Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыЖастар жылына арналған кеш ""Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады" "

Жастар жылына арналған кеш ""Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады" "

Скачать материал

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, кешке қатысушы жас түлектер!

Бүгінгі "Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады" атты жастар жылы аясында өткізілетін  кешке қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Ортаға кешке қатысушы түлектерді шақырамыз:

1.      БА-15-1 тобының қатысушысы Хасанова Дана Серікқызы

2.      МБ-15-1 тобының қатысушысы Бектурсунова Нургул Бердимуратқызы

3.      ШБ-15-1 тобының қатысушысы Тоқбай Алтынгүл Аманқызы

4.      ИБ-15-1 тобының қатысушысы Пилтан Ботакөз Баймухаммадқызы

5.      МДБ-15-2 тобының қатысушысы Ізмағанбет Айгерім Айбарқызы

6.      МДБ-15-2 тобының қатысушысы Умирбаева Гүлмира Мұхтарқызы

7.      ӨБ-16-1  тобының қатысушысы Насихатова Назгүл Берікбайқызы

8.      ДТБ-15-1 тобының қатысушысы Саламатұлы Ерлан

9.       ДТА-15-2 тобының қатысушысы Сатыбалдиев Амандық Оқубайұлы

 (қатысушылар әділқазылар алқасының алдындағы нөмірлерді таңдап алады, кім қай нөмірді алғаны хабарланады).

Жүргізуші: Жастар – кез келген мемлекеттің ең белсенді мүшесі. Бүгінгі жастар – егеменді елдің ертеңгі үміті, ата-бабамыз сан жылдар армандаған тәуелсіздігімізді көзінің қарашығындай сақтайтын ұрпақ жалғасы.

Жүргізуші: Тұңғыш Елбасының жастарды қолдауға қатысты айтылған ойларының көрінісі биылғы жылдың Жастар жылы болып бекітілуіне негіз болды. Иә, Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаев 2019 жылды «Жастар жылы» деп белгіледі. Білімді, саналы ұрпақ қана ел болашағы бола алатындығын атап айтқан басшымыз бүгінгі жастарға зор міндет жүктеп отыр.

Жүргізуші: Ел үмітін ер ақтар. Сөзсіз, бүгінгі жаңа буын жас талап күш-қайраты бойында бар кезде елі, ұлты үшін қызмет жасауға міндетті. Өз Отанын әлемнің ең дамыған елдерінің қатарына қосу - білікті, иманды, саналы ұрпақтың қолында. Елбасының жолдауында айтылған келелі идеяларды жүзеге асыруда бізде өз үлесімізді қоспақпыз.

Топ кураторы: Ия, уақыт деген зымыран! "Кеше ғана бала ең, келдің ғой талай жасқа”, - деп ұлы Абай атамыз айтып кеткендей, жайқалған жасыл баудай болып үлкен білім ордаларының студенттері болып отырсыздар. Көк байрағын желбіретіп, Әнұраны асқақтаған егемен еліміздің ертеңі мен келешегі. 
Ертеңгі күннің құрығын қолға ұстап, жолға шыққан студент жастар жастар жылы қадамдарыңа нұр жаусын!

Бүгінгі кешті өткізудегі басты мақсат студенттік өмірдің қызықты сәттері туралы сұрақтарға жауап алу.

«Сәлем – сөздің анасы» дейді дана халқымыз. Ең алдымен, сіздермен салт-дәстүрден айнымай, сәлемдесуді жөн көрдік. Ол үшін «Сәлемдесу» тренингін бастайық.

Жүргізуші:Шарты: Сіздер алдарыңыздағы қағазға осында жиналған көпшіліктен кез-келген 3 адамның есімін жазасыздар. (Студенттер жазып біткен соң)

Ал, енді жазылған рет бойынша, әрбір қатысушы жазған адамды атай отырып, ортағашақырады (барлығы атап болған соң жүргізушінің айтуы бойынша мынаны орындайды:

1-ші жазылған адаммен құшақтасып амандасасыздар.

2-ші – қол алысу.

3-ші – бетінен сүю.

(Орындарына жайғасады)

Міне, болашақтың иесі – жастар! Сіздерге қарап, біз, жас буын өздеріңізден үлгі аламыз.

Студент ертеңіне жол ашады,
Асқақта нұрлы болар болашағы.
Дәл осы колледжде білім алып,
Арманға аласармас қыр асады,

деп бүгінгі студент, ертеңгі маман иелері сіздерге сөз кезегін берсек.

 

Жүргізуші: Таныстыру (Шарты: таныстыру тек колледжге және кураторға байланысты айтылады). Өздеріңізді таныстыра кетсеңіздер.

Жүргізуші:«Тығырыққа тіреу»  ситуациялық сұрақтар (сандықшадан сұрақтар алып, жауап береді)

Бүгінгі кешіміздің себепшісі болып отырған қымбатты студенттер, біз сіздерге арнайы дайындап әкелген жеңіл сұрақтарымыз бар, соған жауап берсеңіздер.

1.   Үш тілділік қажеттілік пе, әлде әркім өзінше үйрену керек пе? Немесе ұрпағымызға қай кезден бастап үйреткен дұрыс?

2. Жастар жылын қалай тиімді өткізуге болады? Жастарға билік, үкімет қандай қамқорлық жасағаны жөн?

3. Мәселен кәсіп жасағың келді, оны қалай жүргізу керектігін білмейсің немесе қаржы жоқ. Бұған не істеу керек? Кредит алу керек пе, әлде мемлекеттен көмек қажет пе?

4. Еліміздегі азғындықты қандай жолмен тоқтату қажет? Суицид, нашақорлық, ішкілік, қылмыс, т.б. Жастар не істеуі керек немесе өзің не істер едің?

5. Адам болашақ өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу қажет?

6. «Сіздер дәрігерсіздер» Қолыңызда жүрек біреу. Ол жүрекке мұқтаж 4 науқас жатыр.
1. Нәресте 6 айлық
2. Үйі жоқ бомж
3. 60 жастағы көп балалы ана
4. Дарынды жасөсірім

5. Мектеп бітіруші түлек

Қайсысына өмір сыйлар едіңіз?

7.  Сіз асыға киініп, сахнаға сөз сөйлеуге шықтыңыз. Зал лық толы көрермен. Кенет, өзіңіздің аяқ киімсіз шығып кеткеніңізді көрдіңіз. Оны байқап қалған көрермендер күліп жатыр. Не істейсіз?

 8.   Сіз РАВ 4-іңізбен көлік кептелісіне тұрып қалдыңыз. Жұмыстың басталуына 15 минут уақыт қалды. Кешіксеңіз, жұмыстан қуыласыз. Аяғыңызда биік өкше. Жеткенше 2 сағат. Қасыңызда метро да, автобус аялдамасы де жоқ. Әрекетіңіз?

9.  Жақсы маман болуы үшін адам нені біліп, нені үйренуі қажет?

10. Ең  алғаш оқу орнына келгенде қандай көңіл-күйде болдыңыз?

11. Мектеп оқып жүрген кездегі ең қызықты сәтті еске түсіріп айтып берсеңіз?

12.Куратор мен сынып жетекшінің айырмашылығы бар ма?

13.Не үшін осы мамандықты таңдадыңыз?

14.Үлкен аға/апасы ретінде ізбасарларыңа қандай кеңес берер едіңіз?

Жүргізуші:Үй тапсырмасы

 Уақыт шіркін зымырайды шақтары. 
Алдымызда ақ үмітпен атқалы. 
Жастық жігер, білімі бар, сөзге бай, 
Бозбала мен Бойжеткен ол күн мен ай, 
1-2 ай сауық құрып күнде жай, 
сессияда ұйықтамаған күндер-ай. 
Ауыл, ақша, сабақ, сосын вечер-той, 
Өмір мәні махаббатқа жетер ме ой... 
Үлгеретін ал осының бәріне, СТУДЕНТТЕР мықты халық екен ғой- дей келе, кезекті үй тапсырмасына береміз. (көрініс: «1-4 курс аралығындағы студенттік қызықты сәттеріміз»)

Жүргізуші: Хатқа жауап (экрандағы видео бойынша хатқа өз жауабын беру керек)

Салдарынан сенсіз өткен әр айдың,

Жанарыма жиылды ғой талай мұң.

Жүрегіме жазып қойып атыңды,

Өзің жаққа үмітпенен қараймын.

Сенсіз жерде сағыныштан сарғайып,

Сенсіз жерде қайғы мұңнан қарайдым.

Өтсін күндер, өтсін айлар, бәрібір,

Мен өзіңді бақытыма балаймын.

Және мәңгі жүрегімде тұрақтап,

Сен жанымда болғаныңды қалаймын.

Болсам деймін сенің мәңгі жаныңда

Өзіңменен өткен күндер жадымда.

Бәрі есімде алғашқы рет көктемде,

Көріп сені ғашық болған шағымда...

Содан бері көрудеміз көктемнің,

Шуағы мен ақпанның ақ қарын да ...

Сеніменен бірге көргім келеді,

Келер күннің арайланған таңын да.

Мен сенімен бақыттымын, бақ құсым,

Тек айналып кете көрме сағымға.

Жалғыздықтан асқан сірә бар ма мұң!?

Армандарым өзіңменен , ардағым!

Біле білсең, қай жерде де, қай жерде,

Тек сен болсаң, менің әркез зор бағымІ

Кеше түнде соның бәрін түсініп,

Саған жаздым осынау жыр жолдарын.

Сүемін ғой, мен өзіңді сүйемін,

Тілегім сол, тек қасымда бол, жаным!

Бақыт құсы бола білсең қолыма,

Мен боламын мәңгі сенің қорғаның?

Жүргізуші: Балалық шаққа саяхат

Балалық шақ ұмытылмас қызықты

     Ол қызықты кімдер бұзып сызыпты

      Естеліктер еске салып күлдірер

     Дәл сол шақтар қуанышты, қызықты.

    Кешімізге келген студент аға-апаларымызға тарту ретінде бір сәттік балалық шақтарынан көріністер сыйлағымыз келеді. Келесі кезекте «Балалық шаққа саяхат» ( слайдтан балалық шақтағы суреттері көрсетіледі, әрқайсысы көршісінің суретін таба білу керек, суреттер нөмірленген)

Жүргізуші: Есте сақтау қабілетін тексеру (қатысушылардың құлағына құлаққап кигізіледі, біреуіне ғана колледждің тарихы туралы мәтін оқылады, естіп тұрған студент мәтін оқылып болған соң, келесіге не естігенін жеткізеді, осылай соңғы студенттке дейін қайталанады. Соңғы студент не естігенін жалпы жұртқа айтады)

«1983 жылы 12 сәуірде  Маңғышылақ педагогикалық училищесі болып ашылды. Онда «Мектепке дейінгі тәрбие», «Бастауыш сыныпта оқыту» мамандықтары бойынша бірінші курсқа 180 адам қабылданған. Директоры Ушакова Анна Васильевна болды».

Қорытынды.

Жүргізуші: Енді осы кеште жеңімпаздарды анықтау үшін, әділқазылар алқасына уақыт береміз. Әділқазылар анықтап болғанша, қатысушыларға бірер сұрақтар қойсақ,-

Студенттер, ұстазға ұнағандар.

Сүрінгендер, кей жерде құлағандар

Қайтадан тапсырам деп жылағандар

Тәттіні, ащыны да татып тұрар

Студенттің сырына құлақ салыңдар,

Сонда да жанарлары жанып тұрар! – деп кеш қонақтарын ортаға шақырайық. Бүгінгі өздеріңізге арналған кештен қандай эмоцияда болғандарыңызды тексеріп көрейік. Біз, әрине, 21 ғасыр, дамыған заманда эмоцияларды қалай көрсетеміз? Әрине, смайликтер арқылы. Біз сұрақтар қоямыз, сіздер смайликпен жауап бересіздер, барлығыңыз бірдей.

1.Бүгін біздің кешімізге қандай көңіл-күймен келдіңіздер?

2.Бүгінгі кештен алған әсерлеріңіз қандай? (жауап алу)

3.Бүгінгі осы кешті ұйымдастырған МБ-17-1 тобына көзқарастарыңыз? (жауап алу)                   (Рахмет!)

Марапаттау  (Әділқазылар алқасына сөз беріледі).

Соңында:

Самғаңдар бейбіт елдің аспанында, 
Зулайды жастық дәурен қас - қағымда. 
Колледжің, оқытушыларың алтын қазық, 
Тілейді сәтті қадам жастарына. – дей келе бүгінгі жастар жылы аясында өткізілген кешіміз осымен аяқталды. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет! Жарқын күндерде кездескенше аман сау болыңыздар!  

«Студент  болу – жас адамға бақытты  болу  деген  сөзбен  тең» - деп  Тұманбай Молдағалиев айтқан екен. Сіздерге арналған әсем ән мен биді қабыл алыңыздар!

 

Жалпы би

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы  Маңғыстау гуманитарлық колледжі» МКҚК

 

 

                                                                                                               «Бекітемін»

                                                                                                    Директордың тәрбие ісі

                                                                                                    жөніндегі орынбасары

                                                                                                    __________Сармалаева С.К.

                                                                                                    «____»   _______   2019ж

 

 

 

 

 

 

АСУЛАРДЫ АЛАДЫ ЖАСТАР ӘЛІ,

ЗОР БОЛАШАҚ БҮГІННЕН БАСТАЛАДЫ

(жастар жылы аясында өткізілетін  кештің сценарийі)

 

 

                                                                                   Ұйымдастырушы топ: МБ-17-1

                                                                                    Топ жетекші: Козыбакова А.П.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтау қаласы

13.04.19ж

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жастар жылына арналған кеш ""Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады" ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор музея

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Ия, уақыт деген зымыран! "Кеше ғана бала ең, келдің ғой талай жасқа”, - деп ұлы Абай атамыз айтып кеткендей, жайқалған жасыл баудай болып үлкен білім ордаларының студенттері болып отырсыздар. Көк байрағын желбіретіп, Әнұраны асқақтаған егемен еліміздің ертеңі мен келешегі.

Ертеңгі күннің құрығын қолға ұстап, жолға шыққан студент жастар жастар жылы қадамдарыңа нұр жаусын!

Бүгінгі кешті өткізудегі басты мақсат студенттік өмірдің қызықты сәттері туралы сұрақтарға жауап алу.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 346 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.05.2019 5803
    • DOCX 25.4 кбайт
    • 16 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Козыбакова Алтын Панзабековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Козыбакова Алтын Панзабековна
    Козыбакова Алтын Панзабековна
    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 50426
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 21 региона

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 114 человек

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 216 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 557 человек

Мини-курс

Эффективность обучения школьников на уроках литературы

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 11 регионов

Мини-курс

Эффективное создание и продвижение школьной газеты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Каналы сбыта, продвижение и стимулирование продаж

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе