Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Рабочие программы / Тәрбие сағаты «Ел рәміздерін құрметтеу - әрбір қазақстандықтардың азаматтық борышы» (5 класс)

Тәрбие сағаты «Ел рәміздерін құрметтеу - әрбір қазақстандықтардың азаматтық борышы» (5 класс)

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

М. Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат















Ашық тәрбие сағаты



«Ел рәміздерін құрметтеу - әрбір қазақстандықтардың азаматтық борышы»





Өткізген: Ибраһимова А.И

«5 А» сыныбы















2015-2016 оқу жылы



Сабақтың тақырыбы: «Ел рәміздерін құрметтеу - әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Мемлекетіміздің құты мен қасиеті іспеттес - ел рәміздерінің шығу тарихын, мемлекеттік атрибуттардың мәні мен рөлін зерделету, білімдерін толықтыру

Тәрбиелік:

Әрбір азаматтың Қазақстанның туын, елтаңбасын, әнұранын тұмардай қасиет тұтып, оларды    құрметтеуге, сол арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, өз мүдделерінен гөрі ел мүддесін жоғары қоюға тәрбиелеу.

Дамытушылық:

Жеке тұлғаның жағымды қасиеттерін, сезімдерін дамыту, талдау, салыстыра және ой қорыта білу қабілетін дамыту.

Кәсіби: Оқушылардың кәсіби дағдыларын қалыптастыру

Сабақтың түрі:     семинар  сабақ

Сабақтың типі:     аралас

Сабақтың технологиясы, әдіс-тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Жекелей, топтық жүмыстар, деңгейлік тапсырмалар, шығармашылық тапсырмалар орындау.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасы рәміздері, буклеттер, нақыл сөздер, авторлар суреті, шарлар, плакаттар, үлестірмелі қағаздар, суреттер жинағы (слайд шоу).

Сабақтан күтілетін нәтиже:

Нені білді: мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы, оның авторлары, оларды қолданудың ресми тәртібі, маңызы мен орны туралы

Нені меңгерді: мемлекеттік рәміздердің ерекшелігі, олардың құрметтеп, қастерлеуді

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезең:

А) Аудитория тазалығына мән беру

Ә) Оқушыларды түгендеу, журналға белгілеу

Б) Мемлекеттік әнұранды орындату

В) оқушыларды топтастыру

ІІ.Танымдық – операционалдық кезең

І кезең  мәтінмен жұмыс ( 3 қатарға ту, елтаңба, әнұранның шығу тарихы, авторлары, қолданылу сипаты туралы )

І топқа Ту

Рәміз дегеніміз – белгілі бір нәрсені өз қалпынан өзге, жанама сипаттап көрсетуден туатын сыр-таңба. Қазақтардың жалауы, туы ежелде «Байрақ» деп аталған. Туымыздың түсінің аспан текті зеңгір көк түсті болуы кездейсоқ емес. әйгілі Ансельм кестесі бойынша ол – адалдықтың, кіршіксіз тазалық пен пәктіктің нышаны. Көк түс ынтымақ пен бірлік идеясын аңғартады, бейбітшілік, тұрақтылық пен береке-байлық белгісі болып саналатын ашық аспанға меңзейді. Аспанкөк түс – қазақтың ұлттық бояуының реңі. Байрақ бетіне әр түрлі нышандардың суретін салу бұрыннан бар үрдіс. Туымыздағы нұр шұғылалы алтын күн бейнесі, қыран көңіл халқымыздың асыл арманын арқалаған дала бүркіті мен рухани болмысымыздың жарқын бір көрінісі болып табылатын ұлттық өрнек – сондай айтары мол айшықтар. Күн образы – байлық пен берекенің белгісі. Оның графикалық бейнеленуі өміршеңдік нышаны деп саналады. Тудың авторы – Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков

2-топ Елтаңба

Елтаңбаның үздік жобасына негізінен 245 жұмыс ұсынылған. Соның ішінде елбасының назары Жандарбек Мәлібекұлы Мәлібеков пен Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан мырзалардың жасаған жобасына ауды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасының пішіні – дөңгелек, оның барлық белгілері бір шеңбер ішінде орналасқан. Елтаңбаның басты белгі-нышаны – рәміздің негізгі көркемдік-идеялық жүгін арқалап тұрған шаңырақ образы. Шеберлікпен шендестірілген түндік аспан күмбезіндегі асыл шырақ Күн бейнесін көз алдымызға әкелсе, уықтар – одан тарап жатқан алтын сәулелердей әсер қалдырады. Қазақстан тәуелсіз мемлекет болды, бір шаңырақтың астына біріктік. Сондықтан ол бірліктің, елдіктің белгісі. Керегеміз кең, шаңырағымыз биік, күніміз жарқын болсын деген белгі. Елтаңба композициясын құрап тұрған келесі деталь – ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ бейнесі. Ол батылдық, көрегендік пен ерік-жігердің, еркіндік пен асқақ арман нышаны.Мемлекеттік елтаңбада бес бұрышты жұлдыз бар.Ол тәуелсіз мемлекетіміздің құшағы бес құрлыққа бірдей айқара ашық, әлемдік өркениет көшіне өз болмыс-бітімімізді сақтай отырып ілеспек ниетіміз бар деген ойға жетелейді. Бесбұрышты жұлдыз – таңмен бірге туатын Шолпан жұлдызының белгісі. Мемлекеттік елтаңбада пайдаланылған негізгі бояу – алтын түсті рең. Рәмізтану дәстүрі бойынша алтын – байлықтың, әділдік пен кеңдіктің белгісі. Елтаңбада көгілдір түс те бар. Ол алтын түсті реңмен әдемі жарасым тапқан.

3-топ Әнұран

Мемлекеттік әнұран – елдің музыкалық-поэтикалық эмблемасы, әдеби-сазды төлқұжаты. Ол халық жүрегінің лүпілін тұмар қылып түйген музыкалық сәлемхат іспеттес. Оның сазы мен сөзі сипаты мен мақсаты жөнінен біртұтас шығарманың құрамдас қос қанаты тәрізді. әнұран сөзі туралы Ә.Тәжібаев: «Әнұран – сөзбен тоқылған ел туы» деген анықтама береді. Әнұранның сөзін жазған – Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.

ІІ кезең «Рәміздер- тәуелсіздік белгісі» фотосурет көрмесі (слайдпен көрсетіледі.

ІІІ кезең  «Миға шабуыл» сұрақтары (интерактивті тақтада әр топқа беріледі)
«Миға шабуыл» сұрақтары

  1. Президенттің мемлекеттік нышандар туралы Жарлығы неше тарау, неше баптан тұрады? (5 тарау, 14 бап)

  2. Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар. (Ту)

  3. Республика,облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады. (Әнұран)

  4. Туымыздың төрінен орын алған күннің неше күн шапағы бар? (32)

  5. Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген. (Елтаңба)

  6. Қазақстан Республикасының қазіргі Ата заңы қашан қабылданды?(1995жылы 30тамызда)

  7. Әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстар ел тарихында болды ма? (2011жылдың 30қаңтары мен 6 ақпаны аралығында Астана мен Алматы қалаларында ҮІІ Азия ойындары өтті)

  8. Әнұран қай тілде орындалу керек? (ана тілінде)

  9. ҚР-сының мемлекеттік рәміздері қашан бекітілді?(туы мен елтаңбасы 1992жылы 4 маусымда, ал әнұран 1992жылы желтоқсан айында)

ІҮ кезең  «Сәулет жауһарлары».

1.Астананың рәмізіне айналған «Бәйтеректен» бастап айтатын болсақ, мұндағы көк тіреген сұлу ғимараттар қаншама.

2.Бүкіл қазақ мемлекеттігінің шежіресі мен қуатын бойына жинаған көк тіреген «Қазақ елі» монументі өнер үлгісі!

3.Жер жүзінде мәңгілік рәмізі деп танылатын ежелгі пирамида кейпінде адамзат баласын бірлік пен татулыққа шақырған Бейбітшілік пен келісім сарайы.

Ү кезең  «Болжау стратегиясы» Сен өз мемлекетіңді, қалаңды болашақта қалай елестетесің?

Эссе

ІІІ. Рефлексиялық – бағалау кезеңі

А) Сабақты қорытындылау

Кері байланыс парағы

Сұрақтар

Жауаптар

Ия

Жоқ

Себебі

1. Мемлекеттік

нышандар туралы толық мәлімет алдым деп ойлайсың ба?




2.Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу керек деп ойлайсың ба?




3. Осы тақырыпты өту арқылы сенде ұлтжандылық қасиет қалыптасады деп ойлайсың ба?




Ә) Бағалау

Сабақта белсенді қатысып, жауаптарының жан-жақтылығымен көзге түскен оқушыларды бағалаймын

ІҮ. Үйге тапсырма

1. Интернеттен дамыған елдердің  мемлекеттік рәміздеріне байланысты мәліметтер қарау

2. Ел рәміздерінің авторлары туралы  мағлұмат жинау

Елтаңбамыз ажарлы, әнұранымыз әуенді, асқақ бола түссін! Еліміздің аспан түстес туы әрқашан желбірей берсін!

1қыркүйек Білім күніне арналған «Ел рәміздерін құрметтеу - әрбір қазақстандықтардың азаматтық борышы» атты салтанатты жиынымыз аяқталды.



Ұсыныс:

  1. Әрбір білім беру үйымдарының  ережесіне мемлекеттік рәміздер туралы бөлім енгізу.

  2. Бекітілген бағдарламалар бойынша арнайы пәндік курстар өткізу

  3. Әр күні  алғашқы парда міндетті түрде әнұранды орындату

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. ҚР-сының Конституциясы

2. ҚР-сының білім беру ұйымдарында 2006-2011 жылдарға арналған кешенді тәрбие бағдарламасы

3. Е.Шаймерденов. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері. А., «Жеті жарғы» 2001 ж.

4. Интернеттен w.w.w. google. ru.

5. ҚР Білім туралы заңы.

kaz-news.ru | ekhut.ru | omsk-media.ru | samara-press.ru | ufa-press.ru





Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 17.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Рабочие программы
Просмотров208
Номер материала ДВ-349263
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх