Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / Өзін - өзі тану пәнінен "Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп" атты сабақ жоспары 8 сынып

Өзін - өзі тану пәнінен "Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп" атты сабақ жоспары 8 сынып

  • Школьному психологу

Поделитесь материалом с коллегами:

Өзін– өзі тану сабағының жоспары

Мектеп Мәдениет қазақ –орыс орта мектебі Мерзімі:______

Мұғалім Исмаилова А.А. Сынып: 8 Оқушылар саны _____

Тақырып: Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп

Құндылық:сүйіспеншілік Қасиеттер: кешіре білу, адалдық, риясыз қызмет ету

Мақсатты: «Риясыз сүйіспеншілік» сөзінің мағынасын тереңінен ұғындыра отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндетті:

  • Кешіре білуге үйрету;

  • Адалдық қасиеттерің дамыту;

  • Риясыз қызмет етуге тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Тыныштық сәті. №3 Орманға ойша саяхат

  1. Үй тапсырмасын тексеру

«Екі дос» (аңыз әңгіме)

  • Осы әңгіме сендерге қалай әсер етті?

  • Осы әңгімеден қандай қасиеттерді өзіңе алуға болады?

  • Неліктеп екі дос осылай істеді деп ойлайсындар?

  • Екі дос қандай болды?

  • Жан жолдас деп айтуға болма?неліктен?

  • Екі достың арасында риясыз сүйіспеншілік бар деп айтуға болама?неліктеп және қандай әрекеттен байқадындар?


3.Дәйек сөз.

Не жетеді нағыздосқа, асылға,
Қуансаң да, қайғырсаң да қасыңда.
Қиналады — сен қиналсаң болғаны,
Ұйықтамасаң — ұйықтамайды ол дағы

Уильям Шекспир...

(Уильям Шекспир туралы қызық деректерді оқушыларға айтып беремін)

Дәйек сөзде қандай дос жайлы айтылған?

Осындай қасиеттермен бай досыңды, бауырым деп айтуға бола ма?

Егер дос болсан, қандай дос болу керек?

Нағыз дос болу үшін қандай қасиеттері болу керек?


4.Әңгімелеу (сұхбат)

І.Есенберлин

«Мен адамдарды құрмет тұтам.Бірақ олардың Американы не бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқандықтан немесе ғарышқа ұшуымен емес, тек таза көңілмен сүйе білу және жақсылық жасап, әділ бола білу, біреудің қайғысын бөлісе білуіне қарап .Өйткені адамды адам ететін және мәңгілік ететін –махаббат, әйтпесе бәрі де апат болар еді...

Тіпті, егерде ең ұлы ашылымдар болмаса да – бәрібір адамзат өмір сүрген болар еді, ал егер сүйіспеншілік жоқ болса, ол тез арада жойлар еді».

Осы әңгімеде сендер қалай ойлайсыңдар І.Есенберлин не айтқысы келді?

Соңғы сөзді қайталап,оқушылардан осы сөзді қалай сендер түсіңіндер?

Мұғалімнің сыйы:

Мультфильмы: Верните Рекса

https://youtu.be/Zh9T0VJ7Jek



5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Шағын қойылым Атасы мен немересі.

Атасы: Айналасындағыларды жақсы көрмеген адам әрқашанда өзін бақытсыз сезінеді.

Немересі:Барлық адамды жақсы көру мүмкін емес қой.

Атасы:Мүмкін болғанда қалай. Бұл –өте қарапайы нәрсе. Тек қана барлығына жақсылық тілеп, ниетің мен ойыңды жақсылыққа бағыштасаң болғаны.....

Немересі:Мен бұған қалай үйренсем екен....

Сендер қалай ойлайсыңдар бірінші адам неден бастау керек?адамзаттың бәрін сүю үйрені үшін?

Немересіне қандай кеңес берер едіңіз?


6.Үй тапсырма

Балаларға Ұлы адамдар туралы қызықты деректерді тауып алуға тапсырма беремін.Оқушылар Ұлы адамдар туралы бізге айтып, тауып алған материалдармен бөліседі.

Мысалы:

Каиржанова Лаура –Тереза ана туралы

Бейсенбаева Камила –Януш Корчак туралы

Абильдина Алия – Махатма Ганди туралы

Рахимова Айдана –Бауыржан Момышұлы туралы

Еркенов Ерзаман – Сократ туралы

Канапьянова Асылзат –Абай туралы


7.Топпен ән айту.

Сөзi: Хасен Закарияновтiкi.
Әнi: Оралхан Көшеровтiкi. 
Жанар Айжанова «Достарым»
Толтыра бiлiп көңiлдiң олқы бос жағын,
Қатемдi түзеп жол тапсам дұрыс қостадың,
Қиналған шақта бөлiсiп жүрек жылуын,
Жүрдiңдер сендер қолтықтан демеп достарым.
Жабыққан сәтте қас-қағым
Жанымды ұғар басқа кiм?!
Жаңа бiр әуен бастадым
Сендерге арнап , достарым.
Сағыныш толы кеудемдi кернеп жыр көшкiн, 
Достыққа келдi сағына әнмен үн қосқым,
Өтермiн мына өлшеулi ғана тiрлiкте,
Биiктен сайлап, орынын адал, шын достың.
Жабыққан сәтте қас-қағым,
Жанымды ұғар басқа кiм?!
Жаңа бiр әуен бастадым
Сендерге арнап , достарым.
Десек те қанша баянсыз достан түңiлдi ер
Қаншама арзан мiнезге куә жұмыр жер.
Асылдар аз ба, жанын да қияр дос үшiн
Соларға тағдыр, өкiнбей өтер ғұмыр бер. 
Жабыққан сәтте қас-қағым,
Жанымды ұғар басқа кiм?!
Жаңа бiр әуен бастадым
Сендерге арнап , достарым.


8.Соңғы тыныштық сәті.

Балалар енді көзімізді жұмып, бүгінгі сабақта өткен кезеңдерді есімізге түсірейік. Енді осы барлық жағымды әрекеттерімізді жүрегімізде сақтайық.

Сіздерге көп– көп размет!


























Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 18.01.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1161
Номер материала ДВ-351802
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх