Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыТапқыр математик интеллектуалдық сайыс

Тапқыр математик интеллектуалдық сайыс

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: «Тапқыр математик » интеллектуалдық сайысы.

Мақсаты:

1. Оқушылардың бойындағы шығармашылық қабілетін дамыту.

2. Математика пәніне қызығушылығын ояту.

3. Есептеу дағдыларын жетілдіру, жауапкершілік сезімін қалыптастыру.

Түрі: Жарыс сабақ

Әдістері : сұрақ – жауап, сұхбаттасу, түсіндіру,көрнекілік, демонстрация

Сабақтың өткізілу формасы: Топпен жұмыс

Көрнекілігі : презентация, математиктердің портреттері, нақыл сөздер, деңгейлік тапсырмалар

Сайыс сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық.

Қош келдіңіздер, құрметті  ұстаздар мен  оқушылар!

Халайық – ау , халайық,

Барлықтарыңа  жар салайық!

Бүгін сайыстың  төріне,

Математика елінде,

Есеп  шығарып жарысып,

Жұмбақ айтып таласып,

Шабытымыз шалқысып ,

Кең пейілді жігермен,

Келді міне көрермен.

Сәлеметсіздер ме ұстаздар!

Математика ғылымға қызығушылар.

Естігенін есте сақтап

Оқығанын миға тоқушылар.

Бүгінгі «Тапқыр математик» сайысымызға қош келдіңіздер!

Шын жүйрік шабысынан танылады

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпеннен қол соғылады.

Әділқазылар алқасы сайланады.

Ешкімнен сен қалыспа

Білімі кімнің көп болса,

Сол озады сайыста дегендей сайысқа қатысушылар:

І топ: «Алғырлар»

ІІ топ: «Тапқырлар» топтарын ортаға шақырамыз.

 Орыс ғалымы М. Ломоносов айтқандай « Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін – математика, сондықтан да оны оқу керек,» - деген. Олай болса, бүгін сендер тапқыр математиктер   әлемімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер.

Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер тапқырлық пен белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, дұрыс жауап берулерің керек.

Сайыс 5 кезеңнен тұрады.

1.     «Кім жылдам»

2.     «Ойлан , тап»

3.     «Сандар сиқыры»

4.     «Кім тапқыр»

5.     «Мерген»

І кезең « Кім жылдам»

Қадірін білсең егер сен,

Қол ұшын берер ол саған

Есептеп жүрсең бәрін де,

Сүрінбейсің өмірде – дегендей сайысымызды «Кім жылдам» деген кезеңінен бастайық.

Әр топқа 5 логикалық  сұрақ оқылады, сол сұрақтарға тез және дұрыс жауап беру керек.

І топ:

1.     Екі қолда қанша саусақ бар, бес қолда ше?

2.     Түйе 10 пұт жүкті 1 сағат бойы көтеріп тұрса, 1000 пұт жүкті қанша уақыт көтеріп тұра алады?

3.     3 жұмыртқа 3 минут піседі, ал 10 жұмыртқа неше минутта піседі?

4.     Бөлмеде 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық отыр?

5.     Үш орындықтың аяғы нешеу?

ІІ топ:

1.     Егер  тауық бір аяғымен тұрса 3 кг тартады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?

2.     Үстел беті төрт бұрыш, оның бір бұрышын кесіп алсақ, неше бұрыш қалады?

3.     1 кг етті пісіру үшін 1 сағат уақыт керек. Ал 3 кг етті пісіру үшін қанша сағат уақыт керек?

4.     Екі адам шахматты 3 сағат ойнады. Олардың әр қайсысы неше сағат ойнады?

5.     Төрт қойдың неше аяғы бар?

ІІ кезең «Ойлан, тап»

     Әр түрлі білім сырын ұға алатын.

Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік.

І топ:

«Күлшеқыз »

Күлшеқызға өгей шешесі «45 бұршақты үш ыдысқа бөліп, екеуіне бірдей, үшіншісіне 2 есе аз сал» деп тапсырма берді. Күлшеқызға бұршақтарды дұрыс бөлуге көмектесіңдер.

ІІ топ:

Алдар көсе мен қыз

Алдар көсе байдың қызына үйленбекші болыпты, ал қыз оған мынандай жұмбақ айтыпты. Бөшкеге суды толтырғанда  3170 кг болды, ал суға жартылай  толтырса 1870 кг болады. Сонда бөшкенің салмағы қанша?

ІІІ кезең: «Сандар сиқыры»

Өнерлі балаларға кім жеткен,

Әр салада небір өнер көрсеткен,

Үшінші кезеңді біз бастайық,

Өнерлінің әрқашанда өрісі кең – деп «Сандар сиқыры» атты келесі кезеңге көшейік.

Мұнда сандардан құралған мақал – мәтелдер беріледі. Мақал – мәтелдің басындағы сөйлем оқылады, жалғасын сайыскерлер жалғастыру керек. (әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан қосылады.)

І топ:

      100 сомын болғанша, ___досың болсын.

      Досыңды үш күн сынама, ___жыл сына.

      Жеті жұрттың тілін біл, ___түрлі білім біл.

ІІ топ:

      Отыз тістен шыққан сөз, __ рулы елге жетеді.

      Бір тал кессең,___ тал ек.

      Бір жақсы дос,___ туыстан артық.

ІV кезең «Кім тапқыр»

Білімнің ұшқырлығын танытып сен,

Асып – тасып, асықпа, қалыспа сен.

Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,

Шапшаңдық бұл сайыста керек екен

Суретпен жұмыс. Суретте неше шаршы суреттелген?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

V кезең «Мерген»

Ғылымның сырын ұғына

Шығыңдар білім шыңына

Білімділік  пен  тапқырлық

Жеткізер сіздердей өренді

Жеңістің мынау шыңына – дей келе, «Мерген» кезеңіне де жеттік.

Сан ретін тап:

11(әріп), 12(ті), 13(өрнек), 14(тің), 15(мәнін), 16(тап).

Жауабы: Әріпті өрнектің мәнін тап.

Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты.

Ақыл – ойлар әлемді арбап алды.

Математика ғылымдар патшасы

Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты.

Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса,

Омар Хайям, әл – Фараби жолын қуса,

Елімнің болашағы гүлденеді.

Ғылымның шамшырағы жанып тұрса.

Құрметті ұстаздар, оқушылар мен көрермендер. Ендеше, келесі кезекті әділқазылар алқасына берелік. Әділқазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарып, бүгінгі сайысымыздың ең тапқыр оқушылар тобын атап өтсе. Жеңімпаз оқушылар тобын  грамоталармен марапаттау.Барлықтарыңа зер салып тыңдағандарыңызға көптен – көп рахмет. Сонымен « Тапқыр математик» атты сайысымыз аяқталды. Сау сәләматта болыңыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тапқыр математик интеллектуалдық сайыс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по безопасности

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 610 196 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.04.2016 901
    • DOCX 53.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тансыкбаева Акбота Кыдырбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7662
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 65 человек из 30 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности введения и реализации обновленного ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1156 человек из 82 регионов

Курс повышения квалификации

Развитие творческих способностей для дошкольников и младших школьников

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 61 человек из 26 регионов

Мини-курс

Педагогические и психологические основы образования

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

ФАОП: регулирование образовательного процесса и программ

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Российское движение школьников (РДШ): воспитательная работа

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе