Инфоурок Классному руководителю КонспектыУрок для классного руководителя

Урок для классного руководителя

Скачать материал
Қазақ халқының емдік сусындары.
Мақсаты: оқушыларға қазақ халқының емдік сусындары туралы мағлұмат беру, Туған жерге деген сүйіспеншілікке баулу.
Түрі : сынып сағаты
Барысы: Ұйымдастыру бөлімі
Кіріспе.
Мал және одан алынатын өнімдер қазақтың басты байлық қоры. Соның ішінде ұлт тағамдарының негізгі көзі болып табылатын сүттің орны бір бөлек. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен ақ деп атайды. Осы ақтан жүздеген, мыңдаған жылдар бойы халық аса бай тәжірибе жинақтай жүре одан жүзден астам тамақ түрлері мен дайындау әдістерін жасаған.Сөйтіп бір сүттен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ, тағамдар жасап шығарған. Сүт тағамдары да денсаулыққа да пайдалы және қоректік қасиеті де мол.Сауын малдан, яғни жылқыда-биеден, түйеден-інгеннен, сиырдан-сауын сиырдан, қой-ешкіде-саулықтан алынатын сүтті және оның қымыз, шұбат, айран, қатық сияқты өнімдерін бір сөзбен «ақ» деп атайды. Сүт және одан алынатын тағамдардың сапасы да, құнары да, нәрі де, өте жоғары болады. Сондықтан қазақ халқы ақтың орнын бір басқамен айырбастамайды. «Аузы аққа тиді», «уызында жарыған» немесе «уызында жарымаған» деген сөздер арқылы адам өмірі мен денсаулығы үшін сүттің орны зор екенін көрсетеді. «Ақты төкпе», «ақты аттама», «ақты ысыраптама, малдың желіні кетеді» деген қағида қалыптасқан ел ішінде. Көш алдынан ақ алып шығу, ұшынған өртке қарсы ақ төгу, үйге кірген жыланның басына ақ құйып шығарып салу, кісіге ақтан ауыз тигізу халық дәстүрінде бұлжымас заң, белгіленген жол-жоралғы болған. Балаларға сүт, басқа да ақ ішкізу, дімкәс, науқас, адамдарда сүт, қымыз, шұбат, тосаппен емдеу сүттің қазақ өмірі мен тұрмыс-салтында, емшілік өнерінде ертеден келе жатқан тәжірибе қазір де бар.Қымыз халқымыздың бірнеше ғасыр бойы үздіксіз пайдаланып келе жатқан ұлттық тағамы. Қымыз әрі сусын, әрі тағам, дертке шипа, жанға қуат. Қазақ халқының 100 жасаған ұлы ақыны Жамбыл:
Үйірілген қышқыл, тәтті, сары қымыз,
Ауруға-ем, сауға-қуат, дәрі-қымыз, – деп жырлаған.
Шұбат-сүт тағамдарының ішінде қымыздан кейінгі бағалы сусын. Оның түйе сүтінен жасалатыны барша жұртқа белгілі. Шұбат қымызға қарағанда дәмді, жұмсақ, майлы, әрі қоюлау болады. Оның қуаты мен дарулық қасиеті қымыздан еш кем емес. Екі-үш күндік шұбат ең жақсы, сапалы шұбат деп есептеледі.
Айран сиыр сүтінен жасалады. Сусын ретінде пайдаланады. Бұрынғы қазақтар дарумен (витамин) жоқ кезінде көктемде күн күркірегеннен кейін ауыл балаларына уыс жуа тергізіп әкелетін. Оны жуып, тазартып, турап айранға қосып балаларға әдейі жегізетін. Мұның бала организміне, денсаулығына пайдалы екені ежелден-ақ анықталған. Тосап – қой сүтінен дайындалатын дәрулік, емдік қасиеті бар сүт тағамы. Мұны әдетте ауру-сырқау адамдар үшін әдейі әзірлейді. Дені сау адамдар да ішуіне болады. Жас босанған әйелдерге ішкізеді. Тосап әрқашан сіңімді әрі емдік қасиеті бар адамға күш-қуат қосатын тағам. Мұны суық тигендерге, кеудесі ауырғандарға, қуаты қайтқан қарт адамдарға ішкізеді.Ашыған көже-қазақ сусыны. Жазда да, қыста да ішіп сусындап отырады. Ашыған көже дүкендердің қазіргі көптеген суларынан денсаулыққа әлдеқайда пайдалы әрі нәрі жоғары болады.
Ақірім негізінен сусын ретінде жасалады. Сүр еттің қою сорпасына айран, қатық, қымыз сияқты қышқыл ақ қосып әбден араластырады. Ақірімді қазақтар еттен кейін ішеді. Бұл әрі сусын, әрі тамақты басатын және оны бойға тез тартатын қасиеті бар нәрлі қоспа.
Қазіргі сусындар-кока кола, пепси, спрайт, фанта т.б. сусындардың адам ағзасына зияны туралы айту.
Ой толғаныс.Топтық жұмыс.
1-топ.«Қазақ халқының емдік сусындары және оның маңызы».
2-топ.«Қазіргі заман сусындары  мен олардың зияны».
3-топ.«Ауру түрлері және сусындардың ауруларға пайдасы».
Қорытынды. Дәрігер кеңесі.
Қымыз: денеге қуат береді, ас қорытуға көмектеседі. Жүйкені тыныштандырады, ұйқыны түзейді. Әсіресе өкпе туберкулезіне бірден бір ем. Ұзақ науқастанудан болған арықтауға, әлсіздігіне, созылмалы өкпе туберкулезіне қарсы алты ай қымыз ішкен кісі жетінші айда денсаулығы түзеледі. Қымыз ішкеннен кейін адамның тамаққа тәбеті артады. Сол кезде жас малдың етін жеп, сорпасын ішіп жүрген адам семіреді.
Айран: адамның өмірін бірден-бір ұзартатын ас.
1.Қан қысымы жоғары адамдар күнде тамақ ішкен соң 30 минуттан кейін250 граммайран ішіп тұрса, қан қысымы біртіндеп төмендейді.
2.Түнде ұйқысы қашатын кісілер жатар алдында бабымен әзірленген бір кесе айран ішіп жатса, ұйқысы тынышталады.

 

 

 

 

 

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы

Тобанияз атындағы орта мектеп

 

Қазақ халқының емдік сусындары!
 
Сыныбы: 10 «А»
Уақыты: 18.02.2015ж
Сынып жетекшісі: Бегейбаева Ш.Ж.
Оқу жылы: 2014-2015ж.

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок для классного руководителя"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

SMM-менеджер

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 610 310 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.01.2016 873
    • DOCX 15.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бегейбаева Шаттык Жариевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бегейбаева Шаттык Жариевна
    Бегейбаева Шаттык Жариевна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3456
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 91 человек из 33 регионов

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 33 регионов

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 20 регионов

Мини-курс

Продвижение экспертной деятельности: от личного сайта до личного помощника

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы политической науки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Музыкальная журналистика: история, этика и авторское право

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе