Инфоурок Математика Другие методич. материалыТізбектелген сабақтар топтамасындағы сабақтарға сыни тұрғыдан ойлауды қолдану

Тізбектелген сабақтар топтамасындағы сабақтарға сыни тұрғыдан ойлауды қолдану

Скачать материал

Тізбектелген сабақтар топтамасындағы сабақтарға сыни  тұрғыдан ойлауды қолдану 

 

Оқушыға  нақты  білім  беруді  мақсат  тұтқан  мұғалім – өз сабақтарын  оқушының  идеясы мен білім- біліктілігін дамытуға   ықпал  ететін  міндеттерге  сай  ұйымдастыруы  қажет. Бұндай  міндеттер  оқушылардың  алған  білімдерін  өз  деңгейінде  көрсетіп, өз ойларын еркін  жеткізіп, дәлелдей  алуына, оқу барысында тақырыпты  өзіне оңтайлы  тәсілдермен  меңгертуге ықпал  етуі  керек.  Бұл  курстың  бағдарламасын меңгеру  барысында  бетпе- бет кезеңінде  алған  теориялық  білімімді  мектептегі  тәжірибелік  кезеңінде  оқушыларды  оқыту  үрдісінде  қолданып, сабақ кезеңдерінде  жеті  модулді ықпалдастыра  отырып  біраз  уақыттың  өзінде  айтарлықтай  нәтижеге  жеткеніме көз  жеткіздім. 

Мектептегі  тәжірибе  кезінде сабақ  барысында балаларға өз беттерінше  ойланып, еркін сөйлеуге , өз  ойларын  сенімді жеткізуге  жағдай  жасауға  тырыстым.  Оқушылар  осындай  жағдайда  жұмыс  істеуі  үшін  сабақтарымда  сыни  тұрғысынан  ойлауды қолдандым.

Бұл  модульдің  тиімділігі – оқушының құзыреттілігін  арттырып  қана қоймайды, сонымен қатар:  
1. Оқушының  жеке тұлғаның жетілуіне, дамуына бағытталады.
2. Мұғалім мен оқушылар арасында  серіктестік  қарым-қатынас орнауы.
3.Оқушының өздігінен жан-жақты білім алуына жағдай жасалады.
4. Алған білімге сын көзбен қарау және  сыни көзқараспен  өзін- өзі бағалай  алу.
5. Оқушыны  ойын ашық айта алуға, пікір айтуға, алмасуға үйренеді. 
6. Бірін –бірі сыйлауға, тыңдауға , басқаның  пікірі мен  санасуға  үйренеді.
7. Мәселенің ең негізгі түйінін табуға дағдыланады.
8. Оқушының шығармашылық белсенділігі  артады,  ой- өрісі  кеңейеді.

Сыни  тұрғыдан  ойлау модулін  сабағымда  қолдана  отырып, модульдің  осы  тиімділігін көрсем  деген  мақсатпен  тізбектелген  сабақтар  топтамасындағы  төрт  сабағыма  модульді  ықпалдастырыдым. Сабақтың  әрбір кезеңінде  өткен  материалды  қайталау, жаңа  сабақты  меңгерту,  бекіту,  қортындылау, қайталаудың  барлығында  сыни  тұрғыдан  ойлауды  қолдану  арқылы өткізуге  болады.  Менің  тізбектелген  сабақтар  топтамасындағы  төрт  сабағым  жаңа  тараудың  басталуына  сәйкес  келгендіктен бірден сабақта  жаңа  сабақты  бастадым.

Сабақ  кезінде әрбір  сабақ  мақсатын  өздері  анықтап , сол мақсатқа жеткендеріне  сабақ  соңында  қортындылап көз  жеткізіп  отырды.  Тізбектелген сабақтар  топтамасындағы  төрт  сабақ  барысына  тоқталсақ:

Бірінші сабақ  бойынша мақсаты  мен  міндетін мына  сұрақты  қою арқылы оқушылар өздері  анықтады.

1.Бейметалдар туралы  не білесіңдер? Ары  қарай  не  білгілерің  келеді?

Екінші сабақтың  мақсаты  мен  міндетін оқушылар  өздері  анықтау  үшін мынандай  сұрақ  қойылды.

2.Күкірт  және  күкіртсутек  туралы  не білгілерің  келеді?

Мына  тапсырманы оқушылар  орындай  отырып, үшінші  сабақтың  тақырыбын  анықтады.

3.SH2SSO2SO3  мына  айналуларды  іске  асырыңдар. Және  осы  заттардың  ішінде  қай  заттарды  зерттеуіміз  керек?Күкірт  пен  күкіртсутекті  өтіп  кеткендіктен  оқушылар күкірт оксидтерін өтуіміз керек сондықтан  жаңа сабақтың  тақырыбы  күкірт  оксидтері  екенін  анықтайды.  Оқушылар  сыни  ойлау дағдыларын  дамыта  отырып, алдарына  мақсат қоюға  үйренеді.

Осындай  сұрақтар  төңірегінде оқушыларға  топта ойланып  және талдап  ортақ  шешімдерін  айтуға  уақыт  бердім.

Өздеріңіз  көріп  отырғандай  оқушылар тақырып  бойынша мен қойған  сұрақ  төңірегінде  пікірлерімен бөлісті  және  ортақ  жауап  берді.  Әр  топ бірін- бірі түгел тыңдап ,жауаптары  қаралып ортақ мақсат жинақталып шықты. Сабақ  мақсатын  оқушылар  тақтаға  шығып  жазды.

Жаңа  сабақ  түсіндіру  барысында  оқушыларға  жаңа  материалды өз күштерімен  меңгеруге  бағыт – бағдар беріп  мүмкіндік  беруге  тырыстым.

Оқушылар  әрбір сабаққа  мақсат  қойғаннан  кейін сол  мақсаттың  нәтижесінде  сабақ  жоспары  құрылады. Және  әрбір құрылған жоспар бөлімдері  бойынша тапсырмалар мен  сұрақтар  көмегімен  талдауға  кіріседі.

Зерттеліп  отырған  заттардың кездесуін талдағанда  сол  заттар туралы  бұрын  не  білетіндерін  күнделікті  өмірмен  байланыстырып талдауы  керек. Бейметалдардың күнделікті  тұрмыста  кездесетіндерінен  бастап,  табиғатта,  адам  ағзасында,  күн  жүйесінде кездесетін  түрлерін  өздері жасаған  жұмыстары  бойынша  әр  топтан  екі оқушы  қорғап  шықты.

Келесі жоспар бойынша  бірінші сабақта бейметалдардың  периодтық  жүйедегі орнына  сипаттама беру керек .Екінші сабақ  барысында күкірттің  периодтық  жүйедегі  орнына сипаттама  беруде периодтық кестемен жұмысжасауға  тапсырма беріледі. Периодтық  кестемен  жұмыс  істеуді оқушылар  8- сыныптан  біледі. Сондықтан  оқушылар периодтық  орнына  сипаттама  беруді  де  өз  беттерінше  топта ақылдасып талдайды. Топ  бойынша  ортақ жауапты ақылдасып  шешкеннен кейін  біреу  шығып  периодтық жүйедегі  орнына  сипаттама  беріледі.  Оқушылар бұл  тапсырманы  орындау  барысында да сыни тұрғыдан  ойлана  отырып, берілген  элементті кестеде  қалай сипаттау керектігін ойланып, кестенің  көмегімен атомдық  құрлысын да талдап  шығып , олардың тотықтырғыш- тотықсыздандырғыштық қасиеттерін  сипаттауға кірісе  алады.  Осы  байланысты  жүзеге  асыра  алатын  бала  өзін  сыни  тұрғыдан  бағалай  алады .

Бейметалдардың  оның ішінде күкірттің және  күкіртсутектің , оксидтерінің, күкірт  қышқылының  қасиеттерін  зерттеу кезінде интерактивті тақтадан  зертханалық жұмыстарды  көрсетіп қандай  өзгерістер  болатынын, қандай  зат  шығатынын,шыққан  заттың  қасиеттерін өздері талдап,  жан- жақты ойлап қортынды  жасайды.  Зертханалық жұмыстардың нәтижесінде  алынған  заттарға  анализ жасау  жұмыстарын  үлгерімі  жақсы  оқушыларға  беріледі. Себебі  көрсетіліп  жатқан  зертханалық  жұмысты  талдауды  ойлана  отырып  дәрежесі  әртүрлі  оқушылар  талдап,  қортынды  жасай алады.  Ал  алынған  заттарды  ары  қарай  зерттеп, талдау  жұмысын  жасау барысында  үлгерімі  төмен  оқушылар  қинала  бастайды.  Үлгерімі  жақсы  оқушылар  топта, жұпта  өздерінің білімдерін  басқаларға  үйретіп, есте  сақтау  қабілеттерін нығайта  түседі.  Үшінші  сабағым күкірттің  оксидтерін  сипаттау болды. Бұл  сабақты  дебат  түрінде  өткіздім. Күкірт  оксидтерінің  адам  өмірі  үшін,  экологиялық  жағдайға  әсерінің  зияны  мен  пайдасын  екі  топ  дәлелдеп  шығу  керек.Оқушылардың   бірінші  тобына  «күкірт  оксидтерінің  ауа құрамына көп  мөлшерде бөлінген  жағдайда   экологиялық  және  физиологиялық  жағдайы  қандай  болар еді?»  ал екінші  топқа «күкірт  оксидтерінің  қолданылуын  қарастыра  отырып  пайдасы көппе екенін  дәлелдеңдер» тапсырмалар берілді.Алдында  алған  білімдерін пайдалана  отырып, өз  ойлары мен  идеяларын ортаға  салып  өз пікірлерін  сақтап  қалу  үшін қарсыластарынан  озық  болу  үшін айтатын  дәлелдемелерін  сыни  тұрғыдан  ойлана  отырып  бәсекеге   түседі. Осы  заттардың  қолдануын  қарстырғанда  тірек  сызбаларды  пайдаланып өз  ойларын  қортындылайды.   Сонымен  сабақ  барысында  оқушылар  мұғалімнің  бағыт-  бағдар  беруімен  жаңа  сабақты  өз  беттерінше  меңгеріп  шықты  деуге  болады. Сабақ  соңында  «Шығу парағы» стратегиясы

Біз бүгінгі сабақта нені үйрендік?

Қандай сұрақ бар?

Пікіріңіз...

 

 

 

 

 

Кестесін  қолданып, сабақ  барысында  не үйренді? Қандай  сұрағы бар? Сабақ  барысына  оқушы пікірін  білдіре  алады.  Кестені  толтыру  барысында сабақ  бойы  не  өткендерін  есіне  түсіреді, түсінбеген  өзі  мақсатына  жете  алмаған  сұрақтарда қоя  алады  бұл  жұмыстың  өзі оқушының  сыни  тұрғыда  ойлануына, өз ісіне баға бере алуына, не істегеніне жауап  бере  алуға, жеткен жетістігіне  сыни  тұрғыда  бағалай  алуына көмектеседі.  Тіпті  осы  кестенің  барысында   оқушының  осы  сабақ  бойы  не үйренгенін,  не  білгенін,  қандай  дәрежеде  шыққанытуралы  мен  бағалай  аламын. 

Төртінші сабақ күкірт қышқылы  тақырыбында  өтті. Бұл  сабақ  барысында оқушылар қышқылды  қандай  заттар екенін осыдан күкірт қышқылының  сипатын беріп зерттеуге тырысады. Оқушылардың зерттеуге  кірісуі  үшін қышқылдар қандай  заттар, күкірт  қышқылының  қасиеттері осы қышқылдардың  қасиеттерін көрсете  алама және  айырмашылығы  қандай ?- деген  сұрақ төңірегінде  ойланып қасиеттеріне  талдау  жасап,  басқа  қышқылдар әсер  етпейтін  металдар мыс, алтын,қорғасындарға  әсер  ететінін дәлелдейді. Өз беттерімен жүргізген зерттеу  жұмыстары, өздері тапқан  материалдар оқушы есінде ұзақ  сақталады.

 Осы  модульді қолдып  жұмыс   істегенде  оқушыларда өздеріне  сенімділік  пайда  болады.  Бұрын  сабаққа  белсенділік танытпаған  оқушылардың  өздерінде  өз  ойын  айтуға құлшыныс  пайда  болады.  Мұғалім  бағыт- бағдар  беруші  ретінде не туралы  ойлану  керектігін  және оқушының  дәлелдемелердің қаншалықты нақты, дәл екендігін ақырғы  нүктесін  қоюшы болып  табылады.

Балалар  жұмыс  барысында топта,  жұпта өздерінің  пікірлерін , өз ойларын ортаға  сала  отырып сенімділігінің  артқанының,  тіпті  үндемей  сабаққа белсенділік таныта  бермейтін  оқушылардың  өздері  өз  ойларын  білдіріп  сабаққа  қатысу белсенділігі  артады.

Оқушылар  өздерінің  әрбір айтқан  ойларының  талдау  барысында  бағаланатынын  сезеді.  Сондықтан да өз  ойын  ортаға  салғанда  ойланады.

Сонымен қатар басқаның  пікірін  тыңдай  отырып, олармен  келіспеушілігін  білдіріп  өз  дәлелдерін  айтып  түзетуге  тырысады.

Мысалы:  неге күкірт қышқылы мен  суды араластырғанда  алдымен  неге  суды  алып  соған  күкірт  қышқылын  қосамыз.  Және неге  бірден  температура  көтеріліп  кетеді,-  деген  сұрақ  оқушыларға  қойылды.

Жақсы  оқиды  деген  оқушым: «Тығыздықтары мен  концентрациясына  байланысты»  деп  жауап  берді.  Ал  үлгерімі  төмендеу  оқушым ол  молекулалық  массасына  байланысты. Күкірт қышқылының  с.а.м. 98, ал  судың  с.а.м. 18- ге  тең  екенін  айтты. Жауап  берген  оқушылардың  білім  сапасы  әр  түрлі  дәрежеде  болса да әр оқушы өз  білім  деңгейіне қарай  өз  жауаптарын  дәлелдеуге  тырысты.

Оқушылар  арасында  бұл әдісті  қолдану  барысында  ынтымақтастық  қалыптасты,  топта  жұмыс  істеу барысында  әркім өзі  ғана  емес  барлығы  үшін  жанталасып  үндемейді  деген  оқушының өзі  үшін  туындаған  қыиындықты  шешуге ,  кез-келген  жұмыс пен  сұрақтың  қарапайым  жолмен  жауабын  табуға  дағдыландырады.Басты мәселе білім алушыны айналаны танып білу, одан өзіне қажеттісін таңдай алу, өз бетінше ізденіп білімін , тәжірбиесін молайту жағдайына қоя білу болып отыр.Тек осылайша ұйымдастырылған оқу ғана тұлғаның жекелік, ақпараттық, кәсіби деңгейін арттырып, дамуына жол ашады.
Ең алдымен біз оқушылардың психологиялық ұстанымдарын ескере келе, сыни ойлауды дамыта отырып ақпараттық құзыреттілігін дамытуға бағытталған, білімнің мазмұндық функцияларын, ақырғы нәтижеге бағыттай оқыту сапасын арттыру.Сабаққа сыни ойлауды дамыта  оқытудың  дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы білімнің дайын күйінде берілмеуі
.Әрбір сабақ кезеңдерінде  дайын  күйінде емес  материалды  талдауды өздеріне  немесе  сұрақ түрінде, тапсырма  түрінде беріп  өз  беттерінше  тісінуге  мүмкіндік жасаймын.

Бір  сыни  тұрғысынан  ойлау модулін  сабақ  барысында  қолдана  отырып басқа  модулдердің  де қатарласып  жүзеге асып  жатқанын  көруге  болады. Оқушы  берілген жұмысты  орындау  барысында  немесе топта  мәселені  шешу  барысында  ойларын ортаға салып  талдау  кезінде оқушылар  арасында топтық әңгіме, пікірталас  жүреді.  Бұл топ  мүшелерінің  арасында диалогтык  оқудың қалыптасып  жатқанының  дәлелі. Мысалы: сабақ  мақсаты мен  міндетін  анықтау  барысында,  сабақ  жоспарын  оқушылардың  құру  барысында периодтық  кестемен  жұмыс істеу  кезінде топ арасындағы диалог,  зертханалық  жұмыстарды  жұпта  талдау  барысында  жұпта оқушы мен оқушы  арасындағы  диалогтың  қалыптасқанын көруге  болады.  Үшінші  сабағымның барысында  күкірттің  қосылыстарын  зерттеуді дебат түрінде  өткіздім. Екі  жақтың  күкірт  оксидтерінің қасиеттерінің  зиянды  жағы мен  пайдасын айқындап,  дәлелдерді ой  елегінен өткізіп,  өздерінің сыни  көзқарасын   қорғау  барысында да  диалогтың  құрылуын  және  оқушылар  арасынан  көшбасшылық қабілеті  бар  оқушыларды  анықтауға  болады.

Бұл  модуль барысында  бағалауда  да  тиімді  жүргізуге  болады. Әсіресе  формативті  бағалау  айқын  көрініс  табады.Әр  оқушы өз  ойын, өз идеясын  басқа  топ  мүшелерінің  идеясы мен салыстыра  отырып, қаншалықты тиімді, ұсыну  үшін  қонымды болама екенін  бағалай  алады.  Сонымен  қатар басқаның  идеясын, орындаған  тапсырмасын  бақылап,  талдап  тіпті тыңдай  отырып  баға  бере  алады. Ал  талантты және  дарынды  оқушылар  өздерінің ұшқыр, терең  ойларын  көрсете отырып,  даранындылығын анықтай  алады.

Сыни  тұрғысынан  ойлау модулін  сабақта  қолдану барысында  басқа  барлық  модулдердің  бірлескенін  көре  аламыз.  Бұл  біз  үшін  басты  тиімділігі.
Бұл әдіс те алдыңғы сияқты оқушыларды ұжым болып, жұмыс жасауға үйретеді. Ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге бағыттайды. Сондай-ақ, әдістің тиімділігі – сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды, берілген  тапсырма мазмұнын  түсіну, оны түсінікті етіп орындап , дәлелді етіп қорғап  беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының ой- өрісі, тілі дамиды. Осылайша ұйымдастырылған оқу сабақтары арқылы оқушы ой-өрісінің  кеңеюін, сауатты оқырманның қалыптасуын  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік туады.

Оқушыларды алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.  Дәстүрлі сабақта барлық  сабақ  кезеңдерінде  мұғалім  басты орында болады. Сабақ  бір  жақты  өтеді. Мұғалімнің  түсіндіруі  бойынша  оқушы  тыңдап  отырып білім  алады, мұғалімнің берген  тапсырмаларын  орындау  арқылы  бекітеді. Және  мұғалім өзі  бағалайды. Жаңа  әдіс- тәсілдердің  артықшылығы оқыту  үдерісіне оқушы мен мұғалім екі жақты  қатысып, тең дәрежелі  серіктестік  қарым- қатынаста  болуында.  Химия  сабағы  жалпы  жаратылыстану  пәндері  зерттеулер жүргізу  барысында  оқытылатын  болғандықтан  сыни тұрғыдан  ойлау өте  тиімді  әдіс- тәсілдердің  бірі. Зертханалық,  сарамандық  жұмыстар орындауда  жұмыстың  барысын  түсіну,  түсіну  үшін  ой  елегінен  өзкізу оны қортындылап  іс жүзінде  қолдана  білу ол оқушының  сыни  тұрғысынан  ойлауының  жоғарылығына  байланысты.  Оқушының  осы дәрежеге жетуі  үшін  біз  алдымен  оқушыны  зерттей  білуіміз  қажет . Оқушының  әлеуметтік, эмоциялық, танымдық қабілеттерін зерттеп, зерттеу  нәтижесіне  сай жұмысқа  тартамыз. Оқушы  жағдайын  есепке  ала  отырып, топпен , жұппен жұмыс  барысын  жоспарлап, оқушы  өзін  еркін  сезініп белсенді  жұмыс  істей алатын  дәрежеге  жеткізу  керек.Сыни  тұрғысынан  ойлауды  сабақта  қолдана  отырып, оқушылардың өздерінің  бір- біріне қолдау көрсету  арқылы  бір- бірін  тығырықтан  шығуға , мәселені шешуде  жеңіл  жолын  таба алуға өзара  көмек көрсетуге үйрету. Ұжымдық  қатынаста  бола  алуға  қалыптастыру. 

Қорыта келгенде  тізбектелген  сабақтар  топтамасындағы  төрт  сабақ  барысында жаңа  әдіс- тәсілдердердің бірі сыни тұрғысынан  ойлауды  қолданып, төмендегідей  мақсатқа  жеттім деп айта  аламын.  Оның  дәлелі:

- бір-бірінің пікірін, идеясын тыңдауға, сыйлауға талпынып қарым-қатынастың негізі қаланды.

- өзін жеке дара тұлға ретінде аша  білді.

- бір-біріне құрметпен қарауға үйренді.

- өз ойын ашық, еркін жеткізу, пікір алмасу қабілеті қалыптасты.

- өзін-өзі бағалауға , бірін-бірі бағалауға үйренді.

- мұғаліммен еркін сөйлесіп , пікір алмасуға , серіктестікті орнатуға ұмтылды. 

- достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешудің ұтымды  жолдарын іздей отырып , қиындықты шешуге көмектесуге қабілетті бола  алды.

- шығармашылық  қабілетін шыңдауға , іздене  білуге үйрене  бастады.

Ал  оқушылардың  осы  жетістікке  жетуі ұстаз  мәртебесі  болмақ. Бұл әдіс- тәсілді  қолдана  отырып, менің  алғаным:

-         Оқушылар жан- жақты  ойланып, белсенді  болу үшін мұғалім  сұрақты,  тапсырманы дұрыс,  түсінікті,  қызықты түрде  беру  керек.  Ол үшін ұстаз  үнемі  ізденіс  үстінде  болу керек.

-         Сабақ  барысында  туындаған  жағдаяттарды  бірге  мойындап,  оқушылар мен бірге  шешуге тырысу  керек. Оқушылардың  мұғалім мен  серіктес  ретінде  жұмыс  істеуіне  жағдай  жасау  керек.

-         Үнемі қолдаушы екенін  көрсету  керек.  Оқушы  өзінің  қате  жауабынан қорықпауы  керек.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тізбектелген сабақтар топтамасындағы сабақтарға сыни тұрғыдан ойлауды қолдану"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Логист

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 734 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.01.2016 1032
    • DOCX 31.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сабырбекова Назгул Катауллановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1115
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие элементарных математических представлений у детей дошкольного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 182 человека из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 063 человека

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 685 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 809 человек

Курс повышения квалификации

Применение компьютерных моделей при обучении математике и информатике в рамках ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 179 человек

Мини-курс

Стратегии клиентоориентированного бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие и воспитание: ключевые навыки для родителей маленьких детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Разделение имущества при банкротстве: правовые аспекты и мировое соглашение

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе