Күні: 20.05.2015ж
Пәні:Сауат ашу
Тақырыбы: К дыбысы мен әрпі.Қайталау
Сабақтың мақсаты: Білімділігі:
К дыбысын қайталау. Дыбыстардың
ішінен ажырата білуге, сөздерді жазу мен оқуға, сөзді
буынға дұрыс бөлуге үйрету.
Дамытушылығы: балалардың ойлау қабілеттерін,тілін, қиялын
дамыту.
Тәрбиелігі:Ұқыптылыққа , еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: мүсіндеу,
бейнелеу,жапсыру,құрастыру , дүниетану.
Әдіс – тәсілі: ой-қозғау,сұрақ-жауап,ойын,
түсіндіру, жұмбақ шешу.
Көрнекілігі: Интербелсенді
тақта,оқулық,суреттер дидактикалық материалдар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық икем: Кел, балалар,
күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек!
Көңілді боп жүрейік!
Топқа бөлу: 1- топ: күшік, 2- көжек,
3-кірпі,4-көбелек
Әр
топқа қысқаша мәлімет беріледі.
Өткенді пысықтау: «Кубизм »
стратегиясы .
1.Дыбыс дегеніміз не?
2.Дыбыстар нешеге бөлінеді? Оларды ата
3. Нан сөзін жаз және дыбыстық талдау жаса
4.
5.
6.
Жаңа сабақ: Ой қозғау
Жұмбақ шешу: Гүл ұшып гүлге қонады,
Гүл бақшам гүлге толады. ( Көбелек)
-Көбелектер
туралы не білеміз?
Көбелектер
1 ай -1,5 өмір сүреді екен. Олар гүл шірнеліктерімен, жапырақтармен
қоректенеді.Көбелектер гүлді шаңтозаңнан, күн ыссылығынан қорғайды.Қорғаныш
реңіне байланысты өзіне түстес гүлдерге қонады.Көбелектер – олар өте жеңіл және
әдемі ғажайып жаратылыс. Бірақ олар өте нәзік жәндіктер.
-
Балалар
көбелек сөзін айтқанда қай дыбыстан басталып тұр?
-
К
дыбысы қандай дыбыс?
-
К
дыбысынан басталатын сөздерді айт.
Дәптермен жұмыс:
Суреттерге дыбыстық талдау жаса!
Тақтамен жұмыс:
Бағандағы сөздерді оқы!
1- топ: Ке,
ке, кеме, кесе,кеше
2-топ: Ек, ек. бек, тек, лек
3-топ: кел, кем, ке-ме, ке-мел
4- топ: Кө, кө,кө,көл, кө-же,
Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы - қырлы жерлерден,
Ытқып - ытқып жүгірді.
Қарап еді артына
Қиығын салып көзінің,
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің.
Дәптермен жұмыс: 1. Ауада жазу
2.Дәптерге жазу
3. Ребусты шеш: 1-түс атауы (көк)
2-суда жүзетін көлік түрі (кеме)
3-Қоянның баласы (Көжек)
4- Қыздар киімі (көйлек)
«Кім жылдам» ойын: Сөйлем құра:
Кітап, кесе, түлкі,өрік
Топпен жұмыс: 1-топ: ермексазбен
жұмыс
2-топ: суретті боя
3- топ: жапсыру (кемені жапсыру)
4-
топ :құрастыру (К дыбысын құрастыр)
Қорытынды:
Балаларды бағалау,мадақтау.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.