Для всех учителей из 37 347 образовательных учреждений по всей стране

Скидка до 75% на все 778 курсов

Выбрать курс
Получите деньги за публикацию своих
разработок в библиотеке «Инфоурок»
Добавить авторскую разработку
и получить бесплатное свидетельство о размещении материала на сайте infourok.ru
Инфоурок Классному руководителю Конспекты"Толага" отбасылық спорттық сайыс

"Толага" отбасылық спорттық сайыс

библиотека
материалов

Ақтөбе қаласы

1 орта мектебінің

бастауыш класс мұғалімі

Мурынова Алия Ордабаевна

Ата аналармен жұмыс түрі

«Толағай» отбасылық сайысы
Мақсаты: оқушылар мен ата - аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Оқушыларды және ата - аналарды сұлу да сыбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің маңызын түсіндіру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Барысы:

Мұғалім сөзі: Саламатсыздар ма құрметті ұстаздар,ата аналар және бүгінгі күнгі семинарымыздың қонақтары! Бүгінгі семинарымызда сіздерге өз класымыздағы ата аналармен біріге өткізгелі отырған отбасылық Толағай сайысымызды көрсеткелі отырмыз. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді, ал сол отбасы мен мектеп ұжымы бірлесе отырып жұмыс жасаса онда бала тәрбиесінде алда болар едік. Ендеше сөз кезегі ата аналарда.

Одан соң «Толағай» музыкасына би кетеді.

1 - жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар және қонақтар қауымы!
2 - жүргізуші: Бүгінгі «Толағай» отбасылар сайысына қош келдіңіздер!

1 - жүргізуші: Денсаулық - ол шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық - ол тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық - ол күлуің
Көңіл - күйің жадырай.
Денсаулық - ол
жүруің
Ешбір жерің ауырмай.
2 - жүргізуші: Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң
Отбасыларымызды шақырамыз.

1.Сарбасовтар отбасы
2. Конскалиевтер отбасы
3. Давлетовтар отбасы

(Әр топ ортаға шыққанда өз топтарын таныстырып кетеді)

1 - жүргізуші: Сайысты бастамас бұрын, біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!
1. Дене шынықтыру пәні мұғалімдері –
 Рахатов Мухтар мен
2. Айнадин Мурат
 



1 - жүргізуші: «ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы – отбасыларды спортқа баулиды. Ата - ана мен баланың арасындағы бірлік пен татулық қасиеттерін нығайта түспек!
2 - жүргізуші: ендеше, сайысымызды мына залда отырған ағайынның бәрімен біріге отырып жаттығу жасаудан бастайық.


Флэшмоб «Көңілді күн» (Музыка ойнатылып, сол музыкаға оқушылардың артынан жаттығу жасау)


1 - жүргізуші: Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Күшімізді көрсетейік, сынайық!
Жеңсең де, жеңбесең де ренішсіз болайық,
Қаймықпай, көңілді болып тарайық!
2 - жүргізуші: Олай болса, сайысымызды бастаймыз.


(Сайыстың әр ойынының ережесі айтылып отырады)

1 - жүргізуші: Алғашқы сайыс «Картоп екте, жинап ал» деп аталады

2 - жүргізуші: Бұл сайыста сайыскерлер шапшаңдықтарын көрсетуі керек.

Шарты: Алғашқы ойыншы шелектегі доптарды мәреге дейін шаша отырып жүреді. Келесі ойыншы доптарды жинап мәреде тұрған шеңберге салады., соңғы ойыншы добы бар шеңберді добын шашпай әкелуі керек..



1 - жүргізуші: Сіз бұл шарды не себепті үрлеп жатсыз?

2 - жүргізуші: Себебі 2-сайыс «Жүйріктер» сайысы. Онда сайыскерлерімізге шар үруге тура келеді.

Шарты:Орындарынан шарды үрлеп алып, самокатпен мәре сызығына кедергілерден өте отырып жету керек.



1 - жүргізуші: Асылжан сен аяқ арасына допты қойып жүре аласың ба?

2 - жүргізуші: Білмеймін, мүмкін байқап көрермін.

1 - жүргізуші: Ендеше келесі 3-сайыс «Мергендер» сайысы.

Шарты: Топтың әр мүшесі допты екі аяқтың ортасына қысып, түсірмей мәреге жету керек. Жеткен соң шарларды жарып, сондағы әріптерді алып қайтады.



1 - жүргізуші: Жарайсыңдар! Сендер әріптерге қол жеткіздіңдер. Олай болса келесі кезекте не екен? Осы әріптермен не істер екенбіз?

2 - жүргізуші: 4-сайыс «теннис жеңімпазы » деп аталады.

Шарты: топ мүшелері қолдарына ракеткамен допты түсірмей, мәре сызығына жүруі керек. Мәре сызығына жетіп қолдарындағы әріптермен сөз құрайды.

1 - жүргізуші: Иә, сонымен, біздің топтарымыз қандай сөздерді құрастырған екен?

2 - жүргізуші: Отбасы Мектеп Тәрбие

1 - жүргізуші: Дұрыс айтасың, бүгінгі біздің сайысымызда осы үш сөздің төңірегінде өтіп отыр ғой

1 - жүргізуші: Денсаулықтың маңызына қанығып,
Халқымыз жүр шат күлкіні жамылып.
Той – думанда да, кездесу мен жиын да,
Өтеді әр кез Салауаттың бағында.
2 - жүргізуші: Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену, жалықпау.
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады.
Бұл сайыстан ренжімей
Тараса бізге жарады -
демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпазды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.
(Әділқазылар алқасы марапаттау рәсімін өткізеді)

1 - жүргізуші: Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі – салауаттылық. Салауатты өмір салтын сақтап, болашағымызды сәулендірейік! «Толағай» отбасылар сайысы осымен тәмамдалады. Белсенділік танытып, тамашалағандарыңыз үшін көп - көп рахмет!
2 - жүргізуші: Біз қазақпыз,
Ел үшін атқа мінген.
Жанып жатқан лапылдап отқа кірген,
Бой тұмар ғып ар - ождан қазынасын,
Отбасылар ел қамын сақтап жүрген
демеші бүгін алтын уақыттарын қиып, «Толағай» отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға, алғысымды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!!



(Ән «Толағай»)





Курс повышения квалификации
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Краткое описание документа:

Ата аналармен жұмыс түрі

«Толағай» отбасылық сайысы
Мақсаты: оқушылар мен ата - аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сү
ру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Оқушыларды және ата - аналарды сұлу да сыбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің маңызын түсіндіру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Барысы:

 

                     Мұғалім сөзі: Саламатсыздар ма құрметті ұстаздар,ата аналар және бүгінгі күнгі семинарымыздың қонақтары!  Бүгінгі семинарымызда сіздерге өз класымыздағы ата аналармен біріге өткізгелі отырған  отбасылық Толағай сайысымызды көрсеткелі отырмыз. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді, ал сол отбасы мен мектеп ұжымы бірлесе отырып жұмыс жасаса онда бала тәрбиесінде алда болар едік. Ендеше сөз кезегі ата аналарда.   

Проверен экспертом
Общая информация

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическая компетентность педагога»
Курс повышения квалификации «Роль педагога в реализации концепции патриотического воспитания школьников в образовательном процессе в свете ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация образовательного процесса для обучающихся с ограниченными возможностями здоровья»
Курс повышения квалификации «Воспитание и социализация учащихся в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты инклюзивного образования в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Средства педагогического оценивания и мониторинга в работе учителя в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты профессиональной компетентности педагогических работников в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Тайм-менеджмент - персональная эффективность преподавателя»
Курс повышения квалификации «Мотивация учебной деятельности в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Основы музейной педагогики в работе учителя как одно из условий реализации Федерального государственного образовательного стандарта (ФГОС)»
Курс повышения квалификации «Целеполагание как основа современного образования в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Разработка адаптированных образовательных программ в условиях ФГОС СПО»
Курс повышения квалификации «Техники креативного мышления как инструмент формирования общих компетенций по ФГОС»
Курс повышения квалификации «Методы интерактивного обучения»
Курс повышения квалификации «Инструменты и методы воспитания российской гражданской идентичности согласно ФГОС»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.