Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыТәрбие сағаты: "Шаңырағым -шаттығым!"

Тәрбие сағаты: "Шаңырағым -шаттығым!"

Скачать материал

. Жамбыл облысы,

Т.Рысқұлов ауданы,

Әбжапар ауылы.

Қызыл ту орта мектебі

Конкашова Ф.Б.

Бастауыш сынып мұғалімі

 

 

Тәрбие сағатының тақырыбы: Шаңырағым – шаттығым

 

Мақсаты: Отбасы туралы мағлұмат беру, отбасындағы әке мен ананың, баланың рөлін айқындау, ата-ананы сыйлауға, қадірлеуге, татулыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:
Тақтаға ұлағатты сөздер жазылған парақшалар ілінеді

«Отбасы кішкентай бір мемлекеттік жан ұя», «Ата-анасыз өмір жоқ, баласыз оның күні жоқ», «Бала нені көрсе жастан,ұядан өле өлгенше соны таныр қиядан», «Құс балапаны үшін тозаққа түседі,адам баласы үшін бәріне де төзеді»

Мұғалім:Құрметті ұстаздар, ата-аналар! 2 сыныпта өткелі отырған «Шаңырағым – шаттығым» атты ашық тәрбие сағатына хош келдіңіздер!  Шариғатта (Ислам қағидаларында)  отбасы жоғары бағаланып, оның бала тәрбиелеп өсіруіне бірінші дәрежелі мән берілген. Онда «Балалар –ата-аналар қолына  берілген аяулы аманат» делінген. Бұл ғажайып құдайшылық анықтаманы жадыда ұстау былай тұрсын, әр үйдің маңдайшысына жазып қоюға тұрарлық. Баланың өздігінен өмір сүруге мүлде қабілетсіз нәресте кезінен бастап бақытты балалық шағы, жеке шаңырақ көтергенде дейінгі жастық жолдары өтетін отбасын бақыт жағалауын бетке алып, өмір – айдында жүзіп бара жатқан қайыққа теңесек, оның қос ескегін әке мен шеше дер едік.

Оқушы: Отбасы – шағын мемлекет. Ол – тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейрімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының өмірге келгеннен кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді.

Оқушы:Отбасы алтын ұя, киелі шаңырақ болса, сол шаңырақтың мұрагері, ұрпақ жалғасы балалар болып табылады. Отбасында балалар негізгі тәрбиені ата-анадан алады. Олай болса баланың бас ұстазы – ата-ана. Ұлы Абай бұл туралы

« Ата-анаға көз  қуаныш –

Алдына алған еркесі.

Көкірегіне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой өлкесі» деп жыр еткен.

3-оқушы:Әке мен ана – шаңырақтың тірегі. Ата-ананың отбасы тәрбиесіндегі негізгі міндетін айқындайтын нақыл сөздерді де көп кездестіруге болады. Дана халқымыз «Әке – асқар тау, ана – бұлақ, бала – жағасында өскен  құрақ», «Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі» деген екен.

Мұғалім:Енді осы тақырыптағы мақал-мәтелдерге кезек берейік.

1-оқушы: Бала тәрбиесі бесіктен.

2-оқушы:Баланың жақсысы – қызық, Жаманы күйік.

3-оқушы: Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер.

4-оқушы: Бала-көңілдің гүлі, көздің нұры.

5-оқушы: Құс балапаны үшін тозаққа түседі, Адам баласы үшін азапқа түседі.

6-оқушы: Ата-бәйтерек, бала –жапырақ.

7-оқушы: Атадан жақсы ұл туса,

                   Елінің қамын жейді.

                  Атадан жаман ұл туса,

                  Елінің малын жейді.

8-оқушы: Жақсы әке – жаман балаға қырық жылдық ризық.

9-оқушы: Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін.

10-оқушы: Әкесін сыйламаған кісіні баласы сыйламайды.

11-оқушы: Ананың көңілі балада, Баланың көңілі далада.

12-оқушы: Ағайын – алтау, ана – біреу.

13-оқушы: Ағайынның алтын сарайынан, Ананың жыртық лашығы артық.

Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да қарызынан құтыла алмайсың.

Мұғалім: Балалар отбасы деген кімдер?

Тірек сызбамен жұмыс Отбасы –ата,ана,іні,әке,әпке,аға,апа,бала

Біржан: Отбасы тәрбиесі туралы түркі ойшылы Жүсіп Баласұғын былай дейді:

«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде.

Бала нені білсе жастан ұядан –

Өле-өлгенше соны таныр қиядан.

Өнер-білім берем десең басынан,

Бер оқуға балалрды жасынан.

Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,

Жақсы, жаман болса, бала- солардан».

Ән «Әке ана» Нұрасыл мен Ерасыл

Мұғалім: Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шеешесіне қарап бой түзейді. Ата-ана балалрына  үлгі-өнеге көрсете алмаса, онда тәрбиелі бала өсіруі екіталай. Өйткені бала ерсектерге, әсіресе ата-анасына, тәрбиешілерге өте еліктегіш келеді. Жақсыны да, жаманды да солардың үйренеді, көргенін қайталайды. Қазақтың дауылпаз ақыны Ілияс Жансүгірұлы «Жаста берілген, басқа сіңген тәлімің өзің өлмей сүйегіңнен қала алмас» деп бүлдіршінге жастайынан берілген тәрбиенің жемісті екенін айтады. Жас балаға өз ата-анасы - асқар тау. Әке-шешенің ауызынан шыққан сөз бала үшін заң болып есептеледі.

Сергіту сәті: «Тату - тәтті отбасы»
- Мен қазір сендерге, тату - тәтті отбасында - 3 адам, 4 адам, 5 адам тұрады деймін,
сендер сол санға сәйкес тез топтасып тұра қаласыңдар.

Санамақ айту:
Бір үйде біз нешеуміз?
Кел санайық екеуміз.
Бас бармағым - атам,
Балан үйрек - апам,
Ортан терек - әкем,
Шылдыр шүмек - анам,
Кішкентай бөбек - мен.
Біз үйде нешеуміз?
Біз үйде – бесеуміз.


Мұғалім: «Тәрбие тал бесіктен» дейді атам қазақ. Сол тал бесіктен жер бесікке дейін баланың өсіп жетілуінің негізі отбасында  жатыр. Отбасы – адам тәрбиесі үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы – белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі – бала тәрбиелеу.

Оқушы:Бүгінгі дүниеге келген бала – ертеңгі сүйкімді бозбала мен бойжеткен, болашақ ата-ана мен сабырлы да салиқалы ата-әже. «Өнеге отбасынан» демекші, халықтық тәлім-тәрбиенің  бастауы отбасының өмірінде жатыр. Ата-бабаларымыз кезінде оқу оқып білім алуға мүмкіндіктері болмай, көшіп-қонып жүргеннің өзінде өз ұрпағын жоғары адамгершілікке, үлкенді сыйлауға, қонақжайлылыққа тәрбиеленген.

Ән: «Ақ мамам» Назым

Мұғалім:Ей,  перзентім, ата-анаңды ешқашан ренжітуші болма. Олардың көңіл-күйіне қаяу салып қапалаңдырма. Сені жан-тәнімен жақсы көріп, тәрбиелеп жүрген ата-анаңның көңілін қалдыратын құйттай іс жасасаң, сен ешқашан жақсылыққа лайықты жан емессің, өйткені кімде-кім ата-ананың жақсылығын білмесе, басқа біреудің жақсылығын да бағаламайды. Егер сен өз перзентім құрмет қылсын десең, сен де ата-анаңды құрметте, сен ата-анаңа не істесің, саған перзентің де соны жасайды. Перзент жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы күтсең жемісі де дәмді, жақсы болады. Сол сияқты ата-анаға деген ізгі тілегі қабыл болғаны.

Көрініс: «Ана мен бала»Анасы-Айым  Баласы-Асылбек
Бала доппен ойнап жүргенде құлап қалады. Оны көрген анасы жүгіріп келіп, баласын көтеріп алады.

Айналайын, жан балам,
Құладың - ау сен жаман.
Ауырған жоқ па, бір жерің,
Жүргенің жақсы сен аман!

- Сендерде осындай жағдай болды ма?

- Болсаңдар аналарың қандай сөз айтты?
Балалардың жауаптары:

- Қане, осы отбасы туралы кім өлең, тақпақ біледі?
1. Ең жақын адамдар,
Әкем мен анам бар.
Әкемнің әкесі,
Ақ басты атам бар.
Әкемнің шешесі,
Ақ шашты әжем бар.

2. Ұлдардың үлкені,
Бір туған ағам бар.
Қыздардың үлкені,
Бір туған әпкем бар.

3. Ұлдардың кішісі,
Бір туған інім бар.
Қыздардың кішісі,
Бір туған қарындас,
Әпкеге - сіңлі бар.

Оқушы: «Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя» деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады. Отбасы – жұртты жақындастырушы, ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя. Сондықтан да отбасы – барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым.

Мұғалім:Ата-анасыз өмір жоқ, яғни адам жоқ. Демек, бала-ата-ана өміріінң жалғасы. Сол үшін ата-ана жата-жалынып құдайдан перзент көргенде жүрегі жарылардай қуанған, содан кейін «Баламның табанына кірген шөңге менің мандайыма қадалсын» деп әлпештеп өсірген, перзенті ауырып не басқа қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған, өздерін балалры үшін құрбан еткен. «Бала – ата-ананың бауыр еті», «Балалы үй – базар, баласыз үй –мазар» деген сияқы толып жатқан мақалдарада ата-ананың балаға деген ұлы сүйіспеншілігі жатқан жоқ па?!

.

Ән: «Тек әкелер сендер ғана лайықсың». Асылбек

 

Қорытындылау:
Жүректен жүрекке:


Балалар ойыншық жүрекшені бір - біріне ұсына отырып өз отбасына, оның мүшелеріне сүйіспеншіліктері мен тілектерін білдіреді.
- Менің отбасым ең тату отбасы.
- Менің отбасы ең үлкен.
- Мен атам мен әжемді жақсы көремін.
- Менің анам ең ақылды адам.
- Менің отбасым аман болсын.
- Менің отбасымда қуаныш көп болсын.
- Менің отбасым қонақжай.
- Менің отбасым көңілді.
- Менің отбасым мейірімді.
- Менің отбасым ең бақытты.
- Мен өз отбасымды жақсы көремін.

- Бүгін сабақта біз отбасымызды жақсы көруге, отбасындағы адамдарды
сыйлауға, көмектесуге үйрендік. Отбасы - сенің атаң, әжең, әкең, анаң, сіңілің, інің. Отбасы бізді жақсылыққа, әдептілікке үйретеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты: "Шаңырағым -шаттығым!""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Менеджер по управлению сервисами ИТ

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 849 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.05.2017 1760
    • DOCX 27.4 кбайт
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Конкашова Фарида Болатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Конкашова Фарида Болатовна
    Конкашова Фарида Болатовна
    • На сайте: 6 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11425
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Организация рабочего времени учителя начальных классов с учетом требований ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 335 человек

Курс повышения квалификации

Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 136 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 117 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации на уроках по продуктивно-творческой деятельности у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 134 человека

Мини-курс

Фитнес: особенности занятий и специфика питания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 117 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 39 человек

Мини-курс

Стимулирование интереса к обучению у детей дошкольного возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Финансовый риск-менеджмент

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе