Инфоурок Начальные классы СтатьиСтатья на тему "Ерекше білімге қажеттілі бар оқушылардың сөйлеу тілін ертегілер арқылы дамыту"

Статья на тему "Ерекше білімге қажеттілі бар оқушылардың сөйлеу тілін ертегілер арқылы дамыту"

Скачать материал

 «Ерекше білім беруге қажеттілігі бар  оқушылардың сөйлеу тілін ертегі арқылы дамыту»

Арнайы түзету мектеп-интернатының

бастауыш сынып мұғалімі Мауенова Н.Т

 

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға қатысты мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі- оларды қоғамдық өмірге дайындау, әлеуметтік бейімдеу, жан-жақты дамуларына көмек көрсету, әлеуметтік  өмір шеңберінде тең құқылы тіршілік ете алуларына  жағдай жасау. Бұл міндетті жүзеге асыруда оқушылардың сөйлеу тілін дамыту маңызды рөл атқарады.

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар  оқушылардың сөйлеу тілін дамыту орасан зор жұмысты қажет етеді. Уақытылы дұрыс, таза сөйлеуді меңгерту- толыққанды тұлға ретінде қалыптастуда маңызды мәнге ие. Тілдік қабілеті жақсы дамыған адам қоғамдық қатынасқа жеңіл енеді, ол өзінің ойларын, көкейдегі сұрақтарын түсінікті етіп жеткізе алады. Ал, керісінше түсініксіз сөйлеу - қоршаған ортамен өзара қатынасты барынша қиындатады және адам мінезіне де өз әсерін қалдырады. Тілдегі мүкістік баланың өзіне деген сенімділігін жоғалтады.

         Мүмкіндігі шектеулі бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілінің бұзылуы - қазіргі таңдағы кең таралған мәселелердің бірі.  Оқушылардың сөйлеу тілінің бұзылуы оның психикалық дамуына, оқуда жетістіктерге жетуіне кері әсерін тигізеді. Сөйлеу тілінің бұзылуы оқушылардың таным қабілеттерімен тығыз байланысты. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылар зейіні тұрақсыз, ойлау қабілеті төмен, есте сақтау қабілеті нашар, тез шаршағыш болып келеді. Бұл санаттағы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы төмен. Сөйлеу тілін дамыту оқушыларды оқу үрдісіне қызықтырумен тығыз байланысты. Сондықтан да оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыруда ертегінің алатын орны зор.

         Ертегі баланы парасаттылық пен тапқырлыққа баулиды. Мұнда балаларға үлгі, өнеге боларлық терең ойлар айтылады. Ертегі оқиғасындағы әр алуан кейіпкерлердің іс-әрекеттері, ол кейіпкерлердің тапқырлық іскерлік, айлакерлік іс-әрекеттері: аңқаулық мінездер балалардың таң-тамаша қалдырып, сүйсіндіреді. Ертегілердің осындай ерекшеліктері балалардың талғамын күшейтіп, сөйлеу мәдениетін, байланыстырып сөйлеуін дамытып, өз ойын жүйелі жеткізе білуге үйретеді. Ертегі тыңдау арқылы бала оған еліктейді, өзі де ертегінің басқа түрін, ойлап шығарады. Түйсік қабілеттері дамиды. Кішкентайынан ертегі тыңдап өскен бала ақылды, зерек, терең ойлы, зейінді болып өседі. Ертегі жаңа өскін балауса буынның сана-сезімін оятып, ақыл-есін дамытып, адамгершілікке тәрбиелейді.  Ертегілерді балалар сүйіп тыңдайды, еліктейді. Ертегі арқылы бала жүрегіне жол табуға болады.

         Өзім ұстаз ретінде осы санаттағы балалар тобымен жұмысымда ертегілерді кеңінен қолданып келе жатырмын.

            Бұл бағыттағы жұмысымды жүйелі түрде жоспарлаудан бастадым. Қазақ тілі, оқу және тіл дамыту сабағының жоспарына балаларды қызықтыратын ертегілерді енгіздім. Ертегі таңдаудағы негізі қағида- бұл ертегідегі ойдың, адамгершілік құндылықтардың, ситуциялық жағдаятаттардың балалардың жас ерекшеліктеріне сай болуы. Іздене келе мына ертегілерді таңдададым: «Қызыл телпек», «Қарға мен түлкі», «Бауырсақ», «Шалқан», «Жыл басына таласқан хайуандар», «Мақта қыз бен мысық», «Жеті лақ». Дидактикалық материалдарды,  сурет,  кітапшаларды  жинастырдым.

Қазақ тілі, оқу және тіл дамыту сабағында оқушыларымның сүйсіне тыңдап, сүйіп көретін ертегілерін қолдану оқушылардың сабаққа қызығушылығын біршама арттырды.   Оқушылар ертегілерді мұқият тыңдап, кейіпкерлерді рөлге бөліп ойнады. Әр оқушы кейіпкерді өздігінен таңдайтын болды. Ертегі кейіпкерінің сезімін бастан өткізу арқылы олардың эмоциялық жағдайын есте сақтай білді. Ал сезім арқылы сақталған ес - ең күшті және өмір бойына сақталады. Ертегілер арқылы оқушыларым жақсы мен жаманды

айыра бастады. Қиялдары шарықтады. Қиялдың дамуы баланың толыққанды тұлға ретінде  қалыптасуында  маңызы  зор. Ертегі балаларды кейіпкерлерге қатысты сезім тудырумен қатар, сөздік қарым қатынасқа жұмылдырды.  Балаларда эмоциялық қарым-қатынасқа деген қажеттілікті тудырды. Ертегі оқушыларға заттарды сөздік атау бойынша табуды үйретті.

Ертегідегі ойды білдіру үшін балаға лексикалық сөздік қор керек болды. Сондықтан да, ауызша тілді дамыту үшін оқушыларымның сөздік қорын молайтуды көздедім. Оқушыларымның сөздік қоры дамығанда көру және есту, образды ойлау, есту қабілеті, зейіні, есі бірге дамыды. Жекелей сөзбен жұмыс барысында оқушылардың сөзді түсінуі, қолдануы кеңейді.  Оқушылардың заттар атауларына, табиғат құбылыстарына, қоршаған ортаға байланысты сөздік қоры молайды. Сөздік қорының молаюы болашақта сөйлем құруға негіз болады.

Оқу іс-әрекеттерінде ертегілерді қолдану арқылы негізгі педагогикалық дәстүр пәнаралық байланысты жүзеге асыруға болады. Ертегіні сабақтың басында қызығушылықтарын ояту мақсатында, ортасында жұмыс түрін түрлендіру үшін, соңында оқылған материалды бекіту үшін қолдану тиімді.

Санау пәнінде де ертегілерді қолдану сабақты жандандырады.

 Мысалы: «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісін  қазақ тілі, оқу және тіл дамыту сабағында оқып, мазмұнымен танысып, негізгі ойды анықтасақ, енді санауда осы ертегінің кейіпкерлерінің пайдаланып денелердің көлемін салыстырдық.  Атап айтсам, түйе мен тышқанды, қой мен сиырды салыстыру арқылы «үлкен», «кіші» немесе «биік», «аласа» деген ұғымдарды бекітуде қолдандым.

«Жеті лақ» ертегісінің сюжеті, суреттері арқылы тура және кері санауға үйреттім. «Көп», «аз»  ұғымдарын  қайталадық.

Ең танымал ертегі кейіпкерлерінің бірі- бауырсақты құтқару үшін тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың осы пәнге деген қызығушылығы артты.

Айналамен танысу пәнінде  хайуанаттар туралы ертегінің таныс кейіпкерлерін  жабайы  және  үй жануарларына топтастырдық. «Не қалай дыбыстайды?» ойынын ойнату арқылы балаларға аңдар мен жануарлардың қалай дыбыстайтындығы бойынша балалардың жақ сүйектерінің дұрыс қалыптасуына, есту тілдерінің дұрыс дамуына әсер етті.  

Бұл жұмыс түрлері бейнелеу, заттық-тәжірибелік әрекет сабақтарында да жалғасты. Бейнелеу сабағында балалар сүйікті кейіпкерлерін бейнелесе, келесі сабақта мүсіндеумен айналысты.

Сонымен қатар, ертегіні сабақтан тыс уақытта да қолдандық. Бірінші ауысымда басталған жұмыс түрі түсстен кейін де жалғасын тауып жатты. Тәрбиеші де бұл бағыттағы жұмыстарды түрлендіріп, балаларды қызықтыра білді.

Сабақтан тыс уақытта ертегі кейіпкерлерін саусақ театры бойынша сомдадық.  Бәріміз білетіндей қол моторикасының сөйлеу тілін дамытуда маңызы зор. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артты және шығармашылық әрекетіне жол ашылды. Саусақтарының қозғалыс-қимылына қарап, бала қуанды, шаттанды, сөзді айтуға тырысты және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар, балалар екі қолын қимылдата отырып, оң-сол,  жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренді.

Саусақ театры арқылы сыныбымызбен ертегі құрастыруды үйрендік. Әр оқушы бір сөз, бір сөйлем болса да айтуға тырысты. Ал мен өз кезегімде оқушыларымның ойын жинақтап, ертегіні құрастыруға көмектестім.

Оқушыларым үйренген сөздерін, ертегілерін үйлеріне айтып баратын болды. Сонын арқасында ата-аналар бұл жұмыс түрлеріне қызығушылық таныта бастады. Осы оқу жылында сыныбымыздың ата-аналарымен бірігіп, «Қоқыстың екінші өмірі» атты ғыллыми жоба жасадық. Бұл жоба аясында ата-аналар балалармен біріге отырып, керексіз қоқыстарды жинады. Ал біз осы заттардан сыныпта жаңа бұйымдар  жасадық. Солардың бірі-йогурттың бос ыдыстарын, ермексаз, қағаздарды қолданып жасалған «Шалқан» ертегісінің кейіпкерлері  болды. Оқушыларым өздері жасаған кейіпкерлермен ертегіні сомдады. Осындай жұмыстар мектеп пен ата-ананың арасында тығыз байланыс орннатуға септігін тигізді.

Біз бұл жұмысқа өзіміз ғана қатысып қоймай, өзге сыныптарды да  жұмылдырдық. Бастауыш сыныптар арасында өткен апталықта 2 «А», 2 «Г» сыныптарын  жұмылдыру арқылы «Жеті лақ» ертегісін сахналадық.  Бұл жұмыс сыныптар арасындағы достықты нығайтты.

Жасалған жұмыстарды қорытындылай келе, ата-бабамыздан мұра болып қалған ертегілеріміздің ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларымызға берері мол деп айтқым келеді. Ертегілер балаларды қызықты желісімен сусындатып қана қоймай, баланың жан-жақты дамуына, әсіресе, сөйлеу тілінің дамуына көп септігін тигізеді.

Ертегіні қолданудың тиімділігін оқушыларымның бойындағы өзгерістерге негіздеп айтқым келеді.  Оқу жылының аяғында оқушыларым сөйлеу тілінде жекелей сөздерді, сөйлемдерді қолдана бастады. Айтқан сөздері анық, өз ойларын жеткізе алатын болды. Оқушыларымның бойында өзіне деген сенімділік пайда бола бастады. Сыныптастарының есімдерін айтып үйренді.. Сөздік қорлары молайды. Сөздерді анық айтатын болды.

 Жұмысымды қорытындылай келе педагогикалық тәжірибемде қолдануды жалғастырамын деп шештім.

«Ұстаз»деген ұлағаттың шайыры,

Қадірінің тиетұғын қайыры.

«Ұстаз» деген шуағы мол шапағат,

Шаршамайтын,  шалдықпайтын тәйірі- деп жүрегі мейірім-шапағатқа, жан жылулығына толы барша ұстаздар қауымын аянбай еңбек етіп, «Әр бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет» деген қағиданы естен шығармауға шақырамын!

 

 

 

          

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қалиев С. Халық ертегілері. ─ // Тәрбие құралы. ─ 2005. ─ №11. 3-76.

2. Сайлыбаева Ж. Ауыз әдебиеті үлгі арқылы баланың тіл байлығын дамыту. ─ 2004. ─ №5. ─ 25-26 бет.

3. Мендаяхова Қ. Байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін оқытудың ғылыми - әдістемелік негіздері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалім туралы мәлімет:

Аты-жөні:

 Мауенова Назым Тұяққызы

Туған жылы:

 06.01.1988

Білімі: жоғары

Бітірген оқу орны: Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты

Мамандығы: Бастауыш сынып мұғалімі

Жұмыс орны: Астана қаласы,

Арнайы түзету мектеп-интернаты

Бастауыш сынып мұғалімі                                              Біліктілік санаты: ІІ

                                              Еңбек өтілі: 7 жыл


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Статья на тему "Ерекше білімге қажеттілі бар оқушылардың сөйлеу тілін ертегілер арқылы дамыту""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Нутрициолог

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 164 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.10.2016 1596
    • DOCX 89.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мауенова Назым Туяковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мауенова Назым Туяковна
    Мауенова Назым Туяковна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7827
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности введения и реализации обновленного ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1104 человека из 80 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 295 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по русскому языку у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 484 человека

Курс повышения квалификации

Финансовая грамотность для обучающихся начальной школы в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 559 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 489 человек

Мини-курс

Эффективная работа с Wildberries: от создания личного кабинета до выбора продукта

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 19 регионов

Мини-курс

Основы политической науки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление проектами и стоимостная оценка в современном бизнесе

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе