Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / "Сыңғырла соңғы қоңырау!" 11-сынып

"Сыңғырла соңғы қоңырау!" 11-сынып

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy


СВИДЕТЕЛЬСТВО СРАЗУ ПОСЛЕ ПРОСМОТРА ВЕБИНАРА

Вебинар «Подростковая лень: причины, способы борьбы»

Просмотр и заказ свидетельств доступен только до 22 января! На свидетельстве будет указано 2 академических часа и данные о наличии образовательной лицензии у организатора, что поможет Вам качественно пополнить собственное портфолио для аттестации.

Получить свидетельство за вебинар - https://infourok.ru/webinar/65.html

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:


Сыңғырлап барады ең соңғы қоңырау!
Өтетін күні: 25 мамыр 2015 жыл
Өтетін уақыты: Сағат 10. 00
Өтетін орны: Мектеп спортзалы
Безендірілуі: Түрлі - түсті шарлармен, жалаушалармен безендіру. Музыка орындалады.
Айдын: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар және қонақтар!
- Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, мектебіміздің түлектері бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектердің есінде мәңгі өшпейтін күн.

Алдарында сан тарау жолдары тұр

Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр

Үлкен өмір есігін ашпақ,міне

Келген қауым, қол соғып,қолда бүкіл

Алия:

Ұрпағың мақтануға болса лайық

Біз бүгін мақтанайық жар салайық

Биылғы 11-ші жыл түлектерін

Құрметпенен қол соғып қарсы алайық.

Айдын:Қарсы алыңыздар 11 сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Нурмухамбетова Балқаш Мақсутқызы және бастауыш сынып мұғалімі Журтпаева Бейбітгуль Марксқызы.
1. Аспанбетова Айжан –қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінен облыстық олимпиада жеңімпазы, Республикалық гуманитарлық пәндер олимпиадасына қатысып, сертификат иегері.
2. Дидахметова Дана - аудандық пәндік олимпиадаларға қатысушы.
3. Қабдырғалиева Алтынай – физика пәнінен аудандық ғылыми жоба сайысының жеңімпазы, облыстық сайыстың ІІІ орын иегері.
4. Марксов Раздық - аудандық спорт жарыстарынан, шаңғы және жеңіл атлетикадан мектеп намысын қорғап жүр.
5. Мұқанова Құралай - Қазақстан тарихы пәнінен облыстық олимпиадаға қатысушы, сертификат иегері, аудандық «Жасыл ел» бағдарламасына қатысқан үшін аудан әкімінің грамотасымен марапатталған.

6. Нурсаинов Ерсаин - аудандық баскетбол, волейбол жарыстарының жеңімпазы.
7. Сержан Дәулет –аудандық волейбол, хоккей ойындарының жүлдегері. Әрқашан спорттық жарыстарда мектеп намысын қорғап жүр.

8. Тоқтасын Жандос – физика пәнінен облыстық олимпиаданың ІІІ орын иегері., аудандық мини-экспо сайысының гран-при иегері. Бүкілресейлік «Созвездие» сайысының сертификат иегері.

9. Тоқтасын Назерке – Республикалық «Зияткер» вебсайты ұйымдастырған «Менің Ұстазым» сырттай байқауының ІІ орын иегері, аудан әкімінің құрмет грамотасымен марапатталған, биология пәнінен өткен облыстық олимпиададан ІІ орын иегері, Корея мемлекетінде өткен «Жас ғалым» сайысының сертификат иегері.
10. Тұрысбеков Жанатбек – сыныптың сұлтаны, өзі көрікті, әрі әзілқой.

Военрук:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы әкелінсін!

Директор салтанатты жиынды ашық деп жариялайды.


/ Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады /

Алия:

Бүгінгі салтанатты жиынымыздың қадірлі қонақтарымен таныс болыңыздар
1. Аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі
2.


3. ҚР білім беру ісінің үздігі, ардагер, зейнеткер ұстаз

Айдын:

Жолдайды мектеп мүдірі

Түлектерге ақ   тілек. 

Өмір деген үлкен жолда

Ақ жол тілеп, бақ тілеп

Өмірде өшпейтін іс-балаға берген білімін, мейірімін, қамқор пейілің. Ол-болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрін мәңгілік деп алғашқы сөзді мектеп директоры Закаиров Бердібек ағайға беріледі.

Алия:

Ажырамай халықтан бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берелік құрметпенен өзіңізге,

Түлектерге арналсын тілегіңіз ,- деп келесі сөзді қонақтарға береміз.

Алия:

Ата-ана тәрбиелеп балапанын

Әлдилеп, аялаған алақанын

Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар

Ойлауменен алдағы бала қамын деп

Ата-аналар атынан тілек сөз ................... ағайға беріледі.

Айдын:

Әлі есімде әліппені ашқаным,
Есімінді есте мәнгі сақтадым.
Жүрегіме нұрын құйған жылылық
Көрген емес ешқашанда суынып,- деп
11-сынып оқушыларының алғашқы ұстазы Журтпаева Бейбытгулге беріледі.
Алия:

Сыныпты келдің басқарып,

Көрмедің ойлап бас қамын.

Шәкірттер жатыр ұшқалы,

Өмір дегенін қас-қағым.


Бірге өткізген күндерін, қыс - жазында,
Жазып шықты қаншама іс - қазына.
Балапанын ұшырған ұясынан,
Сөз берейік жетекші ұстазына деп
Сөз кезегін сынып жетекшсіі Нурмухамбетова Балхаш Мақсутқызына беріледі

Қымбатты түлектерім! 
Сіздер бүгін мектеппен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алғалы тұрсыздар! 
Шәкірттерім, алдағы үлкен сын Ұлттық Бірынғай Тестілеуден абыроймен өтіп, қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болыңыздар! 
Үлкен өмір жолына бастар қадамдарыңа сәтті сапар, өмірлеріңе құтты қадам тілеймін! 

Он бір жыл оқыдыңдар зеректікпен,
Биіктеп еңселерің ерен тіптен.
Он бір жыл сыналдыңдар талап жүктеп,
Дарынмен, талаппенен бөлек біткен.

Ата-ана абыройын сақтадыңдар,
Ұстаздар үмітін де ақтадыңдар.
Енді Отан мақтанына айналуға,
Ел-жұртқа деп тұрсыңдар бап табыңдар.

Сендерді қосады Отан жарыстарға,
Сөрені соза ұзартып алыстарға.
Болады 
Қазақстан Барыс-Отан,
Сүйеніп өздеріңдей арыстарға.

Болашақ сендердікі, өрендерім,
Мол әлі борыш, қарыз – берерлерің.
Әлемдік биіктерде қанат қағып,
Жүзіңдер теңіз-білім тереңдерін.

Сенемін, сенеді Отан, түлектерім,
Аллаһқа  аян ашық  тілектерің.
Қайда да ақ күн тусын алдарыңнан,
Жас қалпы мықты соқсын жүректерің.

Айдын:

Абзал жандар биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Түлектерге жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды
/ 1- сыныптың құттықтаулары /
Барлығы:

11 жыл бойы оқыған,

Ойға білім тоқыған.

Ағалар мен апалар,

Орындалды ойыңыз,

Құтты болсын тойыңыз.

Ерсаин аға, мен сіздей, Арыстан

Спортшы боламын.

Барлық сайысқа қатысып,

Облыстан орын аламын.

Раздық аға, мен сізді сыйлаймын, Нияз

Өзіңізді қоштасуға қимаймын.

Оқуға түс, білім алып, еңбек қыл,

Тек жақсы сөз ертеңіне арнаймын.


Жанатбек аға, өзі қандай сымбатты, Серік

Ұлы ғой анасының қымбатты.

Оқуға түсіп қуантыңыз бізді де,

Өміріңіз болсын ұзақ, айбатты.


Өзі қандай ұқыпты қарашы, Әділет

Топқайынның ол сүйкімді баласы.

Барлық іске тиянақты қарайды,

Мақтан етем мен Даулет ағайды.


Жандос аға.  Абылай

КНБда болуды армандайсыз,

Ер жігіт боп бүгін сіз қалғандайсыз.

Мектеп берген білімнің арқасында,

Асқақтап болашаққа қол бұлғайсыз.

 

Білім, өнер, еңбек бәрі егіз, Айтұмар

Жана берсін әрқашан еңбегіңіз.

Еңбекқор деп атайды бәрі сізді,

Тек биіктен  Айжан апай көрініңіз.


Еш уақытта сенбіліктен қалмайсыз, Аружан

Еңбек десе құлшынып жайнайсыз.

Білемін мен, Дана апай өмірде,

Адалдықты, жақсылықты қолдайсыз.


Тәртіпті де, тіл алғыш,  Балнұр

Құралай апайдай  боламын.

Сабақтан себепсіз қалмаймын,

Салт – дәстүрлі сақтаймын.

 

Өзімнен кішкентайларға,  Айзада

Мейіріммен қараймын.

Назерке апай мен сіздей,

Әдепті қыз боламын.

 

Бір мінезің бар сіздің аңқылдаған, Айша

Қыздардың ішінде жарқылдаған.

Қанат қағып барасыз Алтынай апай,

Мақсатыңа жете біл армандаған.

Бәрі:

Сіздерге жалын жүректен,

Айталық достық тілекпен.

 Әрқашан сәтті жол болсын,

Сапарларыңыз оң болсын !

 

Алия: Жүректері лүпіл қаққан,қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан, осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы,өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек,ендігі сөзді сендерге береміз.

Айдын:

Ұшырса да өмірдің сан түлегін
Ұстаз – ғалым, толастамас мәнгі сын
Тыншымайтын асыл жандар аяулы
Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.

(11 сынып орындарынан бастайды )


Алтынай: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар!
Балдәурен балалық шақ пен қоштасып, болашаққа қанат қағатын бұл жыл - біздер үшін ең бір қымбат, ең бір қимас жыл ретінде есімізде мәңгілік қалары сөзсіз. Бұл жыл сонымен бірге тәуелсіз Қазақстанның тарихынан ойып алар өзіндік орны бар жыл. Биыл республика, облыс, аудан көлемінде қоғамдық маңызы бар бірқатар мерейтойлар аталып өтілуде.

Атап айтар болсақ, бұл жыл -
- Ұлы Жеңіске 70 жыл. Ұлы Отан соғысына қатысқан адамдардың есімі жазылған тақтаның туған ауылымызда ашылуы.
Ерсаин: Қазақ хандығына 550 жыл.

Алтынай: ҚР Конституциясына 20 жыл.

Ерсаин: Қазақстан Республикасының Президентін сайлауы өткен жыл. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың осы сайлауда топ жарып Президенттікке қайта сайланған жылы.

Қазақстан Республикасының халықтарының Ассамблеясына 20 жыл.
Алтынай: Қара сөздің қас шебері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жерлес жазушы Қалихан Ысқақтың туғанына 80 жыл.

Ерсаин: Ендеше бұл жыл бүкіл қазақ үшін ұмтылмас тарихи жыл ретінде ел жадында мәңгі сақталмақ.

Жандос:

Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.
Айжан:
Мектеп, мектеп, менің жарқын көңілім.
Мектеп, мектеп, шаттық толы өмірім.
Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің.
Мектеп, мектеп, анам боп та көріндің.

Жанатбек:

Мектеп, сенсің адалдықты үйреткен,
Мектеп, сенсің жамандықты күйреткен.
Мектеп сенсің жақсылықты ұран қып,
Мектеп, сенсің мені жұртқа сыйлы еткен.


Құралай:

Мектебім - алтын ұям, құт босағам,
Білімге бастау алдым осы арадан.
Жалықпай табасың деп сен үйреттің,
Шешуін қиындықтың тосар алдан.

Раздық:
Мектебім - жұмбақ бағым, құтты мекен,
Ұшырсаң көкке самғап менде кетем.
Анамның құшағындай елжіретер,
Шуақты сендей сұлу жер бар ма екен?


«Мектеп маршы»

Мектебіміз ауыл көркі боп тұрған.

Түлектерін қанат қағып ұшырған.

Шәкірттері мектебімнің құлпырған,

Көктемдегі бәйшешектей гүл жарған.

Алға ұмтылған шәкірттерде мол арман,

Ұстаздары сапар тілеп қол жайған.

Қол соғады болашаққа арманға,

Жүрегінде от жалыны бар жандар.

Білім нәрін әр жүрекке мол құйған,

Ұстаздар бар еңбегі оның оң жанған.

Шәкірттерін биіктерге ұмтылтқан,

Ата берсін күндер сені жылытқан.

Ерсаин:

Ұстаз,ұстаз!!!
Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,
Осы сөзде таусылмайтын жылылық.
Әль фараби, Ыбырай мен, Ақаңды
Осы сөз ғой қойған бізге ұлығып.

Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін,
Тентектерді ақылмемен емдейтін,
Болса дағы малға кедей өмірде.
Бар байлығым шәкірттеррім сен дейтін!

Алтынай:

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!

Ерсаин:
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
Ұстаз туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар! 

«Ұстазым» әні

1. Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын,
Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын.
Есімде, әліппені жаттатқызып,
Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның. 
Қайырмасы:
Ұстазым менің, ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс-жазым.
Қалдырған ізің мәңгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып.
Ұстазым менің, ұстазым…
2.Зердемді сен ашпасаң, не етер едім?
Өмірден сыбағасыз өтер едім.
Ғажайып дүниенің сырын жайып,
Қияға қызықтырып жетеледің…

Жандос:

Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

Айжан: 
Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,
Перне басқан оркестрдің үніндей
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.

Дәулет:
Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,
Жыр оқисың нөсер болып құйылып.
Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің,
Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп.
Назерке:
Жалын атып, от боп, бірге жанасың,
Білім беріп, содан бақыт табасың.
Бар өмірің өрнектеліп баламен,
Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың.
Раздық:
Мұғалімді анамдай жақсы көрем,
Қиналамын қымбат теңеу таба алмай.
Өз баласын тастап кетіп үйіне,
Ел баласын оқытады, ой Алла-ай.
Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,
Үлгі етемін өнегелі сөзін бал
Мұғалімнің мұғалімін танимын,
Көкіректе көретұғын көзім бар.
Ерсаин:
Үйреткені адалдық,
Ұсынғаны адамдық,
Текті мінез, даналық
Бар ұстазға тілейміз:
Бақыт, табыс, амандық!
Алтынай:

Атағым Алатаудай болып биік,
Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп
Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,
Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп.

Дана:

Айтады олар әр жерде аға атын,
Бола біл тек жанына от жаға алатын.
Мұғалімнен өмірлі адам бар ма,
Бір өмірге мың өмір жалғанатын.

Жалғанады мың өмір мұғалімге.
Ақиқатты жалтармай ұғамын де.
Жақсы шәкірт — теңдессіз үлкен сыйлық,
Шапалақ соқ, қол ұсын мұғалімге.


Даулет:

Ұстаз мейірі-Ана мейірімі пара-пар,
Тұла бойға қуат болып таралар.
Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,
Айналайын білім берген ұстаздар

Ән «Ұстазым» Алтынай, Ерсаин, Айжан.

Құралай:

Көрсетіп барар жолды ізгі үмітке,
Баулыған жақсылыққа, ізгілікке,
Ұстазға бас иейік кел ағайын,
Ақылы серік болған бұл тірлікте.

Жандос:

Жол сілтеп қараңғыда жанған шамдай,
Адаспас білім берген таңнан талмай,
Ұстазға бас иейік кел ағайын,
Өсірген тал-шыбығын бағбандардай.

Айжан:

Ұқтырған есепті де, тіліңді де,
Білдірмей қажығанын қиын күнде,
Ұстазға бас иейік кел ағайын,
Үйреткен Отаныңды сүюге де.

Дәулет:

Сүйреткен сөмкемізді кезімізде,
Үйреткен даналардың сөзін бізге,
Ұстазға бас иейік кел ағайын,
Тыныштық, бақ тілеген көгімізде.

Алтынай:

Мектеп қайта есігін ашпас енді,

Өмір – ұстаз, ақылды, ақ шаш өңді.

Басқаша енді үйретер бар сабағын,

Қоңыраулар соғылар басқаша енді.


Ерсаин:

Былтырғыдан басқаша биыл демек,

Білімің мен ақылың, күйің бөлек,

Енді басқа жиын-той, киім керек,

Енді бізге шынайы сүю керек.

Алтынай:

Сұрақ басқа оп-оңай шешілмейді,

Жаса қанша тентектік, есір, мейлі.

Мектептегі мұғалім кешіргенмен,

Өмір - қатал, ол күнде кешірмейді.

Ерсаин:

Даусыз ол күн есіңде сақталады,

Жазылмаған өмірдің ақ парағы,

Жаңа дастан күтеді, жазуымды

Күтпейді тек сыныптың тақталары.

Енді бізді күтеді барлық жолдар,

Күтпейді тек мектептің парталары.

Алия:

Алдарыңнан арман жолы ашылады.
Түлектерге бақыт гүлі шашылады.
Қимастықпен 11 - дің алтын кілтін
Ізін басар сыныпқа тапсырады.

Білімнің алтын кілтін 9-сынып оқушыларына тапсырады
 Ерсаин:

Сіздерге бірінші аманат

Жан азығы адамның –ана тілі,

Тек сонымен ашылған дала гүлі.

Өнер алды –қызыл тіл дейді қазақ,

Бұл мәтелдің теренде мәңгі сыры.

Жас ұрпаққа жалынды,

Сөз маржанын дарытқан.

Абай, Пушкин жырымен,

Тіл арқылы табысқан.

Тілдің сырын меңгерген,

Тіл білуді жөн көрген.

Көсегесін көгертіп,

Ғажайып бір өң берген

Ел азаматы болыңдар.

10-сынып оқушысы:

Оқуды терең меңгеріп

Аманатты ақтаймыз

Мектепті үздік бітіріп

әдеп –салтты сақтаймыз- деп уәдемді беремін.

Ән «» Раздық
Айдын:

Қымбатты мектеп бітіруші жас түлектер!
Нағыз жүрек тебірентерлік сәт те келіп жетті. 11 жыл бойы әр сабақ арасында естіп, біліп достасқан әдемі қоңырау үні бітірушілер үшін соңғы рет соғылмақ
Бәрі – сын, араласың, өмір аулың,
Бәрі - шын, қоштасарда қоңырау мұң
Мәнісін ұғасыңдар өткен күннің,
Дауысын естігінде қоңыраудың
Соңғы қоңырау соғу рәсімі 11-сынып оқушылары Тоқтасын Жандос пен Аспанбетова Айжанға беріледі.

Ән «Ең соңғы қоңырау»

Балғын шақ пәк күндер

Бұлдырап сағымдай.

Қоштасар сәттіңде

Жақындап қалағанай

Балдаурен көктемі

Өткен шақ аралы.

Сүйікті мектебім

Қиялмай қарадым.

Жас толы жанары

Гүл толы омырау.

Сыңғырлап барады

Ең соңғы қоңырау

Алғысым көп менің

Аяулы ұстаздар.

Мәңгілік өтемін

Болып мен қарыздар.

Айдын:

Түлектердің қанаттары талмасын,
Көк аспанда қыран болып самғасын.
Ақ жол тілеп, барша мына ұл қызға,
Ата - ана ақ батасын арнасын – дей келе зейнеткер ұстаз Қабатаев Сайлаухан ата батасын түлектерге арнайды.

Алтынның орындауында ән.

Мектеп вальсы.

Жандостың орындауында попурри.
Алия:

Құрметті түлектер!
Қоштасады алтын ұя мектебің,
Маңдайыңнан сипап өтер көктемің.
«Сәт - сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз,
Тілейміз біз армандарға жеткенін!
Ұлттық біріңғай тестті табысты тапсырып, жоғарға оқу орындарының грант иегерлері болуларыңызға тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!

Военрук:

Сап түзелсін, салтанатты жиыннан Қазақстан Республикасының Туы шығарылсын.
/ Мемлекеттік гимн орындалады/

І бөлімнің соңы.


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Автор
Дата добавления 15.10.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров979
Номер материала ДВ-066138
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх