Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыТақырыбы: Әліппе әлемі – әріптермен әдемі!

Тақырыбы: Әліппе әлемі – әріптермен әдемі!

Скачать материал

hello_html_m46e3ad7.gifТақырыбы:   Әліппе әлемі – әріптермен әдемі!


Мақсаты:     Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.Әр оқушының іс-әрекеттері  арқылы қабілеттерін көрсету, шығармашылығын дамыту.Жаңа оқулықпен таныстыру, қызығушылығын арттыру,
    Оқушылардың ата-ана, Отан, ел алдындағы борышын сезінуге, елін сүюге тәрбиелеу
Көрнекілік: Әліппе, Ана тілі, Математика макеттері, нақыл сөздер, шарлар, әріптер таңбалары мен цифрлар т.б., слайд

Мұғалім: - Құрметті ұстаздар, ата – аналар бүгін сіздер 1 «а» сынып оқушыларының«Әліппе әлемі – әріптермен әдемі» атты ертеңгілігіне қош келіпсіздер!
«Әліппе» - әлемдегі бар ғылымның тұнық бастауы.
- Дүниенің тылсым құпиясын білуге деген бала құштарлығын оятуға ең алдымен «Әліппені» қалай меңгергені әсер етеді.
Ақын Мұзафар Әлімбаев «Әліппе» туралы былай жырлаған екен:
Жеміске құты тола ма?
Бір – бірлеп теріп алмасаң?
Әп – сәтте шыға қоя ма,
Еккен дәнің ойласаң?
Білім де сондай, қарағым,
Біртіндеп сіңер ойыңа,
Ұғып ал: білім боларың
Шам – шырағың жолында.
Көлге айналған бұлақтың
Қайнар көзін көріп пе ең?
Том – том қалың кітаптың
Басы болар «Әліппең»
Әліппе - білімнің, ғылымның алғашқы жолы осындай қиында, қызықты жолды бастаған менің кішкентай
шәкірттерімнің Әліппеден не біліп, не үйренгенін тамашалаңыздар!


Әже -1 (шашу шашқанда айту)

Шашу, шашу шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке ,бұл тойдың

Бастаңғысын жасайық.

Әже-2: (шашу шашқанда айту)

Өсті міне бойларың, 
Өсті міне ойларың. 
Қуанышқа жиналған 
Құтты болсын тойларың. 

Ертегілер музыкасы ойнап тұрады.  Сахнаға хан мен оның кішкене қызы ханша шығады. 
Уа, халайық! Армысың,
Ағайын туған, бармысың
Жарлығымды тыңдаңдар, 
Босқа қарап қалмаңдар
Мен сендерге сенемін
Қызымды мектепке апарғанға
Ат басындай алтын беремін
Қызы: Жоқ, әке
Бұл не дегенің?
Оқымай-ақ мен бәрін білемін
Сабақ, оқу, әріп, жазу
Дәптер, кітап – ол не керек?
Ол не беред?
Мен сұлумын, ханшамын
Тәтті қыздың бірімін
Оқуыңа өзің бар,
 Керек емес білімің


Тазша бала: Уа, тақсыр, армысыз, 
Ханшайымда бармысыз,
Мұнда не болып жатыр?

Хан: Мына менің қызым оқымаймын дейді. Кімде-кім менің қызымды оқуға баруға көндірсе соған ат басындай алтын беремін деп жар салып тұрмын

Тазша бала:Менде бір ой бар М. Әуезов орта мектебінде 1 «А» сыныптың оқушылары, Әліппемен қоштасу тойын тойлап жатыр, соны көріп ханшаның пікірі өзгерер, қонаққа барып көрелік.


Хан: Ойбай, қызыма көмегі тисе, жүр, түс алға! (жүр қызым)
Ханша: барсақ, барайық, көрсек, көрейік!  (келіп отырады)

Хан: Армысыңдар балалар!

Балалар: Сәлеметсізбе?

Хан: Сендердің тойларыңды тамашалауға болама?

Балалар: Әрине төрімізге жайғасыңыз

 
Барлығы хормен:

1. -Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз,

Қонақтарды құрметтеп ,

Сәлем бердік Біз! (барлығы қолдарын кеудеге қойып ізетпен бас иіп көпшілікпен амандасады)



Бейбарыс 1

Армысыздар, мұғалімдер , әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар,
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп,әнде бүгін шырқалар.


Шұғыла 1
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар, 
Әліппемен қоштасу тойымызға.


Бейбарыс: 2

Білім деген ғажаптың,

Әліппесін меңгерген.

Болашағы қазақтың,

Басталады біздерден.

Шұғыла: 2

Бейбарыс Құр мақтан сөзбен ешкімді сендіре алмаймыз. Одан да мына қонақтарға өз өнерімізді көрсетуге асығайық.

1 оқушы: Айша

Туған жерін ата-анаң

Отаным деп атаған.

Отан-досың, туысың,

Отан-алтын босағаң.

Отан-туған өз елің,

Айдын көлің, өзенің.

Мен, сен және ол екен,

Қазақстан елі екен!

Елу елмен бірге енсін!

Әлем білер атағын,

Айтсам елім атауын,

Тіккен дербес отауын

Қазақстан Республикасы –

Тәуелсіз менің Отаным!



2 оқушы: Бауыржан

Т                             Жарақты жаумен жұлқысқан 
                                Қылышты жаумен қырқысқан
                                Ең ежелгі астана
                                Қасиетті Түркістан!



3- оқушы: Азамат

А            Астанам, ұлы, Астанам
                                 Ұлылыққа бастаған!
                                 Мақтан тұтар өзіңді,
                                 Кіп-кішкентай жас балаң


А - ны айтқанда дауысымыз дірілдеді
Ұстазым көз алдымда күлімдеді
Күн сайын әріптердің атын біліп,
Сөз оқимын, айырып буынды енді.


4-Оқушы: Әсемай Н

Ас біткеннің анасы

Қасиетті нан осы.

Қайсы әріптен басталған

Соңғы әрпінеде қарашы.

Н әріпі кешегі

Өзіміз оқып таныған

Қасиетті нан сөзі

Осы әріптен басталған

Бейбарыс: 3

Осы әріптердің барлығын қосқанда қандай сөз шығады екен?
Балалар: «ОТАН»



Шұғыла: 3
Отан сөзін естігенде көз алдарыңа не елестейді?
Оқушылардың жауаптары тыңдалады?

Шұғыла 4
Ендеше, сендер  осындай кең байтақ Қазақ деген ұлы мемлекеттің бақытты балдырғандарысыңдар. Олай болса тәуелсіз еліміздің 24-жылдығымен құттықтап «Нұротан» әнін шырқайық.

Шұғыла: 5
Бүгін біздің қуанышымызда шек жоқ, өйткені біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан әліппені бітірдік қой, солай емес пе?

Бейбарыс: 4
Рас, әліппемен қоштасу тек біздің мектебімізде ғана емес барлық мектептер қоштасып жатыр екен.

Шұғыла 6
Иә, енді біз алыстағы туыстарымызға өзіміз хат жаза аламыз.
Біз енді кез -келген сөздерді, сөйлемдерді тіпті қысқа әңгімелерді де оқиаламыз. Солай емеспа? Бейбарыс

Бейбарыс: 5
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Оқушылар:
:  Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті Әліппе!

Шұғыла: 7

Балалар, олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық!
Оқушылар: Әліппе, Әліппе, Әліппе!
( Әліппе келеді)

Әліппе:
Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата – ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің.
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың
Жақсы білім – көрімдік
Болсын сізге халайық!
Не үйреніп, не білдік
Қане, ортаға салайық!

Бейбарыс: 6

Ал балалар, біз осы уақытқа дейінгі алған білімімізді көрсетіп, ән – күймен, өлеңдермен өрнектеп, өнерімізді ортаға салайық.

Шұғыла:8

  Қымбатты  Әліппе, сіз бүгінгі кешіміздің ең қадірлі қонағысыз. Сондықтан құрмет тағына жайғасыңыз. Ал, Балалар әліппеге өз өнерлеріңді көрсетіңдер

1- оқушы:  Инаят
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріп те
Оқимыз қазір ертек те
Үйреткен оны Әліппе

 2-оқушы:  Нұрдәулет
Ата – апа атын сен,
Бізге үйреттің Әліппе
Бізге нағыз жақынсың
Сенен білдік әріпті.



3- оқушы:  Ерасыл
Арта берді кітапқа
Бойымдағы құмарым,
Бірге жүрген қасымда,
Әліппе болды сыңарым

4- оқушы   Жанель
Әсем ою өрнекпен
Көмкерілген Әліппем
Сен болмасаң білімге,
Бастайтын жолды біліп пе ем.

5- оқушы:   Аяна
Енді жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке.
Риза болып саған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе.


6- оқушы:   Аделя
Әліппе сауатыңмен санамды аштың,
Достарыммен теңдес араластым
Үйреніп, әріптер мен әңгімені
Күн сайын алға қарай қадам бастым.

7- оқушы   Дулат
Әліппе жарты жылдай жолдас болдым,
Ана тілге әкеліп жалғастырдың
Әр әріпті қостырып сөзін құрап,
Хат танытып, алғаш сен көзімді аштың

Лола   «Қ»:                            Қарағанды көмірі
                                                          Қостанайдың егіні.
                                                          Даласындай жомарт қой
                                                          Қазағымның көңілі.


Бағдаулет                       «С»:          Жағасында Ертістің
                                                           Семей деген қалам бар
                                                           Туған мұнда атақты
                                                           Абай, Мұхтар, бабалар

Еркебұлан З-әрпі.

Қаздан көре аласың

Қағаздан да табасың

Байқамасаң анықтап

Үш екен деп қаласың.

8- Перизат
Ең алғаш қолға алғанда Әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін сырлы жұмбақ бұл кітаптың
Ұстазым маған кілтін алып берді.


9-оқушы Дәулет

Әліппем, менің Әліппем, 
Сені қолға алып мен, 
Есігін аштым білімнің, 
Ертеңгі сәуле жарықпен.

«Әліппе» деген – алтын жол,
Апарар сені алысқа
Жеңіл емес, ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.


10- оқушы: Бағлан 
Ыстық әрбір беттерің, 
Жазуыңды ұғамын. 
Ақыл бердің Әліппе, 
Ақылды сен, мұғалім!

 «Әліппем», менің «Әліппем»,
Сені қолға алып мен,
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен

"Әліппе " әні 

Бейбарыс: 7

Шұғыла сен қалай ойлайсың? Біз тек қана әліппемен шектелген жоқпыз ғой математиканы да меңгердік емеспе?

Шұғыла: 9

Бұл ойың орынды Бейбарыс    біз математикадан санауды, есептеуді, сандарды жаза білуді үйрендік. –    Ендеше, сандарды сөйлетейік


1 дегенім – білім, Лола
Білім – жарық күнің.


2 дегенім – еңбек, Бағдаулет
Еңбек бәрін жеңбек.
3 дегенім – үміт, Бекзат
Үмітсіз жоқ жігіт.
4 дегенім – талап, Меруерт
Талмайтұғын қанат.
           5 дегенім – бірлік, Диас
           Бірліксіз жоқ тірлік
           6 дегенім – арман, Еркебулан
           Атар таңың алдан.
            7 дегенің – жігер, Нұрбек
          Жеңер жолын білер.

           8 дегенің – сенім, Бағлан
           Сүйенішің сенің

            9 дегенің – талғам, Перизат
            Тура жолға салған

           10 дегенің – Отан Бауыржан
            Отанды сүй ботам.
Бейбарыс: 8

Балалар, біз сандарды сөйлеттік. Енді қазір мен сендерге математикадан білімдеріңді тексеремін. Ойланып барып шешіңдер!
1.    5 алманың үшеуін
Досың сұрап алады
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады?

Шұғыла: 10
2.    Сымда 7 үйрек отыр еді, 4 еуін үркітіп жіберсек, нешеуі қалады?,




Бекзат: Әріптерді үйретіп, 
Жақын болған кім бізге,
Жамандықтан жирентіп,
Ақыл болған кім бізге!


Нұрбек: -Әліппе оқуға, 
 Үйреткен әр күні 
 -Үйретіп санауды, 
 Көп еңбек сіңірген 
 Мұғалім апай ғой! 

Медеу:Әліппе даңғыл жол ашты, 
 Жаңадан пәндер жалғасты. 
 Әліппе сырын ұқтырған 
 Барлығы хормен: 
 -Рахмет, ұстаз алғашқы!
 

Бейбарыс: 9

Балалар, енді әліппемен қоштасатын да кез келді. Әліппе бізге қаншама нәрсе үйреткен екен. Біз Әліппенің арқасында оқып, жазуды үйрендік ендеше не дейміз?
Хормен: Әліппеге мың алғыс!
Әліппе:
Сендерге де рахмет, балалар!
Оқуда зейінді болыңдар
Еңбекте бейімді болыңдар!
Ақ жол болсын, қарақтарым
Айдай болсын қабақтарың
Күнделіктерің беске толсын
Қош бол менің балаларым!

Әліппе:Ал балалар, сендер кішкентай болсаңдар да мен үшін кіші емессіңдер. Қазақта айтады «Басы қатты болса, аяғы тәтті болады» деп.Енді осы білімдеріңді ары қарай жалғастырыңдар. Білім іздеу жолында ешқашан шаршамаңдар. «Білекті бірді,білімді мыңды жығар» деген. Мен сендерге сенемін. Қош сау болыңдар!

(Әліппе кетеді).




Балалар Хормен:

Қош сүйікті Әліппе!
Бізде саған ақ жол тілейміз!

Шұғыла:11

–    Балалар, олай болса, сүйікті Әліппемізді ренжітпей, рахметімізді айтып, өзімізден кейінгі кішкентай бауырларымыз бен қарындастарымызға табыс ету – біздің міндетіміз.

9- оқушы: Малика
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата – ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп, шықты міне балаңыз.
10 – оқушы  : Нұрбол
Қош болып тұр, әліппе, анамдайсың,
Жақсы бол деп, біздерге алаңдайсың
Мен үйреткен әріптің құдіретімен,
Дейсің бізге кірпіш болып қаланғайсың

Малика мен Нұрбол
6-ға сен де келесің
Артымыздан біздің ересің
Қуыршақ пен машинаңды тастай сал
Артыңнан ерген ініңе
Сый қылып мұны бересің


Даярлық сынып оқушысы:
6-ға мен де толамын,
Таудай биік талабым.
Ойыншықты қоямын

Көп ұйықтауды жоямын
Әліппемен дос болып

Жақсы оқушы боламын.

Мадина:
Мектеп-қамқор анамыз
Оқу-білім аламыз
Өнерпаз боп өсетін
Біріншіге барамыз

Бейбарыс: 10
–    Балалар, сендердің жаңа достарың Ана тілі оқулығы болады. Сондықтан әліппені қалай меңгерсеңдер, ана тілін солай оқитын болыңдар. Ал енді ортаға ана тілін ортаға шақырайық.

Балалар: Ана тілі-3 рет
( Ана тілі келеді)
Ана тілі:
Туған елдің тілімін,
Ақылыммен танылдым.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі пәнімін.
–    Ана тілі – ұраным
Ана тілі – құралым.
Ана тілім болмаса
Мықты болмас тұрағым.
Хормен:
Әліппемен қоштастық,
Ана тілмен достастық
–    Ана тілі: Балалар, ең алғаш әліппені кім жазды?
Оқушылар: Ахмет Байтұрсынұлы
Ана тілі: Ең алғаш мектеп ашқан ұстаз кім?
Оқушылар: Ең алғашқы ұстаз Ы. Алтынсарин


Ана тілі: Ал,енді балалар Әліппені ерінбей, жалықпай жандарыңда отырып үйреткен ата-аналарыңның еңбектерін ақтаңдар Дымбілмес болмай, Білгішбек болыңдар! 
Көрініс: (сахнаға кір-қожалақ Дымбілмес жүгіріп шығады) 
Ана тілі: Дымбілмес! Бері кел
Дымбілмес:Мыналар неге жиналған, әй! Менің Дымбілмес деп атымды атаған қайсысың? 
Ана тілі:-Сәлеметсіз бе, Дымбілмес! Бүгін «Әліппемен қоштасу» мерекесі. Сен туралы айтқан мен. 
Дымбілмес:-Әліппемен қош-та-су! Қоштасыңдар, қоштасыңдар! Қой, мен кетейін! Маған түкте қызық емес Чао! (кетіп бара жатып, бір баланың басындағы әріпті көріп қалады да, жұлып алмақшы болады.) 
Бала: Тиіспе, менің басымдағыға! Мұнда әріп жазылған. 
Дымбілмес:Әріп дейді ғой. Қайдағы әріп, мынау доңғалақтың суреті ғой. Ал бала, мәссаған рогатканың суретін салып алыпты . Бұлардың бәрін мен «Әліппені» оқымай-ақ білемін. 
Ана тілі:Ол не дегенің, Дымбілмес! Бұлар О,Ү әріптері ғой. Дегенмен , балалар, Дымбілместің сөзінің жаны бар. Әрбір әріп бір нәрсеге ұқсас. Қане, ендеше әріптерге байланысты жұмбақтарын шешіп көрейікші. 
1. Қос бүйірін тіреніп, Тұрады ылғи шіреніп. ( Ф ) 
2. Үш шырпыдан бір есік, Құрастырып көр шешіп. ( П ) 
3. Сақинаға қарайық, Ұқсайды оған қай әріп? ( С ) (жұмбақ айтылады, Дымбілмес 1-2 рет ұмтылып, балалармен бірге жауап бергісі келеді 
Ана тілі:-Міне, Дымбілмес, көрдің бе? Балалар әріпті қалай жақсы біледі? 
Дымбілмес:-Ой, менен басқа білмейтіндер де бар шығар–ау іштеріңде! 
Ана тілі:-Жоқ, Дымбілмес, барлық бала жақсы оқиды. 
Дымбілмес:-Онда мен кітап оқығым келеді. Мен де мына балалар сияқты әріп танығым келеді. Енді қайтсем екен......... 
Ана тілі:-Өте дұрыс. Тек алдымен үсті-басыңды жөнге сал! «Әліппені» таза, әдепті бала ғана ұстайды. 
Дымбілмес:- Жарайды онда!(жүгіріп шығып кетеді) Сау болып тұрыңдар! 
Шұғыла: -Ажырамай мектептен бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз береміз құрметпен өзіңізге,

Балаларға арналған тілегіңіз,-дей келе сөз кезегін мектеп директоры  Нағима Досболқызына береміз!

-Әліппені меңгертуге, жазуға, санауға үйреткен ата-аналарымыздың үлесі бар. Ата-анамызға ризашылығымызды білдіреміз: 
 Мұғалім: 
 -Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң-қуанып, ренжісең-жұбататын асыл адам – Ана! 
 -Ана- біз үшін ең ардақты адам. Ананы сыйлау-біздің парызымыз. 

Сөз кезегін ата – анамызға беріп апаларымыздан бата алайық





22











































































































































































































Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы: Әліппе әлемі – әріптермен әдемі!"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор детского оздоровительного лагеря

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 236 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.02.2016 879
    • DOCX 40.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Утегенова Фарида Курышбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Утегенова Фарида Курышбековна
    Утегенова Фарида Курышбековна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2883
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 136 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 117 человек

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык и литературное чтение: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель начальных классов русского языка и литературного чтения

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 148 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Мини-курс

Психология аддиктивного поведения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Общественные движения и организации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология детей и подростков с дромоманией

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек