Инфоурок Классному руководителю Рабочие программыТәрбие сағаты: Халқымды жылатып, елжіреткен Ауған соғысы

Тәрбие сағаты: Халқымды жылатып, елжіреткен Ауған соғысы

Скачать материал

Мақсаты:

ü  Тарих қоржынының бір басында жатқан Екінші жаһан соғысына пара-пар Ауған соғысы туралы оқушыларға мағлұматтар беру;

ü  Патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағаларының ерлігін үлгі ету.

Міндеті:

1.  оқушылар ойын кеңейту;

2.   боздақтар рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге;

3. ұлтжандылыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.

Жүру барысы:.

1 жүргізуші:

Өтер жылдап, ауқып тағы алыстап
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен арыстар-

- Қайырлы күн құрметті де қымбатты қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!

«Халқымды жылатып, елжіреткен Ауған соғысы» атты әдеби-музыкалық тәрбие  сағатымызды бастауға  рұқсат етіңіздер!
2 жүргізуші:

Тәуелсіз боп атты халқым сенімі,

Мұз боп қатқан қайғы-мұңым еріді.

Ақ шыңдары тауларымның биіктеп,

Кең тыныстап ұлы далам кеңіді.

Тауымыз бар таңырқатқан шыңымен,

Ұл-қызым бар, даламыз бар ұлы кең.

Алдарында басымды иіп, өр халқым,

Құттықтаймын мерекелі күніңмен!

1 жүргізуші: Жылма-жыл ақпан айының ортасында біз ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, олардың рухтарының алдында бас иеміз. Өйт-кені 1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, арты аяқталмас со-ғысқа айналды.Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес оған сырт мемлекеттер-дің қатысуымен де ұзаққа созылды.1979 жылы Кеңес әскерлерінің шектеулі кон-тингенті Ауғанстанға кіріп 10 жылға жуық соғыс жүргізді. Оған 22000  қазақ-стандық қатысты.  18-19 жасар өрімдей жас жігіттер жазықсыздан -жазықсыз құрбан болды. Бүгінгі жастар өздеріндей жігіттердің Отан алдындағы борышын адал орындағандарын ұғынып, олардың патриоттық сезімінен тағылым алсын деген ниетпен сол бір сұрапыл соғыс болған ХХ ғасырдың 80-жылдарына ораламыз.

Ән: «Ағаларым» орындайтын Түсіпжанова Аида

2 жүргізуші: 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауған-стан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс – зұлым-дық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылда-рымен орын алған зұлматтың бірі – Ауған соғысы.Он жылға тарта созылған бұл соғыстың аяқталуы да ауыр болды. Біздің білетініміз 15 ақпан 1989 жылы 40- армияның Ауған жерінен генерал Боир Громовтың шығуы еді. Шын мәнінде оқиға басқаша болған. Соғыс бітсе де шекаралар мен негізгі құрамалар қалды-рылған. Соңғы шығушы қазақстандық офицер Виктор Харичев басқарған шека-рашылар. Олар ешқандай сән – салтанатсыз. Құшаққа алған гүлдерсіз  Ауған жеріндегі соғыстың ақырғы нүктесін қойды. Өкінішке орай бұны әркім біле бермейді. Ауғанстан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 28 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге елінің көсегесін көгертуге атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп – құрметтеу – біздің борышымыз.

Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тапты. 21 адам хабарсыз кетті. Бүгінгі таңда Қазақ елінде 10000-ға жуық ауған ардагерлері бар. Олардың 3000-дайы мүгедектер қатарында. Ауғандық ардагерлер қоғамы өкілдерінің сөзінше кеңес заманында мемлекет тарапынан бұларға айтарлықтай көңіл бөлінді. Ал қазіргі кезде аталмыш жеңілдіктерден мүлдем алынып тастал-ды. Елбасының 1998 - жылдың 28 - сәуірінде шыққан жарлығы аталған жандарға берілетін қаржылық көмектің мөлшерін анықтап берді.

1 жүргізуші:. Ауған соғысынан 13 833 совет солдаттары мен  офицерлері  оралмады. Олардың ішінде 7 жауынгер: Коледаев Владимир, Балашенко Евгений, Горбунов Дмитрий, Друженьков Олег, Иванов Евгений, Сорокоумов Виктор, Троеглазов Евгений- біздің жерлестеріміз.

Қымбатты жауынгер ағалар! «Батырдың ғұмыры қысқа, даңқы ұзақ» дегендей сіздер мәңгі бізбен біргесіздер.Соғыста қаза болғандарды бір минут еске алып, бас иеміз..

  Айман:Армысыңдар, Ауғандық жауынгерлер,

                Жырым бар жараланған жаныңды емдер.

                Өлгендердің жәннатта болсын жаны,

                Тірілерің мың жаса, дәуірлерің!

Шолпан: Соғыс деген – балдақты адам жарымжан,

                 Соғыс деген – соқыр кісі екен ғой.

                 Соғыс деген – жігіт екен қайтпаған,

                  Анасына жылы сөзін айтпаған.

Балжан: Бұлт түнеріп аспаннан, Талай көзден жас тамған.

                 Тұтқиылдан бұл соғыс, Бейбіт күнде басталған.

 

  Томирис:   Келеді қос жанары отша жанып,

                      Ағалардың ерлігіне елі қанық.

                      Есімі ешқашанда ұмытылмайды,

                      Тарихта аңыз болып қалары анық.

Зарина: Біліммен қашанда жақсы өлмесін,

               Ұмытылмас жылдар өтіп қастерлі есім.

                Әркімнің көкірегінен көрем ылғи

                Ауғанның батырының жас бейнесін.

Дамир: Еркіндікті аңсап өткен ер елім,

              Менің де бар әлі саған берерім.

              Ел боламыз ынтымақты, бірлікті,

              Болашаққа ойым таза, сенемін.

 Рамина: Қаламызда Ауған соғысына қатысқан жауынгерлерге арналған ескерткіш бар.

           Тым ертерек өшті, ағалар, арманыңыз,

            Бейбіт елді сырт жаудан қорғадыңыз.

            Ерлік ісің ұрпаққа үлгі болып,

            Қыран құстай биікке самғадыңыз.

Эльмира: (слайд көрсетіледі) мектебіміздің түлегі « Владимир Коледаев» туралы  ақпарат оқиды.

Би: «Батырлар» орындайтын Тлеумуратова Камилла

   2 жүргізуші:Қазір елімізде 10 000 –ға жуық Ауған ардагерлері болса, 3000 –дай жауынгер мүгедектер қатарында.Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сынсағаттарда бірін-бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етуде. Отан алдындағы борышын адал атқарған жерлестерімізді мәңгі есте сақтау, құрметтеу біздің борышымыз.

1жүргізуші: Ерлік – елдің туы. Ел қуаты – батырлары, сақадай сарбаздары. Халық қашанда қаһарман ұлдарын пана тұтқан. «Отан үшін күрес – ерге тиген үлес». Халықтың осы даналығы қайда жүрсек те қашан да жүрек дәптерінде, сана сахнасында сақтаулы жүрсе, қазақ баласы азаматтық парызын адал ақтауды ұмытпас.

Назарларыңызға рахмет!!!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты: Халқымды жылатып, елжіреткен Ауған соғысы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Главный бухгалтер

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 267 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.05.2017 1237
    • DOCX 23.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нұрғалиева Жанар Тайшыманқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нұрғалиева Жанар Тайшыманқызы
    Нұрғалиева Жанар Тайшыманқызы
    • На сайте: 7 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7845
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 125 человек

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 115 человек

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 149 человек

Мини-курс

Готовимся к ЕГЭ по литературе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

От Зейгарника до Личко: путь к пониманию человеческой психологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 15 регионов

Мини-курс

Основы психологических трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека