Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Тех.карта таным білім саласы қоршаған орта тақырыбы «Айгүлге сыртқа шығуға көмектесейік».

Тех.карта таным білім саласы қоршаған орта тақырыбы «Айгүлге сыртқа шығуға көмектесейік».



  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Бекітемін_______________

КМҚК « Айналайын » ясли бақшасы

Әдіскер : Мушакулова С

« 13 » сәуір 2016 жыл

Тобы: «Құлыншақ »

Білім беру саласы : « Қатынас »

Бөлімі : Тіл дамыту

Тақырыбы :« Бізге көктем келді »

Мақсаты :Тәрбиешінің сұрақтарына байланысты жауаптар қайтаруға (қар ериді, күн жылытады, құсатар ұшып келеді), сөздерге анықтама таңдауға (күн ашық, гүлдер әдемі) үйрету. Сұрақтар қою ынтасын тәрбиелеу. Жұмбақтардың мағынасын түсінуге, суретте шешімін табуға үйрету. (к) дыбысының дұрыс айтылуын бекіту.

Көрнекілігі :. көктем суреттері, бәйшешек гүлдің суреті.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, әңгіме, көрсету.

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушы

Шатық шеңбері.

  • Балалар,мына бір тамаша әуенді

тыңдап,бір-бірімізге күлімсірейік.



Бүгін күн ашық, жылы екен.Өйткені көктем келді. Қандай ғажайып күн!

Релакция сәті(« Көктем үні » үнтаспадан ойналады )



Шаттық шеңберге тұрып, бір – біріне күлімсіреп қарайды.


Құстардың сайраған, сылдырап аққан судың, жаңбырдың даусын тыңдайды.

Ұйымдастырушы - ізденуші


  • Балалар,қарандаршы ,мен

орманда қандай фотосурет жасап келдім.

Неге орман өзгеріп кеткен?

Қалың қар қайда кеткен?

-Шыныменде қар еріп кеткен.

Қазір қай жыл мезгілі?


  • Мына суреттердің ішінен көктем

мезгілі бейнеленген суреттерді таңдап алындар.

Көктем мезгілі екенін қандай белгілері арқылы білдіңдер?



  • Дұрыс айтасыңдар. Қар

еріп,жылғалардансу ағады. Жылы жаққа ұшып кеткен құстар ұшып келеді. Көктемде күн жылынады, жылыжел соғады.

Бәйшешек - қар астынан қылтып шығатын көктемнің алғашқы гүлі.

Сергіту сәті:

Көктем келді бүгін,

Күнім төкті нұрын.

Сайрап барлық құстар,

Ән салуға құштар.

Балалар, бізге көктем жаршысы – жылы жақтан ұшып келетін құстың бірі – қарлығаш. ( Суретін көрсетеді ).

Ол әлемге көктемнің келгенін хабарлап жүр. Біз оған көктемнің суретін жинап қоржынына салып берейік.








  • Көктем





Қар ериді, жылы жаққа ұшып кеткен құстар ұшып келеді. Көктемде күн жылынады.









Сергіту сәтін орындайды.






Суреттердің ішінен көктем бейнеленгендерін таңдап, қоржынға салады.



Рефлексивті-коррекциялаушы


Сұрақ – жауап әдісі арқылы қортындылау, балаларды мадақтау.



Сұрақтарға жауап береді.



Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек : көктем ерекшеліктерін анықтауды, ондағы табиғат құбылыстарын айыруды;

Нені білді : сұрақтарға толық жауап береді, көктем мезгіліндегі өзгерістерді атайды;

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Ақболатова Гүлбаршын


Бекітемін _________ ______

КМҚК «Айналайын» яслибақшасы

Әдіскер : Мушакулова С.

«14 » сәуір 2016 жыл



«Құлыншақ» тобы

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті: Мүсіндеу.

Тақырыбы: «Әжем үшін дәмді сый».

Мақсаты: Туыстық қарым – қатынас туралы түсінік беру, алақан арасына салып домалақтау, жаншу, жалпақтау, есу тәсілдерін жалғастыру, мүсіндеуде саусақ қимыл – қозғалыстарының ептілігін қалпытастыру, үлкенге деген сый, құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар:ермексаз жиынтығы, мата сулық, пластик тақтайша, пластмасса тәрелке, күкірті алынған сіріңке талдары, тәрбиеші дайындаған үлгі, дөңгелекше пішінді, түрлі өрнегі бар нағыз печенье.

Қостілділік: сый-подарок.


Балалар Қызыл Телпекпен амандасады





Ұйымдастырушылық – ізденістік.


. Тәрбиеші:

- Қош келдің, Қызыл телпек.

Қызыл телпек:

- Мен ормандағы әжеме бара жатырмын, сендердің көмектерің керек еді.Менің әжеме арнап дәмді сый әзірлеп бересіңдер ме?

Тәрбиеші:

- Кәне балалар Қызыл Телпекке көмектесеміз бе?

Балалар:

- Иә.

Тәрбиеші:

- Дәмді сыйды әзірлемес бұрын мына суреттерге қарап, оларды атап өтейікші:

- Кәне мынау не?Ал мынау ше?

Тәрбиеші тәттілер салынған тәрелкені көрсетеді:

- Қараңдар, мынау сары түсті печенье.Ол шеңбер пішіндес. Әр печеньенің өз суреті бар. Мына печеньеде жолақшалар ,ал мынада – тесіктер т.б. бар.

- Ал мынау ойық тоқаштар. Олар дөңгелек пішіндес. Ойық тоқаштық ішінде тесік бар, оны саусаққа кигізуге болады. Ал бүгін біздер әжеге тәтті печенье әзірлеп береміз. Тәрбиеші балаларға жұмысты орындау тәсілін көрсетеді.

1. Ермексазды жұмсартамыз («қамыр илейміз»)

2.Жұмыр пішін – шар жасаймыз (алақандарды айналдыра қимылдату арқылы)

3.Шарды алақандарымыздың арасына салып жаныштаймыз, сөйтіп печенье шығарамыз.

4.Енді сіріңкенің көмегімен тесіктер жасаймыз .Әдемі печенье шығады. Тесіктерді кішкентай етіп, ұқыптылықпен мұқият жасаймыз.

Тәрбиеші қимылдарды қайталауды өтінеді. Шарды жұмырлап жасау,шарды жаныштау.

Тәрбиеші:- Печенье жасап шығу үшін ермексаздың қандай түсі керек?


















Печенье, тоқаштар, кекс, тәтті нан т.б.



























Балалар тәрбиешінің артынан қимылдарды қайталайды.

-Сары түсін алдық.


Рефлексиялық-түзетушілік

Тәрбиеші барлық жұмыстарға оң баға беріп,қарап көріп,балалардың печеньені қалай әдемі безендіргеніне назар аударады. Печенье пластмасса тәрелкелерге салынады.Балалардың жұмыстарынан көрме жасалады.



Күтілетін нәтижелер:

Біледі: Суреттердегі дәмділерді атай біледі;

Игереді: Жұмысты орындау тәсілін игереді;

Меңгереді: Ермексазбен жұмыс жасауды меңгереді;

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Акболатова Гүлбаршын


Бекітемін _________ ______

КМҚК «Айналайын» яслибақшасы

Әдіскер : Мушакулова С.

«14 » сәуір 2016 жыл



«Құлыншақ» тобы

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті: Экология негіздері

Тақырыбы: «Жақсы деген немене,жаман деген немене».

Мақсаты:қоршаған ортада жақсы деген не екенін түсіндіру.Адам бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту. Әдептілікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар:хрестоматия, суреттер.

Қостілділік: Жақсы-хорошо,жаман-плохо.

Ұйымдастыру кезеңі.

Жақсылық көрсең біреуден,

«Мен қандаймын» деп ойла.

Жамандық көрсен біреуден

«Мен қандаймын» деп ойла.

- Балалар, бәріміз орнымызға жайғасып отырайық.

Тәрбиешімен бірге орындайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Кіріспе әңгімі.

- Балалар, бүгін біз Владимир Маяковскийдің «Жақсы деген немене, жаман деген немене» өлеңімен танысамыз.

Өлеңді мәнерлеп оқып беру.

Өлеңнің мазмұнын ашып түсіндіру.






Мұқият тыңдайды.


Рефлексиялық-түзетушілік

«Мен қандаймын» ойыны.

Мақсаты:Адам бойындағы жақсы қасиеттерді айту.

Ойын барысы:Балалар шеңберге тұрып, бір – біріне допты беріп, сол бала жайлы пікірін айтады.

Мысалы:

- Іңкәр, сен әдемісің, мейірімдісің, жақсы қызсың, т.б.

Қорытындылау.

- Бүгін біз оқу іс – әрекетімізде ненің жақсы, ненің жаман екенін білдік. «Жақсы бала» деген атқа лайық болу үшін әдепті, қамқор, шыншыл, тәрбиелі болу керек.

.




Ойынға белсене қатысады.








Балалар бір – біріне пікірлерін айтады.


Күтілетін нәтижелер:

Біледі: жақсы қасиет пен жаман қаситетті ажыратуды.

Игереді: өлең мазмұны арқылы жақсы қасиеттерді.

Меңгереді: әдептілік нормаларын.

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Акболатова Гүлбаршын












































Бекітемін _________ ______

КМҚК « Айналайын » ясли бақшасы

Әдіскер : Мушакулова С

« 05 » сәуір 2016 жыл




Тобы: «Құлыншақ »

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: «Бұлақ».

Мақсаты: Көрнекіліктер арқылы өлеңді мәнерлеп оқуға және есте сақтауға, барлық дыбыстарды дұрыс дыбыстауға үйрету.

Қолданылатын көрнекі құралдар:хрестоматия, суреттер.

Қостілділік: бұлақ, балбұлақ;

Мотивациялық қозғаушы


Шаттық шеңбер:

Тербеледі ағаштар,

Алдымыздан жел еседі.

Кіп – кішкентай ағаштар,

Үп – үлкен боп өседі.



Балалар шеңбер бойымен тұрып, қимылдар жасайды.


Ұйымдастырушылық-ізденістік


  • Бүгінгі оқу іс – әрекетінде

ақын.Н. Жаневтың « Балбұлақ» өлеңімен танысамыз.

Алдымен өлеңді мұқият тыңдаду:

Балбұлақ ағады,

Таңдайын қағады.

Сөйлейді сылдырлап,

Бөпемдей былдырлап.

  • Балалар, ата – бабамыз тыйым сөздерге ерекше көңіл бөлген.

Мысалы: суға түкірме, бұлақ көрсең – көзін аш, суды ысырап қылма, судың да сұрауы бар, т.б.

Тәрбиеші осы сөздердің мағынасын толық түсіндіріп береді.

« Қолшатыр ойыны »

Мақсаты:балаларды ептілікке, жылдамдыққа баулу, ойынға деген қызуғушылықтарын артыру.

Ойын шарты: тәрбиеші қолына қолшатырды ұстап, ортада тұрады. « Күн шықты! » - дегенде, балалар бойларын сергітіп, күнге қыздырынып, еркін ойнайды, ал « Жаңбыр жауды! » - дегенде, бәрі қолшатырдың астына жиналады.






Мұқият тыңдайды.














Ойына белсене қатысып, дұрыс ойнайды.


Рефлексиялық-түзетушілік


Үнтаспадан сарқыраған судың дыбысын естірту арқылы су туралы әңгімелеу, қортындылау.



Судың дыбысын естіп, әңгімелейді.


Күтілетін нәтижелер:


Нені білу керек:өлеңнің мағынасын түсініп, жатқа айтуды;


Нені білді: сөздік қорын молайту арқылы жаңа сөздерді.


Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Ақболатова Гүлбаршын




























Бекітемін _________ ______

КМҚК «Айналайын» яслибақшасы

Әдіскер : Мушакулова С

« 05 » сәуір 2016 жыл



«Құлыншақ» тобы

Білім беру саласы:Таным.

Бөлімі:Қоршаған орта.

Тақырыбы: «Айгүлге сыртқа шығуға көмектесейік».

Мақсаты: Балалардың заттық ортада заттардың қасиетімен сапасы туралы түсінігін кеңейту. Заттарды қарау және зерттеу, ажыратып, олардың көлемін, түсін, пішінін, бөлшектерін және бөлімдерін атайбілуін жетілдіру, заттар тобын білдіретін ұғымдарды меңгеру (киімдер, аяқ киімдер). Заттарға деген қамқорлық дағдыларын, киім және аяқ киімді сақтау ережелерін қалыптастыру.

Қажетті құрал-жабдықтар:демонстрациялық материалдар, суреттер.

Әдіс-тәсілдері: Ойын: « Тақия тастамақ »



Мотивациялық - қозғаушы


Балаларды жартылай шеңберге отырғызып, бір-біріне жақсы сөздер айтуды ұсынады.

Суретке көңіл аударып, ұл баланың киімдерін және қыз баланың киімдерін атайды. Ұл балада қандай, қыз балада қандай киім болатынын ажыратады.

-Балалар, қане, бәріміз үстіміздегі киімдердің аттарын айтайықшы.

-Айкөркем сенің үстіңде қандай киімдер бар?

-Берік, сенің үстіңде қандай киімдер бар?


-Әдемі бол, жақсы бол, үлкен бол, ақылды бол!


Суретке қызығушылық танытады.

Балалар үстеріндегі киімдерді қуанышпен жарыса айтуға тырысады.


Ұйымдастырушы - ізденуші


Балаларға қуыршақтар таратып беріп, бүгін киімдер дүкеніне баратынын айтады. «Киімдер дүкенінен» қуыршақтарына киім сатып алып берулерін өтінеді.

Қандай киім сатып алғанын, оны не себепті алғанын, (ұл баланың, қыз


баланың киімін) және түстері туралы әңгімелейді.

Балаларды сұраққа жауап беруге, әңгімелесуге тартады.


Сергіту сәті:

Бір, екі, үш деп,

Алақанда соғамыз.

Жоғары-төмен қараймыз,

Орнымыздытабамыз.


1. «Бұл не?» дидактикалықойыны. Шарты: киімдердіңсуреттерінкөрсетеді.

2. «Ажырат!» дидактикалықойыны. Шарты: қысқыкиімдікөк, жазғыкиімдісарысөмкегесызыпкөрсету. Балаларқуыршақтарғажәнедүкенгебаратындарынақуаныштанытады.







-Мен көйлек кигіземін, себебі қуыршағым қыз бала. Көйлектің түсі қызыл. Көйлегі әдемі.

-Мен шалбар кигіземін, өйткені қуыршағым ұл бала.


Осылайша қандай киім алғанын, қандай киім кигізгенін, аттарын, түстерін әңгімелеуге тырысады.


Қимыл-қозғалыстармен орындайды.


Суреттегі киімнің атын атайды. Мысалы: көйлек, жейде т.б.

Қысқы, жазғы киімдерді ажыратуға тырысады.







Рефлексивті-коррекциялаушы


Балаларға сөйлеуге, тіл байлықтарын дамытуға көмектеседі. Әңгімелеуге талпынғандарын бағалайды.



Балаларсөйлепүйренеді.



Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек :киімдерді сипаттай алуды


Нені білді : жазғы және қысқы киімдерді ажыратуды; 2-3 сөйлемнен тұратын әңгіме құрастыруды.


Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Ақболатова Гүлбаршын

Бекітемін _________ ______

КМҚК «Айналайын» яслибақшасы

Әдіскер : Мушакулова С

« 04 » сәуір 2016 жыл



«Құлыншақ» тобы

Білім саласы: «Денсаулық»

Тақырыбы: Қос аяқпен заттардың үстінен секіру (биіктігі 5см) Аяқтың ұшымен жүгіруді өкшемен жүрумен кезектестіру. Гимнастикалық қабырғаның бірінен екіншісіне оң жаққа қарай қырындап өрмелеу.(3көлденең салма бойынша)

Мақсаты:5см биіктіктегі 2заттың үстінен біртіндеп секіруге үйрету. Аяқтың ұшына тұра білу және аяқты түзеу ұстап өкшемен жүруді орындау. Табан сіңірлерін нығайта (майтабанды алдын ала емдеу) білуін бекіту.

Қолданылатын құрал саймандар:гимнастикалық қабырға, қ/ойынға бетперделер.



Мотивациялық-қозғаушы

Бір – бірден жүру, жүгіру. о/ж «Сиқырлы сықырық». Саптізбекте бір-бірден қолға арналған жаттығулар жасау – алдыға, жан-жаққа, белге, иыққа; аяқтың ұшымен – «күнге жеткіз», өкшемен – «балапандар», табанның сырт қырымен жүру – «солтүстік аюлары».


Денелерін тік, иық жоғары, бойларын өсіріп жүреді.




Ұйымдастырушы-ізденуші








1. «Күш сынасайық». Б.қ.: аяқ алшақ, бір-біріне қарап тұрады, қол алдыға созулы, алақанды түйістіру. 1-2- кезекпен оң (сол) қолды бүгеді, қарсыластың алақанына күш салады. 8 рет.

2. «Кім ұзын?». Б.қ.: т.т., қол ұстасып бір-біріне қарап тұрады. 1- қол жан-жақта. 2- жоғарыда, аяқтың ұшына көтерілу және жоғары қарау. 3- қол жан-жақта. 4- б.қ. 6 рет.

3. «Иілу». Б.қ.: аяқ алшақ, бір-біріне қарап тұрады, қол жан-жақта. 1- оң (сол) жаққа иілу. 2- б.қ. Әр жаққа 4 рет.

4. «Аяқтың ұшын көрсет». Б.қ.: қол ұстасып тізерлеп тұру. 1- оң (сол) аяқты жан-жаққа. 2- б.қ. Әр аяқпен 4- рет

5. «Отырып тұру» Б.қ.: арқа түйістіріп, қол ұстасып тұру. 1- отыру, қол жан-жақта. 2- б.қ. 6-7 рет.

6. «Тербелейік». Б.қ.: бас түйістіріп, қол ұстасып, шалқадан жату. 1-2- қолды жібермей,серпінмен етпетінен жату . 3-4 б.қ. 5-6 рет.

7. «Секірулер». Б.қ.: бір-біріне қарап тұрады,қол ұстасып, қол жан-жақта. Секіру: бір аяқ алдыда, бірі артта. Аяқты ауыстырып отыру, 10-дегенде орында жүру, қайтадан жалғастыру. 2 рет

Негізгі қимылдар:

1.«Жіпше» - заттар арасымен бір - бірінің қолын ұстай жүгіру.

2. «Таразы» - еңкейтілген тақтайшаға жүгіріп шығу және жүгіріп түсу.

Қимылды ойын: «Кім күшті?». Екі ойыншы бір - біріне арқасымен тұрады, тұйық жіппен байланған жіптің түйіншегі екі ойыншының ортасында орналасады. Екеуі бір уақытта өз жағына қарай бір - бірін тартады.



Қолдарын , тік, әдемі көтереді.





Әдемі, белсенді жасайды.



Барлығыда бірге отырып – тұрады.

Тік, түзу тұрып,

әдемі жасайды.



Әдемі иіледі.







Аяқты алма-кезек ауыстырады.



Біркелкі, әдемі секіреді.






Рефлексивті-коррекциялаушы




Балалар сұрақтарға жауап береді, қиын болған жаттығуларын атайды.

Ш/қ.о. «Қарауыл», нүктелі массаж

Ойынды қорыта келе: сендерге не ұнады?

Не қиын болды? –деп балалардан сұрау.


Күтілетін нәтиже:


Нені білу керек:Қос аяқпен заттардың үстінен секіруді; Аяқтың ұшымен жүгіруді өкшемен жүрумен кезектестіруді;

Машықтандыру: Гимнастикалық қабырғаның бірінен екіншісіне оң жаққа қарай қырындап өрмелеуді;


Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Ақболатова Гүлбаршын



















Бекітемін _________ ______

КМҚК «Айналайын» яслибақшасы

Әдіскер : Мушакулова С

« 08 » сәуір 2016 жыл



«Құлыншақ» тобы

Білім саласы: «Денсаулық»

Тақырыбы: Допты қос қолмен еденге қайтара ұру. Заттардың үстінен қос аяқпен секіру. (биіктігі-10см)

Мақсаты:Доптың үстінен жеңіл басып қос қолмен еденге қайта соғу. Допты алақанын жайып қағып алуды үйрету. Үш заттың үстінен біртіндеп секіру, екпінді итеріліп және бүгілген аяқпен жеңіл жерге түсе білуін бекіту.

Қолданылатын құрал саймандар:доптар, қ/ойынға бетперделер.



Мотивациялық-қозғаушы

Екі – екіден жүру, жүгіру. о/ж «Сиқырлы сықырық». Саптізбекте бір-бірден қолға арналған

жаттығулар жасап – алдыға, жан-жаққа, белге, иыққа; шынтақты айналдыру, 5 рет оң (сол) жаққа. о/ж «Дәулер мен ергежейлілер» - адымдап және шағын адыммен жүру. Орташа екпінмен, шашыраңқы жүгіру.


Денелерін тік, иық жоғары, бойларын өсіріп жүреді.




Ұйымдастырушы-ізденуші








1. «Күш сынасайық». Б.қ.: аяқ алшақ, бір-біріне қарап тұрады, қол алдыға созулы, алақанды түйістіру. 1-2- кезекпен оң (сол) қолды бүгеді, қарсыластың алақанына күш салады. 8 рет.

2. «Кім ұзын?». Б.қ.: т.т., қол ұстасып бір-біріне қарап тұрады. 1- қол жан-жақта. 2- жоғарыда, аяқтың ұшына көтерілу және жоғары қарау. 3- қол жан-жақта. 4- б.қ. 6 рет.

3. «Иілу». Б.қ.: аяқ алшақ, бір-біріне қарап тұрады, қол жан-жақта. 1- оң (сол) жаққа иілу. 2- б.қ. Әр жаққа 4 рет.

4. «Аяқтың ұшын көрсет». Б.қ.: қол ұстасып тізерлеп тұру. 1- оң (сол) аяқты жан-жаққа. 2- б.қ. Әр аяқпен 4- рет

5. «Отырып тұру» Б.қ.: арқа түйістіріп, қол ұстасып тұру. 1- отыру, қол жан-жақта. 2- б.қ. 6-7 рет.

6. «Тербелейік». Б.қ.: бас түйістіріп, қол ұстасып, шалқадан жату. 1-2- қолды жібермей,серпінмен етпетінен жату . 3-4 б.қ. 5-6 рет.

7. «Секірулер». Б.қ.: бір-біріне қарап тұрады,қол ұстасып, қол жан-жақта. Секіру: бір аяқ алдыда, бірі артта. Аяқты ауыстырып отыру, 10-дегенде орында жүру, қайтадан жалғастыру. 2 рет

Негізгі қимылдар:

1.«Толқындар» - бір аяқпен тербелген секіргіштен аттай секіру.

2. «Тарсылдақ» - қолды алға қарай созып шапалақтап, аяқтан аяққа секіру.

Қимылды ойын: «Айқасу».

Ойыншылар екі командаға бөлінеді. Орталық алаңға бірінші жұп шығады: әрбір командадан бір - бір адам шығады. Бір - біріне арқасымен тұрып, шынтақтарын айқастырады. Команда бойынша бір - бірін көтереді, аяқтары еденнен көтерілуі керек. Қарсыласын көбірек көтерген команда жеңімпаз атанады.




Қолдарын , тік, әдемі көтереді.





Әдемі, белсенді жасайды.



Барлығыда бірге отырып – тұрады.

Тік, түзу тұрып,

әдемі жасайды.



Әдемі иіледі.







Аяқты алма-кезек ауыстырады.



Біркелкі, әдемі секіреді.






Рефлексивті-коррекциялаушы




Балалар сұрақтарға жауап береді, қиын болған жаттығуларын атайды.

Ш/қ.о. «Қарауыл», нүктелі массаж

Ойынды қорыта келе: сендерге не ұнады?

Не қиын болды? –деп балалардан сұрау.


Күтілетін нәтиже:


Нені білу керек:Допты қос қолмен еденге қайтара ұруды;Машықтандыру: Заттардың үстінен қос аяқпен секіруді;


Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Ақболатова Гүлбаршын

















Бекітемін _________ ______

КМҚК «Айналайын» яслибақшасы

Әдіскер : Мушакулова С.

«04 » сәуір 2016 жыл



«Құлыншақ» тобы

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті: Құрастыру.

Тақырыбы: «Торсық».

Мақсаты: Ыдыстар туралы ұғымдыарды бекіту, торсықпен таныстыру, қатты қағаздын қиылған торсықты төртбөліктен құрастырып жасауға, кеңістікті дұрыс бағдарлай білуге үйрету, ұлттық ыдыс туралы қарапайым түсінік беру, ыдысты ұқыпты қстай білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар:дидактикалық ойынға арналған ыдыстардың суреттері, үлгі көрнекіліктер, әр балаға арналған торсық суреттері.

Әдіс- тәсілдер: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ- жауаптар

Балалар сурет бойынша ыдыстардың атауларын атайды


Торсықты айта алмайды



Ұйымдастырушылық – ізденістік.


Торсықтың суретін көрсетіп, өзін көрсетіп әңгімелейді, пішініне назар аударады . Торсықтың ұзынша мойны, үлкен бөлігі-"бүйірі","түбі" және қақпағы болады."Енді осы торсықты қағаздан өзіміз құрастырып көрейік"-деп балаларға қиылған торсықтардың суретін таратып береді. Тәрбиеші балаларға торсықтың пішінін дұрыс құрастыруына басшылық жасайды, бөліктері ауысып кетпеуі керек, егер дұрыс құрамаса , бағыт беріп, түзетіп, көмектеседі. Қағазбен құрастыруға балалардың қол қимыл қозғалысы және ойлау,кеңістікті бағдарлай білуіне баса назар аударылады.


Әр бала өзінің алдарындағы қиылған торсық суреттерін төрт бөліктен құрастырады. Балалар өздері торсық құрастырған соң торсықпен қуыршақтарға қымыз құйып беріп , ойын ойнайды












Рефлексиялық-түзетушілік

Тәрбиеші барлық балалардың құрастырған торсықтарын қарап шығады,қалай орналастырғанына мән береді. Ол не үшін қажет екенін сұрайды. Балалардың жұмыстарын бағалайды.

Өздері жасаған торсықтарын көрсетіп, іс-әрекетті қайталап, қалай жасағанын айтып береді.


Күтілетін нәтижелер:

Біледі: торсықпен танысады, қағаздан қиылған пішіндерді құрастыруды біледі.

Игереді: Жұмысты орындау тәсілін игереді;

Меңгереді: қағаздан жұмыс жасауды, оны көлеміне, пішініне сәйкес кеңістікте дұрыс орналастыруды.

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Акболатова Гүлбаршын

































Бекітемін _________ ______

КМҚК «Айналайын» яслибақшасы

Әдіскер : Мушакулова С.

«11 » сәуір 2016 жыл



«Құлыншақ» тобы

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті: Құрастыру.

Тақырыбы: «Лақтар мен боталарға арналған қоршаулар».

Мақсаты: Ққрылыс материалдарын кеңістікте дұрыс орналастыруға және оның көлеміне, пішініне, түсіне қарай қоршаулар жасай алуға дағдыландыру, үй жануарлары туралы қарапайым түсініктер беру және оларға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар:құрылыс материалдары және үлгі көрнекіліктер, үй жануарларының ұсақ ойыншықтары.

Әдіс- тәсілдер: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ- жауаптар

Балалар үй жануарларының төлдерін атап айтады.

Тәрбиешінің өтінішін қабыл алады


Ұйымдастырушылық – ізденістік.


Тәрбиеші үлгідегі суретті көрсетіп, қоршаудың ерекшелігіне назар аударады. Қайсысы үлкен,қайсысы биік болатыны алдын ала ойланып алынады. Әр баланың алдына ұсақ ойыншықтар таратылады.Лақ алған бала лаққа,бота алған бала ботаға арнап қоршау жасайды.Лақтың қоршауын жасау үшін кірпіштер көлденеңінен пайдаланылады, ал ботаға кірпіш тігінен пайдаланылады. Не себептен? Балаларға ойлануға мүмкіндік береді.Құрылыс материалдарын дұрыс пайдалануға көмек береді. Балалардың іс-әрекетке қызығушылығын арттырып ойын ойнауға бағыттайды


Балалр өздері таңдап алған төлдеріне қоршау жасайды,үлгіге өарай отырып кірпіштерді дұрыс орналастыруға әрекет етеді. лақтың өоршауы аласа, ботаның қоршауы биік екеніне көңіл бөледі. Қоршаудың есігін ашып жабатын етіп жасап көреді.Төлдер қалай дыбыстайтынын айтады




Рефлексиялық-түзетушілік

балалардың құрастырған қоршауларын тәрбиеші қарай отырып,олардың құрылыс материалдарын қалай пайдаланғанына мін береді. Балалардың жұмыстарын бағалайды.

Өздері жасаған қоршауларын көрсетіп, іс-әрекетті қайталап, қалай жасағанын айтып береді.


Күтілетін нәтижелер:

Біледі: құрылыс материалдарының түсін , көлемін, пішінін ажырата алуды, үй жануарларының т өлдері жайлы біледі .

Игереді: "биік", "аласа" ұғымдарын және оны іс-әрекет барысында көрсете алуды.

Меңгереді: құрылыс материалдарымен жұмыс жасауды, оны көлеміне, пішініне сәйкес кеңістікте дұрыс орналастыруды.

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Акболатова Гүлбаршын






















Бекітемін _________ ______

КМҚК «Айналайын» яслибақшасы

Әдіскер : Мушакулова С.

«11 » сәуір 2016 жыл



«Құлыншақ» тобы

Білім саласы: «Денсаулық»

Тақырыбы: 1,5 метр биіктікте гимнастикалық қабырға бойымен өрмелеу. Допты қос қолымен еденге қайта ұру.

Мақсаты:Гимнастикалық қабырға бойынша адымдарын кезектестіріп түсіп келе жатқанда көлбеу тақтайдың біреуін жіберіп алмай, аяғына дейін жетіп және еденге ақырын түсуді үйретуді жалғастыру.

Қолданылатын құрал саймандар: Доптар, қ/ойынға бетперделер.



Мотивациялық-қозғаушы

Тік тұру, түзелу, амандасу. Саптізбекте жұптасып қолға арналған жаттығу жасап жүру; алдыға, жоғары аяқ ұшына көтеріліп тартыламыз; өкшемен- «балапандар»; тізені жоғары көтеріп жүреміз – «тырналар»; табанның сырт қырымен жүреміз – «тышқандар»; Орташа екпінмен жүгіру, белгі бойынша тоқтау 2-3 рет. Шашыраңқы жүру, «Бейне жаса».

Денелерін тік, иық жоғары, бойларын өсіріп жүреді.




Ұйымдастырушы-ізденуші








Жалпы дамыту жаттығулары:

1. «Таяқшаны бұр» Б.қ.: өкше бірге, аяқтың ұшы жан-жақта, таяқшаны екі қолмен ұстап, алдыға көтереміз. 1- таяқшаны оңға (солға) бұрамыз. 2- б.қ. Әр жаққа 3- рет.

2. «Жоғары көтер» Б.қ.: аяқ солай, қол таяқшамен төменде. 1- қол таяқшамен алдыда. 2- жоғары, оған қараймыз. 3- алдыда. 4- б.қ. 6-7 рет

3. «Отырып тұру» Б.қ.: солай. 1- отыру, таяқшаны жоғары көтеру. 2- б.қ. 7р.

4. «Таяқшаны ауыстыр» Б.қ.: аяқ солай, қол жан-жақта, таяқша бір қолда. 1-қолды жанмен жоғары көтеріп, таяқшаны екінші қолға ауыстыру. 2- б.қ. 7р.

5. «Алдыға еңкею» Б.қ.: жерде отыру, аяқ иық бойымен, қол тізеде жатады. 1- алдыға еңкею, қолды таяқшамен созып, аяқтың ұшына жеткізу. 2- б.қ. 8-рет.

6. «Жүреміз» Б.қ.:жерде отыру, аяқ бірге, таяқша алдыда, руль ретінде. Көліктерде отырып, аяқты алма-кезек алдыға-артқа жылжыту. 5-6 рет

7. «Секірулер» Б.қ.: т.т., таяқша жерде тұрады, бір аяқпен оны айналып секіру, екі аяқты алмастырып отыру. Әр жаққа 3- рет

Негізгі қимылдар:

1. «Құс» - аяқтың ұшымен бірқалыпты жеңіл жүгіру.

2. «Құлыншақ» - тізені жоғары көтере жүгіру.

Қимылды ойын: «Айқасу». Ойыншылар екі командаға бөлінеді. Орталық алаңға бірінші жұп шығады: әрбір командадан бір - бір адам шығады. Бір - біріне арқасымен тұрып, шынтақтарын айқастырады. Команда бойынша бір - бірін көтереді, аяқтары еденнен көтерілуі керек. Қарсыласын көбірек көтерген команда жеңімпаз атанады.





Балалар жаттығуларды қайталайды, әдемі, толық жасауға тырысады.













































Балалар ойынға белсенді қатысады.





Рефлексивті-коррекциялаушы







Балалар сұрақтарға жауап береді, қиын болған жаттығуларын атайды.



Дем алу жаттығулары

Ойынды қорыта келе: сендерге не ұнады?

Не қиын болды? –деп балалардан сұрау.







Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: 1,5 метр биіктікте гимнастикалық қабырға бойымен өрмелеуді;

Машықтандыру: Допты қос қолымен еденге қайта ұруды;

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Акболатова Гүлбаршын






Бекітемін _________ ______

КМҚК «Айналайын» яслибақшасы

Әдіскер : Мушакулова С.

«15 » сәуір 2016 жыл



«Құлыншақ» тобы

Білім саласы: «Денсаулық»

Тақырыбы: Гимнастикалық орындық бойымен қолы белінде бір жағымен қырындап жүру 1,5 метр биіктікте гим\лық қабырға бойымен өрмелеу. Қос аяғымен заттардың үстінен секіру. Биіктігі 10см.

Мақсаты:Жоғары тіреуіште денесін тік ұсап басын төмен түсірмей, нық тепе-теңдікті сақтап қырындап жүруді орындауға үйрету. Көлденең бағытта бір көлденең салмадан кейін екінші көлденең салманы ұстап солға қырындап жүруді көлбеу тақтайдан гимнастилық қабырғаға өте білуді бекіту. Биіктігі 10см 3заттың үстінен бірізділікте секіріп жаттықтыру.

Қолданылатын құрал саймандар:доптар, қ/ойынға бетперделер.



Мотивациялық-қозғаушы

Саптізбекте бір-бірден залдың бұрыш-бұрышына қойылған конустарды айналып, сарбаздар тәрізді жүреміз, қолға арналған жаттығуларды- жанымызға, алдыға, иыққа жасап жүреміз; иықты 5 рет алдыға, 5 рет артқа айналдырамыз. Жүру, дем алу жаттығулары.


Денелерін тік, иық жоғары, бойларын өсіріп жүреді.




Ұйымдастырушы-ізденуші








1. «Таяқшаны бұр» Б.қ.: өкше бірге, аяқтың ұшы жан-жақта, таяқшаны екі қолмен ұстап, алдыға көтереміз. 1- таяқшаны оңға (солға) бұрамыз. 2- б.қ. Әр жаққа 3- рет.

2. «Жоғары көтер» Б.қ.: аяқ солай, қол таяқшамен төменде. 1- қол таяқшамен алдыда. 2- жоғары, оған қараймыз. 3- алдыда. 4- б.қ. 6-7 рет

3. «Отырып тұру» Б.қ.: солай. 1- отыру, таяқшаны жоғары көтеру. 2- б.қ. 7р.

4. «Таяқшаны ауыстыр» Б.қ.: аяқ солай, қол жан-жақта, таяқша бір қолда. 1-қолды жанмен жоғары көтеріп, таяқшаны екінші қолға ауыстыру. 2- б.қ. 7р.

5. «Алдыға еңкею» Б.қ.: жерде отыру, аяқ иық бойымен, қол тізеде жатады. 1- алдыға еңкею, қолды таяқшамен созып, аяқтың ұшына жеткізу. 2- б.қ. 8-рет.

6. «Жүреміз» Б.қ.:жерде отыру, аяқ бірге, таяқша алдыда, руль ретінде. Көліктерде отырып, аяқты алма-кезек алдыға-артқа жылжыту. 5-6 рет

7. «Секірулер» Б.қ.: т.т., таяқша жерде тұрады, бір аяқпен оны айналып секіру, екі аяқты алмастырып отыру. Әр жаққа 3- рет

Негізгі қимылдар:

1.«Арыстан» - орнынан тұрып ұзындыққа секіру.

2. «Доптар» - алға қарай жылжып алмастырып секіру

Қимылды ойын: «Арқан тарту». Ойыншылар екі командаға 5 - 6 адамнан бөлінеді. Ортасында орамал байланған арқан алынады. Ойын міндеті - арқанды өз жағына тартып жеңу.



Қолдарын , тік, әдемі көтереді.





Әдемі, белсенді жасайды.



Барлығыда бірге отырып – тұрады.

Тік, түзу тұрып,

әдемі жасайды.



Әдемі иіледі.







Аяқты алма-кезек ауыстырады.



Біркелкі, әдемі секіреді.






Рефлексивті-коррекциялаушы




Балалар сұрақтарға жауап береді, қиын болған жаттығуларын атайды.

Ш/қ.о. «Қарауыл», нүктелі массаж

Ойынды қорыта келе: сендерге не ұнады?

Не қиын болды? –деп балалардан сұрау.


Күтілетін нәтиже:


Нені білу керек:Гимнастикалық орындық бойымен қолы белінде бір жағымен қырындап жүруді;

Машықтандыру: 1,5 метр биіктікте гим\лық қабырға бойымен өрмелеуді; Қос аяғымен заттардың үстінен секіруді;

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Акболатова Гүлбаршын
























Автор
Дата добавления 05.04.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров828
Номер материала ДБ-011981
Получить свидетельство о публикации

Комментарии:

11 месяцев назад

спосибо

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх