Инфоурок Классному руководителю КонспектыТәрбие сағаты "Отбасы-алтын діңгек"

Тәрбие сағаты "Отбасы-алтын діңгек"

Скачать материал

Ақшұқыр мектеп-лицейі













«Отбасы-алтын діңгек»

Ашық тәрбие сағаты

Күні: 05.02.2016









Сынып жетекшісі: Темірбекова О

6 «б» сыныбы









2015-2016 оқу жылы




Тақырыбы: «Отбасы – алтын бесік»

Мақсаты:

1.Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау.

2.Ата-аналардың мектеппен, мұгаліммен, басқа ата-аналармен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру.

3.Мектеп — отбасы — бала қарым-қатынастың тиімді модельдерін іздестіру.

Түрі: Ата-аналар мен балалары, ұстаздар мен оқушылар тобы болып құралған топтар арасындағы сайыс, баяндау түрінде өтеді.

Көрнектілігі: Отбасыға арналған слайд-шоу, көрнекіліктер, суреттер, карточкалар


Барысы:


Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар және бүгінгі отбасылық сайыстың қатысушылары! Ата-ана тәрбиесі -қазақ халқы үшін толассыз таусылмайтын қазына. Бүгінгі таңда нағыз ұлтжанды, жүрегі «қазақ» деп соғатын азаматтарды тәрбиелеу үшін ата-ана тәрбиесі ең басты, ең маңызды, ең қажетті, ең керекті тәрбие.Атамыз қазақ «Бала – адамның бауыр еті», «Балалы үй-базар» дейді. Өйткені бала өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Ал отбасы-бұл қоғамның негізі.

1.Тақырыпты ашу

Балалар, бізге құпия хат келіпті. Алдымен сол құпияның сырын тауып көрейік.

Балаларға әр түсті қағаздардағы суреттерді таратып беремін. Сол қолдарындағы түстерге байланысты суреттерді жинактап бір тұтас сурет шығады.Оқушылар сол суреттер бойынша әңгіме құрастырып береді.

Балалардың жауаптары тыңдалып, қорытындыланады.


2.Топқа бөлу:

1. Ата-ана мен баласынан куралган 2 топ

Ералылар отбасы

Кеңесовтер отбасы

2.Мұғалім мен окушылардан құралған 2 топ

«Ынтымақ» тобы

«Мейірім» тобы


3. Сайыс жүрісі:

1 кезең. Отбасы өз-өзін таныстыру

2 кезең. «Ата мұраң – асыл қазынаң». Қазақтың салт дәстүрлері.

3 кезең. Ой қозғау

4 кезең. Мақал-мәтелдерді жалғастыр

5 кезең. Сұрақ-жауап, яғни ситуациялық жағдаяттар


4.Негізгі бөлім

1кезең. Таныстыру. 

Олай болса, қатысушыларымыздың таныстыруын тамашалайық

2 кезең. «Ата мұраң – асыл қазынаң».

Аналарымызға қазақтың салт -дәстүрлері бойынша сұрақтар.

Ал, мұғалімдер мен оқушыларға 7,3 санына байланысты ұлттық салт-дәстүрлер бойынша

сұрақтар.

Аналарымыз бен балаларына:

1.«Байғазы» салт-дәстүрінің мазмұнын түсіндіріңіз.

2.«Көрімдік» салт-дәстүрінің мазмұнын түсіндіріңіз.

3.«Бастаңғы» салтының мағынасын түсіндіріңіз.

4.«Иткөйлек» салтының мағынасын түсіндіріңіз.



Мұғалім мен оқушыларға:

1.Үш арсызды  атап беріңіз.

2.Жеті қазынаны атап беріңіз.

3.Үш алысты атап беріңіз.

4.Жеті атаны атап бер


Сергіту сәті:

1.Айтары мол ғұлама,

Көп жасасын бұл адам,

Әкесі ол әкеңнің

Білер оны сұраған.

Ол кім? Барлығы – атам. 

2. Атаңның баласы,

Кей кезде таласып.

Қаласың әжеге

Білгенің асады кәдеге.

Ол кім? Барлығы - әкем.

3.Бала бала, бала деп,

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған.

Қолын қатты тигізбей,

Кірлі көйлек кигізбей

Иісін жұпар аңқытқан.

Бұл кім? Барлығы – ана.  

3 кезең. Ой қозғау

Ата-аналар мен баласына:
Бала деген кім? Бала - әр ата - ананың болашағы. Ол – оның өмірінің жалғасы. менің болашағым дегенде ойларыңызға қандай ұғымдар келеді? Гүлдің бейнесін келтіріп гүлдің жапырақшаларының ішіне ата - аналар жауаптарын жазу керек. Мысалы: бауыр етіміз, болашағымыз, үмітіміз, мұрагерім, жанымның саясы, асыраушым т. б

Мұғалімдер мен оқушыларға:

Оқушы, ата-ана және мектеп байланысын қалай түсінеміз? Гүлдің бейнесін келтіріп гүлдің жапырақшаларының ішіне жауаптарын жазу керек.

4 кезең.Мақал-мәтелдерді жалғастыр
Ата - аналарға:
Әдепті бала ата - анасын мақтатар… (әдепсіз бала ата - анасын қақсатар).
Әкесі тұрып ұл сөйлегеннен без…(шешесі тұрып қыз сөйлегеннен без).
Қарағайға қарап тал өсер… (қатарына қарап бала өсер).
Үйінде ұлы - қызы бардың…(көгінде сөнбес жұлдызы бар).
Ана сүтін ақтамағанды …(ешкім жақтамайды).
Мұғалімдер мен оқушыларға:
Жығылып жатып…(сүрінгенге күлме).
Күлме досыңа…(келер басыңа).
Әдепті бала арлы бала…(әдепсіз бала сорлы бала).
Ауру қалса да… (әдет қалмайды).
Ұяда нені көрсең … (ұшқанда соны ілесің).


Ана жанын ана болсаң ұғарсың.

Алдыңдағы ол бір биік құзар шың,

Балаң үшін биіктен де құларсың.

Ана мейірі күн көзімен пара-пар.


Тұла бойға қуат болып таралар.

Өміріме шуақ шашып әрқашан

Көп жасаңдар, ақ ниетті аналар!

Әке деген-биік шыңы адамның,

Әке деген- тірегі ғой ғаламның.

Әке деген-бойыңда аққан қаның да,

Шыққан тегің, ол негізің, жаның да.

Не десең де әке жолы бір бөлек,

Қайда жүрсең  қолтығыңнан тұр демеп.

Нағыз әке ақылгөй де асқар жан,

Барлық ұрпақ әкелерден басталған.


Ән: Ана-әке


5 кезең. Пікірталас, яғни ситуациялық жағдаяттар

1-жағдаят.(анаға)

Балаңыз телеарнадан мультфильм көріп отыр, осы сәтте келесі арнадан

сіздің сүйікті телехикаяңыз басталды. Сіз не істейсіз?

(балаға)

Бүгін сабаққа кеш қалып келдің. Қоңырау соғылғанына 5 минуттай уақыт болыпты. Не істейсің?

2-жағдаят (анаға)

Сіз балаңызды дүкенге жұмсадыңыз. Балаңыз «Мен сурет салып отырмын» деп барудан бас тартты. Не істер едіңіз?

(балаға)

Кеше кешке дейін ойнадың. Сабақ дайындауға шамаң келмей кешке ұйықтап қалдың.Сабақ таңғы 8-15-те басталады. Азанда асығыс шыға салдың. Мектепке келіп сөмкеңді ашсаң кітап, дәптер орнына ойыншықтар тұр. Не істер едің?

3-жағдаят (анаға)

Мектептен келген қызы мамасына: «Мама сізге бір қызық нәрсе айтайынба? Бүгін мектепте… деп әңгімесін бастап жатыр еді. Анасы: Сенің осы әңгімең бітпейді екен, өзі басым ауырып тұр, мазамды алмашы»- деді. Егер сіз болсаңыз не істер едіңіз?

(балаға)

Мектепке келер алдында асығып көйлегіңді теріс киіп алыпсың. Сырт киіміңді шешіп, сыныптың алдына келген кезде көйлегіңнің теріс екенін байқадың. Не істейсің?

4-жағдаят

(анаға)

Мектептен келген балаңыз: «Мен ертең мектепке бармаймын, апай маған ұрысты» деді. Сіздің әрекетіңіз қандай болмақ?

Мұғалім мен оқушы тобына:

1.Баланың бойында жақсы қасиеттер қалыптастыру жолын айтыңыз?
2.Шыдамды деген не? Шыдамдылық қасиетін қалыптастыруда сіз қандай роль атқарасыз?
3.«Өнегелі отбасы» дегенді қалай түсінесіз?

4. «Компьютердің пайдасы мен зиянын қалай түсіндіресіздер?

Қорытынды: ұпай сандарын жариялау.


Аңыз «Қарт пен бала әңгімесі»
Баласы кетіп бара жатқан атасының алдынан шығып:-
Ата, мені де ала кетесіз бе?- дейді.
Қарт:- Балам, мен мектепте болғалы жатқан тәрбие сағатына бара жатырмын. Сен әлі жассың, - дей бергенде:
Бала:- Ата маған сұрақ қойыңызшы, - деді бала.
Қарт:-- Балам, үйдің алтын қазығы кім?
Бала:- Ата, үйдің алтын қазығы – бала.




Қарт:--Жоқ балам, үйдің алтын қазығы – АНА. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі, әке тәрби есі – ұлға үлгі. Ана ақылшың, әке қамқоршың, аға қорғанышың, інің сүйенішің, қарыңдасың қанатың екенін ұмытпа.
Қарт:Ал, балам, өмір сүру үшін не қажет?
Бала:- Ата, өмір сүру үшін алтын, ақша, мал қажет.
Қарт:- Жоқ балам, өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су тіршіліктің нәрін береді, от өмірге жалын береді, тұз астың дәмін келтіреді, ақыл өмірдің мәнін келтіреді.
Қарт:- Адамға ақыл беретін кім, балаларым?
Бала: Адамға ақыл беретін – ата - ана, ұстаз, досың. Ата - ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады.


Ән «Әкелер»


Отбасы. Бала. Мектеп. Бір - бірінен ажырағысыз үш ұғым. Отбасы бар жерде бала бар, бала бар жерде мектеп бар. Мектеп пен ата - ананың міндеті әр балаға бақыт, қуаныш сыйлау.Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын бала отбасында алады. Отбасы - әр бала үшін алтын бесік. Бала отбасы аясында түлеп өседі, оңы мен солын сонда таниды. Ол отбасы жағдайында өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым - қатынаста болу сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді.

Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан- жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.


5.Аяқталуы:
Құрметті ата - аналар, оқушылар!
Сіздердің отбасыларыңызға сыныбымның атынан тек жақсылық тілеймін!
Қыздарыңыз қызғалдақтай құлпыра берсін, ұлдарыңыз ізгі армандарыңызды орындай берсін деген тілекпен бүгінгі тәрбие сағатын тәмамдаймын. Келген қадамдарыңызға гүл бітсін! Келесі кездескенше хош сау болыңыздар!


































1.Баланың бойында жақсы қасиеттер қалыптастыру жолын айтыңыз?



2.Шыдамды деген не? Шыдамдылық қасиетін қалыптастыруда сіз қандай роль атқарасыз?



3.«Өнегелі отбасы» дегенді қалай түсінесіз?



4.«Компьютердің пайдасы мен зиянын қалай түсіндіресіздер?



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Отбасы-алтын діңгек""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий отделом архива

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 030 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.02.2016 2860
    • DOCX 32.1 кбайт
    • 83 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Темирбекова Орынгул Темирбеккызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 28529
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 815 человек из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 857 человек

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 92 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 252 человека

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 81 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 249 человек

Мини-курс

Интегративный коучинг: от теории к практике

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Комплексный подход к работе с детьми с тяжелыми нарушениями развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология развития и воспитания детей: особенности и подходы

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 15 регионов