Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы"Тәуелсіз елдің ұланы!" (5-сынып)

"Тәуелсіз елдің ұланы!" (5-сынып)

Скачать материал

Тақырыбы: Тәуелсіз елдің ұланы!
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Отан, туған жер, тәуелсіздік туралы түсінік беру;
Дамытушылық: Еріктілікті дамыта отырып, патриоттық, адамгершілік сезімдерін бойына сіңірген шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін, тілін құрметтеуге, Отанды сүюге, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, туған жерін қорғауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: интеграцияланған ашық тәрбие сағаты.
Көрнекілігі: ҚР мемлекеттік рәміздері, Қр Конституциясы, ҚР картасы, қабырға газеттері, бүктемелер.
Техник құралдар: мультипроектор, компьютер.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру:
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
2. ҚР мемлекеттік Әнұраны орындалады.
3. Психологиялық дайындық:
- Балалар, кім ата - анасын жақсы көрсе, бір рет қол соғады.
- Кім ауылымызды жақсы көрсе, екі рет қол соғады.
- Кім мектебімізді жақсы көрсе, үш рет қол соғады.
- Кім Отанымызды жақсы көрсе, төрт рет қол соғады. (оқушылар ду қол шапалақтайды)
Мұғалім:
- Рахмет, балалар. Демек, сендер Отанымызды қатты жақсы көреді екенсіңдер.

ІІ. Негізгі бөлім:
Мұғалім:
Отан – адамның түп - тұқияны, ата - бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып, өсіп - өніп келе жатқан жері. Қай елдің адамы болсын, өз Отанын дүниедегі ең қымбатты, ең қасиетті, ең аяулысы – Анасына бөлейді. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан Республикасы. Қазақ жері – бір шетінен екінші шетіне дейін құс қанаты талатын ұланғайыр кең өлке. Ол Солтүстігінде Ресеймен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғыз, Өзбек, Түркімен елімен, ал батысында Әзербайжан Республикаларымен шектеседі (картадан көрсету).
1991 жыл 16 желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігіне ие болды. Сендер Тәуелсіз Қазақстанда дүниеге келген бақытты балаларсыңдар. Олай болса, қазір Тәуелсіз еліміз туралы видеоүзіндіні тамашалайық.
1. Мультипроектордан Қазақ елі туралы көрініс көрсету.
2. Би. «Билейік»
3. Отан туралы өлеңдер.

: Отан дейміз өсірген елімізді,
Отан дейміз туған жер, атамекен.
Биік тау, орман - тоғай, көлімізді,
Отан дейміз кең – байтақ астананы.
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Умид: Байтақ елім – Қазақстан - Гүлістан,
Жұлдыздары жарқыраған Шығыстан.
Бар әлемге дастархан боп жайылған,
Барлық ұлттың тілін тауып ұғысқан.
Тауларың бар аспанымен тілдескен,
Айдарынан салқын самал жел ескен.
: 20 жыл толды тәуелсіздік алғаныңа,
Халқым, міне жеттің бүгін арманыңа.
Тойладық тәуелсіздік мерей тойын
Нық басып болашақтың таңдарына.

: 24 жыл! Тәуелсіз елміз!
Алыс - жақын елдерменен санасу.
Құдай өзі көрші қылған ұлттармен,
Барлық мемлекеттермен санасу.
4. Сахна көрінісі: «Отан деген не өзі?» (мұғалім мен оқушылар)
- Апай, Отан деген не өзі?
Мұғалім: Мектеп – білім ошағы,
Саған ашар құшағын.
- Апай, Отан деген не өзі?
Мұғалім: Отан деген отбасың,
Ата - анаң, құрдасың.
- Апай, Елордамыз қай қала?
Мұғалім: Елордамыз Астана,
Зәулім үйлер қаншама.
- Апай, біздің қала қай қала?
Мұғалім: Қаратаудың тәжі ол
Әсем қала Кентау ғой.
Тілегім бар сіздерге
Құлақ түрің біздерге:
Тілеймін, бүлдіршіндер өсе берсін,
Ұстаздар да білімдерін бере берсін
Еліміздің дамуына үлес қосқан
Нар тұлғалы ағалардай бола берсін - деп мультипроектордан Елбасы Н. Ә. Назарбаевтің портреті көрсетіледі.
6. Мемлекеттік рәміздер туралы мәлімет беру: Нигара, Сардар, Иззатулла. (мультипроектордан ҚР туы, елтаңбасы, әнұраны көрсетіліп тұрады)
7. Өлеңдер:
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.
Алтын қанат көмкерген
Шаңырақ бар, уық бар,
Әсем бейне көрінген
Жай бейне емес, ұғып ал.

 Мағыналы, сымбатты,
Бар осындай белгіміз
Маған, саған қымбатты
Елтаңбасы ол елімнің.
Мақсат: Әнұраным – жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім,
Туған жерім, сағынарым
Жүрсем егер дүние кезіп
Тауымыздың көне күннің
Даламыздың байтақ үні.
Ол әні ғой жүрегімнің
Мың қайталап айтқан мұңы.
9. Отан туралы өлеңдер: Жаны жайсаң ер мінез жұртым менің,
Жүрек болып кеудемде дүрсілдедің
Ата - бабам аңсаған азаттықтың,
Жеңісі мен жемісі – бұл күндерім.
Нозли: Көгінде тұр көк байрағың желбіреп,
Елтаңбаға қараймыз біз елжіреп.
Әнұранды шарықтата шырқаймыз,
Бабаларды еске алып ержүрек.
Енді бүгін көк байрағым желбіреп,
Әнұраным жалғап алды ғұмырды.
Бабалардан мұраға қалған Елтаңба
Баяғыша кеп төріме ілінді.
Бишенов Қайсар күй «Сарыарқа»
ІІІ. Қорытындылау.
Мұғалім: «Отан отбасынан басталады», «Отан үшін отқа түс, күймейсің», «Туған жерге туың тік» деген халқымыздың дана нақылдары бар. Біз осындай тәуелсіз, бейбіт елде өмір сүріп жатқанымызды мақтан тұтамыз. Өзіміздің жақсы оқуымыз, үлгілі тәртібімізбен Отанымыздың өсіп - өркендеуіне өз үлесімізді қосамыз. Құрметті, оқушылар, бүгін бүкіл қазақ елі тойлап жатқан бейбітшілік пен жасампаздықтың, келісімнің, тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған тәрбие сағатымызды қазақ халқының ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтің «Үш бақытым» өлеңімен аяқтаймыз.
Үш бақытым.
Ең бірінші бақытым халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
Ал, екінші бақытым - тілім менің,
Жас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей - кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші - Отан деген,
«Кім мықты?» десе біреу, «Отан» дер ем.
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба,
Ойланбай - ақ, келдағы от ал менен.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Тәуелсіз елдің ұланы!" (5-сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Психолог в социальной сфере

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 008 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.12.2015 1164
    • DOCX 39.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бегжанова Канымай Жубановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бегжанова Канымай Жубановна
    Бегжанова Канымай Жубановна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7295
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 784 человека из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 995 человек

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 92 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 251 человек

Мини-курс

История и основы галерейного бизнеса

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы программирования и мультимедиа: от структуры ПО до создания проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Занимательное обучение русскому языку: основы орфоэпии и тайны русской орфографии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 34 человека