Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы2017 жылға арналған сценарий

2017 жылға арналған сценарий

Скачать материал

 

БЕКІТЕМІН                                                       КЕЛІСЕМІН

Мектеп директоры:                                         Директордың тәрбие ісі жөніндегі _________   К.Г.Зауланбайқызы                   орынбасары: ________ А. Сейсеке

 

 

 

 

Төрле, төрле Жаңа жыл! 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сынып жетекшілері: М. Шілдебай

Н. Буралқиева

Сыныбы: 1 «А», 1 «Ә».                     

 

 

 

 

Тақырыбы: «Төрле, төрле жаңа жыл!»

Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру.Мерекелік көңіл-күй ортасын ұйымдастыру. Образдық бейнелерді сомдай білуге үйрету, хормен және жеке ән айту шеберліктерін арттыру. Би қимылдарын қызығушылықпен ырғақты сақтай орындауға төселдіру.

Жүргізуші: (ашылу салтанаты)

Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын
!

-         Құрметті балалар, ата – аналар, ұстаздар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған «Төрле, төрле Жаңа жыл!» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

 

Кел,балақай,шырша дайын 
Қол ұстасып ән салайық 
Жаңа жылдың жарқын айын 
Ән мен бимен қарсы алайық! –
деп, ортаға 1 «а» және 1 «ә»  сынып оқушыларын қошеметпен қарсы алайық! (ортаға оқушылар келеді). Балалар, келер жылға арналған тілектерің бар ма?

1-бала: Жаңа жыл бақыт әкелсін!

2-бала: Жаңа жыл барлығымызға тек жақсылық әкелсін!

3-бала: Жаңа жылда жаңа өмір басталсын!- ой, жарайсыңдар, балалар!

Нұрландырып маңайды,

Шыршамыз жарқырасын!

Жаңа жылдың құрметіне

Ақ тілектер ағылсын!-деп «Бірлік орта мектебінің» директоры Кембебаева Гүлнар Зауланбайқызына сөз береміз!

-         Балалар, білесіңдер ме, бүгінгі кешімізге сонау Алматыдағы цирктен  бізге сайқымазақ қонаққа келіпті! Оны көргілерің келе ме?! Ендеше ортаға сайқымазақты шақырайық! 1-2-3, Сай-қы-ма-зақ! Музыка орындалады.

Сайқымазақ: Ортаға  атып шығып:

Сәлеметсіңдер ме менің достарым!-  Балалар, сендер мені танисыңдар ғой?

-Иә.

- Кіммін?

- Сайқымазақ!

  Сендер мені танып қойғандарыңа қуаныштымын! Барлығың сондай әдемі болып кетіпсіңдер ғой! Бүгін бізде көңілді күн! Себебі, жаңа жылды қарсы аламыз! Ендеше не тұрыс! Мұнда сендермен бірге аналарың да келіпті! Мен сендердің көңіл-күйлеріңді көтеру үшін сонау жақ=тан келдім!Кешіміздің сәнін берер шыршамыздың шамын бірге жағайық онда!

-Иә!

Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайық.

Барлығымыз бірге

Кәне шырша таңырқат

Шамдарыңды жарқырат!-деп айтайық. (2-3 рет айту)

Ортада: сайқымазақтың фокустары.

-         Балалар, біздің биылғы жылымыз қай жыл? Ендеше маймылымыз ортаға шақырайық! Орманда ағаштан-ағашқа секіріп жүрген шығар! (ортаға салтанатты түрде  маймылды шақыру). Маймылға сөз беру.

Ән: «Шырша жыры»

Сайқымазақ: Достар, білесіңдер ме, мен жаңа жолда келе жатқанда Аяз ата мен Ақшақарды көрдім! Бірақ олар көрші ауылда қалып қалды.Ал біздің кешіміз Аяз атасыз қалай өтеді! Аяз атаның келгенің қалайсыңдар ма?! Ендеше Аяз ата, Ақшақар деп қаттырақ айғайлап көрейікші! Мүмкін біздің дауысымызды естіп көрші ауылдан ұшып келер ааа?! Қане, бәріміз АЯЗ ата Ақшақар! (3-4 рет)

Қардың дыбысы естіледі.

Балалар: Аяз ата, Ақшақар!

Әуен ойналады. Залға Аяз ата мен Ақшақар кіреді. Балалар қошеметтеп қарсы алады. Музыка орындалады.

Аяз ата:

Аяулы аналарға, ардақты ұл-қыздарға
Бүлдіршін балаларға бip сәлем!
Қандай жарқын жүздерін,
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Келіп жетті алыстан

Ақша қар:

Аяз ата қарашы, балалардың киімi қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де сұлуланып кетіпті.

Сайқымазақ: Аяз ата, Ақшақар!Ақ күрішімен бүкіл елге танымал болған «Бірлік» деп аталатын қасиетті мекенімізге қош келдіңіздер!

Аяз ата: Бәрекелді балалар! Мен сонау жерден ел аралап келе жатырмын! Көптеген өнерлі балаларды көрдім! Енді, осы мекеннің балаларының өнерін көріп бір шалқысам деймін! Маған дайындаған өнерлерің бар ма?

Сайқымазақ! Әрине, менің достарым, өте өнерлі, қане, достар, көрсетейік өнерімізді, Аяз атаға!

Ортада: би «Сантаклаустар».

Оқушылар өздерінің жаттаған тақпақтарын айтып Аяз атадан сыйлықтарын алады.

Ортада: би « Қар көбелектері».

Сайқымазақ:

Қуанатын шақ болсын,

Достарымыз ақ болсын.

Бізге келген жаңа жыл,

Құт береке бақ болсын!- деп арамызға келер жыл Тауық жылды шақырайық , балалар!

Ортаға «шип, шип шөжелерім!»  биімен тауық шығады.

 Армысың, аманбысың Жаңа жылым.

Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!

Жылқы жылы келгенде, сый ғып тартып,

Ақтарайық ән менен көңіл сырын.

-         Балалар, білесіңдер ме, ескі жылымыздың біздің арамыздан кететін уақыты болып қалды. Қане, Аяз ата, Ақашақар мен маймыл, тауығымызбен бірге шыршаны айналып әсем әуен ырғағымен айналсақ қайтедә?!

Маймыл жылы:

Жасампаз заман бұл заман,

Бүгіннен ертең ғаламат.

Алдыңғы сапта боларсың,

Келер жыл саған аманат, (тауық жылымен қол алысады) - Аяз ата, Ақшақар, балалар мен енді барайын. 12- жылдан кейін қайта кездесерміз.Мен өздеріңді қимай тұрмын! Хош сау болыңдар, балалар!

Жүргізуші:

-         Балалар, ескі жылымызды шығарып салдық! Енді мен сендермен бір жақсы ойын ойнағым келіп тұр!

Ойын: «Шар жару – Аяз атамен бірге ».

 Бізге ертегілер әлемінен келген қонақтарымызды қарсы алайық! Аяз ата бәрекелді, жарайсың, ой тамаша екен,қандай керемет киім сияқты марапаттау сөздерін айтып тұруы керек.

Аяз Ата:

-Қазіргі мына жаңа заманда енді әрине бәріміз фотоға түспейміз бе.Кәне менің жаныма жиналып естелікке суретке түсейік ия қызым. – деп немересіне бұрылады.

Ақша қар:

-Ия ата бұл балалармен суретке түсіп қалайық. Келер жылға естелік болсын!

Аяз ата, Ақшақар, ата-аналар мен балалар бірігіп бір әсем әуенге би билейік.

Аяз ата: Балалар, өнерлерің тамаша екен, бәрің бір-бір талант иесі екенсіңдер. Өнерлерің әрі қарай шыңдала берсін. Менің әлі баратын жерім көп, басқа да ауылдар мен қалаларда сендер сияқты балалар тосып отыр. Ақшақар екеуіміз қайтайық. Келесі жаңа жылда жолыққанша сау болыңдар!

Ақшақар: Сау болыңдар, балалар! Сабақтарыңды тек 4-5-ке оқыңдар!

1 жүргізуші: Балалар Аяз ата мен Ақшақарды бәріміз хормен шығарып салайық!

Балалар: Сау бол Аяз ата, Сау бол Ақшақар!

(Аяз ата мен Ақшақар шығып, кетеді.

Жүргізуші: Ән тындап, би биледік бүгін тойда,
Қалады бүгінгі күн ойымызда.
Демалып тауық жылына қадам бастық,
Жаңа жыл құтты болсын баршамызға!
- деп , осымен  «Төрле, төрле жаңа жыл!» атты жаңа жылға арналған кешіміз өз мәресіне жетті.Құрметті ата-аналар, ұстаздар кешімізге келіп көрермен болып қатысқандарыңызға көп-көп рахмет!

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "2017 жылға арналған сценарий"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Администратор баз данных

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 378 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.05.2017 878
    • DOCX 24.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шілдебай Мөлдір Кумісбекқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шілдебай Мөлдір Кумісбекқызы
    Шілдебай Мөлдір Кумісбекқызы
    • На сайте: 6 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 85093
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 63 человека из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 353 человека

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания предмета «Родной (русский) язык» с учетом реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 234 человека из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 167 человек

Курс повышения квалификации

Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 450 человек

Мини-курс

Эффективное управление запасами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Windows для начинающих: файлы, папки, текстовые документы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Анализ эффективности проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе