Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалы«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған Қазақстан тарихы сабағының жоспары

«Өзін-өзі тану» пәнімен интегарцияланған Қазақстан тарихы сабағының жоспары

Скачать материал

«Өзін-өзі тану» пәнімен интегарцияланған

Қазақстан тарихы сабағының жоспары


Оқу орны: Қарағанды гуманитарлық колледжі.

Мерзiмі: 26.02.2016ж.

1

Тақырып: 1920-1933 ж.ж. Қазақстан ұжымдастыру.Голощекин геноциді және қазақ ауылының қасіреті.

Құндылық Қиянат жасау, Ақиқат,Дұрыс әрекет

Қасиеттер

  1. Оймен, сөзбен, не болмаса іспен тірі жанға зиян келтірмеу, әлеуметтік әділеттілік, адам құқығы.

  2. Өз өзіне есеп беру, шындықты жалғаннан ажырата білу.

  3. Қоғамға риясыз қызмет ету, әлеуметтік және азаматтық жауапкершілік.

Оқытушы: Исатаев Дархан Касарович.

Топ: Т-15.

Студенттер саны:37

Сабақ мақсаты: Ұжымдастыру жылдары қазақ халқының тағдырына , оның ауыл шарушылығына тигізген кері әсері мен орын толмас қайғы-қасіреті жайлы түсініктерін кеңейту арқылы ақиқатты көре білуге, ойымен, сөзімен, не болмаса ісімен тірі жанға зиян келтірмеу және адам құқығына қиянат жасамауға дағдыландыру.

Міндеттері:

  1. Білімдік: Қазақстанда Кеңес өкіметінің ұжымдастыру жылдарында жүргізген зұлмат саясатының салдары, голощекиндік «кіші қазан». Геноцид саясатының мән-мағынасы, барысы туралы.

  2. Дамытушылық: Негізгі оқиғаларды анықтау арқылы оны жадында сақтау, салыстыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, адал қарым-қатынас жасау іскерліктерін, өзіне, айналасына деген сыйластықты дамыту.

  3. Тәрбиелік: Отанға деген патриоттық сезімдерін шыншыл, адал, болуға тәрбиелеу.







Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

ДЖТ, Философия,

Интернет көздері, Кестелер, үлестірмелі қағаздар, суреттер,слайд, т.б.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. (оқушыларды сабаққа дайындау, оқулық, дәптерлерін алу)

Сабақтағы жағымды күйге келу. Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. (әуен ойналады)

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Сұрақтар:

1.Балалар,жаттығу барысында не сездіңдер?

2. Қандай күйде болдыңдар?

3. Жүректеріңмен тыныштықты сезе алдыңдар ма?

Қорытынды: Олай болса, осы жақсылықтарыңды жүректеріңде орналастырып, тыныштық қалпымызды сақтайық.

Ескертулер

  1. Үй тапсырмасын тексеру

«Ой толғаныс» кезеңі:

І-топ

«Үш жүз» партиясының идеологиялық ұстанымы қандай?

«Алаш» партиясының идеологиялық ұстанымы қандай?

«Шура-ислам», Шура-улема партиясының идеологиялық ұстанымы қандай?

1.

2.

3.

1.

2.

3.

1.

2.

3.

ІІ-топ

«Түркістан уалаятының газеті»,«Дала уалаятының газеті», «Үш жүз» газеттері

«Қазақ» газетінің негізгі идеялогиясы

«Айқап» журналының негізгі идеясы

1.

2.

3.

1.

2.

3.

1.

2.

3.

ІІІ-топ

Салыстырмалы түрде айырмашылықтары мен ұқсастықтарын жазу.

«Алаш» партиясы

Ұқсастығы

«Үш жүз» партиясы

1.Уақытша үкіметті қолдады


1. Кеңес үкіметі жағында болды

2. Нақты бағдарламасы бар, халыққа танымал өкілдері болды, өмір сүру кезеңі ұзағырақ болды.


2. «Алаш» партиясының дәрежесіне жете алған жоқ, себебі қазақ халқына танымал, әрі кеңінен насихаттауға мүмкіндігі болмай, өмір сүру кезеңі қысқа болды.

3. Мүшелері –либерал-демократар (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов т.с.с. дарынды зиялылар болды)


3. Партия біртұтас болмады, сондықтан мақсатына жете алмады.(сол қанатын К.Тоғысов басқарса, оң қанатын М.Әйтпенов басқарды)

4. «Автономия» туралы пікірлері – «көп ұлтты Қазақстан жеке автономия болса, ішіміздегі орыстар оны қолдайды» деп үміттенді.


4. «Автономия» туралы пікірлері – «көп орыс аз орысты қазаққа бауырлата қоймайды» деп есептеді.

5.Дін ісін мемлекет ісінен айыруды көздеді.


5.Дінге үлкен құрметпен қарап, қазақтың болашақ заңына шариғат қағидаларын енгізуді ұсынды.

6. «Қазақ» газеті арқылы өз бағдарламаларын халыққа жариялап отырды.


6. «Үш жүз» газеті арқылы өз бағдарламаларын халыққа жариялап отырды.

Студенттер жауабы талқыланып болған соң, оқытушы Қазақ баспасөзінің тарихы туралы анықтама бере отырып, студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында келесі сұрақтар қояды:

Сұрақтар:

  • Осы саяси партиялардың идеологиялық ұстанымдары әлеуметтік әділеттілік және адам құқығын қорғауға бағытталған деп ойлайсыздар ма?

  • «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналының идеялогиясында қандай құндылықтар бар деп ойлайсыңдар?

  • Көзіңді аш,оян,қазақ,көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті,дін нашарлап, хал hарам боп,

Қазағым,енді жату жарамас-ты деген М.Дулатұлының өлең жолдарын қалай түсінеміз?

Балалардың жауаптары тыңдалып, түйінделеді

Қорытынды:

- Олай болса, балалар, қоғамға риясыз қызмет ету, әлеуметтік және азаматтық жауапкершілік қазақ халықын азаттық рухы кең көсілген Арқадан кербез Алатауға дейінгі, алтын тамыр Алтайдан кәрі Каспийге дейінгі аралықта ұланғайыр даланың ұлы өркениетін қалыптастырған батыр бабаларымыздың қайсар мінезінен оянған едіғой. Тарихи деректерге сілтеме жасап нақты айтсақ, 550 жыл бұрын Керей мен Жәнібекке алғашқы қазақ хандығын құрғызған да сол бостаншыл рух емес пе еді?!



  1. Жағымды ой-пікір (дәйексөз)

  • ҚАНЫШ ЖЕТІМДЕРДІ ЖЕТІЛДІРГЕН

Бірде Қаныш түс көреді. Түсінде өлген әке - шешесінің көзін Қарашаңырақ деген қаршығасы шоқып жеп отыр екен. Сонда бір сұмдықтың болғанын сезіпті. Бөкеш ағасынан хат келеді.

Онда: «Қарашаңырақ иесіз қалды», – деп құпия сөз жазылыпты. Ол кезде хаттарды тексеретін болған. Асылында, Бөкеш біраз туыстарын алып, Омбыға көшіп кетіпті. Қаныш туған жерінде болып жатқан жайды көзбен көру үшін машинаға азық-түлік тиеп, ауылына келіпті. Аш-жалаңаш халыққа талғажау болатын азық-түлік үлестіріпті. «Үлкендерді алып кететін жағдайым жоқ, балаларды алып кетейін», – деп, үй-үйді аралап, жүруге жарайтын балаларды машинаға салып алыпты.

Өзінің туған әпкесі кезінде атақты бай болған, жайлауға жылқысы сыймаған Шорман әулетінің келіні екен. Ол да аштықтан көз жұмыпты. Әпкесінің көзіндей болып, құр сүлдері қалған екі жиенін көреді. Оларды жол жүруге жарамайды дегенге қарамастан, алып кетеді. Жалпы саны оннан аса шалажансар баланы құрым киіздерге орап, жолай ауыздарына су тамызып отырып, үйіне жеткізіпті. Таисия: «Бұл балаларды қайтеміз, қалай асыраймыз?» – деп шу шығарып, үйінде ұрыс-керіс болады. Қаныш бұл балалардан бұрын да аштықта қалған біраз адамды үйіне алып келген екен. Адам кейпін жоғалтып бара жатқан адамдарды көріп Таисия да қажып кеткен ғой. Сонда Таисияның шешесі келіп қызына: «Қызым, қазақ жігітіне тұрмысқа шығарда, оның туыстарының көп болатынын баяғыда ойлауың керек еді. Енді неғып тұрсыңдар, моншаны жағып, жуындырыңдар. Қаныш, сен құр тұрма, мата алып кел. Өзіміз киім тігеміз», – депті. Сол балалардың барлығы Қаныштың арқасында аман қалып, оқып-жетілген.

Соғысқа қатысқан. Соның бірі – Есіктегі «Алтын адамды» тапқандардың бірі, атақты археолог Кемал Ақышев. Ол Қаныштың аман қалған екі жиенінің біреуі.

Сұрақтар:

  • Осы әңгімеден не түйдіңіздер?

  • Осы әңгімедегі Қаныш Сәтбаев бойынан қандай құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді байқай алдыңыздар?

  • Адам өзіне қатысты қандай қиянат жасамауы керек?

Балаларға жаттату. Жатқа 2-3 баладан сұрау

Қорытынды: олай болса, балалар, ешқашан адамдарға киянат жасамай, әрқашан дұрыс әрекет жасап жүрейік. Ешкімге зиянымызды тигізбей, әр күнімізді қуанышты, еңбегіміз риясыз адал жасайық.



  1. Оқиға айту (әңгімелеу).

Хаттың мәтіні мынадай болатын:

БК(б)П Өлкелiк комитетiне, Голощекин жолдасқа
...«Бүгiнгi Қазақстан – бұл 163 миллион сомның товарлы өнiмiн беретiн, 40 миллион малы бар өлке», – деп жаздыңыз Сiз, Голощекин жолдас, 1930 жылы «Октябрь революциясының жеңiстерi» деген мақалаңызда («Қазақстанның 10 жылдығы» атты жинақ). ...

Бiрақ қазiр, Сiздiң мәлiмдемеңiзден кейiн 2 жыл өткен кезде Қазақстанда мал шаруашылығы саласында мал басының қисапсыз кемiп кеткенi әмбеге аян болып отыр: 1930 жылғы мал басының 1/8 бөлiгi (40 миллионнан 5 миллион) ғана қалды.

Тек байлар мен кулактардың ғана емес, тек жекеменшiктi орташалар мен кедейлердiң ғана емес, сонымен бiрге, негiзiнен алғанда, колхоздар мен колхозшылардың (iшiнара совхоздардың да) қоғамдастырылған және қоғамдастырылмаған малы да осындай зор шығынға, сұрапыл қырғынға ұшырады...
... Мал басының қисапсыз кемiп кетуi мен көптеген қазақ аудандарын қамтып, адамдардың жаппай қырылуына әкеп соққан ашаршылық (қыстың екiншi жартысынан бастап) жөнiнде әлi күнге дейiн ауыз ашпай отыру қаншалықты дұрыс?.. Нағыз көзбояушылар, көпiрме жоспарлар жасаушылар, оның үстiне өздерiне жүктелген нақты iс басқара алмаған, көзбояушылықпен «бәрi де жақсы» деп тұжырымдап, өнеркәсiп саласындағы жетiстiктерге арқа сүйеген, сөйтiп, осынау елеулi мәселелерге жұртшылық назарын әлсiреткен жер органдары мен ауыл шаруашылығы кооперативтерi одағының мүшелерi неге бүкiл жұртшылық алдында сабақ боларлықтай сазайын тартпайды?
Мүсірепов, Ғатаулин, Дәулетқалиев, Алтынбеков, Қуанышев.

Сұрақтар:

1. Хатта не туралы айтылған?

2. Ақиқатты айтуға не себеп болып отыр?

3. Ашық хат жазуға қазақ зиялыларына не түрткі болды деп ойлайсындар?

4. Кіші қазан не үшін ұйымдастырылды?

5. Сендер халық үмітін атқарар қызметте болсаңдар не істер едіңдер?

Қорытынды: Ендеше, балалар, ешқашан өтірік айтпайық, әрқашан бір-бірімізге көмектесіп, адал болып, шындықты айтып, әр ісімізде дұрыс әрекет жасап, өзімізге, айналамызға қиянат жасамауға тырысайық.



  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

«Тірі болсам...қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» эссе жазу.

Қорытынды:

Біз өз Отанымызды сүйе отырып, ондағы туысқан, басқа да халықтардың тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, мәдениетін құрметтеп, оймызбен, сөзімізбен, не болмаса ісімізбен тірі жанға зиян келтірмей және адам құқығына қиянат жасамай барлық ұлттың өкілдерімен татулықта, достықта өмір сүре білуге үйренейік.





  1. Топпен ән айту.

ЕЛӀМ-АЙ

Қаратаудың басынан көш келеді.
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Ел-жұртынан айрылған жаман екен,
Екі көзден мөлтілдеп жас келеді.

Мына заман қай заман? Бағы заман,
Баяғьідай болсайшы тағы заман,
Елім-ай, Елім-ай.

Атадан үл, енеден қыз айрылды,
Көздің жасын көлғылып ағызамын,
Елім-ай, Елім-ай.

Мына заман қай заман? Қысқан заман,
Бақыт құсы алаштан үшқан заман,
Елім-ай, Елім-ай.

Көк аспаннан топырақ, шаң борады,
Күні суық қаңтардан, қыстан жаман,
Елім-ай, Елім-ай

Сұрақтар:

1. Әннің мазмұнында қандай қасиеттер айтылған?

Қорытынды: Әнде айтылған қасіретпен қайғыны болдырмау үшін біз әрқашан, дұрыс әрекет жасап, өзімізге де, өзгеге де қиянат жасамауға дағдыландыланайық



  1. Үй тапсырмасы.

Өзіндік жұмысты орындап келу және оны қорғау.

- 1920-1933 ж.ж. Қазақстанды ұжымдастыру.



  1. Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен қою.

Ал, балалар, қолымызды, аяғымызды айқастырмай, арқамызды тік ұстап, терең демалайық. Көзімізді жұмамыз.

Бүгінгі өткен сабақты ой елегінен өткізейік. Тек жақсы, шындық нәрселер ойлауға тырысыңдар. Құндылықтар мен қасиеттерді еске түсірейік, Қиянат жасамау,ақиқат, дұрыс әрекет, ешкімге зиян келтірмеу, қуаныш, әділдік, шыншылдық, бір-бірімізге көмектесу, ойымызбен, сөзімізбен, не болмаса іспен тірі жанға зиян келтірмей, әлеуметтік әділеттілікті сақтай отырып, адам құқығы тек қана құрметке толы болсын. Енді көздеріңізді ашсаңдар да болады. Сабақ аяқталды, қоңырауға шығып дем алуға болады, сау болыңдар!




Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған Қазақстан тарихы сабағының жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 189 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.02.2016 1631
    • DOCX 39.2 кбайт
    • 14 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Исатаев Дархан Касарович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Исатаев Дархан Касарович
    Исатаев Дархан Касарович
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 40502
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Электронные образовательные ресурсы в работе учителя истории в контексте реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 129 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания курса «Россия в мире» на основе синтеза историко-культурного и социально-экономического знания

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 85 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по истории в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 191 человек

Мини-курс

Продвинутые техники нарративного подхода в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов

Мини-курс

Самосовершенствование: шаги к личному росту и эмоциональному благополучию

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 259 человек из 61 региона
  • Этот курс уже прошли 73 человека

Мини-курс

Стратегическое планирование и маркетинговые коммуникации

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 19 регионов