Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Тесты / Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» атты интеллектуалды - танымдық ойын

Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» атты интеллектуалды - танымдық ойын

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы:

«Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз»

атты интеллектуалды - танымдық ойын

Мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 24 жылдық мерейтойы қарсаңында оқушылардың мектепте меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан - жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан - жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу. Өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, зиялы тұлғаларын тануға шақыру;
Көрнекілігі: Елбасы Н. А. Назарбаевтың суреті, еліміздің рәміздері, Тәуелсіздіктің 24 жылдығына арналған кітап көрмесі, нақыл сөздер жазылған плакаттар, қазақ халқының тарихи тұлғаларының, мәдениет және әдебиет өнері қайраткерлерінің суреттері, слайд - шоу, энциклопедиялар.
Қолданылған құрал - жабдықтар: «Қызықты бестік» кестесі, компьютер, презентациялар, нөмірленген асықтар, дорба, бағалау парағы, сағат; марапаттау қағаздары; суреттер салынған конверттер.

Ойынның барысы:
Жүргізуші: - Армысыздар құрметті бүгінгі ойынның қонақтары, ойынға қатысушылар және жанкүйер қауым! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 24 жылдық мерейтойына арнап ұйымдастырылып отырған «Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» атты интеллектуалды - танымдық ойынымызға қош келіпсіздер!
Жүргізуші:Тәуелсіз Қазақстан елінің тарихы – Отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін, тамыры терең бай тарих. Елім, Жерім, Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан, өз отбасынан, өз қаласынан, өз өлкесінен, өз мектебінен басталады.
Міне, бүгінгі біздің интеллектуалды - танымдық «Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» атты ойыны осы дәлел.

Біз тәуелсіздік таңының жарық жұлдыздары сендер деп білеміз. Олай болса, ортаға ойынға қатысушы топтарды шақырайық.

(музыка)

Ортаға «Жарық жұлдыз» және «Тәуелсіздік тірегі» топ мүшелері шығады, орындарына жайғасады.Топтарға арналған үстелдер әзірленеді және әр үстелде топтың атауы жазылған кесте көрсетіледі.Әр топ өздерімен таныстырып өтеді.
Жүргізуші: - Рахмет, құрметті ойыншылар, бүгінгі ойында сендерге үлкен сәттілік тілейміз.
Ал енді, ойынымыздың әділқазы алқасы және ойын барысымен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер.

Шын жүйрік шабысынан танылады,
Қатты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сізге құрметпен қол соғылады.
Әділқазы алқасының мүшелері:

Бейсембаева З. Т. – гимназия директоры

Каймакбаева С.С. – гимназия директорының ОІО

Некрасова О.А. – гимназия директорының ОІО

Аксамбиева А.К. – гимназия директорының ТІО

Султанова Г.А. – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ойын 3 кезеңнен тұрады:
І кезең «Бәйге» - ойынды бастамас бұрын ет қыздыру, яғни, балаларды ойынға бағыттау кезеңі.
ІІ кезең «Суреттер сыр шертеді тереңінен» - сурет бойынша танымал адам туралы әңгімелеу
ІІІ кезең «Көкпар» қазақ тілі бойынша сұрақтар

ІҮ кезең «Сөз асылы – мақал»- мақал – мәтел жарысы
Міне, құрметті ойынға қатысушылар, жанкүйерлер, қонақтар ойынның барлық ережелерімен таныстық, іске сәт.
Атыңнан айналайын, егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер! – дей отырып ойынымыздың
І кезеңін бастайық.
І кезең: « Бәйге» Құрметті ойыншылар, бұл кезеңде сендерге 20 сұрақ қойылады, ал сендер, сол сұраққа тез арада, сол сәтте жауап берулеріңіз қажет. Әр нақты дұрыс жауап 1 ұпай. Сұрақтар топтарға кезек- кезек қойылып отырады.Бірінші болып қай топ жаңылмай, мына сұраққа дұрыс жауап берсе, сол топ ойынды бастайды.

Биыл ҚР тәуелсіздігіне неше жыл толады? (24 жыл)
- Рахмет, Ал, онда ойынды бастайтын топқ іске сәт делік!

1топтың сүрақтары

  1. Сенің Отаның қалай аталады?

  2. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?

  3. Қазақ тілінде неше септік бар?

  4. Отан туралы мақалды аяқта «Отансыз адам, ....»

  5. Қазақстан тарихында неше астана болған?(9 Созақ,Сығанақ,Түркістан, Ташкент,Семей, Орынбор,Қызылорда,Алматы, Астана,)

  6. Көне түріктердің негізгі жазуы қалай деп аталады.(руна)

  7. Әдебиет” сөзі қай тілден енген? (араб)

  8. «Қара алтын» деп нені атайды?(көмір)

  9. Мемлекеттік елтаңбаның авторлары кімдер?

  10. «Невада-Семей» қозғалысының жетекшісі кім? (О. Сүлейменов)

  11. Ең ірі көл (Балқаш)

  12. Көлікті күтетін жер (Аялдама)

  13. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (Қазақ тілі)

  14. Бөле деген кім? (1 үйдің қыздарының балалары)

  15. Құлагер кімнің аты?(Ақан сері)

  16. Күрішті аймақ?(Қызылорда)

  17. Алтын адам табылған жер? /Есік қорғаны/

  18. Астана қаласының бейресми символына айналған ғимарат? (Бәйтерек)

  19. Сөздің ең түпкі мағына беретін бөлшегі? (Түбір)

  20. «Отан» сөзінің синонимы(туған жер,атамекен)

        2 топ сұрақтары

1.Қазақстан республикасының рәміздерін ата

2. Шоқан Уәлихановтың шын аты кім? (Мұхамедқанафия)
3.
Қазақстанның ең биік шыңы (Хан тәңірі) 
4. . “Шалға” қарағанда “балада” не көп? (буын, әріп)?

5.Бәйтеректің биіктігі неше метр?(97)

6. «Халық»сөзінің синонимі (ел)

7. «Родина начинается семейного очага» аудармасы қалай?

8.Мемлекеттік Гимнің авторлары кімдер?

9. Ең тәтті, ең ащы не? (тіл)
10.Астана қаласының бұрынғы атауы(Ақмола)

11.Жартылай тұщы, тұйық көл ( Балқаш)

12. Нағашы кімнің туысы? (Ананың )
13. Көмірлі аймақты астана? (Қарағанды)
14. Ең үлкен жануар? (кит)
15. Қазақта өлең атасы –Абай, күй атасы-Құрманғазы десе ән атасы деп кімді айтамыз? (Әміре)
16. Қазақстанның Ата Заңы қабылданған күн? (1995. 30. 08)
17. Карта жинағы? ( Атлас)
18. Құстың негізгі мекені? (Ұя)
19. Зат есімнің сұрақтары? (Кім? Не? Кімдер? Нелер?)
20. Жер шарының моделі?( Глобус)


- Рахмет, құрметті сайыскерлер! Осымен бірінші кезең аяқталды. Әділқазы алқасы әр топқа дұрыс жауаптарына сәйкес ұпай санын қойып та қойды.

Ал біз ойынымыздың ІІ кезеңіне көшейік.
ІІ кезең:
«Суреттер сыр шертеді тереңінен» атты бұл кезеңде сіздер мына дорбадан нөмірленген асық аласыздар және сол нөмірдегі сурет көрсетіледі. Бұл қазақ халқының өнер, мәдениет қайраткерлері мен тарихи тұлғаларының суреттері. Сендер суретке мұқият қарап, суреттегі тұлғалардың өмірбаяны мен Отан үшін, еліміздің тәуелсіздігі үшін атқарған қызметі жайлы, өз заманында әлемдік үлкен сахнаға шығып қазақты танытқан өнері, ерліктері жайлы айтып беру керексіздер. Дорбадан асықты таңдап алу үшін тобасшыларын ортаға шақырамыз.

(топтарға дайындалуға уақыт беріледі)

Топтарымыз дайындалғанынша, біз ортаға жақында мектебімізде өткен «Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында өткен мәнерлеп оқу байқауының жеңімпаздарын шақырамыз.

(Өлеңдер оқу)
Оқушылар екінші кезең бойынша жұмыстарын ұсынады.

ІІІ кезең «Көкпар». Бұл кезеңде 5 категория беріледі, әр топ кезекпен категорияны және ұпай санын таңдайды. Сұраққа дұрыс жауап берген жағдайда, топқа таңдаған ұпай саны беріледі.

  Категориялар:

 Тіл                   10 20 30 40 50 60

 Фонетика    10 20 30 40 50 60

 Синтаксис     10 20 30 40 50 60

 Морфология  10 20 30 40 50 60

 Әр түрлі        10 20 30 40 50 60

 Бөлім «Тіл»:

 10 ұпай. Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады?

 Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады.  

 20 ұпай. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі?

ҚР-ның мемлекеттік тілі -қазақ тілі

  30 ұпай.

 Тіл туралы мақал мәтел айт

 • Өнер алды –қызыл тіл.

 *Тіл жоқ жерде ұлт жоқ.

 *Тәрбие басы- тіл.

 40 ұпай.

 Қазақстан халықтарының тілдері күні қашан?

Қазақстан халықтарының тілдері күні 22 қыркүйек.

 50 ұпай. Сөздерді қазақ тіліне аударыңыз

 1) Родина ( отан)

 2) независимость  (тәуелсіздік)

 3) суверенный  (егеменді)

 4) государство (мемлекет)

60 Ұпай. «Полиглот» дегеніміз не?

Көп тіл білген адамды «Полиглот» деп атайды

 Бөлім «Фонетика»

 10 ұпай.Буынның түрлері нешеу?

 Буынның түрлері үшеу:ашық,бітеу,тұйық.

 20 ұпай. Дыбыстар неше топқа бөлінеді?

 Дыбыстар 2 топқа бөлінеді: дауысты,дауыссыз

 30 ұпай. Дауыссыз дыбыстардың түрлері қандай?

 Дауыссыз дыбыстардың түрлері: қатаң,ұяң, үнді.

 40 ұпай. Үндестік заңы нешеге бөлінеді?

Үндестік заңы екіге бөлінеді: дыбыс үндестігі,буын үндестігі

 50 ұпай. «Болашақ» сөзін аудар және неше дыбыс,буын,қандай буындар екенін айт.

60 Ұпай. Үндестік заңына бағынбайтын жалғаулар мен жұрнақты ата?

 Үндестік заңына бағынбайтын жалғаулар мен жұрнақтар: -нікі, -дікі, -тікі, -хана, -мен, -бен,      -пен

 Бөлім «Синтаксис»:

 10 ұпай. Сөйлемдер қандай топқа бөлінеді?.

 Жай сөйлем,құрмалас сөйлем

 20 ұпай.Тұрлаулы мүшелерді ата

Тұрлаулы мүшелер:бастауыш,баяндауыш

30ұпай. Құрмалас сөйлемнің түрлері

Құрмалас сөйлемнің түрлері салалас,сабақтас,аралас

40ұпай. Салалас құрмалас  сөйлемнің түрлерін ата

Ыңғайлас,себеп-салдар,қарсылықты, кезектес,талғаулықты

50ұпай.Тұрлаусыз мүшелерді  және олардың түрлерін ата

Анықтауыш,толықтауыш, пысықтауыш.Тура,жанама.Мезгіл,мекен, мақсат,қимыл- сын, себеп – салдар,

60 Ұпай. Ілік септігі сөйлемнің қандай мүшесі болады?

Ілік септігі сөйлемде анықтауыш қызметін атқарады.

Бөлім «Морфология»

10ұпай.Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

Қазақ тілінде 9сөз табы бар.(зат есім,сын есім,сан есім, етістік,есімдік,үстеу,шылау,одағай,еліктеу сөздер)

20ұпай. Күрделі сөздерді ата.

Қос сөздер,қысқарған сөздер,біріккен сөздер,сөз тіркестері

30 ұпай.Жалғаудың түрлерін ата

Көптік,жіктік,тәуелдік,септік

40 ұпай. «Жұмысшылармен» сөзіне морфологиялық талдау жаса

Жұмыс-түбір,шы-жұрнақ,лар-көптік жалғау,мен-септік жалғау.Зат есім,туынды,дара,жалпы.

50 ұпай. «Таулы» сөзіне морфологиялық талдау жаса

Тау-түбір,лы-жұрнақ, сын есім,дара,туынды,қатыстық

60 Ұпай Қазақ тілінде жинақтық сан есімдер нешеу?

Қазақ тілінде жинақтық сан есімдер жетеу.

 Бөлім «Әр түрлі сұрақтар»

 10 ұпай  Артық сөзді тап

 1. Тәуелсіз, егеменді, көпұлтты, кішкентай.

 2. Ту, елтаңба, астана, әнұран.

 3.Ресей, Қытай, Франция, Қырғызстан.

 20ұпай Қазақ халқының ұлы ақыны кім?

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев

30 ұпай. Тәуелсіздікке  неше жыл?Тәуелсіздікке -24 жыл.

 40 ұпай.Бұл жылдары не болды?   

 * 1991 ж 1 желтоқсан -(Қазақстанның тұңғыш Президенті сайланды.)

 * 1991 ж 16 желтоқсан -(Қазақстан тәуелсіз мемлекет болды).

  * 1992 ж 4 маусым - (Мемлекеттік рәміздер қабылданды).

 * 1993 ж 15 қараша - (Ұлттық валюта қабылданды).

 * 1995 ж 30 тамыз - (Қазіргі конституция қабылданды.)

50 ұпай Қазақтың тұңғыш ағартушы ғалымы  кім?

Қазақтың тұңғыш ағартушы ғалымы – Ыбырай Алтынсарин

60 Ұпай Қазақ халқының ежелгі баспанасы қалай аталады?

Қазақ халқының ежелгі баспанасы – киіз үй.


Жүргізуші: Үшінші кезең бойынша әділқазы алқасы өз ұпайларын қойып қойған да болар. Енді ең соңғы кезеңді бастамас бұрын «Отаным» әнімен

6«Г» сынып оқушысы Агаева Аминаны шақырамыз

ІҮ. «Сөз асылы - мақал» деп аталады.

Бұл кезеңде әр топ мүшелері бір минут ішінде Отан, туған жер, тіл тақырыбына неғұрлым көп мақал – мәтел айтуға тырысу керек. Қай топ көп айтса, сол жеңімпаз болады. 1 мақал, 1 ұпай.Бір топтың айтқанын екінші топ қайталаса болады, бірақ топ ішінде қайталану саналмайды.

Жүргізуші:- Құрметті ойыншылар, менің ойымша, мектеп бағдарламасын жақсы меңгерген сияқты. Енді бүгінгі ойынның қорытындысын шығару үшін әділқазы алқасына уақыт берейік.Сахнаға

7 «Г» сынып оқушысы Давыдова Аринаны

«Қазақ елі осындай» әнімен шақырамыз.

Жүргізуші:Тәуелсіздік таңы сендер, білемін,
Болашаққа бар білімін берерін.
Барыс текті жастар, сендер, білемін,
Жалындатып биік шыңда жүрерін,- дей отырып, бүгінгі додадан кім озып шыққанын білу үшін сөз кезегін әділқазы алқасына берелік.
(Әділқазылар ұпай сандарын айтып, жеңімпаз топты атайды)

Жүргізуші:Құрметті ұстаздар, оқушылар! Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында №18 гимназияда 17 қараша -15 желтоқсан аралығында өткен әдебиеті пәнінің декадасы да өз мәресіне жетті. ҚР Тәуелсіздігі мерекесімен құттықтау үшін және декада барысында өткізілген іс – шараларға белсенді қатысқан оқушыларды марапаттау үшін ортаға гимназия директоры Бейсембаева З.Т. шақырамыз.

Марапаттау рәсімі

Қорытынды: - Осымен бүгінгі іс- шарамызды аяқтауға рұқсат етіңіздер, қашанда ойымыздың көк жиегі биік болсын, жүрісіміз нық, еңсеміз биік, Тәуелсіздігіміз қуатты, жастарымыз намысты, ұлдарымыз қайратты, қыздарымыз сымбатты болсын! Атамекеніміз – Қазақстан жасасын!

«Атамекен» әні

hello_html_76a98da9.jpghello_html_m55d4fb38.jpghello_html_60783f56.jpg

hello_html_8846283.jpghello_html_58e9e711.jpghello_html_5ab9e6d0.jpg

Автор
Дата добавления 10.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Тесты
Просмотров1043
Номер материала ДВ-321799
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх