Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Тәуелсіздік күніне "Тәуелсіз елім Қазақстан" тәрбие сағаты 1 сынып

Тәуелсіздік күніне "Тәуелсіз елім Қазақстан" тәрбие сағаты 1 сынып

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:



Ленин жалпы негізгі білім беру мектебі











Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Тәуелсіз - елім Қазақстан



Дайындаған: 1 сыныптың жетекшісі

Темирханова С.Е.



















2015 жыл









Тақырыбы: Тәуелсіз- елім Қазақстан

Мақсаты:

  1. Білімділік. Оқушыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен, тарихымен, ел ордамыз Астана қаласымен таныстыру. Еліміздің атақты ақындары, ғалымдары, ағартушылары жайында мәлімет беру.

  2. Дамытушылық. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, тіл байлығын, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

  3. Тәрбиелік. Болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу. Патриоттық, эстетикалық тәрбие беру.

Әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік.

Түрі: жаңа білімді хабарлау, саяхат сабақ

Көрнекілігі: суреттер, ҚР-ның рәміздері,мақал-мәтелдер, музыка.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды отырғызып, зейіндерін сабаққа аудару.

-Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар, ардақты ата-аналар! Бүгін Қазақстан Республикасы, яғни біздің Отанымыз, алтын бесігіміз жайлы әңгімелесеміз. Сабағымыздың мақсаты: еліміздің тарихы жайлы, Астана қаласы жөнінде, Президентіміз туралы мәліметтер алу. Ізгі тілекпен бүгінгі сабағымызды бастайық.

Мұғалім сөзі:

Тәуелсіз елім - Қазақстаным” тәрбие сағатын бастамас бұрын, сіздерді бұл мерекенің маңызымен таныстырып өтейін.

- тәуелсіздік мерекесі

егеменді еліміздің мерекесі

отанымыздың мерекесі

- ал Отан деген не?

- Туған жеріміз деп нені айтамыз

-Қазақстан Республикасы- біздің туып өскен жеріміз, Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді. Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни біз үшін!

Қазіргі кезде ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырмыз, білім алуға мол мүмкіндігіміз бар.

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған.

Бұл далаға жылап келіп, уанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

Қазақ халқы еркіндікке жету үшін- қаншама қиындықты басынан өткізді. Мыңдаған жылдық тарихы бар,



Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар. Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.

Міне содан бері 24 жыл!





Шәкірттерім қазіргі кезде сен ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсың, білім алуға сен үшін мүмкіндік мол. Сен көп уақытыңды достарыңмен, туған – туыстарыңмен өткізесің, көңілді мерекелерді асыға күтесің. Саған қандай мерекелер ұнайды? Оларды қалай тойлайсың? Әрине барлық мейрамдар жақсы. Бірақ олардың арасында біздің мемлекетіміз үшін маңыздылары бар. Соның бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.



Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын-қыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын.





Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.

16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.

Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке. Желтоқсанда шәйт болған құрбандарымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық.

Желтоқсан құрбандары бір минут үнсіздікпен еске алынады.

Рахмет

Тәуелсіздігімізді желтоқсанның жемісі дей аламыз ба?

Қазақстан өз тәуелсіздігіне ұзақ та, қиын-қыстау

күрес жолдарынан өту арқылы қол жеткізді. Осы күресте

1986 жылғы желтоқсан оқиғасының алатын орыны ерекше.

Ол қазақтың қаншалықты қажыр-қайратты, төзімділігі бар

екенін көрсетті

Қазақстан жоғары Кеңесі 1991ж. 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз Республика деп жариялады. Екі жүз жылдай патшалық Рессейдің отары, жетпіс жылдан астам Кеңес үкіметінің бұғауында болған Қазақстан егемен ел болды.

Балалар, өткенге шолу жасайықшы? Өткен жылдар қандай ерекшеліктерімен есімізде қалды? Сол туралы ойымызды ортаға салсақ.

8 – оқушы:

1991 жылы 1- желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың президенті етіп сайлады.

9 - оқушы:

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан республикасының жоғарғы сесиясы

«Тәуелсіз демократиялық және құқылы» мемлекет деп жарияланды.

10 – оқушы:

1992 жылы 4 маусымда Президент Қазақстан республикасының мемлекеттік жалауы, елтаңбасы, әнұраны туралы. Қазақстан республикасының заңдарына қол қойды.

11 – оқушы:

1992 жылы 28 қаңтарда Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Ата заңы қабылданды

12- оқушы:

1993 жылы 12 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.

І- жүргізуші:

Тәуелсіздік - тірегім алмас үнді,

Тәтті үміті халқымның сан ғасыры

Көк байрақты , кемеңгер кемел ойлы

Келбетіңнен көремін жалғасымды.



-Егеменді Қазақтан!

Ән ұраным – жан ұраным,

Айтар әнім – сөйлер сөзім,

Туған жерім сағынарым.

Мәңгі бақи шырқалады,

Республика әнұраны.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Жаңағы біздің шырқап айтқан әніміз бұл жай ел туралы ән емес, бұл біздің еліміз үшін ерекше,құдіретті, ең қасиетті, әрі әдемі ән. Бұл ән Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі. Біле білсеңдер ҚР-ның үш мемлекеттік рәмізі бар. Ол Әнұран, Ту және Елтаңба. Жер шарында бар әр мемлекеттің өзіндік үш рәмізі болады. Әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар. ҚР мемлекеттік рәміздеріне- Ту, Елтаңба, Гимн жатады.Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрібір азаматтың міндеті.

Мемлекеттік рәміздерді біз қастерлеп сақтауымыз керек. (бұл жерде ҚР-ның рәміздерінің суреттері көрсетіліп, рәміздеріміздің авторы мен олардағы суреттердің не білдіретінін түсіндіру)



Біздің Отанымыз осы 24 жылда қандай жетістіктерге жетті соны тізбектесек:

* 1991 жылы 29 тамызда ҚР президентінің нұсқауымен Семей полигоны жабылды.

* 2 қазанда қазақстандық тұңғыш ғарышкер Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты.

* 1991 жылы 1 желтоқсанда Президент сайлауы болды.

  • Қазақстан өз тәуелсіздігін 1990 жылы 25 қазанда Мемлекеттік Егемендік Декларациясын қабылдап жариялады. Ал 1991 жылы 16 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды. 1995 жылдан бастап Қазақстан астанасы- АСТАНА қаласы.Мемлекет – адамдарды біріктіретін үлкен отбасы.

  • КОНСТИТУЦИЯ - мемлекеттің негізгі Заңы. Бұл Қазақстан азаматтарының қоғамда өмір сүру ережелері , Тәуелсіз Қазақстанның негізгі тұңғыш Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда, ал жаңа Конституция 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.

  • Ата заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы- Президент.

  • 1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумда Конституция қабылданды. 2015 жылы, яғни бір жылдан кейін Конституциямызға 20 жыл толады. Бұл біздің мемлекетіміз үшін маңызды мерзім. Конституция кітабы 9 бөлімнен, оның ішінде 98 баптан тұрады.

  • 1993 жылы 15 қарашада төл теңгеміз айналымға шықты


Сергіту сәті:

Қара жорға биін қойып билету



1998 жылы 6 мамырда ҚР президентінің нұсқауымен Ақмола қаласы – Қазақстан Республикасының астанысы Астана қаласы болып аталынды. Қазіргі кезде ел ордасы Астана қаласы ертегі қалашығына айналды. Түрлі мәдени құрылыс мекемелері, үйлер, ескерткіштер салынды. ( Бұл жерде Қазақ елінің бұрынғы астаналары жайлы айтылып, Астана қаласының суреттері көрсетіледі )

Қазақстан бүкіл әлемге қуатты, тәуелсіз, халық арасында бейбітшілік орнаған мемлекет ретінде танымал болды. Туризм, спорт, білім беру, медицина салаларында жетістіктерге жеттік. Халықтың тұрмыстық жағдайы әлдеқайда жақсарды. Мектептер, балабақшалар мен ауруханалар салынды, қалалар гүлденді. Зейнеткерлерге, дәрігерлер мен мұғалімдерге жалақыларын арттырды. Жалпы алғанда жұмыс істейтін адамдардың еңбегі артты.

Қазақстанда 16 миллионнан аса халық тұрса оның 130 әр- түрлі ұлт өкілдері. Әр халықтың тілі мен салт- дәстүрлері бар.Ал мемлекеттік тіл – қазақ тілі.

Қазақстанның табиғатты тамаша ,байлығы мол, жері көз жеткісіз ұлан- ғайыр.Біздің мемлекетімізде табиғатты қорғау үшін көп жұмыстар жүргізілуде. Отанды сүю- табиғатқа қамқорлықпен қарау, туған жерді бағалап сақтау.

Патриот болу үшін қандай жақсы қасиеттерді игеруіміз керек ? батыл, ержүрек, адал, шыншыл,

Ең бастысы- біз Қазақстан деген ортақ үйімізде Әніміз де, сәніміз де жарасып, ынтымақ пен бірліктің нәтижесінде тату- тәтті өмір сүріп жатырмыз.

Ендеше осы Тәуелсіздік мерекесіне арналған ән-жырымызды шашу етейік.




Қорытынды: - Сабағымызды аяқтай сіздерді Отанымыздың келе жатқан атаулы мерекесімен құттықтап, бүгінгі тәрбие сағатымызды М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңімен қортындылағым келеді:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты –

Мен жастарға сенемін!

Мен сенемін жастарға:

Алаштың атын аспанға

Шығарар олар бір таңда,

Мен жастарға сенемін!













Автор
Дата добавления 11.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров571
Номер материала ДВ-517247
Получить свидетельство о публикации

Комментарии:

8 месяцев назад

Рахмет


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх