Инфоурок Начальные классы СтатьиЖаңаша әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.

Жаңаша әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.

Скачать материал

Жаңаша  әдіс – тәсілдерді  қолдану арқылы  оқушының 

шығармашылық  қабілетін  дамыту.

 

         «Білімді  ұрпақ – болашақ  кепілі», -  демекші,  қазіргі  таңда  елдің  болашақ  азаматтарын  қалыптастыру  бағытындағы  білім  беру  мәселесі – мемлекетіміздің  басты  саясатының  бірі.  Білім  мен  ғылымның  ел  дамуына  оңтайлы  әсер  етуі  үшін  оқыту  жүйесін  заман  талабына  сай  үйлестіре  алу  міндеті  туындап,  білімге,  бүкіл  оқу – әдістемелік  жүйеге  жаңа  талаптар  қойылуда.  Сондықтан  ұстаз  іс – әрекетін  жаңа  талап  тұрғысынан  ұйымдастыру – бүгінгі  күннің  өзекті  мәселесі.

         Сабақты  жаңашыл  үрдіспен  өткізу – оқушылардың  білім  сапасын  арттырып,  олардың  шығармашылық  және  ойлау  қабілеттерін  дамытып  отырады, ал  ұстаздар  үшін  кәсіби  шеберліктерінің  өсуіне  жәрдемдеседі.

         Мектептің  тірегі  де,  жүрегі  де,  білімнің  тұтқасы  да -  мұғалім.  Бала  тағдыры  қолына  сеніп  тапсырылып  отырған  басты  тұлға  да  ұстаз  екені  барлығына  белгілі.

         Тәуелсіз  елдің   тірегі – білімді  ұрпақ,  өркениет  біткеннің  өзегі – білім, ғылым, тәрбие  дейтін  болсақ,  осының  барлығының  бастауы – бастауыш  мектепте.

         Ал  бастауыш  буынның  негізгі  міндеті – баланың  жеке  басын  бастапқы  қалыптастыруды  қамтамасыз  ету,  оның шығармашылық  және  ойлау  қабілеттерін  дамыту,  өздіктерінен  ойлана  алатын,  ізденгіш  саналы  ұрпақ  тәрбиелеу.

         Шығармашылық  қабілет  әр  баланың  табиғатында  болуы  мүмкін.  Біздің  міндетіміз  оқушыға оның  бойында   көрінбей  тұрған  мүмкіншіліктерін  ашып  көрсету. Осы  міндеттерді  орындауға  мұғалімге  бірден – бір  керегі – дұрыс,  тиімді  әдіс – тәсілдерді  таңдап     пайдалану.

         Бүгінгі  таңда  технологиялар  өз  қолдауларын  тауып,  оқу  үрдісіне   қолдануда.  Технология – бұл  қандай  бір  жұмысты,  өнерді шеберлікпен  іске  асыру  жиынтығы. Бастауыш  сыныптарда  сыни  тұрғыдан  ойлау  технологиясы  қолданылуға  ыңғайлы,  былайша  айтқанда  маңызымен  мәні   зор  идеяларды  игеруге  болатын  нақты  әдістер  мен  тәсілдер.

         Сыни  тұрғыдан  ойлау  дегеніміз  не?

         «Оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту»   бағдарламасы  бойынша  ол:

         - шыңдалған  ойлау, кез – келген даму деңгейіне  байланысты   мәселелерге  сын  көзбен  қарау;

          - күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешім  қабылдауға  құштарлық;

         - үйрету  мен  үйрену  бірлігінің,  үйренудің  қызығушылығынан  тұратын,  үйренушінің  сеніміне  негізделген  құрылым.

        

 

 

«Сыни  тұрғыдан  ойлауды  дамыту»  технологиясы  үш  кезең  бойынша  қолданылады:

         1. Қызығушылықты  ояту

         2. Мағынаны  ашу

         3.Ой  толғаныс

         Осы  кезеңдердің  ұтымды  өткізілуі мынадай  мәселелерге  қол  жеткізеді:

         Оқушылар  басқалармен  қарым – қатынас  жасай  береді;

         Басқаларды  тыңдай  білуге, кезкелген жауапқа  сыйластықпен  және түсінікпен  қарауға  үйретеді;

         Өз  ойын  топ  алдында  ашық  айта  алуға, қорғай  білуге  баулиды;

         Керек  кезінде  өз  көзқарасын  дұрыс  өзгерте  білуге  үйретеді,  оның  дамуын  қамтамасыз  етеді;

         Ең  бастысы – оқу  мотивациясы  өзгереді,  өз  бетінше  ізденуге  ұмтылады, сабаққа  қызығушылығы  артып,балалардың  белсенділігі  өте  жоғары  болады;

         Мысалы: 2 сыныпта  әдебиеттік оқу  сабағында   Міржақып  Дулатовтың  «Қош  келдің, Наурыз!» тақырыбында өткен сабағымда  4  орталық  бойынша  жұмыс  жасадым.

         1. Оқу – жазу  орталығы;

         2. Өнер  орталығы;

         3. Бейнелеу  орталығы;

         4. Жарнамалау  орталығы;

         Әрбір  оқушы  осы орталықтар  бойынша  өз  ойларын  ашық  жеткізді,  бірлесіп,  ұжымдасып  жұмыс  жасады, бірінің  ойын  бірі толық  тыңдады  және  толықтырып  отырды, барлық  оқушы  толық  қамтылды,  бір  оқушының  өз  бетінше  өлең  шығаруға  төселіп  қалғанын,  сөздік  қорының  мол  екендігін  көрсетсе, ал  бір  қызым  5  минуттық  эссе  жазып,  өз  ойларын  толық  жеткізе  алды, сурет  салу  бойынша  өз  ойын  жүйелі  жеткізе  білген  оқушылар  көп  болды.

         Тақырыптың  жан – жақты  мағынасы  ашылып,  оқушылар  көптеген  мәліметтер  жинақтады  және  ізденіс  жұмыстарын  жасады.

         Бұған  дейін  оқушы  мұғалім  мен  оқулыққа  ғана  бағынатын  болса,  енді  сыни  тұрғыдан  ойланып  өз  ойын  дәлелдей  алатын  тұлғаға  айналады.    

Байқау,бекіту,есте сақтау  кезеңдері  бойынша  оқушының  түсінбеген  жерлері  қайта – қайта  түсіндіру  арқылы  85 % -ға  жетті.Жұптық  жұмыс   түрлері  оқушының  бір – біріне  деген  сенімін  арттырып,барлығы  жақсы  баға  алуға  талпынды. Сабаққа  деген  оқушының  қызығушылығы  артты,  барлығы  сабаққа  белсене  қатысты.

         Қазақ  тілі,  дүниетану  сабақтарында  қолданып  жүрген  «Таңертеңгілік  жиын», «Шаттық  шеңбері», «Топтастыру  стратегиясы»,  «Венн  диаграммасы»,  «Кубизм  стратегиясы», «Сәйкестендіру»  және  «Болжау  стратегиясы»  оқушылардың  білім  жинақтауда

 

 жан – жақты  ашыла  түсуіне   үлкен  жол  ашады.  

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына шараларды орындауы шарт:

1. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін уақыт керек.

2. Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.

3. Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.

4. Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау.

5. Кейбір оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету. “ Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту” технологиясы бойынша арнайы өткізілген курстардан дәріс ала отырып, өз сыныбымда осы жобамен жұмыс жасаймын. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік және көптеген адами қабілеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Оқыту мен тәрбиелеуге тың әдіс-тәсілдер енгізілді. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келеді. Кез-келген оқыту технологиясы мұғалімнен терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. Сондықтан оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын педагогтар ғана бүгінгі қоғамның мүддесі мен әр баланың үрдісінен шыға алады. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, жеке тұлғаны тек қана педагог қалыптастыра алады. Бастауыш сынып мұғалімі үшін оқушы жазылмаған тақта секілді таза, пәк.

Бастауыш сыныпта оқытудың негізгі міндеті-баланың жеке басының жан-жақты қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау мен дамыту, білімдерін ашу, дұрыс түсінік қалыптастыру.

1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер

Білім беру – жекелеген құбылыс немесе дағды емес, ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені деп айқындалған. Бағдарлама жалпы алғанда әлемдік дәрежеге жету мақсатын көздей отырып, жаңаша қырда қолданылатын технологияларды тиімді пайдалану.

2. Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.

3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау –одан арғы білім туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Мұғалімдер мен оқушылар өздерінің қандай мақсатқа жететіндерінің өлшемдерін түсіну. Осыған байланысты бағдарлама критерийлі бағалау тәсілдерін қарастырады.

4. Оқытуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды АКТ пайдалану

Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қоғамдағы өзгерісті танып білуге және оларды тез қабылдауда мол мүмкіндік береді. Жоспарланған сабақты тиімді өткізуге көмектеседі, оқушының ой өрісінің дамуына, зерттеулік жұмыстар жүргізуіне ықпал етеді. Бағдарлама соңында мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сенімді және сыни тұрғыдан пайдаланушыларға айналады.

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту

Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жасау. Оқушылардың қабілеттерін дер кезінде анықтай білген ұстаз болашақ талантты да тани біледі.

6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқу

Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Сол себепті бастауыш сынып оқушыларына сергіту сәтін жүргізуде жас ерекшеліктерді ескеріп отырып орындату қажет.

7. Білім беруді басқару және көшбасшылық

Аталған модуль білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алу керек деген тұжырымға саяды. Қандай жағдай болмасын, өзіңіздің өмірлік ұстанымыңызды таңдай білу, адамдық көшбасшылыққа негізделеді. Олай болса, бағдарламаның негізгі идеясы сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатыны негізделеді. Мектеп жұмысының бағдарламасына балаларға көшбасшы болуға үйрететін тренингтер, рөлдік ойындар кіреді.

Осы модульдерді тиімді пайдалану арқылы құзыретті мұғалім өз тәжірибесін жетілдіре түспек. Құзыретті мұғалімнің міндеті оқушының жеке тұлғалық ерекшелігіне мән беру. Құзырлы білім беруде ұстанатын факторы оқушының өздігінен білімнің мәнін меңгеруі және бағалай білуі. Бағдарлама нәтижесінде - тәуелсіз, ғылымға қызығушылығы оянған, білім алуға бейім, сенімді, жауапты, сын тұрғысынан ойлай алатын, өзгелермен еркін тіл табысатын, сандық технологияларда құзыреттілігін көрсететін оқушылар дайындалады. Елбасы Н.Назарбаевтың: «Біздің  міндетіміз -  бәсекелестікке  лайық  ұрпақ  тәрбиелеу», -  деген  пікіріне  қосыла  отырып,  саналы,  білімді  ұрпақ  тәрбиелеуде  шаршамай  еңбек  ете  білейік.

 

 

 

 Қорытынды: өзіміздің іс… тәжірбиемізді қорыта келіп, мынадай түйін түюге болады.

1.      Осы шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолданудан, оқушылардың пәнге қызығушылығы артты.

2.      Оқушылардың білім сапасы көтерілді.

3.      Оқушылардың логикалық ойлауы, шығармашылық іс — әрекетке қабілеті артты.

4.      Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына, сынып ұғымын қалыптастыруға, ата… аналармен ынтымақтасуға, оқытуда қиындық көріп жүрген оқушыға көмегі тиері сөзсіз.

Ол үшін жалықпай жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысымызда пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды. Баланың қиялын дамыта отырып, ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкіртіміздің танымдық қызығушылығы арта отырып, шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге көтеріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                            Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары, Алматы, 1994, 285 б.

 

2. Әбілқасымова А. Познавательная самостоятельность в учебной деятельности студента. - Алматы: Санат, 1998. -158 с.

3. Сабыров Т.С. Оқушы жастардың танымдық әрекетін арттырудағы оқытудың әдістері мен формаларының дидактикалық жүйесін тиімді қолдануға мұғалімді даярлаудың теориялық негіздері: п.ғ.д.... дисс. 13.00.01. – Алматы, 1996. - 278 с.

4. К.Ж.Бұзаубақова «Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру»,Алматы, 2002ж

5.Т.Мейірманқұлова «Білім берудегі инновациялық технологиялар», Алматы, 2000ж

5.Бастауыш мектеп №5,6,7 2010жыл

          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Жамбыл жалпы орта білім беретін  мектеп

 

 

 

 

 

 

 

Баяндама:

« Жаңаша  әдіс – тәсілдерді  қолдану арқылы  оқушының

шығармашылық  қабілетін  дамыту»

 

 

 

 

 

 

Бастауыш сынып мұғалімі:

Исабаева Ақтоты Тұрсынбайқызы

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жаңаша әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы оқушының шығармашылық қабілетін дамыту."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

PR-менеджер

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 948 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.04.2016 4518
    • DOCX 25.7 кбайт
    • 32 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Исабаева Актоты Турсынбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Исабаева Актоты Турсынбаевна
    Исабаева Актоты Турсынбаевна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13582
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Подготовка детей к школьному обучению в условиях вариативного дошкольного образования и реализации ФГОС НОО

Учитель по подготовке к школе (педагог)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 306 человек из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 613 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Курс повышения квалификации

Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 450 человек

Мини-курс

Проведение и применение трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 107 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 56 человек

Мини-курс

Психологическая работа с эмоциональными и поведенческими проблемами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 226 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 54 человека

Мини-курс

Аспекты эмоционального благополучия и влияния социальных ролей на психологическое состояние

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе