Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыАшық сабақ "Наурыз қалай тойланады?"

Ашық сабақ "Наурыз қалай тойланады?"

Скачать материал

Тақырыбы: Наурыз қалай тойланады.

Мақсаты: Наурыз мерекесі туралы түсінік беру.Қазақтың ұлттық тағамдары,ұлттық ойындары,ұлттық дәстүрлерімен таныстыру.Байланыстырып сөйлеуін,тілін,сөздік қорын молайту. Халқымыздың салт-дәстүрін қадірлеп,құрметтей білуге тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар,қонақтар жане «Бәйтерек» балабақшасының ұжымы сіздерді  «Ұлыстың ұлы Наурыз мерекесімен» шын жүректен құттықтаймыз.Келген  жаңа Мешін  жылымыз берекелі де мерекеге толы,ақ мол болып,ырысты да ынтымақты жыл болсын.

                 Қош келдің,Наурызым төрлет бері,

                  Қыр төсін жауқазындай өрнектеді.

                  Тіршілік тамырына нәр жүгіріп

              Жадырады адамдардың келбеттері-дей келе бүгінгі Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған «Бәйтерек» балабақшасының биші тәрбиешілерінің орындауындағы «Ақ шашу» биін қабыл алыңыздар.

      22 наурыз - Ұлыстың ұлы күнi. Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi. Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды. Бүкiл Шығыс халқына ортақ бұл мейрамда араздасқандар татуласып, дүйiм халық, мұқым ел ауызбiршiлiкте болады.
Ынтымағы жарасқан көп ұлтты елiмiздiң осы бiрлiгiн Құдай ұзағынан сүйiндiргей! Әрбiр шаңыраққа Қыдыр дарып, бақ қонсын! Мұсылман қауымына Исламның 7 байлығын тiлеймiз. Ұлыстың Ұлы күнi құтты болсын, ағайын!

Қыдыр атаның кіруі:

Дастарқандарыңа береке берсін,

Бастарыңа мереке берсін.

Астарыңа адалдық берсін.

Бастарыңа амандық берсін.

Дастарқаның тоқ болсын,

Уайым-қайғың жоқ болсын!

Бақ-дәулет берсін бастарыңа,

Ғұмыр берсін жастарыңа!

Пәле-жала, жын-шайтан

Жоламасын қастарыңа!

Аллаһу әкбар!

Ой рақмет ата айтқаныңыз келсін.Жоғары шығыңыз.

Залға Дінмұхаммед  кіріп «Наурыз» тойы басталды алақай деп- келуі.

Артынан ата мен апа кіріп той құтты болсын,ақ мол болсын!

Арсен атамыздан бата сұрайық:

Уа,жаратқан құдірет

Мал жандарын аман ет,

Басына бер зор бақыт

Асына бер береке,

Ғұмыр жасын ұзақ ет

Кәсібін адал кәсіп ет

Ұрпағын асыл ет

Бәле жаладан аулақ қып

Татырмай еш қасірет

Дүниенің бар жақсылығын

Осы «Бәйтерек» балабақшасына нәсіп ет !

Аумин!

Ой рақмет ата айтқаныңыз келсін.Жоғары шығып,біздің қадірлі қонағымыз болыңыз !!

Біздің балалардың  «Наурыз» тойына арнаған өлең жолдарын қабыл алыңыздар.

Балалардың орындауында «Гүлім менің» әнін қабыл алыңыздыр.

Султан: Наурыз тойы, елдің той

Көктем тойы-төлдің тойы.

Әнайтылды күні бойы,

Жақсы көрем Наурыз тойын.

Ақниет: Өніп еккен дәніміз,

Бүршік жарды бағымыз.

Сәскеде жаз,түнде қыс

Секілді екен Наурыз.

Дастарқанда дәміміз

Жайдрымыз бәріміз.

Жарасу бар, жаулық жоқ,

Қандай жақсы Наурыз.

Нурислам: Аман төлдеп малымыз.

Таттық тағы сары уыз.

Сүті көпте көмірі аз

Болады ғой Наурыз.

Медина: Қарды ерітіп жылғасы,

Наурыз  келді-жыл басы.

Шуақ төкті жарық күн,

Мейрамында халықтың.

Бата беріп атмыз,

Бата беріп апамыз,

Тәтті болып жасалған.

Наурыз дәмін татамыз.

Балым: Мерекені байырғы,

Алды халқым қабылдап.

Ақ дастарқан жайылды,

Ошақта от жалындап.

Аружан: Ата-бабам тойлаған,

Наурызым,армысың!

Қызығына тоймаған,

Дарқан дала,қарлы шың.

Қауыша алмай қанша жыл,

Қалдық сенен адасып.

Сағыңды қыз, аңсады ұл.

Төрле,есіктің бәрі ашық.

Мөлдір: Ысырып қарын даланың,

Жайнатып жүзін даланың,

Аңқытып қоңыр самалын,

Келді наурыз-март айы.

Кәусар: Күн менен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді

Іңкар: Төбеге күнді өрлетіп,

Ешкі мен қойды төлдетіп,

Қаймақ пен сүтті көлдетіп,

Келді наурыз-март айы

Теңеліп түн мен күндізі,

Ымдасып ай мен жұлдызы,

Жайраңдап елдің ұл-қызы

Келді наурыз-март айы.

Димаш:Жақсы ма,ата,халіңіз,

Меніңм атым- Наурыз.

Балдай тәтті сары уыз,

Алып келдім,алыңыз.

Қар астында қыс қалды,

Қар еріді,су ақты,

Алып келдімқұстарды,

Алып келдім шуақты

Амира:Жарқырап тұр күніміз,

Жайқалсын жас гүліміз,

Бақта бұл-бұл сайрасын.

Сәнді көктемнұрымен,

Наурыз тойы-жырымен,

Көңіл гүлдей жайнасын

«Қара жорға» биін қабыл алайық.

«Ару ғұмыр»әнін қабыл алыңыздар

 Әнін жазған: Бағлан Бәбіжан

Сөзін жазған: Нәзира Бердалы

Орындаушысы: Рахимджан Елдостың анасы

Ултанбекова Индира Кенесбаевна

 Наурыз мерекесінде ойналатын ұлттық ойындар: «Алтыбақан», «Ақ сүйек», «Арқан тартыс», «Қыз қуу», «Қазақша күрес», «Асық ату», «Тоғыз құмалақ» т.б ойындар ойнатылған. Соның ішінде біздің балалардың «Арқан тартыс» , «Қыз қуу», «Асық ату »ойынын тамашалайық.

Ой жарайсыңдар балалар!

Біздің әнші балапандарымыздың орындауындағы «Наурыз келді»  әнін қабыл алыңыздар.

Осымен біздің «Алтын-ай» тобының Ұлысытың ұлы Наурыз мерекесіне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!!! Келесі жаңа жылымызға дейін көріскенше күн жақсы болсын!!

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ "Наурыз қалай тойланады?""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист органа опеки

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 433 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.05.2016 1068
    • DOCX 18 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нурбекова Асия Жетписовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нурбекова Асия Жетписовна
    Нурбекова Асия Жетписовна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14212
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 188 человек из 49 регионов

Курс повышения квалификации

Программа воспитания в условиях организации дополнительного образования: технология разработки и оформления

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Курс повышения квалификации

Планирование и организация работы педагога-психолога ДОУ в сенсорной комнате

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 70 человек

Курс повышения квалификации

Деятельность советника руководителя по воспитательной работе в образовательной организации

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 248 человек из 58 регионов
  • Этот курс уже прошли 644 человека

Мини-курс

Развитие дошкольного мышления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Основы дизайна в Figma

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 86 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Современные вызовы педагогической профессии: развитие профессионализма педагогов в контексте улучшения качества образования

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек