№202 орта мектеп
Ашық сабақ
Пәні: Қазақ тілі
Тақырыбы: «Сөз»
Мұғалім: Бегимова Света
Класы: 2 «Б»
Қазақ тілі-2 Тақырыбы:
«Сөз»
Бегимова Света Серікбайқызы.
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, №202 орта мектеп.
Тақырыбы: «Сөз»
Мақсаты: 1. Сөйлемнің сөздерден, сөздің дыбыстардан
құралатынын, дыбыс әріппен таңбаланатынын оқушылардың есіне түсіру. Сөздің
белгілі бір заттың, құбылыстың, сын-сапаның атауы екенін үғындыру. Сөздің өзіне
тән мағынасы болатынын байқату.
2. Оқушылардың ақыл-ойын байқағыштық қабілеттерін,
сөздік қорын, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.
3. Топпен жұмыс істеуге мүмкіндік туғыза отырып
оқушылардың өз-өзіне деген сенімін ояту, әдептілікке ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ойын сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс.
Сабақтың
корнекілігі: Слайд,
кесте, өзіндік бағалау парағы.
Сабақтың
барысы:
1.
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Класты топқа бөлу.
1-
Алғырлар тобы
2-
Тапқырлар тобы
3-
Білгірлер тобы
2.
Үй тапсырмасын сұрау.
Ойын «Сиқырлы шаршы»
Сөйлем деген не?
- Хабарлы сөйлем деген не?
- Сөйлем түрлерін ата?
- Сұраулы сөйлем деген не?
- Мәтін түрлерін ата?
- Лепті сөйлем деген не?
3. Жаңа сабақ
1. Ой қозғау. 280-жаттығу
Әр бағанда не жазылғаның оқып, бір-бірінен озгешілігін табу.
3.
Ереже
Сөз – заттың, сапаның қимылдың санның атауы. Мысалы: ай, үй, ақын,
тұнық, әдемі, жиырма, түсін.
281-жаттығу. Көп
нүктенің орнына тиісті әріпті қойып бірнеше сөз жаз.
4.
Сергіту сәті. (ойын
турлері)
1-топ «Шапалықты тыңда»
2-топ «Кімнің атасы бар?»
3-топ «Адамға адам»
6. 282-жаттығу. Сөздерді білдіретін мағынасына қарай топтап жаз.
7.283-жаттығу жұмбақты оқып, шешуін тап.
Адассаң ал қолыңа
Бағыт сілтер жолыңа (тұсбағар)
-
«Тұсбағар» сөзіне үш түрлі
дыбыстық талдау жасау.
1-топ Тұсбағар-7 әріп, 7 дыбыс, 3 буын, 3 д-ты ұ,а,а,
5-д-з,т,с,б,ғ,р.
2- топ Тұсбағар о 7, -
т,с,б,ғ,р р -ұ,а,а
3- топ Т- д-з, қатаң.
Ұ-д-ты, жуан
С- д-з, қатаң
Б- д-з, ұяң
А-д-ты, жуан
Ғ- д-з, ұяң
А- д-ты, жуан
Р- д-з, үнді
8. Қорытынды бөлім.
Ойын «Қас қағым сәт»
( есте сақтауға слайдта 7 сурет беріледі) балалар
қандай сурет көргендерін салу керек.
1.
Суретті есте сақтау
2.
Дәптерге салу
9. Үйге тапсырма.
284-жаттығу
10. Сабақты бекіту.
Өзіндік бағалау парақтарын тарату, бағалау.
Қазақ тілі-2 Тақырыбы: Сөз
таптары
Бегимова Света Серікбайқызы.
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, №202 орта мектеп.
Мақсаты: Cын есім,сан есім,зат есім,етістік –
сөз таптары екенін дәлелдей отырып түсіндіру
Міндеттері:
А) білімділігі:Сөз таптарын ажырата білуге,оларды сауатты әрі көркем
жазуға үйрету;
Ә) дамытушылығы:Ойлау,есте сақтау қабілеттерін,тілін,сөздік қорын
байыту,дамыту.
Б) тәрбиелігі:Оқушыларды адамгершілікке,тапқырлыққа,шапшаң ойлауға,өз ойын
қорыта айта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы
Әдіс-тәсілдері:репродуктивті,эвристикалық
/сұрақ қою,табу,іздену/,топтық жұмыс
Пәнаралық
байланыс :ана
тілі,дүниетану,музыка,өзін-өзі тану
Көрнекіліктер: интерактивті тақта,слайдтар,ойын
тапсырмалар,электрондық оқулық
Сабақтың толық нұсқасын көрнекілектерімен бірге көшіріп алыңыз.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Психологиялық дайындық..
– Қонақтармен сәлемдесу
2. Е.Ашықбаевтың «Кітаптың жыры» өлеңі /музыка ойнап тұрады/ /слайд1/
Деме:
«Оңай үйренем».
Ақыл айтсам –
Егеспе.
Оқу деген – «Инемен құдық қазу» емес пе?
Менің әрбір жолымда-
Өмірдегі үлесің
Мен отырсам қолыңда,
Білмегенді білесің.
Көп пайдадан құр қалма,
Жалқауланып отырып
Қолдан келіп тұрғанда
«Кел,балалар,оқылық!»
3.Ұранымыз:
Оқы,үйрен,талаптан
Күліп,ойлан,шаттан.
Осы ұранымызды ұрандатып бүгінгі сабақта өз білімімізді одан әрі
тереңдете түсеміз.Ол үшін көптеген қызықты тапсырмалар орындаймыз.Ол үшін бізге
көтеріңкі көңіл-күй керек.
4. Көңіл-күйін анықтап оны басқару
Өздеріңнің көңіл-күйлеріңді білдіретін түсті жүрекшелеріңді
көтеріңдер. Сабақта әр дұрыс жауапқа менің жүрек жылуымды /кішкене жүрекшелер/
аласыңдар, соңыңда жылу саны бойынша тиісті бағаларыңды алып, көңіл-күйлерің
одан әрі көтеріледі деген
үміттемін.
/Слайд
2/
ІІ. Үй
тапсырмасын тексеру /слайд4/
– 3- жаттығу; 142-бет
Мақсатымыз: Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып, сөйлемдерді көшіріп
жазу.
ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру
1.
Бейне
сұрақ /3 сұрақ «Сөйлем» тақырыбына байланысты/
2.
«Сөз және
оның құрамы» тақырыбын қайталауға арналған тест тапсырмалары.
3.
Қорытындылап,
жалпы сабаққа мақсат қою.
V. Көркем жазу.
1. Экранда не көріп тұрмыз? Бұл қандай бұлттар? /әріпті бұлттар/
Қазақ тілінде неше әріп бар?Көк аспанда қандай қалықтап ұшып жүр? /көгершін/
Ендеше көгершін туралы электродық оқулықтағы тапсырмаларға назар аударайық .
– «Ка» әрпін, «К» дыбысын
көркем етіп жазайық../электр.оқулық/
2. Балалар аспанда әріпті бұлттар үйірілгенде табиғатта қандай
құбылыстар болады?
– Жауынның қандай түрлерін білесіңдер?
Слайдтағы бұлтты әріптерімізден не жауып тұр? /буынды жаңбыр/
– Жаңбыр жауғанда жер
бетінде,табиғатта қандай өзгерістер болады?
– Ендеше табиғатта
гүлдер,ағаштар жайқалып өссе, қазақ тілінде буыннан не құрлады? /сөз/
– Олай болса осы сөздерді
көркем етіп жазамыз. /көбелек,кірпі, күн,көгершін,кілт,күрек/
V. Жаңа білімді меңгерту.
1. Тірек сызбамен жұмыс
Сөз деген не?
Сөз- заттың атауы- зат есім- Сөз табы
Сөз- сапаның атуы-сан есім- Сөз табы
Сөз-қимыл атауы – етістік- Сөз табы
Сөз- санның атауы-сан есім-Сөз табы
/түсіндіре отырып жаңам сабақты ашу,түсіндіру,оқушылардан түсігенін айтқызу/
2. Меңгергенін тексеру
А)
Тілдік-грамматикалық 3-жаттығу: Сөздерді оқып,оларға
сұрақ қойып,мағыналарына қарай кестеге орналастыр.
Зат есім
|
Етістік
|
Сын есім
|
Сан есім
|
Жұлдыз
Тау
Ата
Ақын
Адам
құс
|
Оқыды
Жуынды
жүзді
|
Көк
Үлкен
Биік
жасыл
|
Екі
Жеті
отыз
|
ә) Танымдық
4-жаттығу:Сөздерді
оқып,қайсысы заттың атын,қайсысы заттың қимылын білдіретінін анықта.
Қайық,бала,бақа,доп,құс,ұшақ,ағаш,балақай.
Жүзеді,секіреді,ұшады,өседі,жүреді.
1. Сергіту сәті
Б)
5-жаттығу: Жаңылтпашты оқып,жатқа айт./ауызша/
Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім.
Неше кіші ішік піштім?
В)
Тілдік-грамматикалық 7-жаттығу: Сөздер мен сөз таптарын сәйкестендір.
Зат есім
әдепті,қызық,қоңыр,қышқыл
Етістік
жеті,тоғыз,жиырма,елу,мың.
Сын есім аққу,емен,оқулық,уа
Сан еім
биледі,өсті,тазалады,ұшты
Г/ Қосымша
тапсырма:
1. VII. Бекіту кезеңі.
А) «Сөзден
сөйлем» ойыны
1-ші сұрақ: Заттың аты
2-ші сұрақ: Заттың түрі, түсі.
3-ші сұрақ: Заттың қимылы
ә) Қорытынды
сұрақ-жауап.
– Бүгінгі сабақта не білдік? Сөз деген не?
VIII. Үйге тапсырма беру
6-жаттығу; 145-бет
Тапсырмасы: Мәтінді оқып, мәтіннен борсық туралы не білгеніңді
айтып бер.
Борсық- Қазақстанда кең тараған жануар. Дене тұрқы 75 сантиметрден асады.
Орманды, таулы, далалы, сулы жерлерде кездеседі.
Мәтіннің бастапқы бөлігін көшіріп жазып, сөз таптарына талда.
ІХ. Оқушыларды бағалау.
– Жүрек жылуларын санап
қорытынды шығару:
«5» – 5-6жылу
«4» – 3-4 жылу
«3» – 1-2 жылу
Ризасыңдар ма?
Ендеше «Ризамын» өлеңін айту
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.