Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Урок па начальному классе на теме "Қазақстан жалауы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Урок па начальному классе на теме "Қазақстан жалауы"

библиотека
материалов

Қарақия ауданы, Мұнайшы кенті

7 орта мектеп





Ашық сабақ:

Пәні: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Қазақстан жалауы



hello_html_m531c5044.png

Өткізген: Казбекова Д

Сыныбы: 0 «г» даярлық

















Сабақтық тақырыбы: Қазақстан жалауы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Балалардың білімін Қазақстан Респукликасының рәміздері туралы білімдері кеңейту.

Дамытушылық: Балалардың ой өрісін, тілін сөйлеу мәнерін дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды елі мен жеріне деген сүйіспеншіліктерін және оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап,ойын.

Көрнекіліктер: тақырыпқа байланысты суреттер, үнтаспа

Пәнаралық байланыс: құрастыру, бейнелеу, көркем әдебиет

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

  • Сәлеметсіздерме, балалар! Бүгін біздің сабағымыз, күнделікті сабақтан ерекше болмақ. Біздің сыныпқа көптеген қонақтар, ұстаздар келі отыр, қане балалар орнымыздан тұрып ұстаздармен амандасайық.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Сәлеметсіздерме!

Балалар жаңа сабағымызды бастамас бұрын, өткен сабақты қайталап кетейік.

- Біз қай мемлекетте тұрамыз? (Қазақстан)

- Біздің тіліміз қандай, біз қай тілде сөйлейміз? (қазақ тілі)

- Қазақстан қандай мемлекет? (Егеменді)

- Қазақстанның тұрақты халқы кімдер? (қазақтар)

-Біздің ел ордамыз қалай аталады? (Астана)

- Біздің ел басымыз кім? (Н.Ә. Назарбаев)

-Қазақстан республикасы рәміздеріне нелер жатады? «ту,елтаңба,әнұран)

Енді балалар орнымыздан тұрып әнұранымызды орындайық.

-Жарайсыңдар, балалар!

Енді балалар кім Отан,Қазақстан туралы тақпақ,мақал-мәтелдер біледі?

(Балаларға тақпақ айтқызу)

1 бала.

Отан-жерім, Отан-суым, Отан-қуат,нәр береді. Отан-ұран, Отан-туым, Отан-мәңгі гүлденеді.

2 бала.

Әйнегі-күн, шатыры-аспан, Кең дала.... Төсі толған егін. Көлдері күміс шашқан, Қазақстан-Республикам менің.

3 бала

Отан-Оттан да ыстық.

Жарайсыңдар, балалар!

II. Жаңа сабақ

Қазақстан жалауымен жақынырақ танысатын боламыз.

Самғаған көкте қыран,күн байрағы, Бүгінгі Қазақстан гүл жайнады. Атағы әлемге аян,айбары зор, Даңқы асқан,бағы тасқан нұрлы аймағы.

Балалар барлығымыз тақтаға назар аударайық. – Балалар тақтадан ненің суретін көріп тұсыңдар? (жалау) ия бұл Қазақстан жалауы 1992 жылы 4 маусымда қабылданып,6 маусымда күшіне енді. Жалаудың ұзындығы 2 метр,ені 1 метр екен.Жалаудың жобасын жасаған суретші Шәкен Ниязбеков деген аталарымыз екен. Балалар жалаудың түсі-көгілдір түс, аспан түстес.Көк түс тазалықтың, бейбітшіліктің белгісі яғни бүкіл тіршілік иесіне ортақ. Жалаудың ортасында күн бейнеленген.Күн бүкіл әлемге жарық сыйлап,нұрын шашып жылулық береді.

Күннің астында қандай құсты көріп тұрсыңдар? (Қыран) ия бұл қыран құсы,қасиетті құс,ол басқа құстардың бәрінен биікте ұшады.

Жалаудың оң жақ шетіндегі өрнек-қазақ ұлтын білдіретін ою-өрнегі.

Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар, алдымнан жел еседі. Кіп-кішкентай балалар, үп-үлкен боп өседі.

Қане балалар кім жалауға байланысты тақпақтар біледі?

1 бала

Көк аспандай көкпеңбек Қазақстан жалауы. Көк емес ол тектен- тек, елдің ашық қабағы.

2 бала

Ақ ниетті-алтын күн, Асқақ арман қыраны. Жалауы бұл халқымның, Мәртебесі,мақтаны.

3 бала

Көк байрақтың бетінде,

Қыран бүркіт қанаты.

Сол қырандай еркіндеп,

Бала өседі талапты.

-Жарайсыңдар, балалар!

Балалар сендер алдарыңдағы жалаудың суретін әдемілеп, түстерін айырып бояңдар.

Дидактикалық ойын: «Орнын тап»

Ойынның шарты: Тақтаға жалаудың бөліктерін орын – орына орналастыру.

-Өте жақсы балалар!

ІІІ. Қорытынды

Біз нені құрастырдық? (жалауды) Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Енді балалар елімізге жақсы тілек тілейікші.

ІҮ. Балаларды мадақтау.

  • Жарайсыңдар, сендер бүгін сабаққа жақсы қатыстыңдар. Елдеріңді қорғайтын жақсы азамат пен азаматша болыңдар. Қазақстанның жалауын биікке желбіретіңдер.






Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 12.08.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров276
Номер материала ДA-004658
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх