Инфоурок Начальные классы ПрезентацииСынып сағаты " Кітап - білім бұлағы"

Сынып сағаты " Кітап - білім бұлағы"

Скачать материал

Тақырыбы: « Кітап – білім бұлағы»
Сабақтың мақсаты: Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқулықтарды күтіп ұстауға үйрету.
Көрнекілігі: Кітап жайлы жазылған плакаттар, суреттер.
Сабақтың барысы:  Бүгінгі «Кітап білім бұлағы» атты сынып  сағатын Ахмет Байтұрсынұлының өздеріңе таныс өлеңімен бастайын.
Балалар, бұл жол басы даналыққа,
Келіңдер, түсіп байқап, қаралық та,
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп.
Соларды көре тұра, қалалық па?!
Даналық — өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер, іздеп тауып алалық та?

  Балалар, ең әуелі  жұмбақ  шешуден бастайық.
1.     Үндемес серік, ақылы берік. ( кітап)
2.     Қабат — қабат қаттама, ақылың болса аттама. ( кітап)
3.     Бір ғажап бар, тілі жоқ, сөйлесем  десең міні жоқ. ( кітап)
( Оқушылар жұмбақты шешеді)
Құрметті балалар, мен жұмбақпен тегін бастап тұрған жоқпын. Бүгінгі әңгімеміздің өзі кітап жөнінде болмақ. Кім біледі, балалар! «Кітап» деген сөз қайдан шыққан. Қандай мағына береді?
 Кітап туралы не білеміз? 
Кітап – араб сөзі, “жазба”, ал түрікше “дәптер”,”мерзімді баспасөз басылымы”деген сөз.
Кітап өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу, тәрбие құралы.
Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды. Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты. Тұңғыш қазақ кітаптары 1800 жылы шығарыла бастады.
Көрініс:  «Науқас кітап» көрініс.
Енді Т.Дәуренбеков ағаларыңның «Кітаптар мұңы»  әңгімесіне құлақ асайық.
Мектептің отын қоймасына біреу бір құшақ кітап әкеліп тастады. Есік қайта жабылуы мұң екен, шеткеірек түскен бірі басын көтеріп алды. «Қайда келдім?» дегендей жан-жағына қарап сәл отырды да, жанында жатқан көршісін түртті.
Ол қозғала қоймап еді, жұлқып-жұлқып қалды.
-Ей, тұрсаңшы! Қайда келдік? Тірімісің өзің?
-Ой, мазамды алма. Бүйткен тірлігі құрысын! Мұнан да парақтарымның пәре-пәресі шығып ұшып кеткені жақсы еді.
-Не боп қалды? Жалғыз сенің басыңа келді деймісің бұл қасірет. Биылғы оқу жылын зорға аяқтап шықтық. Басыңды көтер. Жөн сұрасайық. Кімсің өзің? Сыртың бүп-бүтін ғой.
-Сыртымды қайтесің?! – деді анау жер таяна орнынан әрең тұрып. Сыртым бүтін болғанмен ішім түтін. Ана тілі оқуғымын. Мен үшін авторлар түн ұйқысын төрт бөліп, қанша қызмет етті десеңші! Баспа қызметкерлері әрбір әрпімді жекелей теріп, көз майын тауысып па еді? Сонда кім үшін? Балалар оқысын, сауатын ашсын, адам болсын деген ізгі ниет еді ғой бәрінікі. Мен де, қолымнан келгенше, өз бойымдағы білімді беріп, балаларды адамгершілік парасатқа тәрбиелеуге тырысып бақтым. Сөйткен күнім не болды? Сорым қайнағанда, Адырбай деген баланың қолына түсіп, бір жыл болмай мына күйге ұшырадым. Егер, күтіп ұстаса, келер жылы мені басқа балалар оқымас па еді? Қайтейін, өткен күнім есіме түссе, сай-сүйегім сырқырайды. Іші бауырымнан сау жерім қалмады. Жыртылмаған,, шимайланбаған, сия тамбаған парағым кемде-кем.
-Біздің де оңып тұрған жеріміз жоқ, әріптесім. Ендеше, мұңдас болдық. Мен «Ежелгі дүние тарихы» оқулығы боламын,- деді бірінші кітап. Сотқарбай деген баланың меншігіне тидім. Әдепкіде оқулық болып болып, мектеп босағасын аттамағаныма қуанған едім. Оным көпке бармады. Бірнеше күн өтпей-ақ, Сотқарбай көзімді бақырайтып қойып, суретімді сиямен бастырып-бастырып сызып тастады. Онан көтеріп жүруге ауырсынды ма, кейде өзіне керекті бір беттерді жыртып алатынды шығарды. Оқу жылы аяқталған күні мектеп ауласында доп қылып тепкілеп-тепкілеп, сілікпемді шығарды да, тастап кетті.
-Әріптестер, қанша айтқанмен «Ана тілімін» ғой. Менің айтқаныма құлақ асыңдар. Бұл жерде тек кішкентайлар емес, жоғары сынып оқушылары да кінәлі-ау!
-Дұрыс айтасың, «Ана тілі»,- деді қаракөлеңкелеу жерде жатқан бір кітап.
-Менің оқушым үйінде парақтарымды жыртып алып, кептер жасап ойнағанда қой демейді ғой үлкен ағасы. Сондағы сылтауы: «Оқу жылы аяқталды».
— бірақ-деді «ана тілі» сөзін қайта жалғап,- шындығын айтқанда, әркім өз дүниесіне ұқыпты болуы кекрек қой.
Ондай балалар жоқ та емес,, бар. Бар емес-ау, көп. Алайда олардың бір кемшілігі –Адырбай мен Сотқарбай сияқтыларға достық ақыл айта алмай келеді. Мысалы, менің өзім сияқты құрдасым болды. Екеуіміз – мектеп кітапханасына бір күнде түстік. Қызық болғанда, сыныпта да парталас болдық.. Міне, оқушы деп оның иесін айт. Ондай баланың қолына түссең, арманың болмас шіркін! Кітабыңа шаң жуытпайды. Керек бетін белгілеу үшін, парағын қайырып бүктемейді. Қағаз салып қояды. Сызбайды., сия тамызбайды. Оның «Ана тілі» кітабы қыстап су жаңа күйінде шықты.
-Енді бізді не істер екен?- дейді кітап.
-Әлде жинап-жинап отқа тамызық етер ме екен?
От деген сөзден бәрі де селк ете қалды. Бір сәт үндері шықпай, іштен тынды.
-мүмкін, бір кәдеге жаратар. Түптер,- деді «Ежелгі дүние тарихы» сәлден соңбасу айтып.
-Түптер,-деді оны кекетіп әлгі кітап.
-Түптесе сені түптер, ал түптеуге келмейтінін тұттай жалаңаш бізді қайтеді? Көрмеймісің, көзге түсуге де ұялып, бір түкпірге бұқпалап отырғанымды.
-Пысықтығына қарағанда есеп кітабы боларсың, — деді оған «Ана тілі».
-Дұрыс айтасың. Бізден енді оқулық шықпайды. Осы отырған бәріміз де жарымжанбыз.
-Әріптестерім, отқа тамыздық қылады деп ұнжырғыларың түспесін,-деді «Ежелгі дүние тарихы» жұбата сөйлеп.
-Мен тарихты білсем, бізді фабрикада жуып, тазартып, баяғыдай ақ қағаз жасап, баспаханаларға жөнелтеді. Тек келесі жолы ұқыпты оқушының қолына түссек деңдер.
-Соны айтсаңшы,-деді бірдей жамырап.

 Мұғалім: Балалар, кітаптарда ауырады екен. Сол зиянды болдырмау үшін мынандай ережелер бар екен
Есіңе сақта!
1. Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек. Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма
2. Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, кітап оқуды үлкен ой еңбегімен оқу керек
3. Кітапты қалай болса солай оқыма.
4. Кітапты жыртуға, сызуға болмайды.
5. Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің.
6. Кітап бетіне сурет салма!
Мұғалім: Балалар, кітап туралы жазған ұлы ғұлама ақын, жазушыларымыздың қандай нақыл сөздерін білесіңдер?
1. Кітап — таусылмайтын байлық.
2. Кітап — білім бұлағы,
Білім — өмір шырағы.
3. Кітап – алтын қазына.
4. Өнерліге нұр жауар
5. Өнер — ағып жатқан бұлақ,
Білім — жанып жатқан шырақ.
6. Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
7. Білім тозбайды,
Ақыл азбайды.
 
Мұғалім: Ұлы адамдарымыз кітапты жоғары бағалаған. Алғаш қазақ балаларына арнап «Әліппе» оқулығын жазған кім? Оның балаларға арнап жазған өлеңін кім біледі? Балалар бүгінгі тәрбие сағатымыздан көп нәрсені үйрендік. Кітап балаларға білім беруде, жан — жақты тәрбие беруде әр түрлі әдеби шығармалармен таныстырады. Сондықтан «Кітап — білім бұлағы» деп бекер айтылмаған.
Кітап. Бәрекелді балалар! Ақылына ақы сұрамайтын асыл қазына- кітаппен достықтарың үзілмесін. Әрқашан жүздеріңіз жарқын болсын, жолдарыңыз даңғыл болсын! Ал, жақсы балалар. ( Кітап кетіп қалады )
Мұғалім: Қымбатты оқушылар! Кітап сендерді мәңгі сенімді достарың, серіктерің болсын. Кітап қадірін білетін жақсы балалар көбейе берсін. Кітапты жыртпай, кірлетпей, бүлдірмей таза ұстау — бәріміздің міндетіміз. Бізде кітаптары қапталған, өте таза, ұқыпты ұстайтын оқушылар да арамызда бар. Олар жауапкершілікті түсінген оқушылар.
Кітап – ең сабырлы ұстаз
Өзінің биік, таза, рухани қасиетімен Кітап – мәдениет пен руханиятты қорғауда теңдесі жоқ қару болып табылады.
Кітап – адамзат баласына ағарту һәм білім сыйлай береді.
Кітап беттерінде адамзат тіршілігінің сан қилы құпия сырлары сақталған.
Кітап – уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат ойының жемісі.
Адамзат кітапқа өзінің қасиетті сезімі мен жан жылуын сеніп тапсырған. Кітап біздің алға жылжуымызда, катаклизмдерден арылуымызда, адамгершіліктің биік шыңына көтерілуде өлшеусіз ақыл қосады.
Кітап – ең сабырлы ұстаз.
Тек кітап қана қайырымдылық пен айуандықтың, ақиқат пен жалғанның ара жігін айнытпай танып білуге үйретеді.
Кітапты аялайық, құрметтейік, кітапқа адал болайық!
Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстан Республикасының Президенті
 Кітап ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сынып сағаты " Кітап - білім бұлағы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по занятости населения

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 268 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.05.2017 4307
    • DOCX 21.3 кбайт
    • 110 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кентоғаева Динара Кадирбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 38198
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Дислексия, дисграфия, дискалькулия у младших школьников: нейропсихологическая диагностика и коррекция

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1183 человека из 82 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 582 человека

Курс повышения квалификации

Инструменты в преподавании кубановедения в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации на уроках по продуктивно-творческой деятельности у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 134 человека

Мини-курс

Психологические механизмы и стратегии: сохранения психологического равновесия

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Идеи эпохи Просвещения: педагогическое значение для современности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инновации, инвестиции и развитие транспортной отрасли

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе