Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалы"Балаларды 6 жастан оқытудың қажеттілігі" МАД

"Балаларды 6 жастан оқытудың қажеттілігі" МАД

Скачать материал

мақсаттар Қазақстан Республикасының 12 жылдық оқыту мерзіміндегі жалпы орта білім беру тұжырымдамасында көрсетілген. 
2003-2004 оқу жылынан бастап, республикамызда жалпы білім беретін мектептердің мазмұны мен құрлымын 12 жылдық оқыту мерзіміне көшіру эксперименті басталды. 12 жылдық оқыту мерзіміне көшіру кезіндегі негізгі міндеттердің бірі – алты жасар балалардың даму жағдайы мен деңгейін зерттеу, анықтау. Алты жастан бастап оқытудың өзіндік жағымды жақтары бар: 
1. Соңғы ондаған жылдарда біздің қоғамдағы отбасыларының және қоғамның мәдени деңгейі өлшеусіз өсті. Әлеуметтік және отбасылық жағынан сапалық өзгерді: ата-аналардың барлығында дерлік орта немесе арнаулы немесе жоғары білімі бар. Бұқаралық ақпарат құралдары – теледидар, радио, компьютер, балаларға арналған журналдар мен кітаптар, кинофильмдер, ойындардың мазмұнының өзгеруі балалардың дене сымбатының, ақыл-ойының дамуына сай ықпал етіп, айналадағы адамдардың еңбегімен, қазіргі заманғы техниканы жан-жақты тануға арналған ойыншықтар мен ойындар пайда болды. 
2. Алты жас – баланың ақыл-ойы дамуы мен әлеуметтік даярлығына қолайлы сензитивті кезең. Осы сензетивті кезеңнің алғы шарттарын пайдаланып, оны жүзеге асыру керек. Әйтпесе, осы жасқа лайықты ақыл-ой және ізгілік қорегінсіз, ересек адамдардың парасатты қамқорлығысыз бала талабы толығымен ашылмай қалуы мүмкін. Осы кезеңдегі ұйымдасқан жүйелі білім беру мен тәрбиелеу баланың мақсатты дамуының басты формасы мен шарты болып табылады. Алты жастан баланың тілін ойдағыдай жетілдіруге, жаратылысынан дарыған құштарлық негізінде танымдық ынтасын, білімге деген құштарлығын оятып, оқу қызметінің әдістеріне үйретуге болады. Тіл меңгерудегі табиғи механизм икемділігі қосымша басқа тілді меңгеруге мүмкіндік береді. 
Алты жастағы оқушы мұғаліммен бірге белгілі бір міндеттерді жүзеге асырады, жолдастарымен сөзге араласып, өз игілігі мен қоғам мүддесі жайында келіседі. Жалпыға бірдей пайдалы еңбекке араласып, ойлануға, басқаларға қамқор болуға үйренеді. Әр түрлі мақсатқа бағытталған мектеп өмірі балаға өз мүмкіндігін, қабілетін, шығармашылығын көрсетуге, ішкі күш-қайратын жүзеге асыруға өте қолайлы. 
Баланың мектептегі болашақ өмірінің көңілді болуы алғашқы оқу жылының мазмұнына байланысты. Ерекше бағдарлама мен әдістеме бұл жастағы балалардың жеті жасар балалардан озық екендігін байқатады. Алты жастағы балалардан сергек, тапқыр ойлауы мен сөйлеудің жоғары деңгейін көруге болады. Тіпті мұғалімнің көмегінсіз қиындықтарды да шеше алады. Яғни, баланың өздігінен, өзі үшін білім алуға деген құлшынысы байқалады. 
3. Бастауыш мектептің тұтас жүйесіне 12 жылдық білім беруге байланысты алты жастан бастап сыныптарды енгізу оқу жоспарлары мен бағдарламаларының ұтымды құрылуына, әр әдістемеден оқып-үйрету уақытын арттырып, қосымша шет тілдерін (орыс тілі, ағылшын тілі), информатика сабақтарын меңгеруіне осы кезеңде неғұрлым қолайлы нақты жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. 
«Қай жастан бастап баланы 1-сыныпқа қабылдайды?» деген сұрақ кімді де болса ойлантады. Дегенмен, кейде «баламыз оқи алады, әріп таниды, санай алады» деп бес жастан бастап, ерте оқытуға береді. Енді осы жағдайға баланың психологиялық, физиологиялық даму тұрғысынан алсақ, баланың жасы неғұрлым кіші болса, оны анықтауға айларға, тіпті апталарға соғұрлым мән беру қажет. Бөбектің алғашқы жылында туғанына неше ай, неше күн, неше апта болғандығы ескеріледі. Өйткені, баланың дене бітімі мен психикасы жағынан өзгеріп отырады. Мысалы: жаңа туған бала мен 1 айлық бала арасында қандай үлкен айырмашылық болса, 5 жас 11 ай мен алты жастағы бала арасында да дәл осындай айырмашылықтар бар. Сондықтан 7-8 жасқа дейін баланы ай санымен анықтаған жөн. Одан әрі айға мән берудің қажеті жоқ, өйткені баланың жетілуі біршама қалыпты сипатқа ие болады. Мысалы, 10, 11, 13, 14 және 15-16 жастағы балаларға ортақ мінездеме жазуға болады, ал 6-7 жастағы балаға психо-физиологиялық қасиеттерінің сапасы мүлдем өзгеше болғандықтан, бұл әдісті қолдануға келмейді. Алты жасқа дейінгі әр айдың маңызы ерекше. Мұндай балалардың ата-аналары балаларына ертеңгі күні мектеп жағдайларында, сабақта отыруда, мұқият болуда, мұғалімнің айтқанын түсінуге, сонымен қатар тапсырмаларды түсініп, орындауға дағдылану қиынға түсетінін ескермейді. Алдағы эксперименттерге сүйене отырып, мынадай қорытынды жасауға болады: егер тіпті 5 жасар екі-үш баласы бар сыныптың өзінде олармен жұмыс істеу мұғалімдерге қиын тиеді, олар ерекше қамқорлықты, ерекше әдісті талап етеді. Оның бойының аласалығынан, оның икемсіздігінен, әсершілдігінен мұғалім көп қиындық көреді. Мектеп өмірі мұндай баланы өте қиын жағдайға душар етеді. Өйткені, баланың мүддесі мен қажеттілігі мектеп бағытына мүлдем сәйкес келмейді. Оның іші пысып, өзгелерге ілесе алмай оқуға ынтасы жоғалады. 
Әрине, кейде 5 жасар баланың сабағын үлгеріп, мектеп жағдайларына дағдыланатын белсенділігі мен жарқындығын сақтайтын кездері де болады, дегенмен, ерекшеліктері – ереже құра алмайды. Осы орайда мынаны анық айту керек: тақпақтар білу, тіпті 100-ге дейін санау т.б. баланың мектепке даярлығын білдірмейді. Алты жасқа толған баланың мектепке тез дағдылануын, одан әрі ойдағыдай дамуын қамтамасыз ететін тұтастай кешенді дайындығы қажет: дене бітімі, психологиялық дайындығы, дәрігерлік-физиологиялық дайындығы. 
Педагогикалық процестің өзінің барлық компоненттерімен алты жасар балалардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне толық сәйкес келуге мүмкіндігі болмаса, онда балалар оқуға ынтасын лезде жоғалтады. Тіпті олардың ерте ме, кеш пе оқып, жазып, алғашқы ондық санды санап үйренгенімен, оқыту процесінің өзі оларды қуанта қоймайды. Білім қажеттілігі мен өзіндік мәні жойылады. Қазіргі эксперимент сыныптардағы оқулықтардың кемшіліктері мен жетістіктерін анықтауда алты жасар баланың жеті жасар баладан айырмашылығын 3 бағытта байқауға болады: 
1. Әлеуметтік-адамгершілік және танымдық тәжірибенің тапшылығы. Әлеуметтік адамгершілік тәжірибе баланың бойында міндет, жауапкершілік сезімін тәрбиелеу үшін олардың қажет деген ұғымын сезінуі негіз болады. Бұл арқылы бала ортақ міндет, талапқа, ұжымға бейімделеді. Сол үшін мұғалім алғашқы бірінші жарты жылдықта алты жасар баланы ұстамдылыққа, ықыластыққа, тапсырманы түсінуге жауапкершілікке үйретеді. Бірақ әр бала әр түрлі бейімделеді. Ал жеті жасар баланың 1 жылдық тәжірибесі бар, әрі жан-жақты болып келеді. 
2. Белсенділіктер мен албырт белсенділіктердің басымдылығы. Алты жасар бала мектептің алғашқы күнінен басталған өзгерістерге дайын, бейім болады. Бірақ, үлкендер жағынан оның іс-әрекетін тоқтатуға тыйым салу баланы күйіндіреді. Көбінде бала оны жасауға болмайтынын білсе де, құштарлық күші ырық бермейді. Сабақ ортасында бала партаның астынан үйден әкелген тамағын жей бастайды. Рұқсатсыз орнынан тұрып, сыныптан шығып кетеді, ұнаған ойыншықты жолдасынан тартып алады. Қажеттілік албырт белсенділікпен байланысты: мұғалім сұрақ қойғанша, бала жауап беруге ұмтылады немесе тапсырманы әлі түсіндірмесе де орындай береді. Албырт белсенділік бақылауға көнбейді. Сәл бұрын ойлануға да, салмақтауға келуге де болмайды, осыны тындырсам ба екен, осылай етсем бе екен, осыны қазір айтсам ба екен деуге мұрша жоқ. Қазір ойында не тұрса, соны ақтарып салады. Албырт белсенділік баланың тілін, ойын дамытады, бала пайда болған ойды тоқтата алмайды, бәрін айтып пікір алысуға тырысады. 
Қажеттілік пен албырт белсенділік жеті жасар балаларға тән қасиет, алайда олар өз тәртіптерін өздері реттей алады. Ұялып, айтуды қажет деп таппаса жасырып қалады. 
3. Ойын кезіндегі талпыныс. Алты жасар бала үшін ойын өмірдің мәні болып табылады: «Ойнағым келеді», «ойнағым келмейді» деген ішкі күштері. Балаға ықпал етпейтін, қимылына сәйкес келмейтін ойындар мен ойыншықтар баланы тез жалықтырады. Алты жасар баланың оқу қызметіне бағыты күшейгенде ойнағысы келіп тұрады. Сол сәтте мұғалімнің, ата-аналардың «сабақ қара» деген ескертпесі баланы мектепті, оқуды, кітапты, мұғалімді жек көруге әкеп соғуы мүмкін. Жеті жасар бала шаршаса, барып дем алады, ал алты жасар бала шаршаса да, ойынын тоқтатпайды, айналасындағы басқа балаларға қосылып ойнай береді. Осыған байланысты балада мектепте оқу қалай, оқу мен тәрбиелеу сипаты мен бағыты қандай болуы тиіс деген сұрақтар туындайды. 
Алты жастан баланы оқыту ерекшелігін қарастырайық. Алты жасар баладан «мектепке барғым келеді» деген сөзді жиі естиміз. Алты жасар баланы оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар. Педагогикалық процесте баланың құштарлығы таным мен өздігінен тәрбие алуға талабына дейін өсуі тиіс. Мұндай жағдайда мынадай психологиялық факторларды ескеру қажет: 
- Мүмкіндіктерді дер кезінде жүзеге асыру. Адам баласы дүниеге келгенде адамға тән мәдениетті және адамға тән әлеуетті мүмкіндігін игерудің әмбебап қабілетін мирас етеді. Дегенмен, бұған әлі де тәрбие, орта ықпал етеді. Қазіргі бала мектепке үлкен әлеуметтік мүмкіндіктермен келеді. Дегенмен, оны әрі дамытатын мақсатты білім мен тәрбие. Ал мұның өзі адамды қоғамда өмір сүруге даярлау, шығармашылық еңбекке, шындықты жаңғыртуға, мәдениетті дамытуға қабілетті ету деген сөз. 
- Дамудың ертеңгі күніне бағыт ұстану. Даму қалай жүреді? Мұнда психологиялық заңдылықтар бар? Бұл сұраққа Л.С. Выготский мен 
Д.Н. Узнадзенің баланың жас кезінде оқыту мен дамытудың ара-қатынасы жөніндегі психологиялық концепциялары негізінде түсіндіруге болады. Л.С. Выготский дамудың өзара байланысқан екі өрісі – актуалды және іргелес өрісі жөніндегі идеяны ұсынды. Бұл идеяны Л.С. Выготский одан әрі былай сабақтайды: «Оқыту мен даму тікелей сәйкес келмейді, олар бір-бірімен өте күрделі қарым-қатынаста ғана екі процесті білдіреді. Оқыту тек дамудың алдында жүрсе ғана жақсы. Сонда ол тақаудағы даму өрісіндегі пісіп жетіле бастаған функцияларды оятып, өмірге келтіреді. Оқыту тақау даму өрісі анықтайтын кезеңде жүзеге асырылғанда ғана неғұрлым жемісті болады». 
Бала мұғалімнің көмегімен оқу арқылы өз мүмкіндіктерін дамытуға талпынады. Бала үшін мектеп – ол мұғалім, мұғалімнің жеке басының қаншалықты маңызы бар екенін осыдан көруге болады. Бастауыш сынып мұғалімі осы заманғы оқу-тәрбие процесінің принциптерін, оған қойылатын талаптарды айқындамастан бұрын, осы жас тобына жататын балалардың мұғалімі қандай болуы керек екенін анықтап алуы керек. Мұғалім мамндығы жасандылыққа, уақыт талабынан қалыс қалуға төзбейді. Өмірін осыған арнаған адамда өз шәкірттерін дарытқысы келетін барлық қасиеттер болуы керек. Жаңа адамды жаңа адам ғана тәрбиелеп оқыту керек. Мұғалім келешек мұраттарын қазірден үйрететін болашақтың адамы. 
Егер баланың жеке басының қалыптасуына белгілі бағыт бергіміз келсе, онда педагогикалық процесс өзінің сипаты, жағдайлары мен ұйымдастырылуы жағынан өз мақсаттарына сәйкес болуы тиіс. 12 жылдық оқыту жүйесінде бірінші сыныптағы алты жасар балалар алдына жаңа сапалық талаптар қойылған: балалардың жан-жақты дамуының негізін қалау және жеке әдістемелерде берік тәсілдерді қалыптастыруды қамтамасыз ету. Бұл сыныптың психологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет. Оларды оқытудың ерекшелігі жөніндегі мәселені шеше отырып, біз тұтастай оқу-тәрбие процесінің икемділігі мен байытылуы балалардың неғұрлым дамыған қасиеттері мен дағдыларын келесі сыныптарға қайтсе де жүзеге асыра алатындай және бастауыш мектеп түлектерін ғылым негіздерін меңгеруге неғұрлым баянды даярлайтындай етіп қамтамасыз етуіміз керек. Қорыта келе, біз баланың жеке басын неғұрлым ерте жастан қалыптастыруды бастауға мүмкіндік аламыз.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Балаларды 6 жастан оқытудың қажеттілігі" МАД"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заведующий доп. образованием

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 887 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.04.2017 4478
    • DOCX 17.8 кбайт
    • 12 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Балтаева Салтанат Болатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Балтаева Салтанат Болатовна
    Балтаева Салтанат Болатовна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 56535
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

ФГОС ДОО. Развитие поисковой активности, инициативы и познавательной мотивации методом экспериментирования у детей дошкольного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 542 человека

Курс повышения квалификации

Программа работы с неуспевающими и слабоуспевающими учащимися старшего дошкольного и младшего школьного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 131 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 259 человек

Курс повышения квалификации

Влияние цифровых технологий на психическое развитие ребенка дошкольного возраста

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Сохранение и продвижение традиционных российских ценностей и культуры

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 22 человека

Мини-курс

Особенности психологической помощи детям

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 590 человек из 76 регионов
  • Этот курс уже прошли 229 человек

Мини-курс

Работа с детьми с особыми образовательными потребностями

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 354 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 178 человек
Сейчас в эфире

Консультация эксперта в сфере высшего образования. Как подготовиться к поступлению в вуз: простые ответы на сложные вопросы

Перейти к трансляции