Инфоурок Всеобщая история Статьи«Тіл - ұлт тұтастығының ұйытқысы»

«Тіл - ұлт тұтастығының ұйытқысы»

Скачать материал

                                      «Тіл - ұлт тұтастығының ұйытқысы»

Тарих пәнінің оқытушысы  Қуанышбаева  Анар Қуанышбайқызы

 

Қазақстан Республикасы Президентінің: «Тілді дамыту-Қазақстан Республикасы мемлекеті саясатының аса өзекті бағыттарының бірі», Сондай-ақ «Мемлекеттік тілді оқытудың  саны мен сапасына көңіл бөлу керек»деген сөздерді және: «Қазақстанның  болашағы қазақ тілінде» - деген тұжырымы барша қазақстандықтарды қанағаттандыруы тиіс. [1.]

 

Қазіргі заманынмызда қойылатын басты талаптардың бірі-өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін мәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, тәрбиелеу.

Тіл байлығы –сөз байлығы. Ал сөз байлығы әр адамның  лексикасындағы қолданылатын сөздердің санымен байланысты болғанымен, негізгі байлық-ой байлығы, сол сөздерді қиюластырып, әсем де әсерлі ой мұнарасын қалай білуде. Себебі сөзді көп біліп, бірақ оны орынды, ойлы образдарды жұмсай алмасаң, одан не пайда? Ал сөзге көп мағына сыйғызып, әр сөздің парын, мән-мазмұнын, стильдік бояуын дөп басып беру ойлау қабілетімен, оның  шығармашылық сипатымен ұштасып жатады. Ал ой байлығына жету үшін тіл дамуының кешегісі мен бүгінгісін, лексикалық қабатын баю, толығу жолдарын, тілде пайда болған жаңа құбылыстардың өміршеңдігін бір сөзбен айтқанда, тілдің ішкі, сыртқы мүмкіншілігін жақсы меңгеріп, оған қамқорлықпен, жанашыр көзбен қадағалап отыру керек.

«Тіл мәдениеті» негізінен «Сөз мәдениеті», «Сөзді орынды қолдану» деген ұғымды білдіреді. Өйткені, тіл мәдениетінің негізгі зерттейтін объектісі-сөз, сөздің дұрыс айтылуы, дұрыс жазылуы, дұрыс қолданылуы, сол арқылы ойдың айқын, әсерлі жетуі, екі ұштылықтың, күңгіртіктің болмауы.

Ал қазақ халқының тіл келешегі, мектеп оқушыларында. Көптеген ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді, мерзімді баспасөз ақпараттарын талдап-зерттей келе, бүгінгі күнгі оқушылардың сөз саптауы көңіл аударарлық, көпшілігінің  тіл мәдениеті төменгі деңгейде деген қорытынды жасауға болады. Олар өз ойларын дұрыс, түсінікті етіп жеткізе алмайды, басы артық бос сөздерді қосып, араластыра сөйлесе, бірі жаргонмен, диалектілермен сөйлегенді сән көреді. [2.]

 

«Тіл туралы» заңда «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы табылатын мемлекеттік тілді меңгеру-Қазақстан Республикасының әрбір адамзатының парызы» - делінген. Әрине үлттың ең бірінші, ең қасиетті сипаты-оның ана тілі. Ұлт анасы тіл болып есептеледі.Сонымен бірге ұлттың өмір сүруінің бірінші шарты. «Тіл-біздің тұтастығымыз» туған тілдің абыройын асқақтату-әрбір адамзаттың абзал борышы. Біздің барша ұлттық келбетіміз бен болмысымызды, салт-санамыз бен дініміз осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатыр.

Ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы ана тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюімен тығыз байланысты. Сондықтан туған тілге деген сүйіспеншілік бала кезден басталуы тиіс. Айналаны танып білу, туған тілді білуден басталады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында: «Тілге деген көзқарас, шындап келгенде елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан, оған бей-жай қарамаймыз. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді  Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз»-деген болатын. Мемлекеттік тіл тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, бұғанасын қатайтты. «Ұлттың сақталуына да,жоғалуына да себеп болатыны нәрсенің ең қуаттысы-тіл» деген Ахмет Байұрсыновтың қасиетті қағидасына сүйенсек, Ата заң аясында бақ-берекетіміздің сақталып отырғаны тіл саястын да дұрыс жүргізудің жемісі екені анық. Тіл-халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәселесі-ұлттың мәселесі. Мерейін асыратын да, құтын қашыратын да өзіміз. Отбасы өзіміз де, Отанымыз – Қазақстан! Тіл меңгеруде ата-ананың рөлі ерекше екенін, әр отбасы уыз шағынан балаға қазақ тілін үйретуді қолға алса, бұл тілдің еш қиындығы жоқ. «Ана тілін білмеген,анасын да сыйламас» демекші өз ана тілін білмеген жаннан, анасын сыйлайтын жанның шығуы неғайбыл. М.Шахановша айтатын болсам, қазіргі таңда өз тілін өгейсіп, «мәңгүрттеніп» жүргендер көп. Шынында қазақ пен қазақтың, әке мен баланың, әріптестердің жұмыста қазақ тілінде сөйлеспеуі көңілге қонымсыз-ақ жәйіт. Бірақ қазақ тілі-тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл-ортақ тілміз. Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын ,өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін азаматтардың тілі Елбасымыз айтқандай, «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде». Ендеше, тілімізді, ұлтымызды отбасымызды қадірлегендей қадірлейік!

Қазақ халқының қаһарман ұлы  Бауыржан  Момышұлы өз заманында:       « Тіл байлығы – елдің елдігін, жұртшылдығын,ғылыми әдебиетін, өнеркәсібін, мәдениетін, қоғамдық құрылысын, салт-санасының, жауынгерлік дәстүрінің мұрасының қай дәрежеде екенін көрсететін сөзсіз дәлелі, мөлшері» - деп тайға таңба басқандай анық та айқын көрсетіп берген болатын. [3.]

Бұрынғы даналардан қалған: «Қанша тілді білесің,сонша мәдениеттісің, сонша байсың» деген сөз бар. Әрине, құптарға боларлық ой, бірақ өзге тілді білемін деп жүргенде өз тілімізден көз жазып қалмайық! Қазақстандықтардың бәріне жуығы көпұлтты болуы-ешкімнің қолдан жасаған әрекетінің нәтижесі емес, тарихи даму жолымен солай қалыптасты. Және бұл біздің еліміздің кемшілігі емес,басқалардан артықшылығы. Өйткені көптүрлі мәдениеттің, діннің, дәстүрдің, білімінің, т.б. арасынан шыққан жақсыларды бойымызға сіңіре аламыз.

Тәуелсіздігіміздің негізігі тірегі-ұлттың тілі, діні, ділі.Тәңірдің адам  баласына жасаған сыйы да – тіл. Ол – қасиетті де қастерлі. Оның бойында өзекті, жанды өзіне тартып тұратын керемет күш бар. Тілде бүкіл тіршілік тұрғандай. Тіл – ұлттың аса игілікті әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі. Тілдің тағдыры – баршамыздың қолымызда.

Қазақ халқының шұбарлануы бүгінде жаңаша қарқын алып барады. Мысалы осыдан он жыл бұрындары «отырмыз», «тұрмыз» деген сөздерді бұрмалау мүмкін еместей көрінсе, бүгіндері қарапайым халық қана емес,мемлекеттік қызметшілердің өздері де немесе теледидарда сөйлеп жүргендер де «отырық», «тұрық» деп  ұялмай-ақ айта беретін болып алды. Тілдің түсініксізденуіне көше бойында,алып жарнамалар  да өз үлестерін қосуда.

Орыс тілді интернетте қазақ сөздерін бұрмалап қолдану белең алуда. Оның аудиториясының ішінде орыс тілді қазақтар, әсіресе жасөспірім балалар көп екенін есепке алсақ, онда «рахатизм», «біткенский», «шаршағанский»,т.с.с сөздердің біртіндеп, қазақ ұлтының арасына байқаусыз қолданысқа еніп кету қаупі бар.Қазақ тілін білмеген  қандастарымыз ұлттық тұрғыдан емес,тек этностық тұрғыдан ғана қазақ болып қала алады. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келер болсам, тілге деген құрмет-халыққа деген құрмет. Тіл мәртебесі – ел мерейі. Тілсіз халықтың, елдің, өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек. [4.]

 

Сөзімнің соңын Елбасының ана тілі туралы айтқан мынандай көрікті ойымен аяқтағым келеді: «Дауға салса алмастай қиын,сезімге салса қырандай қалқыған,ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі жас отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұ дүниеде қымбат не бар екен?! Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйтқысы болған – оның ғажайып тілі».

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.     Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030»

2. «Тіл және қоғам» № 3 (39)2014

3.  Б.Момышұлы . Екі томдық шығармалар жинағы.

4. « Қазақстан мектебі» . №9  2011

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Тіл - ұлт тұтастығының ұйытқысы»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Маркетолог

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 767 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.06.2016 1011
    • DOCX 22.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Куанышбаева Анар Куанышбайкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6402
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

История и философия науки: теория и методика преподавания при подготовке кадров высшей квалификации

Преподаватель философии науки

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания истории и обществознания в общеобразовательной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 322 человека из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 341 человек

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 168 человек из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 772 человека

Мини-курс

Тревожные расстройства: диагностика и причины

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

От романтизма к современности: шедевры и новаторство

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Преодоление фобий: шаг за шагом к свободе от социальных источников страха

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек