Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыТәрбие сағаты "Еңселі Әнұран, айбынды Елтаңбам, тұғырлы Туым"

Тәрбие сағаты "Еңселі Әнұран, айбынды Елтаңбам, тұғырлы Туым"

Скачать материал

Күні: 05.03.15

Сынып: 1 «а»

Тақырыбы:  «Еңселі Әнұран, айбынды Елтаңбам, тұғырлы Туым»

Мақсаты:

Білімділік: парасаты мен пайымы, білігі мен білімі мол, ел қамын ойлаған Елбасының мақсаттарын болашаққа апарар үлкен арнаның мөлдір бастауы екенін түсіндіру;

Дамытушылық:  Тәуелсіз Қазақстанның ұл-қыздары білімді болу керектігін, білімнің қымбаттылығын  түсіндіру.  Ата Заңның  ел мүддесі үшін атқарар орнының бөлек екенін, оқушылардың  өз құқығын білулерін ұғындыру;

Тәрбиелік: Отан сүйгіш инабатты, өнегелі, адал білімді, өз елін, жерін, халқын, салтын, дәстүрін сүйетін патриот азамат, білімді ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:  баяндау, әңгімелесу, түсіндіру,  сұрақ – жауап.

Көрнекілік:  слайд, суреттер.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі:

Қол  алысып, қане, біз,

Достасайық  бәріміз,

Айтарым  бар  сендерге,

Тез  тұрындар  шеңберге.

Қандай  жақсы  бір  тұру,

Достарыменен  бір  жүру!

Қандай  жақсы  бір  болу .

Кіріспе:

         Бәрі болған қазақ сынды көне елде, 

         Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.

Жаһандағы ең жауынгер халықта,

Кім сенеді ту болмады дегенге?!

 

Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халықта,

Кім айта алар болмаған деп Әнұран?!

 

Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,

Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.

Қалай оның елтаңбасы болмайды,

Түлігіне дейін салса ел-таңба! – деп ақын жырлағандай , халқымызда ұлттық Ту, Әнұран, Елтаңба бар. Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге,сүюге қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.
Отан –жерім,Отан - суым,
Отан қуат, нәр береді..
Отан - ұран, Отан - туым,
Отан мәңгі гүлденеді – демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы –мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.

2007 жылы 4 маусымда Астана қаласында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздер күні болып қабылданды. Әр жыл сайын біз 4 саусымда «Рәміздер күнің» атап өтеміз. Президент Н.Ә.Назарбаев сөйлеген сөзінде: «Мемлекеттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

 

Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман - тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.

Ой шақыру.

·        Балалар, біз қандай елде тұрамыз? (Қазақстан)

·        Қазақстандағы мемлекеттік тіл қай тіл? (Қазақ)

·        Елбасымыз кім? (Н.Ә.Назарбаев)

·        Еліміздің мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады?  (Ту, Елтаңба, Әнұран)

·        Еліміздің астанасы қай қала? (Астана)

 

Рәміздер туралы түсінік беру

          Мемлекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уәлиханов.
Қазақта «Шаңырағың биік,керегең кең, босағаң берік болсын» деген тілек сөз бар.Елтаңба авторлары осы сөздерді басшылыққа алған.Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады.Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бір бөлігі ертедегі қанатты тұлпар. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш – бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.

      

 

Егер де Туға тұтас зер салсаң, автордың оны жасағанда үлкен мазмұнды ойластырғаны байқалады. Ол жер жүзінде әлемге нұрын шашқан Күн сәулесі астында қияға қанат қаққан қыран - тыныштық пен баянды өмірдің белгісі, ал ою-өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады.
Тудың авторы – Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков белгілі монументші - суретші. Біздің туымыз – көгілдір түсті, тік төртбұрышты мата. Ол бірлік пен аман - есендікті көрсетеді. Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын Күн – тыныштық пен байлықтың белгісі.
Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Туда қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, қыран сияқты ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған.
Тудың сабын бойлай ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.

               

 

Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – Гимн. Гимн-мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Гимнді  түрегеліп ,жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.

2006 жылғы 7 қаңтардағы Конституциялық заңға сәйкес ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа редакцияда жазылды. Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

 «Адасқан әріптер» ойыны

«Біз Қазақстанның болашағымыз»

         Сұрақ-жауап

         Асем анасына  8-наурыз мерекесіне гүл жинамақшы, біз оған тек сұрақтарға жауап беру арқылы ғана көмектесе аламыз.

·        Қ.Р-ның рәміздерің ата.

·        Туда не бейнеленген?

·        Ту не себепті көк?

·        Әнұранның авторлары кім?

·        Еліміздің астанасы қай қала?

·        Қ.Р-ның  елбасы?

·        Ақорда қай қалада?

·        Астана қаласының символы?

 

Қорытынды:

Бүгінгі сабақта алған мәліметтерді енді ұмытпай, әрқашан естерінде сақтап жүріңдер. Сендер еліміздің болашақ азаматысыңдар. Қазақстанның өсуіне үлес қосуларын керек.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Еңселі Әнұран, айбынды Елтаңбам, тұғырлы Туым""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по финансам

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 409 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.01.2016 2144
    • DOCX 118.5 кбайт
    • 30 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кожабек Айзада Канаткызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кожабек Айзада Канаткызы
    Кожабек Айзада Канаткызы
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15630
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 223 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 059 человек

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии управления профессионально-педагогической деятельностью учителей начальной и средней школы в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 84 человека
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Основы религиозных культур и светской этики: проблемы и перспективы преподавания в начальной школе

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 206 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 442 человека

Мини-курс

Современные вызовы педагогической профессии: развитие профессионализма педагогов в контексте улучшения качества образования

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Введение в медиакоммуникации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Путь к осознанным решениям и здоровым отношениям

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 102 человека из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек