Инфоурок Начальные классы КонспектыУрок на тему Тәуелсіздік шыңы: 25 жыл бейбітшілікте

Урок на тему Тәуелсіздік шыңы: 25 жыл бейбітшілікте

Скачать материал

 

Тақырыбы: Тәуелсіздік шыңы: 25 жыл бейбітшілікте

Мақсаты: Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу. 
Жүргізуші:
Гүлдей көркем өңірі, 
Өнерді сүйген, өлеңді сүйген көңілі. 
Бақытқа бөленген, 
Көзі ашық көрермен, АРМЫСЫЗДАР! 

 

«Тәуелсіздік шыңы: 25 жыл бейбітшілікте» тақырыбында өтетін мәнерлеп оқу байқауына 

ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР! 

 

Жүргізуші:

Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,
Қажеті не басқаның өлшемінің.
Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,
Енді міне жетеді көпке үнім - дей келе, мәнерлеп оқу сайысына қатысушыларды таныстыра кетейік.

Бастауыш сынып оқушылары

2 «А» сынып оқушылар:

Нұрғали Нұрасыл

Жалғас Нұрайым

2 «Ә» сынып оқушылары:

Темірбек Бибінұр

Төлебаева Жансая

3 «А» сынып оқушылары:

Марат Сезім

Амангелді Еркежан

3 «Ә» сынып оқушылары:

Әбдіманап Аяулым

Әшім Ернұр

4 «А» сынып оқушылары:

Жарылқасын Ескендір

Дәулет

Жүргізуші:

ҚР – сының мемлекеттік гимні орындалсын.

 

Ең алдымен сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазылар алқасын тағайындап алайық:

1. Мектеп директоры:   М. Ш. Байдилдаева

2. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:   Г. Сүлейменова

3. ...

Жүргізуші:

Сайысқа қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Ән: «                                  »

Орындайтын: 

Жүргізуші:

Сайысты алғаш болып бастайтын 2 «А» сынып оқушысы Нұрғали Нұрасыл

Тәуелсіздік елдеміз

Тәуелсіздік елдеміз

Тәуелсіздік елдеміз,

Қуанамыз күнде біз.

Ата- бабам қалдырған,

Қазақтың біз батырымыз

Тәуелсіздік еліміз

Мәңгі жасар жеріміз

Тәуелсіздік жасаған

Аға, әпкелеріміз

Бабамның да арманы,

Осы еді ғой аңсаған,

Тәуелсіздік таңдары

Бақ береді баршаға.

Көк туымды қолыма,

Бүгін берік ұстадым.

Түсті бақыт жолына

Менің Қазақстаным!

 

2 «А» сынып оқушысы Жалғас Нұрайым

Тәуелсіздік ел мұраты,

Жас ұрпақтың болашағы

Ұялатып берік сенім,

Бағымызға жол ашады.

Тәуелсіздік мақтанышым,

Бізге бақыт сыйлаған.

Бейбіт күнде мен тынышпын,

Әрбір таңым нұр маған

 

2 «Ә» сынып оқушысы Төлебаева Жансая

                           Көк тудың желбірегені                               А.  Ахметбекұлы

Көк тудың желбірегені

Қазақтың асқақ беделі.

Махаббат, қайрат екеулеп,

Шымырлатқаны денені.

Көк тудың желбірегені

Жаныма қуат береді.

Таласқа түссе жан мен ту

Жан емес маған керегі,

Көк тудың желбірегені.

Көк тудың желбірегені

Елдіктің асқақ өлеңі,

Әр жаққа тартпай, Қазағым,

Бір сөзге жинал дегені.

Көк тудың  желбірегені

Бақыттың елжірегені,

Қиырда қалған Қазақтың

Азат Отанға жете алмай

Көзінің мөлдірегені.

 

2 «Ә» сынып Темірбек Бибінұр

           Кездесеміз әлі де            Қ. Рұсқұлбеков

Жалалы боп, қатты батты жаныма,

Жазалаушы қағаз алдым қолыма.

Жігіттер-ай, айтып-айтпай не керек,

Жазған екен маңдайыма, сорыма.

Біріншіден, мен анамды сағындым!..

Екіншіден, бұл Құдайға не қылдым?!

Бостандықта еркін жүрген жан едім,

Енді, міне, абақтыға жабылдым.

Әкетай-ау, Пайғамбардай жасың бар,

Туа бермес сіз секілді асылдар.

Қартайғанда жүрегіңді жаралап,

Кесір болды-ау біз секілді «масылдар».

Айналайын ағалар мен жеңгелер,

Бұл өмірде сіздерге кім тең келер.

Сүмірейіп сот алдында отырған

Бауырыңды енді кімдер ескерер.

Өздеріңе аман-саулық тілеймін,

Өздеріңмен бірге болсын тілегім.

Өздеріңе тіл қата алмай, достарым,

Қайғы-мұңлы өмірімді бастадым.

Айналайын қарындасым, қарағым,

Қолда кісен, мен айдауға барамын.

Қайғы шегіп, азап тартқан ағаңды,

Айтшы, жаным, қандай жанға баладың?...

Айналайын інішегім, құлыным,

Сені ойласам, үзіледі жұлыным.

Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай,

Кетіп барам мен айдауға, құлыным.

Қош болыңдар, ағайын-туыс бәрің де,

Қош болыңдар, жасыңыз да, кәрің де.

Қараңғылық баста тұрмас қашан да,

Бостандықта кездесеміз әлі де...


Амангелді Еркежан 3 «А» сынып оқушысы

Тәуелсіздік         Қ. Сарин

Еркіндігім.

Қасиеттім.

Қастерлім.

Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!

Кеше сенің келбетіңді арман ғып,

Боданына бұғауландық басқа елдің.

Бабалардың басын тігіп бәйгеге,

Аналардың жанарына жас бердің!

Уа, Еркіндік,

Қош келдің!

Өзегімді өртке ораған қоғамда,

Өз үйіме өзім өгей болам ба?!

Алшаң басып жүре алмаса алты алаш

Азаттығым! Қадіріңде жоқ онда!

...Саған жету қиын болса қаншалық,

Сақтап тұру қиынырақ одан да!

Алла берген азаттықтың әр сәті –

Аманат қой

Маған,

Саған

Оған да!

Саясатқа сермей алмай семсерді,

Езгі күнге тері қылдым еңсемді!

Желтоқсанда жалын атып жастығым,

Құрсау болған темір қоғам теңселді!

Есте даңқы қыршындардың қалды ма,

Сексен алты ерлігім бе – ей, ең соңғы!?

Уа, Еркіндік,

Құның немен өлшенді!?

Уа, Еркіндік,

Құның немен өлшенді?!

Сені көксеп

Боздақтарым өлсе өлді!

Сенсің менің ең ғажайып өлеңім,

Ең шуақты,

Ең шырайлы.

Ең шерлі!

Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын –

Құдай берген ғұмырымда өлшеулі!

 

 

 

 

Әшім Ернұр 3 «Ә» сынып оқушысы

Отан              М. Мақатаев

Отан!

Отан!

Сен болмасаң, не етер ем?

Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,

Өмірден бұл өксуменен кетер ем.

Құс ұясыз,          

Жыртқыш інсіз болмайды.

Отансыз жан өмірінде оңбайды.

Өзін – өзі қорлайды да, сорлайды.

Тірі адамға – сол қайғы!

Күн көреді,

Әкесіз де, анасыз,

Өмір сүрер.

Әйелсіз де, баласыз,

Ал Отансыз –

Нағыз сорлы панасыз?

Білесің бе,

Отанның сен не екенін?

Екі Отан жоқ.

Жалғыз Отан - мекенің

 

Әбдіманап Аяулым 3 «Ә» сынып оқушысы

Жан дала – Жәннат дала         К. Ахметова

Өзіңсің , Қазақстан, ән, арманым да,
Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.
Бір нәрсе жетпейді деу қате болар
Өзіңдей ұлан байтақ далам барында.
Гүл дала – Қазақстаным.
Сен барда ғажап шебер, ғажап ұстамын,
Түсінем өзендердің саз ағыстарын.
Қалай ақын болмайын, мен түгілі
Ұшады көгіңе жыр жаза құстарың.
Қырандар қанатында даңқы кеткен,
Дән дала – Қазақстаным.
Керегі жоқ даңқ дейтін маған сөренің,
Жетер біраз есіңде қала алса өлеңім.
Халқым маған сенеді әлсіз демей,
Үйткені мен, туған жер, саған сенемін.
Жасай бер , Қазақстаным.

 

 Дәулет     4 «А» сынып оқушысы

М. Мақатаев  «Үш бақытым»

Ең бірінші бақытым- Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал кінші бақытым – Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей – кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!...

Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.

Түтін түтет, Өс, өрбі, көгере бер,

Немерелер көбейсін, шөберелер.

Жадыңда ұста: Жақсылық күтпегейсің!

От емес, оқ сұрасаң менен егер!

Үш бірдей бақытым бар алақанда,

Мені мұндай бақытты жаратар ма?

Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,

Атырау, Алтай,

Арқа,

Алатауға!!!

 

Жарылқасын Ескендір    4 «А» сынып оқушысы

Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген         М. Мақатаев

Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген,

Не тындырдың «басымды иемменен?»

Оңай сөз ғой, құрбым – ау, оңай сөз ғой,

«Отан үшін өлемін, күйем» деген.

Өлім деген ерліктің қорегі ме?

Өлмей – ақ қой, бос сөздің керегі не?

...Егер Отан сыңсыған орман болса,

Жапырақ боп жармасқан терегіне.

Самалы бол, Отанның салқындаған,

Сандуғаш бол, сайратсын алтын далаң.

Семсері бол Отанның қынабында,

Сертке ұстаса, селт етпей жалтылдаған.

Шетсіз, шексіз, қиырсыз ұлы дала,

Шуақ болып шашылмай жылына ма?

Сүй Отанды.

Шыныңмен сүйіп өт те,

Гүл боп қадал ойына, қырына да!

«Жүз толғанып, күніне мың ойласам»,

Ақ басты алып анаммен шырайласам.

Қалай оны сүйем деп айта аламын,

Бірге күліп, қуанып, мұңаймасам?!

...Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген,

Іс тынбайды «жанамын, күйемменен»...

Өгей әке емес қой Отан деген,

Отанды мен Атамдай иемденем.

 

Жүргізуші:

Әділ – қазылар бір шешімге келгенше ортаға  ...    әнімен .... ортаға шақырамыз.

 

Жүргізуші:

«Тәуелсіздік шыңы: 25 жыл бейбітшілікте» атты мәнерлеп оқу сайысын қорытындылау үшін сөз кезегін әділ-қазыларға береміз.

 

Қорытынды: Осымен мәнерлеп оқу сайысымыз аяқталды, назар қойып тыңдағандарыңызға көптен-көп рахмет!

Сіздерді суретке түсу рәсіміне шақырамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№267 орта мектеп

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Тәуелсіздік шыңы: 25 жыл бейбітшілікте

 

 

Жауапты: В.Арленкеева

                    Г.Самидинова

               

 

 

 

 

2016-2017 оқу жылы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок на тему Тәуелсіздік шыңы: 25 жыл бейбітшілікте"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по трудоустройству

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 710 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.04.2017 465
    • DOCX 152.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Арленкеева Вераника Алжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Арленкеева Вераника Алжановна
    Арленкеева Вераника Алжановна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12853
    • Всего материалов: 23

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 22 регионов

Курс повышения квалификации

Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 953 человека из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 7 736 человек

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии управления профессионально-педагогической деятельностью учителей начальной и средней школы в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 84 человека

Курс повышения квалификации

Стратегия формирования навыков смыслового чтения у младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 145 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 831 человек

Мини-курс

От романтизма к современности: шедевры и новаторство

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Литература и культура

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Инвестиционная деятельность и проектный менеджмен

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе