Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / Адамнң шығу тегі және тарихи даму кезеңдері

Адамнң шығу тегі және тарихи даму кезеңдері



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:


Биология. 8-сынып.

Сабақтың тақырыбы:АДАМНЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ ЖӘНЕ ТАРИХИ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға адамның шығу тегі және даму тарихы туралы мәліметтер беру..

2. Оқушылардың адамның шығу тегі және даму тарихы туралы мәліметтермен таныса отырып, ғылыми зерттеулерге талдау жасау қабілетін дамыту.

3, .Оқушыларды еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақтың типі:Жаңа с абақ

Сабақтың түрі: Семинар

Сабақтың әдісі: сұбхат, баяндау, жоба құру.

Сабақтың пән аралық байланысы: Тарих,Қазақ әдебиеті..

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызбалар. Муляждар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

ІІІ. Бекіту.

ІV. Үйге тапсырма беру.

V. Үй тапсырмасын сұрау

І. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу, Сабақ мақсатымен таныстыру.

ІІ. Приматтар эволюциясы сүткоректі жануарлардың басқа отрядтары сиякты, шамамен, бұдан 60 млн жыл өтті. Үштік кезеңнің екінші жартысында кен таралған жоғары сатыдағы маймылдардың қазбалық тобы — дриопитектер екі эволюциялык бағытқа: понгидтер мен гоминидтерге бастама берді. Понгидтер ұрпағы — гориллалар мен шимпанзелер қазіргі кезде де тіршілік етеді. Гоминидтерге қазіргі уақытта бір ғана түр — Саналы адам жатады.

Адамның арғы тегі эволюция жолымен бірте-бірте кдлай дамығанын зерделеу киын: казба қалдықтар өте аз және олардың өзі толык емес. Сондықтар гоминидтер эволюциясының әр түрлі нүсқалары бар.

1-ші оқушы. Рамапитектер. ғалам-шарымызда (планета) 14 млн жыл бүрын гоминидтер тұқымдасына жатқызуға болатын маймылдар пайда болды деп болжайды. Бүлар — рамапитектер. Олар Үндістан, Шығыс Еуропа, Ресей аумағында тіршілік еткен. Олардың тісі алғашкы адамтәрізді маймылдарға қарағанда жетілген, күрек тістері мен азу тістерінің арасында ит тістері пайда болған. Рамапитектер өсімдіктекті азыкпен: астык тұқымдастар дәнімен, өсімдіктердің тамырларымен, сабақтарымен ж\е жапырактарымен қоректенген. Қорегін іздеу, жұлып алу, казу немесе аузына апару үшін үнемі енкейіп, иіліп не тік түрып, қолдарымен көптеген кимыл-козғалыстар жасаған.

2-ші оқушы.Аустралопитектер. Олардың көптеген казба қалдықтары Оңтүстік және Шығыс Африка аумағынан табылған. Аустралопитектер ізашарларына карағанда адамға көбірек ұқсас болған, Олар тік жүрген (бойы 120—130 см, салмағы 25—45 кг), беті жалпактау, миының көлемі орташа 530 см3 болған.

3-ші оқушы. Епті адам. аустралопитектерге сырттай өте ұқсас жануарлар тіршілік еткен. Олардың миының көлемі едәуір үлкен — 650—1100 см3 болған. Табанында осы заманғы адамдағы сияқты күмбез болған, яғни ол екі аяғымен тік жүрген. Бұл гоминидтін қолының саусақтары едөуір жетілген, бас бармағы баска саусақтарына қарама-қарсы орналасқан. Демек, ол қолымен тас құралды ұстап, оны пайдалана білген. Қазба жұмыстарында олардың қоныстарынан тастан жасалған қара-пайым құралдары табылған, өте ертедегі адамдардың алғашкы өкілдері болған дейді.

Адам эволюциясында біркатар ғалымдар үш сатыны бөліп көрсетеді: ежелгі адамдар, ертедегі адамдар, осы заманеы алгашцы адамдар.

4-ші оқушы. Тік жүретін адам. Ежелгі адамдардьщ қазба калдыктары Азия, Еуропа және Африкадан табылған. Демек, ежелгі адамдар біздің ғаламшарымызда кеңінен таралып тіршілік еткен. Оларды ғылымда тік жүретін адам деп атайды. Олар, сөзсіз, адамдар туысынын өкілі болып табылады. Олар бұдан бұрынғы 1 млн — 300 мың жыл аралығында тіршілік еткен. Олардың қазба қалдықтарын 1890 жылдары нидерландтык ғалым Э.Дюбуа Ява аралынан тапқан. Олардың бойы 160 см-дей болтан. Оның қазіргі адамдардан ерекшелігі — бас сүйегінің маңдай бөлігі артқа қарай жазық, тайқы, қасүсті доғалары алға қарай шығыңқы, астыңғы жақ сүйектері үлкен және ірі, иегі шығыңқы емес.Ежелгі адамдар белсенді тіршілік еткен: аң аулаған, өсімдіктерді, етті кесуге арналған қарапайым күралдар жасаған. Олар топ болып өмір сүрген — осылай жауларынан қорғану, азық табу, аң аулау, тұрғынжай салу оңай болған. Кейбір табылған қалдықтар олардың отты пайдалана білгенін дәлелдейді.

Тік жүретін адамдардьщ негізгі эволюциялык жетістігі тас құралдарын жасау, абстрактілі ойлау және сөйлеу нышаны болған.

5-ші оқушы. Неандертальдықтар. Бүл ертедегі адамдардың қазба қалдыктары Еуропа, Азия, Африкадан көптеп табылған. Ертедегі адамдар 300—400 мың жыл бүрын тіршілік еткен. Олар қаңка қалдыктары табылған Германиядағы Неандерталь аңғарына байланысты аталған. Неандертальдықтардың бас сүйегі күмбез тәрізді ж\е миыньщ көлемі1600 см3-ге жуық болған. Осыған қарамастан неандертальдыктардың сыртқы кейпінде көптеген қарапайым белгілер байқалған. Мысалы, қасүсті доғасы шығынқы, иегі аса жетілмеген. Бойы 170 см-дей, дене бітімі дұрыс, бұлшык еттері жақсы жетілген. Олар мұздык дәуірде тіршілік еткен. Суықтан сактану үшін олар отты тұтатуды және жағуды, теріден қарапайым киім тігуді үйренген.Неандертальдыктар 15—20 адамнан топ болып тіршілік еткен. Олар еңбекті бөлісіл атқарған: ер адамдар ірі жануарларды аулады; әйелдер мен балалар отты сөндірмей жағып отырған, жеуге жарамды өсімдіктерді жинап, ұсақ жануарлар мен құстарды аулаған. Тас қашаушылар тастан әр түрлі құралдар-пышақ, балға, балта, қырғыштар жасаған.

Ғалымдар осы замангы алгашқы адамдар, шамамен, 40 мың жыл бұрын пайда болған деп жорамалдайды. Олар неандертальдыктардың арасында өмір сүрген.

6-ші оқушы. Кроманьондыктар. Осы заманғы типті қазба адамдар кроманьондықтар деп аталады (Франциядағы Кро-Маньон үдгірінін. атауына байланысты). Олардың бойы биік (180 см-ге дейін), миынын көлемі 1800 см3 болған. Кроманьондыктарда осы замангы адамдарга тән барлық белгілер болған; бас сүйегі көлемді, иегі шығынқы, айқын көрінеді. Соңғы 40 мың жыл ішінде адамның сыртқы кейпі аса өзгерген жок деуге болады. Осы заманғы алғашқы адамдардан эволюция барысында Саналы адам пайда болды. Біз де Саналы адам (Homo sapiens) түрінің өкіліміз.

ІІІ.1.Ежелгі адамдармен салыстырғанда неандертальдықтардың жоғары құрылым деңгейінің болуына қандай факторлар әсер етті?

7. Неандертальдықтар қандай құралдар жасады?

8. Осы заманғы алғашқы адамдар қашан пайда болды?

9. Осы заманғы алғашқы қазба адамдар қалай аталады?

ІV. §3

  1. 1.Адамдардың жануарлардан ерекшелік белгілері қандай?

2. Жануарлар мен адамдардың ұқсастық белгілері қандый?




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 26.01.2016
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров227
Номер материала ДВ-381836
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх