Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыАшық тәрбие сағатты "Өшпестей із қалдырған бұл өмірде"

Ашық тәрбие сағатты "Өшпестей із қалдырған бұл өмірде"

Скачать материал

                

Кемел Тоқаев атындағы орта мектеп

Өшпестей із қалдырған бұл өмірде

 

                         Орындаған:         Ауельбекова

                                                      Нуржамиля

                                                        Ауганбаевна

                                                      3 «А» сынып

 

 

 

 

Үштөбе қаласы

Сәуір, 2013 жыл

Сабақтың тақырыбы:    Өшпестей із қалдырған бұл өмірде.

Сабақтың мақсаты:

 1.Оқушыларға детектив жанрының көшбасшысы,Ұлы Отан     соғысының ардагері Кемел Тоқаев туралы жан-жақты түсінік  қалыптастыру.               

 2.Кемеңгер тұлғаның қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі туралы білімдерін толықтыра түсу.

3.оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Ел ардақтылары батыр-әулие ата-бабаларымыздың суреттері,Кемел Тоқаев өміріне байланысты суреттер,жазба кітаптары,интерактивті тақта,оқушылардың шығарған өлең жолдары.

Сабақтың түрі: Танымдық сабақ.

Сыныбы:  3 «А» сынып

Сабақтың  барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

                                                                                               “Кемел басшы елге құт ”

                                                                             И.Байзаков.

2.Кіріспе кезеңі: (Мұғалім сөзі,музыка әуені ойнап турады.)

Қазақ елінің ұлан байтақ жеріндегі осынау қадірлі өлке,жер жанатты Жетісу аталған киелі өңірде өзіндік тарихи шежіресі қалыптасқан Қаратал ауданы.

Ежелден-ақ қасиетті Қаратал аталған бұл өлке жерінің қалқаны болған ерімен,ынтымағы жарасқан елінің панасы болған биімен танымал.Еліміздің тағдыры талайлы тарихында өзіндік ойып алған Қаратал бойында арғы заманда  ел ардақтылары:көрегенде көсем Ескелді мен Балпық,Жолбарыс пен Қарымбайдай әулие,егеулі найза қолға алған,еңку-еңку жер шалған Мықтыбек пен Тілеуғұл,Кәшке мен Бақайдай батыр тілдің майын тамызып,сөздің балын ағызып,қара қылды қақ жарған Айту мен Жәлменде би,Пышандай сазгер өмір кешкен.(Әулие аталардың суреттері).

         Қасиетті Қаратал-қашанан да өнер қойып,бақ дарыған өңір.Арғы дәуірді санамағанның өзінде бергі жиырмасыншы ғасырдағы қазақ халқының талай-талай  мақтанышы  осы біздің  Қараталдан шыққан(Қаратал өзеннің ағысы видеофильм).  Осы халық қадір тұтатын ағаларымыздың бірі Кемел Тоқаев(Кемел атаның портреті).  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


            Көнеқаз қариялар Жолбарыс әулие жатқан жердің батысына қарай Сарғабан деген жерде Кемелдің аталары мекен еткен дейді.(Сарғабан жердің көрінісі)-видеофильм.

            Кемел Тоқаев кедей отбасында дүниеге келген.Оның әкесі ауыр еңбекпен шұғылданған,ал анасы үй шаруасымен айналысқан.Ол отбасында екінші бала.Үлкен ағасы Қасым қазақ дәстүріне сәйкес атасының қолында тәрбиеленіп,сол себепті басқа фамилияға жазылған.(Жанұя суреттері)

            Кемел Тоқаев отбасын ауылда адалдығы,қайырымдылығы үшін және ұлттық салт-дәстүрді қатаң ұстайтындығына байланысты қадірлепті.

            Әке-шешеден ерте айырылып жетімдер тәрбиеленетін мектеп-интернатта оқып білім алды.

           Кемел Тоқаев интернатта жақсы оқыған.Ол оқуға деген ықыласымен , алғырлығымен ерекшеленіпті.Әсіресе,қазақ тілі мен әдебиет сияқты пәндердегі үлгерімі жақсы болған.

  Мектепте оқып жүргенде Кемел Тоқаев Абайдың шығармашылығымен танысып,ұлы ақынның,қазақ даласынан шыққан филосовтың дана туындыларын ерекше жақсы көрген.Бұл кейінірек мамандық таңдауға үлкен роль атқарды.

          Кемел Тоқаев өмір бойы білім алуға ұмтылды.Ол шектен тыс еңбекқор және төзімді болатын.Мектеп берген мінездемесінде “Кемел Тоқаев оқуға ынтасы күшті,қоғамдық өмірде белсенді,тәртіп бұзған жоқ ”-деп жазылған.

           Орта мектепті аяқтағаннан кейін әскер қатарына алынып Бішкек қаласындағы әскери училищеде оқып Сталинград майданының 226-атқыштар девизиясында бөлім командирі болып соғысқа қатысады.

            Ердең ерлігі сынға түсіп,Елдің елдігі таразыға тартылған түста ел намысы жер күйісі үшін шыбын жанды шырқыратып найза ұшына байлап жауға қарсы тұрады.(Майданға атанар алдында, жауынгер,жас офицер,майдандас достар суреттері)

            Ел намысын қорғады

            Ол туралы жазылған

           Ән мен жырдың тандары

           Кемел ата- батыр аға,

           Ер жүректі асыл аға

          Халқын сүйген  мақтанышпен,

          Қазақта ол мәңгі дара.

            Жоғары оқу орнына түсу оның басты арманы еді.Ол жылдары жетім балалар үшін бұл өте батыл жасалған жоспар іспетті еді,өйткені,оларға ол кезде көмектесіп,қол үшін беретін ешкім болмайтын.

              1945 жылы Қазақ мемлекеттік Киров атындағы университетінің  филология факультетіне  оқуға түседі.Оқи жүріп “Лениншіл  жас ” газетінде қызмет атқарады.Оқуын аяқтаған соң Жамбыл облыстық газетінде жұмыс істеп жүріп көркем шығарма жазуға ниеттенеді.(Қаламдас журналистер арасында суреті)

-Сізді бөлеу құрметке

Парызымыз деп білемін

Кемел ата тұлғанды

Мақтан етіп жүремін

Сізге өлең арнаймын,

Мәңгі сақтап жүректе

Өзіңіздей  жазушы

Болу менің арманым

Ұмытпаймын ешқашан ,

Көкіректе сақтаймыз

Сіз туралы сырларды

Шашу қылып жырлаймыз

-Мұра жазып қалдырған

Кемел біздің атамыз

Сіз сияқты атақты

Мүмкін біз де болармыз!

Жазып кеткен жырларың

Үлгі болып қалады

Өнегеңіз әрдайым

Жадымызда турады

 - Өзіңіздей жазушы

Болу менің арманым!

Ұмытпаймын ешқашан,

Көкіректе сақтаймыз

Сіз туралы сырларды

Шашу қылып жырлаймыз!

             Қазақ ССР Жоғары Советінің “Жаршысында” 17 жыл бойы,хатшы,жауапты редактор болып қызмет жасайды.Сол жылдары жазушының қаламынан (флипчарт жазба кітаптары көрсетіледі) “Көмескі із”, “Түнде атылған оқ ”, “Қастандық ”, “Арнаулы тапсырма ”, “Қыс қарлығашы ”, “Соңғы соққы”, “Солдат  соғысқа кетті ”, “Ұясынан безген құс”, “Сарғабанда болған оқиға ”(жазылған кітаптар көрмесі)

 

 

Солдат соғысқа кетті             Соңғы соққы             Қыс қарлығашы        Арнаулы тапсырма

 

Овал: Кемел Тоқаев шығармалары
 


Ұясынан безген құс                                                                                                  Қастандық

 


                                                                                                                                     Түнде атылған оқ

 


Сарғабанда болған оқиға

Көмескі із

Тағы басқа  айтары сонарға түскен соқпақтай айқын шығармалары жарық көреді. (үзінді оқылады)

Кемел Тоқаев “Сарғабанда болған оқиға” –үзінді

“Е,жаратқан жалғызымның  жаның сақтай гөр!Дүние қызығын көрмей өткен сорлы пенденді аясаңшы.Жиырма жыл бойы мәпелеп өсірген бақытым ,үмітім емес пе еді.Менің көрген азабым аз ба?Жақсылығынды менен аясаң ,бар жамандығынды мен бейбақтың басына үйе бер.Тек жалғызымның жаның қалдыр.

-Зембілдің жақтауын саусағымен демеп келе жатқан Сәндібала бөрттпе шәлісінің ұшымен көзінің жасын сүртіп,зарлап келеді.

-Апа жыламыңыз.Міне ауруханаға  да жеттік.Енді қауіп жоқ.Рахымыңыз әлі айығып кетер,-деп сестра Айда Глухова Сәндібаланы жұбатады.

-Құдай тілеуңді берсін.Сөзің періштенің құлағына шалынсын .-Сәндібала күрсініп тіршілік белгісін бермей сұлқ жатқан баласына қарайды.Дірілдеген саусақтарымен  Рахымның тамырын ұстап қояды.Бар үміті әлсіз соғып жатқан көк тамырда”.

         Кемел Тоқаев “Түнде атылған оқ ”- үзінді.

“Бүгін 8 қыркүйек сондай ауыр күн болды.Полктің екі танк ротасы қазір ғана теміржол станциясын  алды.Танкпен бірге автоматчиктер,атқыштар дивизиясының жауынгерлері шабуылға шыққан-ды.Кең алаң жыпырлаған кісінің өлігі.Азғана аялдап вокзал үйлерін шапшаң қарап шықтық.Вокзал үйінің астыңғы қараңғы қабаты кісі өлігіне лық толған.Немістер шегінген кезде қолға түскен әйелдер мен балаларды, кемпір-шалдарды топтап айдап әкеп шетінен ата берген тәрізді.Кейбір кісінің денесі шіріп бұзылған.Жағымсыз иіс мүңкиді.

            Сыртқа атып шыға бергенде жылаған баланың дауысы шықты.Одеров қолфонар сәулесін жүгірте түсіргенде екі-үш жасар бала қалың өлік арасынан еңбектеп жылап келе жатты.Одеров жүгіріп барып тік көтеріп құшақтап,бауырына қысты. Сталинград түбінде жау тылында жеті тәулік бойы қалғанда мойымаған хас батыр қазір жылап тұр еді....

          Сталинград қаласының орталығын жарып өтіп Химия заводына қарай бет алды.Танк ротасы сол маршпен ұрысқа кірісті ”....

  -Кітап жазып шығарған,

Кемел біздің атамыз

Сіз сияқты жазушы,

Мүмкін біз де болармыз

Кітабыңыз әрқашан,

Үлгі болып қалады

Өнегеңіз әрдайым

Жадымызда тұрады.

         Атақ, даңқ, дәулет пен бақыт-осының қай қайсысы да жыл құсы секілді басыңа күн арнап, жаның жылынғанда ғана ұя салатыны белгілі.Өнер табиғаты,жазу техникасы,әңгіме өрнектеуі,кейіпкер тұлғалаулы өзгеше.Кемел Тоқаевқа да атақ пен даңқ ұзақ сүргіндер мен тынымсыз тартыстан  кейін,жігерлі қайратының еселі ісінің арқасында келді.Бостандықтың бұғауын үзіп,қабырғасыз  қапастан құтылуға талпынған 1986 жылы дүниеден өтті.

   -Кемел ата,мәңгі жаса

Деп едік,амал бар ма?

Бұл жалғанда

Бірақ сені көрмедік

Барынды сен үйреттің

Барынды сен үлгі еттің

Үйрендік біз бәрін де,

Үлгі тұттық сізді де

       Тәуелсіздігімізді алғаннан 1996 жылы Қ.Р-үкіметінің 3 сәуірдегі №384 қаулысы негізінде № 1 орта мектебі екінші дүниежүзілік  соғыстың ардагері және детектив жанрында жазған жазушы Кемел Тоқаев есімі берілді.(Мектеп суреті)

 -Кемел ата,шәкіртіңмін мен сіздің

Мектебінде оқып жүрмін өзінің

Үлгі болып кеттіңіз ғой сіз бізге

Өнегелі ұрпақ үшін әрине

      Мектеп мақтанышы Кемел Тоқаев жазушының мұражайы ашылған.Мұражайда құңды жәдігерлер,ордендер мен медалдары  және Кемел атаның жазған кітаптары қойылған.(Мұражайдың суреті)

         Аудандық қоғамдық – саяси басылым “Қаратал ” газетінде  Кемел Тоқаевтің мерей тойы қарсанында  біздің сынып оқушыларының  өлең жолдары басылып шығарылды.(“Қаратал”- газетаның  басылымы)

- Ойыңыз – аспан ,жұлдыз толған,

Тарихта мәңгі өшпес із қалдырған.

Қиыншылыққа қарамай өмірді сүйіп өттіңіз,

Қаламыңызбен адамның жанын тербеттіңіз!

Таудай болып отырсыз

Біздің білім ордамыздың төрінде,

Сізді үлгі тұтып мақтанамыз

Біз, келешектің ұрпағымыз!

 -Қасиетті Қараталым тудырған,

Құшағына тектілерді сыйдырған.

Кемел ата 90 жасқа келіпті

Сол себепті бүгін міне жыр-думан.

Әдебиетте бастап еді сара жол ,

Бүгінгінің көзіменен қарады ол.

Мақтанамыз есімімен біз бүгін ,

Атамыздан қалған мұра бізде сол.

- Оқимыз Кемел ата мектебінде,

Жазушы даңқы шыққан ол елінде.

Атаны атағына кір келтірмей

Тұрамыз беріспейміз берген серттен.

Атаның сыры терең кітаптары,

Бізге де шабыт берер сыр ақтарып

Атаның жолын қуып журналист,жазушы боп

Біз біз ғой артта қалар ұрпақтары.

Кемел Тоқаев рухына

Алыс-жақын ағайынға  ұнаған

Кемел десе

Кемел еді бұл ағаң

Өзі-де әрлі

Сөзі дәмді жан еді-ау

Бастау алған таза,тұнық тұмадан

Ұлы мектеп ұстазындай бұрынғы

Келгені де,

Жүргені де – бір үлгі

Ұсақтарға ерген емес елігіп

Көтермелеп көрген емес ірінді

Тал бойына дарыппаған жат үнін

Тірлік кешті анық басын,ақырын

Салып бақты кісіліктің жолына

Иман

Иба

Армен ұят,ақылын

Түгел жұмсап арыны мен дарыны

Ақ қағазға ақтаратын зар-үнін

Қылша мойын ілдірмеді құрыққа

Білдірмеді арығанын,арығын.

                                                           Кемел ата қандай болған

 

                    Қайратты                                                                                          Ұстамды

                                         Төзімді                                                       Зерек

                                                         Еңбекқор              Ержүрек

Халқымыздың біртуар азаматы Кемел Тоқаев атамыздың есімі жылдар өтсе де ,біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                      

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық тәрбие сағатты "Өшпестей із қалдырған бұл өмірде""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Эксперт по оценке имущества

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 916 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.02.2016 6185
    • DOCX 915.1 кбайт
    • 295 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ауельбекова Нуржамиля Ауганбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15581
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности развития критического мышления обучающихся в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 257 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс повышения квалификации

Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 257 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 1 263 человека

Мини-курс

Введение в искусственный интеллект

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 118 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Мини-курс

Дизайн интерьера: от спектра услуг до эффективного управления временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология аддикции: понимание и распознование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 19 регионов