Инфоурок Дошкольное образование КонспектыБалабақшада өткізетін"Спорттық жарыс" іс-шара

Балабақшада өткізетін"Спорттық жарыс" іс-шара

Скачать материал

                Спорттық  жарысы

     Мақсаты:    Балаларға салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтырудың адам денсаулығына пайдасы туралы түсіндіру, балабақшамен ата-ана арасында жақсы қарым- қатынас орнату және ата-аналардың қоғамдық жұмыстарға араласуына жағдай жасау, дене шынықтырумен жиі айналысу. Таңертеңгі жаттығуды міндетті түрде орындауға жаттықтыру. Жарыс ойындарына қызығушылықтарын тудыру және бір-біріне деген достық қарым- қатынастарын орнату.

        Керекті құралдар: доптар, межелер, құрсаулар,секіргіштер,  арқан,обручтар

       Командалар музыка әуенімен шығады.

     Қайырлы күн,құрметті спорт сүйер қауым!Бүгін сіздер «Отбасылар жарысы»спорттық ойынына қатысқалы отырған «Еркетай» және «Айгөлек» тобының ,бәрі бір отбасындай болып кеткен балалары

 мен ата-аналардың және тәрбиешілерінің өнерін тамашағалы отырсындар.

Жанұялар отыр сынға түскелі,
Сыналмақшы ептілік пен күштері.
Әрбірінің жігер-күші жалындап
Жеңіс сәтін тағат таппай күткені.
Спорт десе таза біздің арымыз,
Жалындайды сайысқанда жанымыз.
Сайысатын тобымызды бүгінгі,
Қарсы алайық қошеметпен бәріміз.

«Әнұран»  шырқалады

 

Ал сайыскер топтар,

Ешкімнің жоқ алалар.

«Жеңімпаз болу» үлкен сын,

Оны әділқазың бағалар.

Ашық жарқын жүзді,

Әділқазылар біздің

Таңдап баға беруге ,

   Шақырайық төрге-деп әділқазылар алқасын сайлау және таныстыру.

1 Балабақшамыздың меңгерушісі Достанова Әсел Жангелдіқызы

2

3

4 Медбике Сағымбаева Гүлзия Құмарқызы

Әділқазылар алқасы 4,5балдық жүйе бойынша бағалайды.

Әділқазылар сөз беріледі.

Тәрбиеші:Балалар ,біз таңертең тұрған бойда беті-қолымызды жуамыз содан соң  не істейміз?

-Жаттығу жасаймыз.

-Дұрыс айтасыңдар,балалар жаттығуды не үшін жасаймыз?

-Денсаулығымыз мықты болу үшін,әдемі,сымбатты болып өсу үшін

-Ендеше балалар,ата-аналар спорттық жарысымызды бастамас бұрын денемізді шынықтырып алайық.

Ал балалар тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Таңертеңгілік жаттығулар жасау.

Жүргізуші  жарыстың түрлерімен таныстырады.Ойын 7 турдан тұрады:

1 «Кім жылдам?»

2 «Кенгуру»

3 «Қырықаяқ»

4 «101 жұмбақ»

5 «Кедергілерден өт»

6 «Көңілді доп»

7 «Арқан тартыс»

Міне, бүгінгі жарысымыз осындай турлардан тұрады.Ендеше,жарысқа қатысушы жас спортшылар барлығыңызға сәттілік тілеймін!

       Жанұялар келіп жетті танысуға,

  Бойындағы бар дарынды дамытуға.

  Жігерленіп алаңға келіп жетті,

   Шапшаңдықпен әділдікпен табысуға

Бүгінгі жарысымызға қатысушылар:

1 Анасы

2 Әкесі

3 Ұлы

4 Қызы

5 Тәрбиешісі

 Командалар  жартылай  шеңберге тұрып әр отбасы өз команда құрамын көрермендерге  таныстырады. Үй  тапсырмасы  бойынша  дайындап әкелген  эмблемасымен  таныстырады.

1.Команда аты,ұраны,эмблема.

   

     Әр команда өз эмблемасымен, топ атымен және девизімен таныстырады.

 

 

 

 

Командалар:                                                                                                       

1.     «Қыран» командасы-

 

Команда ұраны: Ұшақтан да ұшқырмыз,

                               Желден озған жүйрікпіз.

                               Жарысуға сендермен

                               Келіп тұрған мықтымыз!

Әкесі:            Батыралин Биржан Елеусизович

Анасы:          Батыралина Зухра Советкалиева

Ұлы:              Елеусіз Мағжан

Қызы:           Хамитова Мөлдір

Тәрбиешісі:  Мухамбетова Жұлдыз

 

 

2.     «Бәйтерек» командасы-

Команда ұраны:  Бәйтеректей биікпіз,

                                Отбасына берікпіз

                                Шынығып, мықты болып,

                                Салауатты өмір сүреміз!

 

Әкесі:               Байкатов Медет Асқарұлы

Анасы:             Байкатова Асем Дүйсенғалиқызы

Ұлы:                Асқар Мансур

Қызы:              Қуанышева Еркеназ

Тәрбиешісі:     Ділжанова Жазира

 

Жүргізуші:

      Бәйгеге түсіп жарыспай,

      Жүйріктің бағы жанар ма?

      Жанұялар жарысып,

      Спортсмен отбасы болар ма? –дей келе бүгінгі жарысымызды бастаймыз.

                                        1  «Кім жылдам?»

Қолдарыңызға таяқшаны ұстап кедергілер арасынан жыланша жүгіріп өтеді,ата-аналар кедергілерденсекіріп өтуі тиіс,содан соң таяқшаны келесі ойыншыға тапсырады, осылай барлық отбасы мүшелері тапсырманы орындап шығады.

Әділқазылар алқасының бағаларын білу

                                       2 «Кенгуру»

Шарты: допты аяқтың арасына қысып, кедергілер арасынан секіріп өтіп,қайтар жолда жүгіріп қайтуы қажет.

 Әділқазылар алқасының бағаларын білу

 

Сергіту сәті:     «Күн,ауа,су,жер»ойынын ойнату

                                 3.Қырықаяқ ойыны


        Әр топ өз ойыншыларының белдерінен ұстап белгіленген жалаушадан айналады,қай команда ағытылмай мәре сызығынан бірінші өтсе сол команда жеңіске жетеді.

                              

 

                                       4 . Жұмбақ шешу.

 

        Денсаулық, спорт тақырыбындағы жұмбақтарды шешу.

Жұмбақты шеше алмаған жағдайда , шешкен отбасы ұпаймен бағаланады.Мен айтқан жұмбақтарды отбасымызбен жақсылап ойланып,тек қана бір ғана жауабын береміз.

 

                                                 Жұмбақтар:

Үлкен алтын табақтан,                                   Еш тесікте тұрмайды,

Әлемге нұрын таратқан (Күн)                       Ол жоқта жер құрғайды.  (Су)

Таба алмай оң мен солды                               Аяғым басы қайқы қос табан

Адасасың қапылыста.                                     Таяғым да қуады оны қоймастан

Дәл сілтер көрсетіп жолыңды                                                    (Шаңғы)                      Шығысқа,батысқа.  (Компас)                        Үрлесең жеп-жеңіл,

Тепсең- ақ секіріп,                                           Елпілдеп кетеді.

Ұстатпай қашады.                                            Ұшырсаң көк теңбіл,

Бір жерге бекініп,                                             Бұлтқа да жетеді.  (Шар)

Тұра алмай сасады.   (Доп)

Табаңға Қанжар байладым,                            Қос әйнектен қарасаң,

Бетінде айна ойнадым.   (Коньки)                Көз алдыңда тұрады,

Түсі бар көрінбейтін,                                      Алыстағы орман.  (Дүрбі)

Тынысы ол тіршіліктің

Ешқашан жерінбейтін   (Ауа)  

 

 

                               

 

                             5. «Кедергілерден өт»

  Шарты:Екі топ обруч арқылы жанұясын тез жинап,кедергілерден өтіп мәреге жетуі тиіс.

                                    6. «Сиқырлы доп»

Шарты: Алдымен баласы «сиқырлы допты» қолына ұстап жүгіріп айналып қайтады,анасы допты аяғының ортасына қойып түсірмей апарып келу;әкесі допты аяқпен жылжыта отырып алып келу,тәрбиешісі допты жерге ұрып секіртіп айналып қайтады.

   Жарыс аяқталайын деп жатқанда Алдар көсе кіріп келеді.Балалармен амандасады.

 

 

Алдар көсе:

Мен Алдармын,Алдармын,

Досымын адал жандардың.

Жақсыға талай серік боп,

Жаманды талай алдадым.

               Армысыздар,көпшілік қауым!Армысыздар, балалар!

Жүргізуші:Армысыз, Алдар көсе!Сіз мұнда қайдан жүрсіз?

Алдар көсе:Мұнда үлкен мереке болып жатқанын естіп келдім.

Жүргізуші: Дәл мерекенің үстінен түстіңіз.

Алдар көсе:Балалар мен сендерге қазақтың ұлттық ойынын алып келдім.Менімен дос болғыларың келе ме?

-Қанекей,ата-аналар,балалар жарысқа дайынсыңдар ма?

Ендеше менің ойыным «Арқан тартыс» ойыны деп аталады.

                                              7.Арқан тартыс
         Ойынға ұзындығы 8-10 м екі ұшы түйілген арқан дайындалады.Арқанның қызыл мата байланған жерін еденге сызылған белгі сызықтың үстіне дәл келтіреді.Команда екі топқа бөлініп,арқанның белгісінен бастап ұшына дейін қос қолдап ұстап тартып тұрады.Ойын жүргізушінің белгісі бойынша екікоманда арқанды екі жаққа тартады.Ойынның мақсаты екі команданың бір ойыншысы ортадағы сызықтан өз жағынан тартып шығару.Ортанғы сызықтан өтіп кеткен ойыншының командасы жеңіледі.

     Ал,құрметті спорт сүйер қауым,бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздары да анықталды.

Балалардың орындауында: «Спорт биі»

Қорытынды  бөлімі:

Қазылар  орнықтырар  әділдікті

Кімдердің  бірліктері  кәміл  мықты.

Жеңіске  жетер  дейміз  нағыз  мықты.

Жеңсек  біз жеңдік  деп  тасымаймыз ,

Жеңілсек, жеңілдік деп жасымаймыз.

Жығылсаң  жер көтерер  деген  екен ,

Реніш  өкпелеуге  қосылмаймыз-деп  сөз  кезегін  әділқазыларға  береміз.

 

         Жарыс  соңында  әділқазылар  алқасы  жеңіске  жеткен  отбасын  марапаттап,мақтау  қағазы  мен  сыйлықтар  табыс  етті. Медбике  барлық  жарысқа  қатысушыларға  денсаулық  тілеп, дәрумендер  таратты. Жарыс өз мәресіне жетті.   

 

Жүргізуші:

Бүгін міне оң болып,әр ісіміз,

Жоғары боп күш-жігер,намысымыз

Осылайша қуанышпен думандатып,

Аяқталды халайық жарысымыз!      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Балабақшада өткізетін"Спорттық жарыс" іс-шара"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Редактор

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 273 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.12.2015 39916
    • DOCX 24.9 кбайт
    • 220 скачиваний
    • Рейтинг: 2 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Калиева Гульмира Куандыковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Калиева Гульмира Куандыковна
    Калиева Гульмира Куандыковна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 127191
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогическое сопровождение детей с ТНР в условиях ДОУ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 465 человек

Курс повышения квалификации

Музыкальное развитие детей в соответствии с ФГОС ДО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 131 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 402 человека

Курс повышения квалификации

Теория и методика воспитательной работы в дошкольном образовательном учреждении

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 67 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 281 человек

Мини-курс

Психологическая зрелость и стрессоустойчивость: основы развития личности и поддержки

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 217 человек из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 68 человек

Мини-курс

Развитие детей: сенсорика, самостоятельность и моторика

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Детские и взрослые эмоции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе