Инфоурок Начальные классы Рабочие программы1-сыныпқа арналған "Қызықты есептер" атты факультативтік курстың бағдарламасы

1-сыныпқа арналған "Қызықты есептер" атты факультативтік курстың бағдарламасы

Скачать материал

«Ақтоғай ауданының Абай атындағы жалпы білім беретін ОМ» КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-сыныпқа арналған факультативтік

курстың бағдарламасы

«Қызықты есептер»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрастырған: бастауыш сынып мұғалімі
Хабиба Азира

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтоғай, 2015 жыл

 

 

 

                                          Алғы сөз
            Ұсынылып отырған оқу бағдарламасы
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сəуірде №115 бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беретін мектептің 1-4-сыныптарына арналған «Математика» білім саласы пəндерінің оқу бағдарламаларына (Астана, 2013) негізделіп жасалды.

    6-7 жастағы баланың абстрактілі ойлау деңгейі-дәстүрден тыс және қызықты тапсырмаларды орындауға қажетті логикалық пайымдаулар құру, ой қорытуды жүргізе алу біліктерін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді. 1- сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылының 1 жартыжылдығына 16 сағат жүктеме берілген.
Бұл бағдарлама дәстүрден тыс және қызықты тапсырмаларды орындау үшін қажет пайымдау жасау, ой қорыту білігін қалаптастыру бойынша жұмысты жалғастырады. Тапсырмалардың мазмұны бірінші сынып оқушыларына математиканы оқыту әдістемесін дамытудағы қазіргі тенденцияларды ескере отырып құралған жаттығулар жүйесіне негізделген.
Балалардың танымдық қабілеттерін дамытып пәнге деген қызығушылықтарын арттырудың негізгі бір жолы - дидактикалық материалдар мен қызықты тапсырмалар. Есеп зерделілікке, қиялдауға, тапқырлыққа, шапшаң есептеу қабілеттерін дамытуға тәрбиелейді.
«Қызықты есептер» бағдарламасы арқылы оқушылар қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті, моральды, дүниетанымды сезіне бастайды, сөйлеуге дағдыландыруда оқушының өзіндік ерекшелігі айқындала түседі. «Қызықты есептер» бағдарламасы арқылы оқушылар тез ойлау, жылдам есептеу дағдылары қалыптасады. Бұған қоса оқып—үйрену барысында оқушылар алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгереді, ақыл-ойы, сөйлеу дағдылары жетілдіріледі.
Көңілді жаттығулар, викториналар, ребустар, дыбыстық диктант, өздік диктант, терме диктант, көру диктант, сөздік диктант,грамматикалық эстафеталар, сөзжұмбақтар шешу, қызықты тапсырмалар құрастыру баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді. Оқушының қиялын дамытып, өз бетімен жұмыс істеуге икемдейді.
Өтілетін жұмыстар мен тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, білімдерін жетілдіріп, дамытуға арналған.
Бағдарламаның маңыздылығы:
Оқушыларды оқуға, сауатты жазуға үйрету, негізгі тілдік ұғымдармен таныстыру, өз ойы мен пікірін еркін жеткізе білу, фонетика, грамматика саласында тілдік білімдерін игеру.
«Қызықты есептер» арнай курс бағдарламасында келесі тапсырмалар түрлері енгізілген:
-геометриялық мазмұндағы және кеңістік ұғымын дамытуға арналған тапсырмалар;
-комбинаторлық тапсырмалар;
-заңдылықтарды, реттілікті анықтауға арналған тапсырмалар;
-жиынмен байланысты амалдарды орындауға арналған тапсырмалар;
-өзара-бірмәнді сәйкестік;
-математикалық басқатырғыштар;
-логикалық қортындылар;
-лабиринттер;
-көңілді жаттығулар (блиц-әртүрлі тапсырмалар);
-сөзжұмбақтар;
-реттеуге арналған тапсырмалар.

Мақсаты:
-Оқушыларға грамматикалық білім, білік, дағдыларын игерту;
-Шығармашылық қабілеттерін арттыру;
-Зейінін, еске сақтау, байқағыштық, қиялдау, танымдық іс-әрекеттерімен өздігінен білім алуға, ізденуге бейімдеу.
- Оқушының оқу мен жазу дағдыларын жетілдіріп, өз ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын дара тұлға тәрбиелеу.

Мақсатқа жету жолында төмендегідей бірнеше танымдық және практикалық міндеттер қойылады.

-оқушының тұлға ретінде қалыптасуына әсер ету;
-ақыл-ойын және ерік пен сезім белсенділігін арттыру;
-логикалық ойлау қабілеттерін арттыру;
-оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, қызығушылығын арттыру.
-сөйлеу туралы қарапайым түсінік беру;
-сөздің дыбыстық құрылымы туралы түсінігін дамыта түсу;
-оқушылардың сауатты,көркем жазу дағдыларын жетілдіру;
-оқушының ойын жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру;
-қоршаған ортамен ізгі қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу:

Бағдарламаның маңыздылығы
Оқушыларды есептеу біліктілігі мен дағдыны қалыптастыру үрдісінде өзін-өзі бақылай алуға үйрету, негізгі математикалық тілдік ұғымдармен таныстыру.

Білім, білік, дағды деңгейіне қойылатын талаптар
Танымдық бағыт бойынша:

- көрсетілген тәсілдерді пайдалана отырып, өрнектердің мәндерін ауызша есептей алу:
- көбейту және бөлуді баған түрінде орындау және оны тексеру:
- көбейту мен бөлу амалдарынан тұратын және жақша арқылы жазылған өрнектердегі амалдардың орындалу тәртібін анықтау және өрнектің мәнін таба білу:
- көбейту және бөлу амалдарынан тұратын, көбейту, бөлу амалдарының компоненттері мен нәтижесінің өзара байланысы арқылы теңдеулерді шеше білу;
Біліктілігі:
- математикалық білімді күнделікті өмірде қолдана алу;
- өтілген материалдар бойынша оқушылар тарапынан жиі жіберілген қателерді анықтай алу;
- көбейту және бөлу амалдарын шапшың есептей алу;

Практикалық бағыт бойынша
:

 
- жылдам есептей алу;
- математикалық ұғымдарды меңгеру
- шығармашылық және логикалық қабілетін арттыру.
Қоғамның қазіргі даму кезеңінен туындап отырған сұранысқа орай анықталған мақсаттар мен міндеттер бастауыштың математикалық білімінің жаңа мазмұнын жасаудың, онымен үйлесімді оқытудың әдіс-тәсілдерін, құрал-жабдықтарын және ұйымдастыру түрлеріндегі математикалық сауаттылықты анықтаудың қажеттілігін көрсетеді. Осыған орай бүгінгі күн талабына сай даярланған, көзі ашық, білім дәрежесі жоғары, жан-жақты дамыған адамды қалыптастыру үшін сапалы білім беру қажеттілігі туындап отыр. Бүгінгі күні математиканың қолданылмайтын жері жоқ. Сондықтан әр оқушыны математикалық сауаттылықтың жоғары деңгейіне жеткізу міндеті тұр. Осы міндетті шешу мақсатында сынып оқушыларының математика пәніне деген қызығушылығын арттыру үшін, білім, білік дағдыларын арттыру мақсаты «Қызықты есептер» бағдарламасын жасадық.
«Қызықты есептер» бағдарламасы арқылы оқушылар тез ойлау, жылдам есептеу дағдылары қалыптасады Бұған қоса математикалық, логикалық, танымдық мағлұматтарды меңгереді, ақыл-ойы, ойлау қабілеті жетілдіріледі.


Күтілетін нәтиже
- математикалық түсініктерді меңгереді
- оқушылардың оқу, математикалық сөйлеу дағдылары ұштаса түседі.
- Бір амалмен шығаратын қарапайым есетерді түсініп шығару.
- өз бетінше есептерді құрастыра біледі.
- дұрыс жазу ережесін меңгереді.
- шығармашылық қабілеттері артады.
- Есте сақтау қабілеті артады.
- Қиялдау қабілеті кеңейеді

 

 

1-сыныпқа арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспар
№ Тақырыбы Сағат саны Мерзімі Сабақтың түрі Қолданатын құралдар


1 Кіріспе 1 аралас үлестірмелі қағаздар
2 Есеп туралы түсінік 1 түсіндіру сызбалар
3 Есептің шартын құрастыру 1 дамытпалы Тірек сызбалар
4 Қосындыны табуға арналған есептер 1 талқылау қима суреттер
5 Азайғышты табуға арналған есептер 1 саяхат интерактивті тақта
6 Білімдерін тиянақтау 1 жарыс слайдтар
7 Бірнеше бірлікке азаюға берілген есептер 1 аралас электрондық
оқулықтар
8 Бірнеше бірлікке артыруға арналған есептер 1 ойын дидакт.материалдар
9 Белгісіз қосылғышты табуға берілген есептер 1 түсіндіру қима суреттер
10 Жұмбақты есептер 1 бәйге сөзжұмбақ
11 Қалдықты табуға берілген есептер 1 аралас ребустар
12 Айырманы салыстыру 1 түсіндіру матем. жұмбақтар
13 Ой ұшқырлығына құрылған есептер.Логикалық есеп шығару 1 бекіту логикалық тапсырма
14 Белгісіз қосынды мен айырманы табуға арналған есептер 1 ойын кеспелер
15 Өткенді қайталау 1 пысықтау шаблондар
16 Бақылау жұмысы 1 білім деңг. бақылау үлестірмелі
қағаздар
17 Білімдерін қорыту 1 қорытынды суреттер

Қосындыны табуға арналған есептер

1.Дымбілмес алдында 4 құлпынай , содан кейін 3 құлпынай жеді.Дымбілмес барлыға неше құлпынай жеді?
2. Айнұр 2 пирамида, ал Гүлнұр 3 пирамида құрастырды.Екі қыз неше пирамида құрастырды?
3. Алпамыс аптасына 3 кітап, ал Берік сонша кітап оқыды.Балалар қанша кітап оқыды?
4. Күлшеқызға 3 тиін және 7 қоян қонаққа келді. Күлшеқызға барлығы неше қонақ келді?
5.Қызыл телпек әжесіне 6 тәтті тоқаш және 3 етті тоқаш әкелді.Қызыл телпек барлығы неше тоқаш әкелді?
6.Асанда 4 машина, ал Үсенде сонша ұшақ ойыншықтары бар.Балаларда барлығы неше ойыншық бар?
7. Кірпі 3 саңырауқұлақ, ал тиін 5 саңырауқұлақ жинады. Олар барлығы неше саңырауқұлақ жинады?
8.Гауһар 5 гүл , ал Жауһар 4 гүл жинады. Қыздар қанша гүл жинады?
9.Аюға туған күніне арнап таңертең 6 бөшке бал , түсте 3 бөшке бал әкелді.Аюда барлығы неше бөшке бал болды?
10.Бірінші сөреде- 3 кітап, ал екінші сөреде- 7 кітап тұр.Екі сөреде барлығы неше кітап?

Азайғышты табуға арналған есептер


1.Қоян 4 сәбіз жегеннен кейін ода тағы 5 сәбіз қалды.Қоянда қанша сәбіз болды?
2.Ара бақбақтан тосап қайнатты.Ол досына 3 банка бергеннен кейін, 7 банка қалды.Арада қанша банка тосап болды?
3.Бөбектер ұшу шарында 2 километр ұшқаннан кейін, оларға тағы 3 километр ұшу қалды. Бастапқы кезде Бөбектерге қанша километр ұшу қажет болды?
4.Суретші қорабынан 6 бояу алғаннан кейін, 4 бояу қалды. Суретшіде қанша бояу болды?
5.Қоян көжектеріне 4 сәбіз бергеннен кейін, тағы 3 сәбіз қалды. Қоянда қанша сәбіз болды?
6. Себеттен 5 алма алғаннан кейін, онда тағы 5 алма қалды.Себетте қанша алма болды?
7.Карлсон 6 тәтті нан жегеннен кейін, 4 тәтті нан қалды. Қарлсонда неше тәтті нан болды?
8. Айдана 5 гүлге су құйғаннан кейін 2 гүлге су құйюқа үлгерген жоқ. Айдананың гүлзарында қанша гүл өсіп тұрды?
9.Винни- Пух 4 бөшке бал жегеннен кейін, тағы 2 бөшке бал қалды.Винни- Пухта қанша бөшке бал болды?
10. Пошташы 8 журнал таратқаннан кейін сөмкесінде 2журнал қалды.Пошташыда неше журнал болды?

Бірнеше бірлікке азаюға берілген есептер

1. Қоянда 5 қызыл және 2-ге кем көк шар бар.Қоянда қаншакөк шар?
2. Арманда 6 машина, ал Ерланда 3 машина кем болды. Ерланда неше машина болды?
3. Айман 8 есеп шығарды, Баян 3 есеп кем шығырды. Баян неше есеп шығарды?
4. Аюда 6 шар бар, Қоянда 3 шар кем болды. Қоянда қанша шар болды?
5. Дымбілмес 4 балмұздақ жеді, Білгіш 2 балмұздақ кем жеді. Білгіш қанша балмұздақ жеді?
6. Тиін 7 жаңғақ , ал алманы 5-ке кем жинады. Тиін қанша алма жинады?
7. Сәуле 4 сурет салды, ал Айгүл 2 сурет кем салды. Айгүл неше сурет салды?
8. Кірпі қысқы азығын жинап, бірінші күні – 9 алма, ал екінші күні 3- ке кем алма жинады. Кірпі екінші күні қанша алма жинады?
9. Қызыл телпек әжесіне 10 тәтті нан және 6-ға кем тоқаш әкелді. Қызыл телпек әжесіне қанша тоқаш әкелді?
10. Үйрек бірінші күні 8 балапан, ал екінші күні 2 балапан кем шығарды.Үйрек қанша балапан шығарды?

Бірнеше бірлікке артыруға арналған есептер

1.Диқаншылар күзгі егістік жұмыстарында 4 машина бидай және 3 машина артық арпа қоймаға жеткізді.Диқаншылыр қанша машина арпа жеткізді?
2. Гүлнәр 3 кәмпит , ал Шолпан 2 кәмпит артық жеді. Шолпан қанша кәмпит жеді?
3. Қорапта 6 қарындаш және 3-ке артық фломастер жатыр. Қорапта қанша фломастер жатыр?
4. Жанар 2 шелек , ал Майра 3 шелек артық құлпынай жинады.Майра неше шелек құлпынай жинады?
5.Гүлзарда 6 қызғалдақ және одан 3-ке артық сарығалдақ өсіп жатыр.Гүлзарда қанша сарығалдақ өсіп тұр?
6.Дәулетте 4 машина, ал Саматта 5 машина артық.Саматта неше машина бар?
7. Дәрігер бірінші күні 7 бала , ал екінші күні 3 балаға артық қабылдады. Дәрігер екінші күні қанша бала қабылдады?
8.Болатта 3 дәптер, ал Қайратта одан 3 дәптерге артық дәптер бар. Қайратта неше дәптер бар?
9.Тігінші 2 қызыл көйлек , және одан 3- ке артық көк көйлек тікті. Тігінші қанша қызыл көйлек тікті?
10. Қарлығаш балапандарын қоректендіру үшін таңертең 7 құрт, ал түсте одан 2 құрт артық ұстап әкелді. Қарлығаш түсте қанша құс ұстап әкелді?

Белгісіз қосылғышты табуға берілген есептер


1.Аюда 9 килограмм бал болды. Ол бірнеше килограмм бал жегеннен кейін ода 4 килограмм бал қалды.Аю неше килограмм бал жеді?
2. Айдар Бурабайдың 10 фотосурет істеді.Досына бірнеше фотосурет бергеннен кейін 6 фотосурет қалды.Айдар досына неше фотосурет берді?
3.Сауыншы сиырдан 9 литр сүт сауып алды. Ірімшік жасауға бірнеше литр сүт пайдаланғаннан кейін 2 литр сүт қалды.Сауыншы неше литр сүт ірімшікке жұмсады?
4. Маймылда 10 банан болды.Бірнеше банан жегеннен кейін оның 4 бананы қалды. Маймыл неше банан жеді?
5.Қоймаға 7 жәшік жеміс әкеліеді. Оның 3 жәшігі алма, қалғаны алмұрт. Қоймада неше жәшік алмұрт әкелді?
6. Пошташыда 9 журнал болды. Бірнеше журнал таратқаннан кейін тағы 3 журналы қалды. Пошташы қанша журнал таратты?
7.Әнуарда 6 қарындаш болды. Ол бірнеше қарындашын досына бергеннен кейін ода 4 қарындаш қаоды.Әнуар досына қанша қарындаш берді?
8.Айнашта 8 шар бар. Бірнеше шарды ол құрбысына бергеннен кейін, қызда 4 шары қалды.Айнаш құрбысына неше шар берді?
9.Айжанның 6 тәтті наны болды. Ол бірнешеуін Серікке бергеннен кейін ода 2 тәтті нан қалды.Айжан Серікке қанша тәтті нан берді?
10.Аспазшы 10 литр кампот пісірді. Балалар оның бірнеше литрын ішкеннен кейін 4 литр қалды.Балалар неше литр кампот ішті?

Қалдықты табуға берілген есептер
1. Үстелдің үстінде 7 тоқаш жатты.Айжан 2 тоқаш жеді. Үстелдің үстінде неше тоқаш қалды?
2. Самал кітапханадан 7 кітап алды.Оның 3 кітабын оқыды. Неше оқитын кітап қалды?
3. Диас 6 сурет салды. Ол 3 суретін досына сыйлады.Диаста неше сурет қалды?
4. Гүлжанның туған күніне 8 қыз келді. 3 қыз үйлеріне кетті. Гүлжанның туған күнінде неше қыз қалды?
5. Асқардың кітабында 9 бет бар. Оның 4 бетін оқыды. Асқарға неше оқитын бет қалды?
6. Сандуғаштың туған күніне 10 сыйлық сыйлады. 6 сыйлықты ашып көрді.Неше ашылмаған сыйлық қалды?
7. Айбектің 6 дәптері болды. 2 дәптерін досына берді.Айбектің неше дәптері қалды?
8. Тиін 4 жаңғақ жинады .Ол 4 жаңғақты балаларына берді. Тиінде неше жаңғақ қалды?
9. Айдын 5 құлпынай жинап алды.Ол 4 құлпынайды жеп қойды. Айдында неше құлпынай қалды?
10. Омарташы 7 литр бал жинады. Оның 5 литрын сатты.Омарташыда неше литр бал қалды?

Айырманы салыстыру
1.Гүлзарда 5 раушангүл және 7 інжугүл өсіп тұр. Інжугүл раушангүлден нешеге артық?
2. Маратта 8 дәптер, Жанатта 5 дәптер бар.Маратта неше дәптер кем?
3. Тиін 6 алма, ал кірпі 3 алма теріп алды.Тиін кірпіге қарағанда неше алма артық жинап алды?
4.Айнұрда 9 текше, Балнұрда 7 текше бар.Балнұрда неше текше кем?
5.Серік 10 балық, ал Берік 6 балық ұстап алды. Серік неше балық артық ұстап алды?
6.Қызыл телпек әжесіне 5 тәтті нан, және 7 самса әкелді. Қызыл телпектің тәтті наны қаншаға кем самсадан?
7. Сымбат далада 8 қызыл көбелек және 6 сары көбелек санап алды.Қызыл көбелек нешеге артық көк көбелектен?
8. Айсана 9 алма және 6 алмұрт жинады.Айсана жинаған алмұрт нешеге кем алмадан?
9. Бірінші сөреде 7 кітап , ал екінші сөреде- 5 кітап тұр. Бірінші сөреде екіншіге қарағанда неше кітап артық тұр.
10.Ислам 10 есеп, ал Айбол 6 есеп шығарды. Ислам Айболға қарағанда неше есеп артық шығарды?

Ой ұшқырлығына құрылған есептер

1.Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? ( балықтар ағашта отырмайды және ұшпайды.)
2.Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі ағашында одан 2 алма аз өсіп тұр. Үйеңкі ағашында неше алма өсіп тұр? (Үйеңкіде алма өспейді)
3.Тақта алдында 3 бала тұр.Олар:Самат,Марат,Қанат. Марат ортасында тұр. Маратты қозғамай қалай шетке тұрғызуға болады?
4.Үй тышқанның неше құлағы бар?
5.Жанұяда 7 ер баланың бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда қанша бала бар? (8 бала:7 ұл,1 қыз)
6.Самат,Марат,Қанатты орындыққа әртүрлі ретпен қалай отырғызуға болады? ( а)Самат, Марат, Қанат. ә)Самат,Қанат,Марат. б)Марат,Самат,Қанат. в) Марат,Қанат, Самат. г)Қанат,Самат,Марат. ғ)Қанат,Марат,Самат.)
7.Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны –он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін? (2 тауық, 2 бұзау)
8.Үш ағайындының ішінде Асқар, Айдардан ұзын, ал Айдар Жарастан ұзын. Кім ұзын бойлы Жарас па әлде Асқар ма? (Жарас Асқардан аласа)
9. Екі адам қалаға келе жатып жолда тағы 5 ауылдасын кездестірді. Қалаға ауылдан неше адам келе жатыр еді? (2 адам)
10. жанар меАнар-апалы-сіңілі. Жанар 2 інісі бар екенін айтты. «Менің де екі інім бар,» -деді Анар. Бұл үйдің неше баласы бар? (төрт баласы бар.)

Жұмбақты есептер

1. Мұз айдында жеті бала.
Асыр сап жүр сырғанап.
Сырғанамай екі бала.
Жағалауда тұр қарап.
Енді осы бар баланың
Санын айтсаң –жарадың!

2.Көлден ұшты жеті қаз,
Қайтып қонды екі қаз,
Қонбады оның нешеуі?
Кәне, кім тез шешеді?

3.Жаңа ғана шалғында,
Алты бұзау жүр еді.
Әлде шаршап қалды ма,
Жатып қапты біреуі.
Нешеуі енді жайылып,
Айт, жүргенін айырып.

4.Табақта бес алма,
Қолымда үш алма,
Інімде екі алма,
Қосқанда барлығын.
Болады неше алма?
Бір алма атама,
Бір алма әжеме,
Бір алма апама,
Бір алма әкеме,
Нешеуін алады?
Нешеуі қалады?

5.Аулада бс үйрек,
Қорада үш үйрек.
Бір үйрек тығылды,
Бір үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек?

6.Қанша қоян аулада
Сонша тауық аулада.
Аяқтары он екі,
Санап көрші, кәнекей?

7.Екі аяқпен екі қол,
Бір ауыз бен бір тілің....
Нешеу болды кәне, бол,
Санап шығар кім бұрын?

8.Тал басында,
Тізіліп,
Он жапырақ тұр еді.
Жел соқты да,
Үзіліп,
Ұшып кетті біреуі.
Ізінше оның
Жұлынып,
Түсті тағы бесеуі.
Тұр әлі де ілініп,
Жапырақтың нешеуі?

9.Портфелімде әуелі,
Он үш жаңғақ бар еді,
Науат пенен Сағатқа,
Самат пенен Маратқа,
Апасына Қанаттың,
Екі-екіден тараттым.
Қанша жаңғақ қалғанын
Айта қойшы, ал жаны?
10.Мына алты ақ алма-
Нұрбибі мен Жанарға.
Үш сарысы-Анарға,
Қызыл алма-Манарға.

                                

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 
1. Қызықты математика Алматы кітап 1998.
2. «Ойнайық та, ойлайық» Алматы кітап 1996.
3. 12 жылдық білім 2008, №7.
4. Қазақстан Республикасы бастауыш білім беру стандарты.
Алматы, 2003ж.
5. «Кім зерек?» Алматы 1993.
6. «Сказочные задачи» 1 сынып О.В.Лысова, О.В.Кутянина
7. Математика және информатика журналы 2002, № 6.
8. «Бастауыш мектептің математикасы» Т.Л.Пахомова
9. «Математикадан өзіндік және бақылау жұмыстары» авторлары: К.Ерешева, Г. Жамалбекова «Өлке» баспасы Алматы 2009
10. «Қызықты математика» Ә.Б.Ақпаева,Л.А.Лебедева, В.В.Буровова «Алматыкітап» 2011ж.
11. «Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар»
Ш.Х.Құрманалина, С.Ш. Сәрсенбаева, Р.Қ. Өміртаева «Атамұра» 1997ж.
12. «Математикадан ойындар мен қызықты тапсырмалар» Т.К.Жикалкина,. Алматы «Рауан» 1992ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтоғай ауданының Абай атындағы ОМ мұғалімі                                             Хабиба Азираның «Қызықты есептер» атты                                     факультативтік курстың бағдарламасына                                                    РЕЦЕНЗИЯ

Арнаулы курстың түсініктемесі бар, бағдарламаның мазмұны нақтыланып, оқу материалын меңгертуге негізделген.

Негізгі мақсаты – оқушыларға грамматикалық білім, білік, дағдыларын игерту, шығармашылық қабілеттерін арттыру, зейінін, еске сақтау, байқағыштық, қиялдау, танымдық іс-әрекеттерімен өздігінен білім алуға, ізденуге бейімдеу. Оқушының оқу мен жазу дағдыларын жетілдіріп, өз ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын дара тұлға тәрбиелеу.

 Негізгі бағдарлама мен оқулық материалын кеңейте отырып, оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге ерекше мән берілген, 6-7 жастағы баланың абстрактілі ойлау деңгейі-дәстүрден тыс және қызықты тапсырмаларды орындауға қажетті логикалық пайымдаулар құру, ой қорытуды жүргізе алу біліктерін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді. Дәстүрден тыс және қызықты тапсырмаларды орындау үшін қажет пайымдау жасау, ой қорыту білігін қалаптастыру бойынша жұмысты жалғастырады. Тапсырмалардың мазмұны 1-сынып оқушыларына математиканы оқыту әдістемесін дамытудағы қазіргі тенденцияларды ескере отырып құралған жаттығулар жүйесіне негізделген. Оқушылар қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті, моральды, дүниетанымды сезінеді, сөйлеуге дағдыланады. Тез ойлау, есептеу дағдылары қалыптасады. Көңілді жаттығулар, викториналар, ребустар, грамматикалық эстафеталар, сөзжұмбақтар шешу, қызықты тапсырмалар құрастыру баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді.

 Өтілетін жұмыстар мен тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, білімдерін жетілдіріп, дамытуға арналған.  Бағдарламада оқушылардың белсенділігін арттыруға мән беріліп, әлеуметтік-тұрмыстық қатынастағы әр түрлі жағдаяттарға сай сөздерді, сөйлеудің қосалқы құралдарын орынды қолдана білу, синтаксис саласы бойынша білімдерін жетілдіре түсу жолдары да   қарастырылған.  Бағдарлама жүйелілік, бірізділік, ғылымилылық, тәжірибе мен теорияның ұстанымдарына  сәйкес құрылған, сондықтан оқу үрдісіне қолдануға болады.

  

Инновациялық Еуразиялық университеті

 

Рецензент:

  ________ __________________

_______________________________

 

Тіркелді: №______ 2015 жылғы  «          » мамыр

Ақтоғай ауданының білім бөлімінің әдіскері

Маней Ризаның

«Сөз мәдениеті» атты оқу қазақ тілінде жүргізілетін                                      5-сыныпқа арналған  арнаулы курс бағдарламасына

 

РЕЦЕНЗИЯ

 

Арнаулы курстың түсініктемесі бар, бағдарламаның мазмұны нақтыланып, оқу материалын меңгертуге негізделген.

Негізгі мақсаты – қазақ тілі пәнінің білім мазмұнын кеңейте отырып, оқушыларға терең білім беру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Негізгі бағдарлама мен оқулық материалын кеңейте отырып,оқушылардың сөйлеу тілдерін жетілдіруге ерекше мән берілген, сөз мәдениетінің қажеттілігін түсіну, тіл табыса білуге қажетті коммуникативтік дағдыларды меңгерту туралы мағлұматтарды кеңейтетін материалдар орынды іріктелген.  Бағдарламада оқушылардың белсенділігін арттыруға мән беріліп, әлеуметтік-тұрмыстық қатынастағы әр түрлі жағдаяттарға сай сөздерді, сөйлеудің қосалқы құралдарын орынды қолдана білу, синтаксис саласы бойынша білімдерін жетілдіре түсу жолдары да   қарастырылған.  5-сынып оқушыларының жас және психологиялық ерекшеліктері ескерілген, қазіргі сабақ талаптарына сай.

Сөз мәдениеті қоғам, ұлт, өнер, тақырыбындағы мәтіндер, ақын жазушылардың шығармаларынан алынған үзінділермен жұмыс істету арқылы іске асырылмақшы.Тіл фактілері арқылы оқушылардың рухани дүниесін байыту, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу де ескерілген. Тіл мәдениетін қалыптастыру, тыңдау мәдениетін, сауатты жазу қабілеттерін жетілдіру де негізге алынған.

Бағдарлама жүйелілік, бірізділік, ғылымилылық, тәжірибе мен теорияның ұстанымдарына  сәйкес құрылған, сондықтан оқу үрдісіне қолдануға болады.

  

 

 

 

Инновациялық Еуразиялық университеті

 

Рецензент:

  ________ __________________

_______________________________

 

 

Тіркелді: №______ 2015 жылғы  «21» мамыр

 

 

 

 

 

 

 

Павлодар облысы әкімдігі

Павлодар облысы білім беру басқармасының

Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы

Ақтоғай ауданының білім бөлімінің әдіскері

Маней Ризаның

«Педагогтерді аттестаттауды ұйымдастыру жұмыстарын

тиімді үйлестіру» атты әдістемелік құралына

 

РЕЦЕНЗИЯ

 

Бұл әдістемелік құрал Қазақстан  Республикасының  «Білім туралы» заңын, Қазақстан  Республикасының  «2011-2020 жылдары білім беруді дамыту» бағдарламасын, Қазақстан  Республикасының Білім және ғылым министрінің  2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 бұйрығымен бекітілген «Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру Ережесін» және т.б. нормативтік-құқықтық құжаттарды басшылыққа ала отырып әзірленген.

Құралда алғы сөз, педагогтерді аттестаттаттау жұмысының жүйесі, педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесіне сай мектепішілік аттестаттау шаралары, аттестаттау жұмысында қолданылатын құжаттар үлгілері берілген.

          Білім беру ұйымында (мектеп, мектепке дейінгі білім беру, мектептен тыс мекеме жәнет.б.) жылдық жұмыс жоспарындағы педагогтердің біліктілігін жетілдіру тармағы негізінде ағымдағы оқу жылының басында және келесі оқу жылының басында педагогтердің аттестациясын ұйымдастыру және өткізу  іс-шараларының жоспары жасалынады. Жоспарлау – білім беру ұйымындағы әдістемелік жұмысты басқарудың тиімді әдістемелерінің бірі.  Педагогтің құзыреттілігінің үздіксіз артуы, аттестацияға сапалы дайындығы білім беру ұйымында ұйымдастырылып өткізілген іс-шаралар мазмұны мен түрінің өнімділігіне тікелей байланысты. Сондықтан бұл құралды аудандық (қалалық) білім бөлімінің әдіскерлері, мектеп әкімшілігі, мектепішілік аттестаттау комиссиясының мүшелері,  аттестатталушы мұғалімдердің пайдалануы үшін өте тиімді тәжірибелік маңызы бар, жұмыс барысында қолдануға болады.

Рецензент:

Білім беруді  және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығының  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері: ________ Қ.У.Негманова

Білім беруді  және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы     директорының орынбасары: ________ А.А.Қожахметова

 

Тіркелді: №______ 2013 жыл   «12» қазан

 

 

 

 

Павлодар облысы әкімдігі

Павлодар облысы білім беру басқармасының

Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы

Ақтоғай ауданының білім бөлімінің әдіскері

Маней Ризаның

«Туған жер – алтын бесік» атты оқу орыс тілінде жүргізілетін                                      4-сыныпқа арнаулы курс бағдарламасына

 

РЕЦЕНЗИЯ

 

Ұсынылып отырған бағдарлама мен оқу құралы «ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына», оқу орыс тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептің 4-сыныбына арналған «Қазақ тілі» оқу бағдарламасы негізделіп жасалды.

Оқу курсы аптасына 1 сағат, жылына 34 сағаттық оқу материалынан құралған. Курстың мақсаты қарапайым және бастапқы деңгей бойынша қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту , сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде түсінікті сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету арқылы дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту болып табылады.

Білім мазмұнының желісі оқулық мазмұнына сәйкес үш аяға бөлініп ұсынылған: 1) əлеуметтік-тұрмыстық ая;  2) əлеуметтік-мəдени ая;  3) оқу-еңбек аясы.

Пəндік нəтижелер бойынша оқу жылының соңында оқушылар:                                                                                              қазақ тілінің фонемалық жəне фонетикалық жүйесі туралы мағлұматтарын тереңдету;  белсенді қорға енген сөздердің екпінін дұрыс қоюды;                        лексикалық бірліктерді мағынасына қарай орындыпайд алуды;  сөздерге қосымшаларды дұрыс жалғауды; септік, тəуелдік, жіктік, көптік алғауларын,жұрнақтарды ауызша/жазбаша тілде қажетіне қарай пайдалануды; сөздің мағынасына қарай сөз таптарын: зат есім, сын есім, сан есім мен етістіктіажырата алуды; сөйлем түрлерін ажыратуды; сөйлемдегі сөздердің байланысын; үндестік заңына бағынатын бейтаныс сөздерді естіп отырып, сауатты жазуды білуді меңгереді.                                                                                                                                              

Туған өлкенің ерекшелігін (географиясын, мәдениетін, ұлттық нышанын) жан-жақты меңгертетін материалдар орынды іріктелген. Бағдарлама әдістемелік тұрғыда дұрыс, мазмұнды жасалған, мақсат-міндеті нақты, оқу үдерісіне бейімдеуге ұсынылады. 

 

Рецензент:

Білім беруді  және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығының  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері: ________ Қ.У.Негманова

Білім беруді  және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы     директорының орынбасары: ________ А.А.Қожахметова

 

Тіркелді: №______ 2013 жыл   «12» қазан

 

Павлодар облысы әкімдігі

Павлодар облысы білім беру басқармасының

Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы

Ақтоғай ауданының білім бөлімінің әдіскері

Маней Ризаның

«Сөйлеу мәдениеті» атты оқу қазақ тілінде жүргізілетін                                      қоғамдық-гуманитарлық бағыт (10-сынып)

 арнаулы курс бағдарламасына

 

РЕЦЕНЗИЯ

 

Арнаулы курстың түсініктемесі бар, бағдарламаның мазмұны нақтыланып, оқу материалын меңгертуге негізделген.

Негізгі мақсаты – қазақ тілі пәнінің білім мазмұнын кеңейте отырып, оқушыларға терең білім беру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Негізгі бағдарлама мен оқулық материалын кеңейте отырып,оқушылардың сөйлеу тілдерін жетілдіруге ерекше мән берілген, сөз мәдениетінің қажеттілігін түсіну, тіл табыса білуге қажетті коммуникативтік дағдыларды меңгерту туралы мағлұматтарды кеңейтетін материалдар орынды іріктелген.  Бағдарламада оқушылардың белсенділігін арттыруға мән беріліп, әлеуметтік-тұрмыстық қатынастағы әр түрлі жағдаяттарға сай сөздерді, сөйлеудің қосалқы құралдарын орынды қолдана білу, синтаксис саласы бойынша білімдерін жетілдіре түсу жолдары да   қарастырылған.  10-сынып оқушыларының жас және психологиялық ерекшеліктері ескерілген, қазіргі сабақ талаптарына сай.

Сөз мәдениеті қоғам, ұлт, өнер, тақырыбындағы мәтіндер, ақын жазушылардың шығармаларынан алынған үзінділермен жұмыс істету арқылы іске асырылмақшы.Тіл фактілері арқылы оқушылардың рухани дүниесін байыту, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу де ескерілген. Тіл мәдениетін қалыптастыру, тыңдау мәдениетін, сауатты жазу қабілеттерін жетілдіру де негізге алынған.

Бағдарлама жүйелілік, бірізділік, ғылымилылық, тәжірибе мен теорияның ұстанымдарына  сәйкес құрылған, сондықтан оқу үрдісіне қолдануға болады.

  

 

 

Рецензент:

Білім беруді  және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығының  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері: ________ Қ.У.Негманова

Білім беруді  және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы     директорының орынбасары: ________ А.А.Қожахметова

 

Тіркелді: №______ 2013 жыл   «12» қазан

Павлодар облысы әкімдігі

Павлодар облысы білім беру басқармасының

Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы

Ақтоғай ауданының білім бөлімінің әдіскері

Маней Ризаның

«Аудандық жас мамандар мектебінің жұмысын

тиімді үйлестіру әдістемесіне»

 

РЕЦЕНЗИЯ

 

 

           Әдістемелік әзірлеменің  ішкі жүйесі: түсінік хат,  аудандық деңгейде жас мамандарды кәсіби біліктілікке бейімдеуге арналған жұмыстың мазмұны мен түрлері, жас мамандармен жұмыс түрінің бірін өткізуге арналған әзірлеме, пайдаланылған әдебиеттер деп жіктелген.   

           Құралды әзірлеуде таңдалған тақырыптың өзектілігі мен автордың енгізген идея жаңашылдығы, құралды құрастырудағы мақсаты мен оны жүзеге асыратын міндеттер, аталған құралдың қазіргі таңдағы теориялық-практикалық маңызы,  жас мамандармен жұмыс жасау бағыттары, іс-қимылдың түрлері мен нақты тақырыптары ашық көрсетілген.  Бұл жұмысты ауданның немесе қалалық білім беру бөлімдерінің әдіскерлері мен мектеп басшылығы тарапынан, мектептегі жас мамандар мектебінің жетекшісі тарапынан жас мамандарға көмек көрсеткенде басшылыққа алуға өте қолайлы. Мектепішілік, аудандық бақылау, тексеру, нақтылау шараларын өткізгенде құжаттарды тәртіптеп, реттеп алуға да көмегі бар. Құралдың тәжірибелік маңызы бар, жұмыс барысында қолдануға болады.

 

 

 

 

Рецензент:

Білім беруді  және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығының  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері: ________ Қ.У.Негманова

Білім беруді  және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы     директорының орынбасары: ________ А.А.Қожахметова

 

Тіркелді: №______ 2013 жыл   «12» қазан

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "1-сыныпқа арналған "Қызықты есептер" атты факультативтік курстың бағдарламасы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инженер по автоматизации производства

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

«Ақтоғай ауданының Абай атындағы жалпы білім беретін ОМ» КММ

1-сыныпқа арналған факультативтік

курстың бағдарламасы

«Қызықты есептер»

Құрастырған: бастауыш сынып мұғалімі
Хабиба Азира

Ақтоғай, 2015 жыл

Алғы сөз
Ұсынылып отырған оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сəуірде №115 бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беретін мектептің 1-4-сыныптарына арналған «Математика» білім саласы пəндерінің оқу бағдарламаларына (Астана, 2013) негізделіп жасалды.

6-7 жастағы баланың абстрактілі ойлау деңгейі-дәстүрден тыс және қызықты тапсырмаларды орындауға қажетті логикалық пайымдаулар құру, ой қорытуды жүргізе алу біліктерін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді. 1- сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылының 1 жартыжылдығына 16 сағат жүктеме берілген.
Бұл бағдарлама дәстүрден тыс және қызықты тапсырмаларды орындау үшін қажет пайымдау жасау, ой қорыту білігін қалаптастыру бойынша жұмысты жалғастырады. Тапсырмалардың мазмұны бірінші сынып оқушыларына математиканы оқыту әдістемесін дамытудағы қазіргі тенденцияларды ескере отырып құралған жаттығулар жүйесіне негізделген.
Балалардың танымдық қабілеттерін дамытып пәнге деген қызығушылықтарын арттырудың негізгі бір жолы - дидактикалық материалдар мен қызықты тапсырмалар. Есеп зерделілікке, қиялдауға, тапқырлыққа, шапшаң есептеу қабілеттерін дамытуға тәрбиелейді.
«Қызықты есептер» бағдарламасы арқылы оқушылар қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті, моральды, дүниетанымды сезіне бастайды, сөйлеуге дағдыландыруда оқушының өзіндік ерекшелігі айқындала түседі. «Қызықты есептер» бағдарламасы арқылы оқушылар тез ойлау, жылдам есептеу дағдылары қалыптасады. Бұған қоса оқып—үйрену барысында оқушылар алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгереді, ақыл-ойы, сөйлеу дағдылары жетілдіріледі.
Көңілді жаттығулар, викториналар, ребустар, дыбыстық диктант, өздік диктант, терме диктант, көру диктант, сөздік диктант,грамматикалық эстафеталар, сөзжұмбақтар шешу, қызықты тапсырмалар құрастыру баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді. Оқушының қиялын дамытып, өз бетімен жұмыс істеуге икемдейді.
Өтілетін жұмыстар мен тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, білімдерін жетілдіріп, дамытуға арналған.
Бағдарламаның маңыздылығы:
Оқушыларды оқуға, сауатты жазуға үйрету, негізгі тілдік ұғымдармен таныстыру, өз ойы мен пікірін еркін жеткізе білу, фонетика, грамматика саласында тілдік білімдерін игеру.
«Қызықты есептер» арнай курс бағдарламасында келесі тапсырмалар түрлері енгізілген:
-геометриялық мазмұндағы және кеңістік ұғымын дамытуға арналған тапсырмалар;
-комбинаторлық тапсырмалар;
-заңдылықтарды, реттілікті анықтауға арналған тапсырмалар;
-жиынмен байланысты амалдарды орындауға арналған тапсырмалар;
-өзара-бірмәнді сәйкестік;
-математикалық басқатырғыштар;
-логикалық қортындылар;
-лабиринттер;
-көңілді жаттығулар (блиц-әртүрлі тапсырмалар);
-сөзжұмбақтар;
-реттеуге арналған тапсырмалар.

Мақсаты:
-Оқушыларға грамматикалық білім, білік, дағдыларын игерту;
-Шығармашылық қабілеттерін арттыру;
-Зейінін, еске сақтау, байқағыштық, қиялдау, танымдық іс-әрекеттерімен өздігінен білім алуға, ізденуге бейімдеу.
- Оқушының оқу мен жазу дағдыларын жетілдіріп, өз ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын дара тұлға тәрбиелеу.

Мақсатқа жету жолында төмендегідей бірнеше танымдық және практикалық міндеттер қойылады.

-оқушының тұлға ретінде қалыптасуына әсер ету;
-ақыл-ойын және ерік пен сезім белсенділігін арттыру;
-логикалық ойлау қабілеттерін арттыру;
-оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, қызығушылығын арттыру.
-сөйлеу туралы қарапайым түсінік беру;
-сөздің дыбыстық құрылымы туралы түсінігін дамыта түсу;
-оқушылардың сауатты,көркем жазу дағдыларын жетілдіру;
-оқушының ойын жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру;
-қоршаған ортамен ізгі қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу:

Бағдарламаның маңыздылығы
Оқушыларды есептеу біліктілігі мен дағдыны қалыптастыру үрдісінде өзін-өзі бақылай алуға үйрету, негізгі математикалық тілдік ұғымдармен таныстыру.

Білім, білік, дағды деңгейіне қойылатын талаптар
Танымдық бағыт бойынша:

- көрсетілген тәсілдерді пайдалана отырып, өрнектердің мәндерін ауызша есептей алу:
- көбейту және бөлуді баған түрінде орындау және оны тексеру:
- көбейту мен бөлу амалдарынан тұратын және жақша арқылы жазылған өрнектердегі амалдардың орындалу тәртібін анықтау және өрнектің мәнін таба білу:
- көбейту және бөлу амалдарынан тұратын, көбейту, бөлу амалдарының компоненттері мен нәтижесінің өзара байланысы арқылы теңдеулерді шеше білу;
Біліктілігі:
- математикалық білімді күнделікті өмірде қолдана алу;
- өтілген материалдар бойынша оқушылар тарапынан жиі жіберілген қателерді анықтай алу;
- көбейту және бөлу амалдарын шапшың есептей алу;

Практикалық бағыт бойынша:


- жылдам есептей алу;
- математикалық ұғымдарды меңгеру
- шығармашылық және логикалық қабілетін арттыру.
Қоғамның қазіргі даму кезеңінен туындап отырған сұранысқа орай анықталған мақсаттар мен міндеттер бастауыштың математикалық білімінің жаңа мазмұнын жасаудың, онымен үйлесімді оқытудың әдіс-тәсілдерін, құрал-жабдықтарын және ұйымдастыру түрлеріндегі математикалық сауаттылықты анықтаудың қажеттілігін көрсетеді. Осыған орай бүгінгі күн талабына сай даярланған, көзі ашық, білім дәрежесі жоғары, жан-жақты дамыған адамды қалыптастыру үшін сапалы білім беру қажеттілігі туындап отыр. Бүгінгі күні математиканың қолданылмайтын жері жоқ. Сондықтан әр оқушыны математикалық сауаттылықтың жоғары деңгейіне жеткізу міндеті тұр. Осы міндетті шешу мақсатында сынып оқушыларының математика пәніне деген қызығушылығын арттыру үшін, білім, білік дағдыларын арттыру мақсаты «Қызықты есептер» бағдарламасын жасадық.
«Қызықты есептер» бағдарламасы арқылы оқушылар тез ойлау, жылдам есептеу дағдылары қалыптасады Бұған қоса математикалық, логикалық, танымдық мағлұматтарды меңгереді, ақыл-ойы, ойлау қабілеті жетілдіріледі.


Күтілетін нәтиже
- математикалық түсініктерді меңгереді
- оқушылардың оқу, математикалық сөйлеу дағдылары ұштаса түседі.
- Бір амалмен шығаратын қарапайым есетерді түсініп шығару.
- өз бетінше есептерді құрастыра біледі.
- дұрыс жазу ережесін меңгереді.
- шығармашылық қабілеттері артады.
- Есте сақтау қабілеті артады.
- Қиялдау қабілеті кеңейеді

1-сыныпқа арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспар
№ Тақырыбы Сағат саны Мерзімі Сабақтың түрі Қолданатын құралдар


1 Кіріспе 1 аралас үлестірмелі қағаздар
2 Есеп туралы түсінік 1 түсіндіру сызбалар
3 Есептің шартын құрастыру 1 дамытпалы Тірек сызбалар
4 Қосындыны табуға арналған есептер 1 талқылау қима суреттер
5 Азайғышты табуға арналған есептер 1 саяхат интерактивті тақта
6 Білімдерін тиянақтау 1 жарыс слайдтар
7 Бірнеше бірлікке азаюға берілген есептер 1 аралас электрондық
оқулықтар
8 Бірнеше бірлікке артыруға арналған есептер 1 ойын дидакт.материалдар
9 Белгісіз қосылғышты табуға берілген есептер 1 түсіндіру қима суреттер
10 Жұмбақты есептер 1 бәйге сөзжұмбақ
11 Қалдықты табуға берілген есептер 1 аралас ребустар
12 Айырманы салыстыру 1 түсіндіру матем. жұмбақтар
13 Ой ұшқырлығына құрылған есептер.Логикалық есеп шығару 1 бекіту логикалық тапсырма
14 Белгісіз қосынды мен айырманы табуға арналған есептер 1 ойын кеспелер
15 Өткенді қайталау 1 пысықтау шаблондар
16 Бақылау жұмысы 1 білім деңг. бақылау үлестірмелі
қағаздар
17 Білімдерін қорыту 1 қорытынды суреттер

Қосындыны табуға арналған есептер

1.Дымбілмес алдында 4 құлпынай , содан кейін 3 құлпынай жеді.Дымбілмес барлыға неше құлпынай жеді?
2. Айнұр 2 пирамида, ал Гүлнұр 3 пирамида құрастырды.Екі қыз неше пирамида құрастырды?
3. Алпамыс аптасына 3 кітап, ал Берік сонша кітап оқыды.Балалар қанша кітап оқыды?
4. Күлшеқызға 3 тиін және 7 қоян қонаққа келді. Күлшеқызға барлығы неше қонақ келді?
5.Қызыл телпек әжесіне 6 тәтті тоқаш және 3 етті тоқаш әкелді.Қызыл телпек барлығы неше тоқаш әкелді?
6.Асанда 4 машина, ал Үсенде сонша ұшақ ойыншықтары бар.Балаларда барлығы неше ойыншық бар?
7. Кірпі 3 саңырауқұлақ, ал тиін 5 саңырауқұлақ жинады. Олар барлығы неше саңырауқұлақ жинады?
8.Гауһар 5 гүл , ал Жауһар 4 гүл жинады. Қыздар қанша гүл жинады?
9.Аюға туған күніне арнап таңертең 6 бөшке бал , түсте 3 бөшке бал әкелді.Аюда барлығы неше бөшке бал болды?
10.Бірінші сөреде- 3 кітап, ал екінші сөреде- 7 кітап тұр.Екі сөреде барлығы неше кітап?

Азайғышты табуға арналған есептер


1.Қоян 4 сәбіз жегеннен кейін ода тағы 5 сәбіз қалды.Қоянда қанша сәбіз болды?
2.Ара бақбақтан тосап қайнатты.Ол досына 3 банка бергеннен кейін, 7 банка қалды.Арада қанша банка тосап болды?
3.Бөбектер ұшу шарында 2 километр ұшқаннан кейін, оларға тағы 3 километр ұшу қалды. Бастапқы кезде Бөбектерге қанша километр ұшу қажет болды?
4.Суретші қорабынан 6 бояу алғаннан кейін, 4 бояу қалды. Суретшіде қанша бояу болды?
5.Қоян көжектеріне 4 сәбіз бергеннен кейін, тағы 3 сәбіз қалды. Қоянда қанша сәбіз болды?
6. Себеттен 5 алма алғаннан кейін, онда тағы 5 алма қалды.Себетте қанша алма болды?
7.Карлсон 6 тәтті нан жегеннен кейін, 4 тәтті нан қалды. Қарлсонда неше тәтті нан болды?
8. Айдана 5 гүлге су құйғаннан кейін 2 гүлге су құйюқа үлгерген жоқ. Айдананың гүлзарында қанша гүл өсіп тұрды?
9.Винни- Пух 4 бөшке бал жегеннен кейін, тағы 2 бөшке бал қалды.Винни- Пухта қанша бөшке бал болды?
10. Пошташы 8 журнал таратқаннан кейін сөмкесінде 2журнал қалды.Пошташыда неше журнал болды?

Бірнеше бірлікке азаюға берілген есептер

1. Қоянда 5 қызыл және 2-ге кем көк шар бар.Қоянда қаншакөк шар?
2. Арманда 6 машина, ал Ерланда 3 машина кем болды. Ерланда неше машина болды?
3. Айман 8 есеп шығарды, Баян 3 есеп кем шығырды. Баян неше есеп шығарды?
4. Аюда 6 шар бар, Қоянда 3 шар кем болды. Қоянда қанша шар болды?
5. Дымбілмес 4 балмұздақ жеді, Білгіш 2 балмұздақ кем жеді. Білгіш қанша балмұздақ жеді?
6. Тиін 7 жаңғақ , ал алманы 5-ке кем жинады. Тиін қанша алма жинады?
7. Сәуле 4 сурет салды, ал Айгүл 2 сурет кем салды. Айгүл неше сурет салды?
8. Кірпі қысқы азығын жинап, бірінші күні – 9 алма, ал екінші күні 3- ке кем алма жинады. Кірпі екінші күні қанша алма жинады?
9. Қызыл телпек әжесіне 10 тәтті нан және 6-ға кем тоқаш әкелді. Қызыл телпек әжесіне қанша тоқаш әкелді?
10. Үйрек бірінші күні 8 балапан, ал екінші күні 2 балапан кем шығарды.Үйрек қанша балапан шығарды?

Бірнеше бірлікке артыруға арналған есептер

1.Диқаншылар күзгі егістік жұмыстарында 4 машина бидай және 3 машина артық арпа қоймаға жеткізді.Диқаншылыр қанша машина арпа жеткізді?
2. Гүлнәр 3 кәмпит , ал Шолпан 2 кәмпит артық жеді. Шолпан қанша кәмпит жеді?
3. Қорапта 6 қарындаш және 3-ке артық фломастер жатыр. Қорапта қанша фломастер жатыр?
4. Жанар 2 шелек , ал Майра 3 шелек артық құлпынай жинады.Майра неше шелек құлпынай жинады?
5.Гүлзарда 6 қызғалдақ және одан 3-ке артық сарығалдақ өсіп жатыр.Гүлзарда қанша сарығалдақ өсіп тұр?
6.Дәулетте 4 машина, ал Саматта 5 машина артық.Саматта неше машина бар?
7. Дәрігер бірінші күні 7 бала , ал екінші күні 3 балаға артық қабылдады. Дәрігер екінші күні қанша бала қабылдады?
8.Болатта 3 дәптер, ал Қайратта одан 3 дәптерге артық дәптер бар. Қайратта неше дәптер бар?
9.Тігінші 2 қызыл көйлек , және одан 3- ке артық көк көйлек тікті. Тігінші қанша қызыл көйлек тікті?
10. Қарлығаш балапандарын қоректендіру үшін таңертең 7 құрт, ал түсте одан 2 құрт артық ұстап әкелді. Қарлығаш түсте қанша құс ұстап әкелді?

Белгісіз қосылғышты табуға берілген есептер


1.Аюда 9 килограмм бал болды. Ол бірнеше килограмм бал жегеннен кейін ода 4 килограмм бал қалды.Аю неше килограмм бал жеді?
2. Айдар Бурабайдың 10 фотосурет істеді.Досына бірнеше фотосурет бергеннен кейін 6 фотосурет қалды.Айдар досына неше фотосурет берді?
3.Сауыншы сиырдан 9 литр сүт сауып алды. Ірімшік жасауға бірнеше литр сүт пайдаланғаннан кейін 2 литр сүт қалды.Сауыншы неше литр сүт ірімшікке жұмсады?
4. Маймылда 10 банан болды.Бірнеше банан жегеннен кейін оның 4 бананы қалды. Маймыл неше банан жеді?
5.Қоймаға 7 жәшік жеміс әкеліеді. Оның 3 жәшігі алма, қалғаны алмұрт. Қоймада неше жәшік алмұрт әкелді?
6. Пошташыда 9 журнал болды. Бірнеше журнал таратқаннан кейін тағы 3 журналы қалды. Пошташы қанша журнал таратты?
7.Әнуарда 6 қарындаш болды. Ол бірнеше қарындашын досына бергеннен кейін ода 4 қарындаш қаоды.Әнуар досына қанша қарындаш берді?
8.Айнашта 8 шар бар. Бірнеше шарды ол құрбысына бергеннен кейін, қызда 4 шары қалды.Айнаш құрбысына неше шар берді?
9.Айжанның 6 тәтті наны болды. Ол бірнешеуін Серікке бергеннен кейін ода 2 тәтті нан қалды.Айжан Серікке қанша тәтті нан берді?
10.Аспазшы 10 литр кампот пісірді. Балалар оның бірнеше литрын ішкеннен кейін 4 литр қалды.Балалар неше литр кампот ішті?

Қалдықты табуға берілген есептер
1. Үстелдің үстінде 7 тоқаш жатты.Айжан 2 тоқаш жеді. Үстелдің үстінде неше тоқаш қалды?
2. Самал кітапханадан 7 кітап алды.Оның 3 кітабын оқыды. Неше оқитын кітап қалды?
3. Диас 6 сурет салды. Ол 3 суретін досына сыйлады.Диаста неше сурет қалды?
4. Гүлжанның туған күніне 8 қыз келді. 3 қыз үйлеріне кетті. Гүлжанның туған күнінде неше қыз қалды?
5. Асқардың кітабында 9 бет бар. Оның 4 бетін оқыды. Асқарға неше оқитын бет қалды?
6. Сандуғаштың туған күніне 10 сыйлық сыйлады. 6 сыйлықты ашып көрді.Неше ашылмаған сыйлық қалды?
7. Айбектің 6 дәптері болды. 2 дәптерін досына берді.Айбектің неше дәптері қалды?
8. Тиін 4 жаңғақ жинады .Ол 4 жаңғақты балаларына берді. Тиінде неше жаңғақ қалды?
9. Айдын 5 құлпынай жинап алды.Ол 4 құлпынайды жеп қойды. Айдында неше құлпынай қалды?
10. Омарташы 7 литр бал жинады. Оның 5 литрын сатты.Омарташыда неше литр бал қалды?

Айырманы салыстыру
1.Гүлзарда 5 раушангүл және 7 інжугүл өсіп тұр. Інжугүл раушангүлден нешеге артық?
2. Маратта 8 дәптер, Жанатта 5 дәптер бар.Маратта неше дәптер кем?
3. Тиін 6 алма, ал кірпі 3 алма теріп алды.Тиін кірпіге қарағанда неше алма артық жинап алды?
4.Айнұрда 9 текше, Балнұрда 7 текше бар.Балнұрда неше текше кем?
5.Серік 10 балық, ал Берік 6 балық ұстап алды. Серік неше балық артық ұстап алды?
6.Қызыл телпек әжесіне 5 тәтті нан, және 7 самса әкелді. Қызыл телпектің тәтті наны қаншаға кем самсадан?
7. Сымбат далада 8 қызыл көбелек және 6 сары көбелек санап алды.Қызыл көбелек нешеге артық көк көбелектен?
8. Айсана 9 алма және 6 алмұрт жинады.Айсана жинаған алмұрт нешеге кем алмадан?
9. Бірінші сөреде 7 кітап , ал екінші сөреде- 5 кітап тұр. Бірінші сөреде екіншіге қарағанда неше кітап артық тұр.
10.Ислам 10 есеп, ал Айбол 6 есеп шығарды. Ислам Айболға қарағанда неше есеп артық шығарды?

Ой ұшқырлығына құрылған есептер

1.Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? ( балықтар ағашта отырмайды және ұшпайды.)
2.Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі ағашында одан 2 алма аз өсіп тұр. Үйеңкі ағашында неше алма өсіп тұр? (Үйеңкіде алма өспейді)
3.Тақта алдында 3 бала тұр.Олар:Самат,Марат,Қанат. Марат ортасында тұр. Маратты қозғамай қалай шетке тұрғызуға болады?
4.Үй тышқанның неше құлағы бар?
5.Жанұяда 7 ер баланың бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда қанша бала бар? (8 бала:7 ұл,1 қыз)
6.Самат,Марат,Қанатты орындыққа әртүрлі ретпен қалай отырғызуға болады? ( а)Самат, Марат, Қанат. ә)Самат,Қанат,Марат. б)Марат,Самат,Қанат. в) Марат,Қанат, Самат. г)Қанат,Самат,Марат. ғ)Қанат,Марат,Самат.)
7.Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны –он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін? (2 тауық, 2 бұзау)
8.Үш ағайындының ішінде Асқар, Айдардан ұзын, ал Айдар Жарастан ұзын. Кім ұзын бойлы Жарас па әлде Асқар ма? (Жарас Асқардан аласа)
9. Екі адам қалаға келе жатып жолда тағы 5 ауылдасын кездестірді. Қалаға ауылдан неше адам келе жатыр еді? (2 адам)
10. жанар меАнар-апалы-сіңілі. Жанар 2 інісі бар екенін айтты. «Менің де екі інім бар,» -деді Анар. Бұл үйдің неше баласы бар? (төрт баласы бар.)

Жұмбақты есептер

1. Мұз айдында жеті бала.
Асыр сап жүр сырғанап.
Сырғанамай екі бала.
Жағалауда тұр қарап.
Енді осы бар баланың
Санын айтсаң –жарадың!

2.Көлден ұшты жеті қаз,
Қайтып қонды екі қаз,
Қонбады оның нешеуі?
Кәне, кім тез шешеді?

3.Жаңа ғана шалғында,
Алты бұзау жүр еді.
Әлде шаршап қалды ма,
Жатып қапты біреуі.
Нешеуі енді жайылып,
Айт, жүргенін айырып.

4.Табақта бес алма,
Қолымда үш алма,
Інімде екі алма,
Қосқанда барлығын.
Болады неше алма?
Бір алма атама,
Бір алма әжеме,
Бір алма апама,
Бір алма әкеме,
Нешеуін алады?
Нешеуі қалады?

5.Аулада бс үйрек,
Қорада үш үйрек.
Бір үйрек тығылды,
Бір үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек?

6.Қанша қоян аулада
Сонша тауық аулада.
Аяқтары он екі,
Санап көрші, кәнекей?

7.Екі аяқпен екі қол,
Бір ауыз бен бір тілің....
Нешеу болды кәне, бол,
Санап шығар кім бұрын?

8.Тал басында,
Тізіліп,
Он жапырақ тұр еді.
Жел соқты да,
Үзіліп,
Ұшып кетті біреуі.
Ізінше оның
Жұлынып,
Түсті тағы бесеуі.
Тұр әлі де ілініп,
Жапырақтың нешеуі?

9.Портфелімде әуелі,
Он үш жаңғақ бар еді,
Науат пенен Сағатқа,
Самат пенен Маратқа,
Апасына Қанаттың,
Екі-екіден тараттым.
Қанша жаңғақ қалғанын
Айта қойшы, ал жаны?
10.Мына алты ақ алма-
Нұрбибі мен Жанарға.
Үш сарысы-Анарға,
Қызыл алма-Манарға.

Қолданылған әдебиеттер


1. Қызықты математика Алматы кітап 1998.
2. «Ойнайық та, ойлайық» Алматы кітап 1996.
3. 12 жылдық білім 2008, №7.
4. Қазақстан Республикасы бастауыш білім беру стандарты.
Алматы, 2003ж.
5. «Кім зерек?» Алматы 1993.
6. «Сказочные задачи» 1 сынып О.В.Лысова, О.В.Кутянина
7. Математика және информатика журналы 2002, № 6.
8. «Бастауыш мектептің математикасы» Т.Л.Пахомова
9. «Математикадан өзіндік және бақылау жұмыстары» авторлары: К.Ерешева, Г. Жамалбекова «Өлке» баспасы Алматы 2009
10. «Қызықты математика» Ә.Б.Ақпаева,Л.А.Лебедева, В.В.Буровова «Алматыкітап» 2011ж.
11. «Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар»
Ш.Х.Құрманалина, С.Ш. Сәрсенбаева, Р.Қ. Өміртаева «Атамұра» 1997ж.
12. «Математикадан ойындар мен қызықты тапсырмалар» Т.К.Жикалкина,. Алматы «Рауан» 1992ж.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 963 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.05.2015 35489
    • DOCX 120.5 кбайт
    • 116 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Манейұлы Батырбек Маней. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Манейұлы Батырбек Маней
    Манейұлы Батырбек Маней
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 36517
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель математики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 180 человек

Курс повышения квалификации

Гендерный подход в обучении и развитии учащихся младшего школьного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс повышения квалификации

Особенности введения и реализации обновленного ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1106 человек из 80 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 292 человека

Мини-курс

Методология и организация образовательного процесса по информатике

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инвестиционная деятельность и проектный менеджмен

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные информационные технологии и информационная безопасность

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек