Инфоурок Математика Другие методич. материалыСыныптан тыс жұмыс "Білімділер керуені"

Сыныптан тыс жұмыс "Білімділер керуені"

Скачать материал

Тақырыбы:  Білімділер керуені

 

Мақсаты:

1.Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын

арттыру, математикадан алған білімдерін нығайту, ойлау қабілеттерін 

дамыту.

2. Ұйымшылдыққа , топ болып жұмыс жасауға, өздіктерінен іздене 

 білуге, ой қорытындысын жасай білуге, шапшаңдыққа, жинақылыққа дағдыландыру.

3.Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру,

өзіне деген  сенімін арттырып, үлкен жетістіктерге  жетуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: топтық сайыс сабақ

Сабақтың типі: ойын түрінде

Сабақтың  жоспары:

І – Ұйымдастыру бөлімі:

  оқушыларды түгендеу, топқа бөлу.

«Алғырлар», «Тапқырлар» топтары

ІІ – Негізгі бөлім (топтық сайыс)

1-    кезең: Білімің тірегің (сұрақтарға жауап беру)

2-    кезең: Викториналық сұрақтар

3-    кезең: Білім арқаны (есептер шығару)

4-    кезең: Ойлан, балақай (логикалық есептер)

5-    кезең: Ой сергіту (жұмбақтар шешу)

ІІІ – Қорытынды бөлім.

Сабақтың жүру барысы:

Сәлеметсіздер ме? Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін сіздер 5 – класс оқушылары арасында өткелі отырған «Білімділер керуені»  атты сайыс сабақтың куәгері болғалы отырсыздар. Сайысымызға қош келдіңіздер және  сайысымызды  бастауға рұқсат етіңіздер!

Ақыл  - тон аңдағанға тозбайтұғын,

Білім кен қанша алсаң азбайтұғын

Қатарың оза шауып бара жатса

Арқаңның ауруы не қозбайтұғын – деп Тұрмағанбет Ізтілеуов жырлағандай білім сайысына қатысушы оқушыларымызға сәттілік тілей отырып сайыстың жоспарымен таныстырып өтейін.

1-    кезең: Білімің тірегің (сұрақтарға жауап беру)

2-    кезең: Викториналық сұрақтар

3-    кезең: Білім арқаны (есептер шығару)

4-    кезең: Ойлан, балақай (логикалық есептер)

5-    кезең: Ой сергіту (жұмбақтар шешу)

Осы сайыс сабағымызда сайыскерлеріміздің білімін қадағалап, саралап, бағалап отыратын әділқазы алқасын сайлап алайық.

1. Бастауыш сынып мұғалімі:   Тәжкенова Қалима

2. Информатика пәнінің мұғалімі:  Құлбекова Ақтоты

Міне, осы әділқазыларымыз ойыншыларымыздың білімін бағалап отырады.

Ал, ендеше сайысымызды бастайық. 1-кезең «Білімің тірегің» (сұрақтарға жауап беру). Үш тақырып бойынша 100,200,300,400 ұпайлық сұрақтар берілген ұпай санын таңдау арқылы сұрақтарды аша аласыздар. Жауап толық болса толық ұпай аласыздар. Жауап болмаған жағдайда е кінші топтың жауап беру мүмкіндігі бар.

Бөлшектер:

100. Бөлшек сызығының үстіне жазылған сан қалай аталады?Бөлшек сызығының астына жазылған сан қалай аталады? (Алым. Бөлім) 
200. Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан қалай аталады?(аралас сан)
300 Қандай бөлшек дұрыс деп аталады? Мысал келтір. (Алымы бөлімінен кіші бөлшек дұрыс деп аталады.Мысалы.1/2 )
400. Бөлшектің негізгі қасиеті қалай айтылады? (Бөлшектің алымын да, бөлімін де бірдей натурал санға көбейткеннен бөлшектің мәні өзгермейді.)


Сандар 
100. Заттарды санау үшін қолданылатын сандар қалай аталады? (натурал сандар)


200.Нөл
мен  және жұп цифрмен аяқталатын сандар қалай аталады? (жұп сандар)


300
. өзіне және 1-ге ғана бөлінетін сандар қалай аталады? (жай сандар) мысал келтір


400.Заңдылықты анықтап, сан қатарының келесі санын анықта:
0, 3, 8, 15, ?     (3;5;7;9 сандары қосылған) жауабы: 24

 

Балалар 
100.Үлкен ағасында 2кәмпит,ал інісінде 12 кәмпит бар.Үлкен ағасы інісінен неше кәмпитті тартып алғанда, әділеттілік орнап,олардың кәмпиттерінің саны теңеледі?(5)
 

200.Үйде 12 кесе  мен 9 тәрелке бар.Балалар кеселердің  жартысын және 7 тәрелкені  сындырды.Неше кесе мен тәрелке  қалды? (6 кесе, 2 тәрелке)

300. Бір бала ас үйде тарақандарды қуып жүріп 5-ін ұстады,содан кейін  3 есе көбін жаралады. 3 тарақанды өте ауыр жаралады және олар жарақаттарынан өліп қалды, ал қалғандары тіріліп кетті,бірақ балаға ренжіп көрші үйге қоныс аударды .көрші үйге неше тарақан кетіп қалды? (17)


400, Әсет пен Азатқа 5 тәтті тоқаштан әперді.Әсет өзінің тоқаштарын 6 минутта жеп қойды да, әр тоқашын 4 минутта жеп жатқан Азатқа қарап қызғаныштан жыдана жаздады.Әсет әлі неше минут қызғаныштан жынданатын болды? (14)

Сайысымыздың келесі кезеңіне өтейік. 2- кезең: Викториналық сұрақтар. Бұл бөлімді дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.

І топқа.

1. Өздерің оқып жатырған математика оқулығының авторы? (Әбілқасымова)

2. Натурал сандарды жазу үшін қолданылатын белгілер (цифрлар)

3. 7 май шам жанып тұр. 4-еуін сөндірсек неше майшам қалады? (4)

4. алманың жартысы неге ұқсайды? (өзінің жартысына)

5. 1/10 бір санына кері сан (10)

6. жарты түзу (сәуле)

7. Тік бұрыштан кіші бұрыш (сүйір бұрыш)

8. 2 мен 3-тің арасына қандай таңба қойса 2ден артық 3-тен кем сан шығады ( үтір 2,3)

ІІ топқа

1.     Тік бұрыштан үлкен бұрыш (доғал бұрыш)

2.     6-ның екі дәрежесі неге тең? (36)

3.     Бір килограмм кәмпит 50 теңге тұрады. 1,5 килограмм кәмпит неше теңге тұрады? (75 теңге)

4.     Шеңбер сызуға арналған құрал (циркуль)

5.     35/6 қандай бөлшек (бұрыс бөлшек)

6.     барлық қабырғалары тең тік төртбұрыш (шаршы)

7.     Мәні анықтауды қажет ететін әріпі бар теңдік (теңдеу)

8.     нанды үшке бөлу үшін неше рет кесу керек (2)

математика – ғылым негізі

математика – білім көзі

математиканы білгеніңіз

ғажайыптың бір өзі – дей отырып сайысымыздың тамаша бір кезеңі «Білім арқаны» деп аталады. Бұл бөлімде топтарға есептер беріледі. Дұрыс жауапқа 10 ұпай аласыздар. Іске сәт!

І топқа

1) Берілген тізімдегі барлық сандардың қосындысын табыңдар:

3,4; 0,87; 2,9

2) Базарға сатуға үйрек пен қазды әкелді. Үйректің салмағы 3,35 кг, ал қаздың салмағы одан 2,475 кг ауыр. Үйрек пен қаздың жалпы салмағы қандай?

3) Амалдарды орындаңдар:

 57,8*10+2,043*10

ІІ топқа

1) Берілген тізімдегі барлық сандардың қосындысын табыңдар:

4,3; 0,87; 5,7

2) Машинаның бөлшегі екі бөліктен тұрады.  Бір бөліктің массасы 1,34 кг, ал екіншісі одан 0,678 кг жеңіл. Барлық бөлшегінің салмағы қандай?

3) Амалдарды орындаңдар:

4,031*10+82,4*10

Ал, балалар тұрмалық

Білімнен дода тарталық

Әлеміне ғылымның

Самғап ұшып баралық- деп сайысымздың «Ойлан балақай» кезеңіне өтелік. Сайыскерлеріміз дайын болса әр топқа логикалық 5 тапсырмадан қойылады толық жауап 10 ұпаймен бағаланады.

І топқа
1. Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді. Бір ат неше шақырым жүрді? (40 шақ)
2. 4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір жұмыртқа неше минут піседі? (4 мин)
3. 1 кг мақта ауыр ма, 1 кг темір ауыр ма? (тең)

     4.Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?

(1 бала дорбасымен алады)

    5. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші  

          басқышты басу керек (8)

 

 

ІІ – топқа

1. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Асқар  бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?                           Жауабы: үш стакан

2 Қояндар бөренені арамен бөліп жатыр. Олар14 жерден кесті. Неше бөлік пайда болды? (15)

3.Үсеннің 4 ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар.Үсеннің  неше баласы бар? (5)

4. Еменде үш бұтақ, ал әр бұтақта үш алмадан бар.Барлығы неше алма? (еменде алма өспейді)
5. Үстелдің
төрт бұрышы бар еді, оның  бір бұрышы кесіп алынды. Үстелде енді неше бұрыш қалды? (5)

 

Сайысымыздың 5-кезеңі «Ой сергіту» кезеңіне де келіп жеттік. Бұл бөлімде сіздерге құрамында сан есімі бар жұмбақтар қойылады, дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

І топқа:

1)  Аяғы біреу қолы жоқ

Шиыр шиыр жолы көп,

Өзі сөйлей білмейді

Салған ізі сөйлейді? (қалам)

2) Жиырма төрт батыр

Бірін бірі жеп жатыр (дойбы)

3) Жаңылмастан жетеуі

Кезек қызмет етеді (апта күндері)

4) Бойы екі қарыс, сыйып тұр жиырма бес арыс (сызғыш)

5) Торы тай табанында төрт ай (таға)

ІІ топқа

1)    Жүз төрт түйме, жүз бір ине (есепшот)

2)    Айқасқан екі таяқ тұрады жоқты сұрап (х)

3)    Өзі төрт қанатты, алты аяқты

Сөйтседе тікұшақтың көшірмесі сияқты (инелік)

4)    Ағайынды он кигені екі тон (10 саусақ, 2 қол)

5)    Елу тісті, екі қолды (ара)

 

Сайысымыздың кезеңдері аяқталды. Математика пәні бойынша алған білімдеріңізді көрсете білдіңіздер. Енді сайысты қорытындылау үшін сөз кезегін әділқазы алқасына береміз.

(марапаттау)

Ел бастау қиын емес қонатын жерден  ел табылады,

Қол бастау қиын емес шабатын жерден жау табылады

Шаршы топта сөз бастау қиын деген ұлылар сөзінде. Бірақ бүгінгі сайыста шаршы топта сөз бастауды қиындық көрмеген топ жарып білімімен, тапқырлығымен жеңіске жеткен «Алғырлар» тобына жеңістеріңіз құтты болсын деймін.  Сайысқа қатысушы оқушыларымызға алда алар асуларыңыз, бағындырар биіктеріңіз көп болсын. Білімнің шыңынан көрініңіздер деген ниетпен  «Білімділер керуені»   атты сайысымызды аяқтаймыз. Назар қойып тыңдағандарыңызға  рахмет!

 

 

 

 








 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сыныптан тыс жұмыс "Білімділер керуені""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог-консультант

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 334 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.11.2016 556
    • DOCX 56.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Құрманалина Ақсырға Боранбайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 37069
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Изучение вероятностно-стохастической линии в школьном курсе математики в условиях перехода к новым образовательным стандартам

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 152 человека из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 820 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Математика")

Учитель математики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 31 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель математики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 97 человек

Мини-курс

Методология проектного менеджмента и стратегического планирования в инвестициях

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическое благополучие и успех в учебе: методы помощи детям на разных этапах развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 208 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 131 человек

Мини-курс

Психологические особенности педагогического общения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек