Инфоурок Школьному психологу Конспекты"Бала тәрбиесіндегі ата-ана" Ата-аналар жургізілген тренинг

"Бала тәрбиесіндегі ата-ана" Ата-аналар жургізілген тренинг

Скачать материал

ТАҚЫРЫБЫ: Бала тәрбиесіндегі ата-ана.

Аудандық қоғамдық тыңдау кездесуінде АТА-АНАЛАРМЕН ТРЕНИНГ

 Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.

Міндеттері: Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, балаларын білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу саласының аз да болса жоғарылауына ықпал ету.

Қажетті құрал-жабдықтар:  Үлестірме қағаздар, А4 формат, қалам, доп, ватман, маркерлер және т.б.

Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, тест, психологиялық жаттығулар.

ТРЕНИНГ БАҒДАРЛАМАСЫ:

1.      «Танысу» жаттығуы;

2.      Топқа бөлу;

3.      Ой жинақтау;

4.      Ситуациялық сұрақтар;

5.      «Үй, жол, жылан, бокал, шалбар және орамал» диагностикасы;

6.      «Ашық айтсам…» жаттығуы;

7.      Рефлексия;

8.      қорытынды.

ТРЕНИНГ БАРЫСЫ:

Психолог сөзі: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Бігінгі біздің «Бала тәрбиесіндегі ата-ана» атты тренинг-сабағымызға хош келдіңіздер! Ата-ананың тілегі – баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.

Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң,

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек. – дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана.

1.      «Танысу» жаттығуы:

Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы 1 қасиет кезекпен айтып шығады.

Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді.

2.      Топқа бөлу:

Ата-аналар сол тұрған күйлерінде түрлі-түсті гүлдерді таңдайды. Түстер бойынша топ құрып, үстелдерге жайғасып отырады.

3.      Ой жинақтау:

Үш топқа тақырып беріледі.

Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.

I-топ. Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар.

II-топ. Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері.

III-топ. Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай байланыс болу керек.

4.      Ситуациялық сұрақтар:

Ата-аналар үстел үстіндегі үлестірме қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.

1.      Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?

2.      Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. 4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақ қоятын көрінеді. Мысалы, түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады….деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да осындай сауалдарды көп қойса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ әлде, елеусіз қалдырасыз ба?

3.      Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

4.      Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»,-деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

5.      Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?

6.      Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?

7.      Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз?

8.      Сіздің балаңыз сыныптағы жақсы оқитын оқушылардың бірі, алайда бір күні сынып жетекшісі оны үлгерімі нашар оқушылармен алып қалды, сіздің іс-әрекетіңіз?

9.      Балаңыздың сабағы тәртібі жайлы білгіңіз келіп, мектепке келіп тұрсыз. Сынып жетекшісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?

10.  Биыл сіздіңі балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде ұялы телефон бар, тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп, мазаңызды алады, сабаққа барғысы келмейді. Сіз жұмыссыз, енді не істейсіз?

11.  Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан. Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал, балаңыз тәрбиеңізге еш көнер емес, не істейсіз?

12.  «Үй, жол, жылан, бокал, шалбар және орамал» диагностикасы

Ата-аналарға мынандай ережелерді қадағалап отырып сурет салатындығы ескертіледі:

§  Бұл жұмыста Сіздер өз бейсаналарыңыздың хатшысы іспеттес боласыздар, сол себепті де еш ойланбай, қорықпай, берілген тапсырманы тездетіп орындауға тырысыңыздар.

§  Сурет салу тапсырылғанда, «Қалай саламын? Суреттер қандай болу керек?» деп сұрауға болмайды: өз қалауларыңыз бен шешімдеріңіз бойынша салу керек.

§  Суреттерді тез салу керек, өйткені оларды салуға уақыт өте аз беріледі.

§  Суреттерді салғанда, басқалардың суреттеріне қарауға болмайды.

Осыдан кейін ата-аналарға үй, жол, жылан, шарап ішетін бокал, шалбар мен әйелдердің басына тағатын орамалды кезекпен салуға тапсыру керек: әр затты салуға мейлінше аз уақыт беріп (5-10 сек), ата-аналарды асықтырып, жұмыстарын жеделдетіп отырған жөн.

Ата-аналар салынып біткен суреттерін бір-біріне көрсеткеннен кейін, оқытушы олардың мынандай мағына білдіретіндігін айтады:

Үй – адамның өзін-өзі бағалау деңгейін көрсетеді.

Үйдің суреті кең әрі биік болса, онда бұл ата-ана өзін-өзі бағалау деңгейі жоғары деп есептеуге тұрарлық.

Үйдің есік-терезелері бар болса онда бұл ата-ана – қарым-қатынасқа ашық адам.

Үйдің есігі ашық болып немесе оның тұтқасы бар болатын болса, бұл жәйт ата-ананың қонақжай екендігін білдіреді.

Жол – адамның қарым-қатынасқа қандай деңгейде араласатындығының айғағы.

Жол кең, әрі үйдің есігінен басталатын болса, бұл адамның қарым-қатынасқа бейім және қонақжай екендігін көрсетеді.

Жол тар немесе үйдің қасынан (үйге бұрылмай) өтіп жатса, онда бұл жәйт адамның қарым-қатынасқа оңай кірісіп кетпейтіндігін білдіреді.

Жылан – «Басқа адамдардың мен туралы пікірі қандай?» деген сұраққа өзіңіздің қалайша жауап беретініңіздің айғағы.

Жылан үй жаққа қарап тұрса әрі оның айрық тілі аузынынан көрініп тұрса, онда Сіз «Басқалардың мен туралы пікірі жақсы емес: олар күні бойы мені жамандаудан басқа іспен айналыспайды екен» деген ойдасыз.Жылан үй жаққа қарап тұрмаса, онда, онда Сіз «Басқалардың мен туралы ойы жаман емес» деген ұстанымдасыз.

Бокал – адамның ішімдікке деген көзқарасын білдіреді.

Бокалдың суреті кішкене болып, оның іші бос болса, онда мұны салған адамның ішімдікке немқұрайды болғаны.Шалбар мен орамал – ата-аналардың түсінігіндегі ер адамдар мен әйелдердің дәрежесін көрсетеді.

Шалбардың суреті орамалдан биік тұрса, онда ата-ана өмірде ер адамды әйелдерден жоғары санайды деген сөз.

6.      «Ашық айтсам…» жаттығуы; қорытынды:

Ата-аналарға төмендегідей бланкілер таратылып, толтырылады.

Сабақтың жүргізілген күні___________________________________________

Менің тренингтік есімім_____________________________________________

Менің тренинг барысында түйгенім____________________________________

__________________________________________________________________ Бәрінен де маған мына жаттығу ұнады_________________________________ Жүргізушіге ұсыныс_________________________________________________

__________________________________________________________________ Қолы__________________

7.      Рефлексия:

8.      Қорытынды:

Ата-анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі.

Көңіліне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой-өлкесі, — деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт-арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық. Адам да өсімдік сияқты, күтілмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізде ұстайық.

1.      Балаға жан және дене өзгерістерінің байланыстарын табуға көмектесу.

2.      Балаға маман тарапынан тағылған мін, ескертулерді шын пейілмен түсіну және түсіндіру.

3.      Баланы ағза қызметінің қалыптасуымен мұқият таныстыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

7-қадам. Балаңыз үшін оның   қателігін түзеңіз. Қателігіне көз жұмып қарау, ата-ана оның қателігі үшін жазаланбайтынын санасына сіңіре береді. Бала өз қателігін ойлап бас қатырмайды және қорытынды жасай алмайды. Бұндай балалар қоғамда өз орнын таба алмайды.
8-қадам. Аз сөйлеп, көбірек іс-әрекет жасаңыз. Ата-ананың үнемі ескерту жасауын, қорқытуын әбден үйреншікті қылып алып, ия түзелемін деп жауап береді. Сіздің сөзіңізді тыңдап отырған сыңай танытады. Себебі құр сөз, еш әрекет жасамайсыз. 
9-қадам. Балаңызбен түсінушілікті қалыптастыруға өз күшіңізді салыңыз Түсінбеушілік өршісе , психологқа балаңызбен  бірге барып кеңес алыңыз Мектеппен тығыз қарым-қатынас жасаңыз 
10-қадам. Өз қылықтарын өзі түзетуге мүмкіндік беріңіз
Кейде болады, бала өз ісіне жинақы емес екенін білсе де көмектен үзілді-кесілді бас тартады. Қателігін түзеуге мүмкіндік берсеңіз, оқушы өзінің әлі келмейтініне көзі жетсін . Сіз үшін өте қиын жағдай.
11-қадам.  Бейжайлылыққа жол бермеңіз Өз бетімен түзелуге ұмтылған балаға әр қашан көмегіңізді аямаңыз. Моральдық қолдау көрсетуге кез-келген мүмкіншілікті пайдаланыңыз.
12-қадам. Баланың сеніміне кіріңіз. Ең алдымен болған істі қайта қозғауды тоқтатыңыз.  Қайталап айта беру, есіне түсіріп ашу шақыру балаңыз сіз туралы жаман ойда қалуы мүмкін.
13-қадам. Баланы бақылауда шектен шықпаңыз 
Өз-өзіңізді ұстай алмасаңыз да қорқытып істетемін демеңіз. Тіпті, артынан бақылау, қыспаққа алу ешқашан көмектеспейді
14-қадам. Өмірін жақсы жағына түзеуге көмектесіңіз 
Сөйлесуге әрқашан уақыт тауып, ортақ іспен айналысып, ортақ тақырыпта әңгімелесіңіз. Дүкенге, спорттық жарыстарға, киноға, театрға бірге барыңыз. Кішкене жетістігі болса да қуаныңыз. Өмірде бәрі де болатынын,  жамандықты да жеңуге болатынын айтып санасына құйыңыз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-қадам.   Сабырлы болыңыз, қалыпты  жағдайыңызды ұстаңыз
Жағдаятты  шешуге өзіңізден күш табыңыз. Орынсыз айқай-шу тудырмаңыз. айқаймен,  соғумен, қорқытумен еш нәрсеге қол   жеткізбейсіз. Сізге қайғы болып көрінген бұл жағдайды  түзеуге болады. Ол үшін сіз ойланып, сабырлылық сақтап, бұған дейін болған жайсыздықтардыңда өткінші екендігін есіңізге алыңыз. 
2-қадам.   Жағдаятты шешуге тырысыңыз  Тәртіпсіз болғанда да ол қылмыскер емес. Сондықтанда қорытынды жасауға асықпаңыз Егер қиналсаңыз мамандардың көмегін алыңыз 
3-қадам. Баланың өзіңізге деген сенімін жоғалтпаңыз 
Өз балаңызбен ашық, тең құқылы сөйлесіңіз  қарым –қатынас болмаса араларыңыз алшақтап, түсінбеушілік болады. Жақсы қарым-қатынас  тыңдау, түсіну қабілетіңізді оятады.   Балаңыздың сезімін, көзқарасын түсінесіз. Жасөспірімдер ашық әңгімеге әуес. Бір-біріңізге деген сенімділікті тудыру үшін бала кезіңіздегі  көңілді оқиғаларды, қателіктеріңізді әңгіме қылып бөлісіңіз.   
4-қадам. Өз балаңызда болып жатқан өзгерістер туралы көбірек біліңіз.  Бала қателік істеп, бірақ қулығын асырғысы келіп, болған оқиғаға басқаны кінәлауға әзір тұрады. Осы жағдайда нақтылықпен көңіл аударыңыз. Қажетті ақпараттарды естіп, өз балаңыз туралы күмәніңіз дәл келсе, бәрі жақсы деп жалтармаңыз.Сіз бәрінен хабардар екеніңізді айтыңыз.
5-қадам. Баламен қарым-қатынасыңызды  өзгертпеңіз 
Болған жағдай сіздің өз балаңыздың есейгенін, өз ісіне өзі жауап беретін жасқа келгеніне көзіңізді жеткізеді. 
6-қадам.  Сізді сенуге мәжбүрлеп, қорқытуына жол бермеңіз 
Сізге мінезін көрсетіп, қарсылық көрсетуіне әрқашан әзір болыңыз. Өзінің дегенін істету үшін өз-өзіне қол жұмсайтынын айтып қорқыту өтпелі кезеңде байқалатын мінез.  Өз ақылыңызға жүгініп қимылдаңыз.

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Бала тәрбиесіндегі ата-ана" Ата-аналар жургізілген тренинг"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по охране труда

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 992 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.04.2016 528
    • DOCX 188.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сакипкалиева Рита Алибековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сакипкалиева Рита Алибековна
    Сакипкалиева Рита Алибековна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 12376
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Эмоциональный интеллект в детско-родительских отношениях

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 43 человека

Курс повышения квалификации

Расстройство пищевого поведения у детей разного возраста

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 73 человека

Курс повышения квалификации

Особенности реализации адаптированной основной общеобразовательной программы обучающихся с РАС

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 61 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 820 человек

Мини-курс

GR: аспекты коммуникации и взаимодействия с государственными органами

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Детские и взрослые эмоции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология взаимоотношений, прощения и самопонимания

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 131 человек из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 48 человек