Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыСынып сағаты"Қош бол бастауыш"

Сынып сағаты"Қош бол бастауыш"

Скачать материал

1

Сабақтың тақырыбы: Бастауыш – білім бастауы

Мақсаты: Оқушылардың білім негізі бастауышта болатыны туралы ұғымдарын арттыру, бастауыш сыныппен, бастауыш сынып мұғалімімен қоштасу рәсімін жасау.

Бастауышта алған білімдерімен, жетістіктерін саралау.

Мектеп, Отан, ұстаз, ата – анаға деген сүйіспеншілігін дамыту.

Көрнекілігі: Слайдтар, сурет, портреттер, қанатты сөздер, оқушылар жетістіктері мен білім сапасы мониторингтері.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.

Өтілетін орынды безендіру, қонақтар мен ата – ана, ұстаздарды қарсы алу.

1 – жүргізуші:

Құрметті ата – ана, ұстаздар мен қонақтар! Бүгін міне қызығы мен қиыншылығы мол Жаңабай Құдайбергенов атындағы білім ордасында 4 – б сынып оқушыларының «Бастауыш – білім бастауы» атты бастауыш мектеппен қоштасу кеші өткелі отыр. Келіңіздер, көріңіздер, өрендердің өнерін. Ендеше «Бастауыш – білім бастауы» атты кешімізге хош келдіңіздер!

2 – жүргізуші:

Біріншіден бастауыш білім алып шығуымыға үлкен үлес қосқан, әрқашан бізге қамқор болып, бүгінгі қоштасуға да көмектесіп отырған ата – аналарымызға мың алғыс!

(Бас ию).

1 - жүргізуші:

Армысыздар, жиналған ата – ана, ұстаз,

Той жиынсыз өмірдің мәні болмас.

Арамыздан талпынып қақты қанат,

4 жыл бойы оң – солын таныған жас.

2 – жүргізуші:

Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын,

Ұстаз – ғалым толастатпай мәңгі ісін.

Тыншымайтын асыл жандар аяулы,

Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.


1 – жүргізуші:

Хор: «Ұстазым»

2 – жүргізуші:

Ұстазға арнау.


Әлішер

Сен менің әкемдейсің, анамдайсың,

Мен үшін армандайсың, алаңдайсың.

Ұстазым сенен артық ақылшым жоқ,

Адалдық пен парасаттан жаралғансың.


Гульнұр:

Тек үйрендік әділ мен адалдықты,

Жирендік, ажыраттық жамандықты.

Жалғастырар ақ жолын сенің салған

Бар деп ұққан әрқашан балаң мықты.

Ата -ана:

Уа, шәкірттер! Білім ордасына тарыдай болып еніп, жан – жақтарыңа таңырқай қарап,жүрексіне мектеп табалдырығын аттағандарыңа да міне төрт жыл толыпты.

Ендеше, сол кезде алғаш алдарыңнан шығып, сендерді қарсы алған алғашқы ұстаздарыңды ортаға шақырайық!

2

1 – жүргізуші:

Ал, ендігі кезекті біз үшін толқып тұрған Нұрпия апайға берейік.

Мұғалім: Құрметті ата – ана, әріптестер!Алдарыңызда тұрған балаларыңыз күні кеше ғана білім ауласына жанарлары жәудіреп, балғын денелері майысып, үрке – үрке еніп еді. Енді, міне, алғашқы басқыш бастауыш мектепті де тәмамдап, ортаңғы буынға көшкелі отыр.Енді, сендер кішкентай кешегі бүлдіршін емессіңдер, сондықтан да болашақта ортаңғы буында үлгілі, тәртіпті, жақсы оқушы болуларыңа тілектеспін.

Ақыл – ойы жаңғырып,

Бастауышпен қоштасқан.

Өңкей білгіш балдырған,

Өсті бойың, ойларың,

Құтты болсын тойларың!


Хор: Ұстаздардың!

Ұлағат ісін сүйеміз,

Басымызды иеміз!


2 – жүргізуші:

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетеді, - дей келе кезекті бишілерге берейік.

Қыздар тобының орындауында «Угайым -ай» биі


1 – жүргізуші:

Иә, бүгін бізде қуаныш, бүгін бізде той.

2 – жүргізуші:

Олай болса,той иелері шәкірттерге сөз берейік!


Рауан:

Өтті оқу сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.

Оқулықпен достасып,

Бастауышпен қоштастық.


М.Динара:

Құрбыласпыз,

Тұрғыласпыз,

Жиырма алтымыз

Сыныптаспыз.


Айзада:

Күлімдейміз,

Бір бақшаның,

Гүліндейміз.


Жандос:

Таланттымыз,

Қанаттымыз.

Жақсы оқимыз

Сабақты біз.

3

Рехангуль:

Оқытты ұстаз – анамыз,

Өсті білім санамыз.

Білгіш ер боп өсетін,

Біз бақытты баламыз.


1 – жүргізуші:

Сыныбымыздың таэквандошылары Жақсылық пен Каримжан өнерін тамашалаңыздар.


Еламан:

Жеміске құты тола ма,

Бір – бірлеп теріп алмасаң.

Әп – сәтте шыға қоя ма,

Еккен дәнің ойласаң.

Білім де сондай қарағым,

Біртіндеп сіңер ойыңа.

Ұғып ал: білім боларын

Шам, шырағың жолыңда!


А. Динара:

Балғын шақта келіп едім,

Бал қызыққа еніп едім.

Тағдырымның билігін де,

Сеніп сізге беріп едім.


Еркебұлан:

Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де, бәрі – бәрі ұстаздан білім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.


Мақсат:

Жастың өсті санасы

Елжірейді жүрегі.

Бастауышқа бар бала,

Алғыс айтып жүреді.


Айдана:

Көлге айналған бұлақтың,

Том – том болған кітаптың.

Хор: «Бастауы болған – бастауыш».


Бекнұр:

Ыстық мектеп партасы,

Мұнша қызық болғаны.

Мұғалімнің арқасы,

Алғысым көп менің

Асыл анам мектебім


2 – жүргізуші:

Хор: «Мектебім»


4

1 – жүргізуші:

Ана тілсіз іс өрге баса алмайды,

Ана тілсіз тарихта жасалмайды.

Желмаяға мініп, желіп жүріп,

Күңіренбеген тектен – текке Асан Қайғы бабамыз,- демекші, кезекті тіл туралы жырға берейік.


Фармен:

Туған тілім тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдағы.

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.


Бекболат:

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық.

Өсер болсаң байтақ далаң тұрғанда,

Хор: Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!


2 – жүргізуші:

Ұлдар тобының орындауында: «Қара жорға» биі.


1 – жүргізуші:

Қалың елің қазағыңа қорған бол,

Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол.

Шет тілі мен кампьютерді меңгеріп,

Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!


2 – жүргізуші:

Ендеше, келесі кезекті орыс тілі мен ағылшын тіліне берейік!

(Орыс тілі мен шет тілі сабақтарынан көріністер).


1 – жүргізуші:

Бастауышта Нұрпия апай алғаш бізді тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатса,Эльмира Нураевна мен Гульмира Абайқызы орыс тіліне, Алма Құмарбекқызы информатикаға, Жаңылқан апай музыкаға, Нұрбақыт апай еңбекке баулуға, Наргиза апай ағылшын тіліне,Оқас ағай экономикаға, Серік, Айболат ағайлар денетәрбиесіне баулып,үйретті.(Гүл шоғын беру).


2 – жүргізуші:

Бұл арнау сіздерге арналады, қабыл алыңыздар. (Оқушылар шығармашылығы).


Каримжан:

Эльмира Нураевнаға:

Сөз сөйлесе жарқын – ақ,

Күлімдейді жарқылдап.

Қызық өтіп сабағы,

Өсіреді ой – сананы.




5

Рамина:

Алма Құмарбекқызы мен Гульмира Абайқызына:

Кемшілікті кезінде,

Кесіп айтар өзіңе.

Өнеге мол өзінде,

Өсиет көп сөзінде.


Жаңылқан апайға:

Түзеттіріп шалалықты,

Есейттіңіз балалықты.

Ойсыз кейбір еркені,

Түзеп жөнге салдыңыз.


Оқас ағайға:

Ел алғысын алдыңыз,

Сабырыңыз құрыштай.

Жөн айттыңыз ұрыспай

Бұрыштарға тұрғызбай.


Серік пен Айболат ағайға:

Біздермен ойнап, күледі,

Сырымызды біледі.

Қасымызда жүгіріп,

Денеде бірге жүреді.


Барлық сынып жетекші апайларға:

Көп шәкірттің досындай,

Ақ ниетті, ақ пейіл.

Ұстазға бауыр басқанбыз,

Екінші ата – анамдай.


1 – жүргізуші:

Бұл – ғажайып мұратты,

Халықтардың Отаны.

Жаңа өмір құратын,

Алыптардың Отаны.

Сол алыптың бірімін,

Отанымның ұлымын.


2 – жүргізуші:

Хор: «Отаным - Қазақстан»


1 – жүргізуші:

Алдарыңызда біздің сыныптың төрт жыл ішіндегі жетістіктері. (Слайдтар бойынша жұмыс).


Мұғалім: Негізгі мектепте балалар, сендерді жаңа пәндер патшалығы қарсы алады.

1.Қазақ тілі мен әдебиеті патшалығы төрайымы Ұлбазар Қарынбаева

2. Жаратылыстану патшалығы төрайымы – Бәтима Алгеева

3.Тарих патшалығы төрайымы – Қарлығаш

(Гүл шоқтарын тапсыру).

6

Ендеше негізгі мектеп ұстаздар қауымы өрендердің білімі мен өнеріне ризасыздар ма?

Болашақта сапалы біліммен сусындап, өнерлі шәкірт болатынына сенім артасыздар ма?...



2 – жүргізуші:

Ұстаздардың сенімін ақтау үшін, мектеп ережесін сақтау үшін


Хор: Ант береміз!


Айгерім:

Өз гүліндей аялаған,

Мың рахмет ұстаздарға.

Қамқор әкем,аяулы анам,

Төрт жыл бойы нұрын төккен,

Аттандырған ақ тілекпен,

Ұстаз үмітін ақтаймыз деп

Хор: Серт береміз шын жүректен!


Нұрәлі:

Жүрегімде ұстаз берген сабағы,

Өн бойыма тамырланып тарады.

Ұмытпаймын салған жолын, ақылын,

Хор: Мәңгі, мәңгі,мәңгі есімде қалады.


1 – жүргізуші:

Акрабатикалық би.


Мұғалім:Аяулы шәкірттерімнің келесі сынып жетекшісі шет тілі патшалығының төрайымы Шадиям Баратоваға:

Бітер ісін қалдырмайтын кейінге,

Нұр жауады қашанда ақ пейілге.

Жаңа кезең, тағы үлкен міндет тұр,

Үлкен табыс тілейміз Шадиям апай,

Біз сізге деп, - Шадиям Баратованы қол шапалақтап қарсы алайық!.

(Гүл шоғын тапсыру).


Мұғалім:

Бастауышта оқыды,

Ойға білім тоқыды.

Бұлар біздің жалындар,

Ертеңгі үлкен ғалымдар.

Алдыңда ұзақ жолың бар,

Оқумен өсіп толыңдар.

Қиындыққа мойымай,

Аман – есен болыңдар!


Мадина:

Бізге шаттық әкелді,

Басшы болып әр істе.

Ұстаз, ана әкені,

Шақырамыз вальске

7

Алидің орындауында Ш. Қалдаяқовтың әніне жазылған «Арыс жағасында» әні.


Ойын. «Тілектер»

2 – жүргізуші:

Аяулы ұстаз өлшемі жоқ бағаңның,

Айтыңдаршы таласады оған кім?

Еленуде елге істеген еңбегің, - дей келе, сөз кезегін мектеп басшыларына береміз.


1 – жүргізуші:

Құрметті ата – аналар, ұстаздар,

Жақсы шәкірт азамат атанады.

Халқынан, ата-анадан бата алады,

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырайық ата –ананы, - деп, кезекті ата – аналарымызға берейік.


«Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Нұрпия Сатыбалдықызы Байсеркеева

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сынып сағаты"Қош бол бастауыш""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по коллекторской деятельности

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 484 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.02.2016 1340
    • DOCX 67 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байсеркеева Нурпия Сатыбалдиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 61906
    • Всего материалов: 39

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Инклюзивное образование в начальной школе

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 161 человек

Курс повышения квалификации

Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 249 человек

Курс повышения квалификации

Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 225 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 060 человек

Мини-курс

Художественная гимнастика: диагностика и технические аспекты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Проектный подход к рекламе: эффективные стратегии и инструменты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление бизнес-процессами и инновациями

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе