішке тартайық
Шаршамаңдар дегенмен
Енді «Ү-һ..» деп айтайық
Тыныстаңдар тереңнен
Демді шығар қайтарып
Босаңсытып денеңді, Бәрекелді
балалар
Бей
жай күйге ен енді Бәрекелді алтындар.
Басты
көтер тік ұста
Емін
еркін тыныста.
Тәрбиешіші: Осымен балабақшамызда «Құлыншақ» тобында өткелі
отырған , «Шынықсаң шымыр боларсың»
(эстафеталық жарыс) атты жарысымыз аяқталды.
Жарқын,шаттық заман болсын,
Бүлдіршіндер аман болсын.
Сыйластық пен бірлік болып,
Әрқашан орта толсын. ( Қортындылау, мадақтау ).
Тәрбиеші:
Ахметова Г.К.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.