Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / История / Конспекты / Абай хандығы. Қосымша сабақ (дополнительный урок)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • История

Абай хандығы. Қосымша сабақ (дополнительный урок)

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: «Абылайдың түсі» І.Есенберлин («Қаһар» романынан)

Еліктеу сөздер. Еліктеу сөздердің түрлері

Сабақтың мақсаты: 1. білімділік: қазақтың ханы Абылайдың өмірімен, саясатымен танысу, философиялық ойларынан нәр алу;

2. дамытушылық: әр оқушының ой қиялына ерік бере отырып, өзінше ойын түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру, білімділігін арттыру, сөздік қорын байытып, тілін дамыту. Есте сақтау қабілетін ұлғайту. Оқушыларға тапсырмалар беру арқылы өз ойын көркем тілмен жеткізе білуге дағдыландыру екі тілде сөйлеуге машықтандыру;

3. тәрбиелік: Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтау мен нығайтуға, өз Отанын қорғауға жас ұрпақтар өсиетіне адал болуға, Абылай сияқты батыр болып өсуге тәрбиелеу;


Көрнекіліктер: Абылай ханның, Керей мен Жәнібектің портреті, презентация, суреттер;

Сабақтың түрі: білім мен іс-әрекет әдістерін жетілдіру

Сабақтың әдісі: СТО элементтері: «Топтастыру», «Синквейн», «5 минуттық эссе» стратегияларын қолдану;

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

-Құрметті оқушылар! Бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болмақ, себебі бүгінгі сабағымыздың қонақтары сіздерді тек қана жақсы жақтарыңыздан көргісі келеді.


Үй тапсырмасын тексеру. (кроссворд шешу)

Осы сөзжұмбақты шешкенде пайда болатын сөз бүгінгі жаңа тақырыбымыздың аты шығады. («Абылайхан»)


Жаңа сабақ.

Ілияс Есенберлин «Абылайдың түсі» («Қаһар» романынан)


Биылғы жылдың еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Биыл біздің мемлекетіміздің, яғни Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл. Қазақ халқының түрлі мемлекеттік бірлестіктерге бытырап, саяси бөлшектенуін жоюға әрекет жасау Жошы ұрпақтары – Керей мен Жәнібектің үлесіне тиді.
Кейін олардың жолын Абылай хан жалғастырады.

«Абылайдың түсі» мәтіні І.Есенберлиннің «Қаһар» романынан үзінді. І.Есенберлин 1915ж. Ақмола облысы Атбасар қаласында дүниеге келген.

«Көшпенділер» - «Кочевники»

«Қаһар» - «Хан Кене»

«Алмас қылыш» - «Заговоренный меч»

«Жанталас» - «Отчаяние»

I кезең. Қызығушылықты ояту.

Мұғалім:

«Қаһар» романы туралы қысқаша айтып өтетін болсақ, романда 18 ғасырда Абылайхан бастаған қазақ халқының қалмақ басқыншыларын біржолата талқан етуі; Абылайдың қазақ елін дербес Қазақ хандығына біріктіру әрекеті, Абылай хан мен оның батырларының ел тәуелсіздігі үшін күрестегі ерлік, даналық істері. Абылайханның қазақ елін біріктіру жолындағы жанталас күйзелістері бейнеленеді.

Елінің тыныштығы үшін Әділ атты баласын Қытайға, екінші ұлын Ресейге аманатқа жіберді.

Сонымен:

- Абылай хан кім?

- Абылай ханныың негізгі мақсаты не болды?

- Ол қандай адам болған екен?

Міне, осы сұрақтарға қазір өздерің дайындап келген мәліметтерден жауап алатын боламыз.


II кезең. Мағынаны ашу.

Оқушылар өздері ізденіп, зерттеп келген мәліметтерді ұжымдасып талқылайды. Тезистер жазып спикер қорғайды.

(«Абылай хан» деректі фильмі көрсетіледі)


Жаңа сөздермен, сөздікпен жұмыс.

Игі жақсылар – избранные ақтарыла түсті, төгілді – вывалился

Жүректі, қайратты – смелый, сильный

«Үш жүздің игі жақсылары» немесе «үш жүздің белгілі адамдары», «үш жүздің атқамінерлері», «үш жүздің сүт-қаймақтары» - сливки общества, избранные

Жүз – историческое название трех родоплеменных объединений казахов (Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз)

Есте сақтаңдар, жазыңдар:

Кенесары Қасымұлы – 1802-1847 жылдары өмір сүрген. Орта жүздің ханы, Абылай ханның немересі.

Бұқар – жырау, ақын.

Грамматикалық минимум.

Еліктеу сөздер. Еліктеу сөздердің түрлері.

Қоршаған ортадағы сан түрлі құбылыстар мен заттардың бір-біріне қақтығысуынан пайда болған дыбыстарға және олардың қимыл-әрекеттеріңің көрінуіне байланысты сөздерді еліктеу сөздер дейміз.

Мағынасына қарай (по значению)
1. Еліктеуіш сөздер – түрлі дыбыстарға еліктеуден туындаған сөздер.  (звукоподражательные слова, образованные для подражания различных звуков)  

Мысалы: тарс, ар, қарқ, сарт, саңқ, салдыр-күлдір, тасыр-тұсыр т.б. 

2. Бейнелеуіш сөздер – көру арқылы сипаттайтын еліктеу сөздер.  (образоподражательные слова)

Мысалы: бүлк, қалт, селк, желп, морт, қисаң-қисаң т.б. 


Еліктеуіш сөздерді оң бағанға, бейнелеуіш сөздерді сол бағанға теріп жазыңыздар. 
Селтең-селтең, сақ, сырт-сырт, жарқ, қарқ-қарқ, тық-тық, жалп-жалп, жалт-желт, тарс-тарс, арс, дүңк, лап, талтаң-талтаң, күмп, гүрс, баж.

 

Мына еліктеуіш сөздермен сөйлем құрыңыздар. Еліктеу сөздің 
түрін және синтаксистік қызметін анықтаңыздар.

Зыр, лап, күрк-күрк, шап, зірк, селк, зу, гүрс, сатыр-күтір, бұрқ-бұрқ. 

III кезең. Ой толғаныс (Рефлексия).

Шығармашылық ізденіс, интерпретация. Ойларын нақтылап, қорытындылау. Барлық топтарға 5 минут уақыт беріледі.

1 топ – 5 минуттық эссе жазады;

2 топ – «Синквейн» әдісі;

3 топ – Романнан үзінді оқиды;

4 топ – «Жұбын табу» ойыны, ассоциация құру;


Бекіту: - Бүгінгі сабағымыздан не білдік?

  • Абылайдың негізгі мақсаты не болды? (қазақ хандығының тәуелсіздігін сақтау, нығайту, үш жүздің басын біріктіру болды)

  • Абылайханның ұрпақтарынан кімді білесіңдер? (Кенесары хан, сұлтан Шыңғыс, ғалым Шоқан, тарихшы Ермұхан Бекмаханов)

  • Хандық құрған жылдары? (1771-1781)

  • Ерлік, батырлық туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?


Үйге тапсырма: Еліктеуіш және бейнелеуіш сөздерге үш-үштен сөйлем құрап келу.

Бағалау. Белсене қатысқан оқушыларды бағалау.






















Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 28.12.2015
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров196
Номер материала ДВ-293818
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх