Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы"Жауырын" Этнопедагогикалық ойын. 4-сынып

"Жауырын" Этнопедагогикалық ойын. 4-сынып

Скачать материал

 «Жауырын» ойыны.

     Бұл «Жауырын» ойыны ұлттық нақышта құрылған. Ойынды ойнай отырып оқушылар икемділікке, қиялын дамытуға, пәнге деген қызығушылыққа ұмтылады. Ұмыт болған сөздерді меңгеріп, салт-дәстүрге, ұлттық құндылықты дәріптеуге тигізер пайдасы зор.

   «Жауырын» ойынында ой-санамен қабылдап, қолымен денелей жасап, адам баласының мүмкіндіктерін қалыптастырады, білімге деген құштарлығын дамытады. Ойындағы ережені түсіндіру барысында салт –дәстүрлерді, ырым мен тыйым сөздерді де жиі қолдана отырып, /Жауырыны жерге тимеген. Жауырыны қақпақтай..., Жауырынға қарап бабаларымыз төрт түліктің жай, күйін, қорасын, өрісін алдын ала байқап, болжап отырған. Қазағым оқымай-ақ дана болған. т. б/ ұлттық рухта тәрбиелейді.

    Ойын-жоғары көп ұпай жинау үшін; бір мезгілде бірнеше бала ойнайтын болғандықтан, қатарынан озсам деген талпынысты бойға қасиет ретінде сіңіріп, икемділік пен білімділікті ұштастыра отырып жетістікке жету болып табылады.

Мақсаты: Оқушылардың білім сапа көрсеткішін артырып, біліктілік дағдылары қалыптасады. Өтілген материалдарды ұмытпауды, ойнай отырып ойлауға үйренеді.Ұлттық рухта тәрбиеленеді. Елін жерін сүюге, Отанын ардақтауға, салт-дәстүрді ұмытпауға дағдыланады. Өз ойын еркін айтады. Салт-дәстүрлік білімдері дамиды. Қызығушылықтары, ептілік пен қырағылықтары артады. Дәлдікке, есепке үйретеді.

«Жауырын» ойынын ойнау ережесі.

   Ойынның құрлымы; малдың /қой, ешкі/ қол сүйектерінің жаурыны және сан сүйектеріндегі асықты жіліктің асығы алынады. Жауырын мен асық әрқайсысы жеке–жеке бас тұсынан тесіліп, бір-біріне жіппен байланады. Екеуінің арасы-40 см болады. Бабаларымыз жауырын сүйекті бірнеше бөлікке бөліп атаған. Солардың төрт бөлігін алып отырмыз. Әр бөліктің аты болады. Ол бөліктер 2, 3, 4, 5 ұпайдан сәйкес келеді.

2 саны /ұпай/ алу үшін, жауырынның «Қора» бөлігіне

/1, 2 саны І деңгейлік қарапайым сұрақтарға жауап береді./

3 саны /ұпай/ алу үшін, жауырынның «Өріс» бөлігіне

4 саны /ұпай/ алу үшін, жауырынның «Түлік жолы» бөлігіне

/3, 4 саны ІІ деңгейлік орташа сұрақтарға жауап береді/.

5 саны /ұпай/ алу үшін, жаурынның «Қазан» бөлігіне  жеке-жеке түсіру керек. /5 саны ІІІ деңгейлік күрделірек сұрақтарға жауап береді/. Ал 1саны /ұпай/ жауырын мен асық бір-біріне тиіп бөлікке тоқтап тұрмаса беріледі. Жауырын мен асық бір-біріне ешқандай тимесе 0 ұпай беріледі.

    Әр оқушы ұпайын өзі жазып отыруға болады немесе мұғалім жазып отыруға болады. Соңынан қорытындысын шығарып марапатауға, кері байланыс парағын жаздыртуға болады.

 

 

 

Ойынның басталуы:

   Оқушылар партада еркін отырады. Жауырын барған оқушы орнынан тұрып ойнайды. Өз қалауы бойынша ұпай санын қойып ойнайды.

Мәселен 3 ұпай саны  «Өріс»  бөлігі  делік. Жаурынды дұрыс ұстап асықты «Өріс» бөлікке түсірсе, ол оқушы  ІІ деңгейлік сұраққа жауап беріп, жауабы дұрыс болған жағдайда 3 ұпайды қанжығасына байлап, жауырынды келесі оқушыға береді. Жауабы дұрыс болмаса 3 ұпайы күйіп кетеді. Ойын осылай жалғаса береді.

Ескерту : Ойын барысында оқушылардың  /топтың/ жеңіске жетуі үшін; жауырынды дұрыс дәл орынды ұстау керек екендігі айтылады. Әр сабақ алдында оқушылар 1-2 минут жауырынды ұстап көріп дайындық жасауға болады. 4 оқушы арасынан 1 жауырын болғаны дұрыс.

/Жауырынды сілке  асықты өзі қалаған бөлікке түсіру/

Қолданылуы: Көбінде қазақ тілі, әдебиеттік оқу, математика, дүниетану пәндерінде тарауларды бөлімдерді қайталау кезінде, сынып сағаттарында, дене шынықтыру сабақтарында қолдануға болады. Жалпы әр бір пәнге қалай қолдану жеке ұстаздардың шеберлігіне байланысты деп ойлаймын.

Нәтижесі:

   Өткен сабақты есте сақтап, әр оқушы өз деңгейіне қарай білімдерін қайталай алады. Орындарынан тұрып тірек қимыл жасайды. Достық, татулық, төзімділік, сүйіспеншілік қасиеттері дамиды. Сөз қоры молаяды. Ұлттық тәрбие алады. Сөйлеу мәдениеті дамиды, байланыстыра сөйлеу дағдысы қалыптасады. Ептілігі мен қырағылығы дамиды. Оқушы білімдерін ойнай отырып тиянақтап жүйелейді.

    

 Бұл ойынның  2-сыныпта әдебиет пәніне қолданылған үлгісі ұсынылды.

          І деңгейлік  тапсырмалар:

1.Сиырдың пірі? \Зеңгі баба\

2.Дина Нұрпейісова қандай аспапта  ойнай алады? \Домбыра\

3. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы кім? /Ыбырай Алтынсарин\ т.б.с.с.

       ІІ деңгейлік тапсырмалар

1. Абайдың әжесі? \Зере\

2. Жусан, бойтұмар сөздер қандай әңгімеде кездеседі? \Сұлтан Бейбарыс\

3. Сынып, мектеп баға туралы әңгіме қалай аталады? \«Керемет баға»\ т.б.с.с

        ІІІ деңгейлік тапсырмалар:

1. Палуан Қажымұқан туралы жазған авторды атаңыз? \С.Сейфуллин\

2. Бұрынғы атауы «Верный» деп аталатын қала? \Алматы қаласы\

3. «Көксерек» әңгімесін жазған автор кім?  \М.Әуезов\

 

 

 

 

 

Жауырынның суреті:

 

 

3 cаны бар бөлік «Өріс»                                    2 саны бар бөлік «Қора»

4 саны бар бөлік «Түлік жолы»

 

SAM_6743.JPG

 

5 саны бар бөлік «Қазан»

 

 

 

 

Ақмола облысы Аршалы ауданы Сарыоба орта мектебінің

                    бастауыш сынып мұғалімі: Силам Досжан.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Жауырын" Этнопедагогикалық ойын. 4-сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по связям с общественностью

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 970 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.01.2017 1063
    • DOCX 585 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Силам Досжан Силамұлы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Силам Досжан Силамұлы
    Силам Досжан Силамұлы
    • На сайте: 7 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7090
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 142 человека из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания предмета «Родной (русский) язык» с учетом реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 234 человека из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 167 человек

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии управления профессионально-педагогической деятельностью учителей начальной и средней школы в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 84 человека

Мини-курс

Семантическое ядро: теория и практика сбора

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Литературные пути: от биографий к жанрам

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Архитектурное творчество для подростков (обучение детей от 12 лет и старше)

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе