Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Рабочие программы / Бастауыш сыныппен қоштасу ертеңгілігі

Бастауыш сыныппен қоштасу ертеңгілігі


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Қош, аяулы бастауыш сынып!»

Тәрбие сағатының мақсаты: Білім негізі бастауыштан қаланатын оқушылық өмірдің бастапқы баспалдағын аяқтаған бүлдіршіндердің аяулы ұстазымен қоштасу рәсімін жасау. Бастауыш мектептен алған білімдерін, өнерлерін байқату, ортаға салу. Ұстаз еңбегін бағалай білуге, жан-жақты білім алуға, саналы азамат болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Ұстаз, мектеп, Отан туралы даналық сөздер жазылған плакаттар;

Балалар қолөнерлерінің көрмесі, қабырға газеті, буклеттер, шарлар, гүлдер.

 Тәрбие сағатының барысы:

         Көңілді әуен ойналып тұрады.

ФАНФАРЫ ойнайды

Мұғалім:

Қош келіпсіздер, құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. « Бастауышым- балбұлағым!» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
Білім бізді қызғалдақтай гүлдетті,
Бастауышты тәмәмдайтын күн жетті.
Қошеметпен шақырамыз ортаға,
Қадам басқан шәкірттерін құрметті

Енді бастауыш сынып бітіруші түлектерді ортаға шақырайық.

( музыка әуенімен оқушылар қолдарын бұлғап ортаға шығады)


Ернұр: Бүгін бізге қуанышты және өте қимастықпен білім нәрімен сусындатып 42 әріпті танытқан алғашқы ұстазымызбен қоштасатын күн де келген сияқты.Кеше ғана мектеп табалдырығын имене аттаған едік. Бүгін бастауыш сыныпты аяқтап,орта буынға көшкелі отырмыз.Осынау қимаста қуанышты сәтте бізбен бірге болғандарыңызға қуаныштымыз.

Жанель: Ия, Ернұр дұрыс айтасың. Алғашқы ұстаз! Мектеп табалдырығын алғаш аттаған баланы жылы жүзбен қарсы алады.Қолынан жетектеп алып партаға отырғызды.

Мәди: Достар естеріңе түсіріңдерші.Біз ұстаз- ананың көмегімен қағазға алғашқы әріптерді түсірдік, сан санауға үйрендік.Ол бізге қаламсапты қалай ұстау керек екенін көрсетті.Әріптерден құрастырып жеке сөздерді, онан әрі тұтас сөйлемдерді оқуға машықтандырды. Біз оның көмегімен қарым-қатынас жасау ережелерін игердік. Тіпті, дұрыс амандасып, дұрыс қоштасуды да үйрендік.


Жұлдызай: Дұрыс айтасың, Мәди.Шынында ұстаз- ана таңқаларлық төзімділікпен бізді жан-жақты үйретті.Әр оқушының қасына келіп, қарындашты қалай ұстау керектігін көрсетті.Содан кейін түсініксіз сөздерді зор ынта қойып ұғындырды.


Асия: Ұстаз өзі байқамастан, асқан ерлік жасады.Кенет, біздің алдымызға жаңа, бұрын-соңды естіп, көз көрмеген әлемді жайып салды.Одан біз тап сол кезде Қазақстандай үлкен тәуелсіз мемлекет бар екендігін естідік.


Аяулым: Әлемде ғаламат үлкен теңіздер бар екенін, ол теңіздерде таудай кемелер жүретінін білдік.Кәдімгі базардан әкелетін жермайды жер астынан өндіріп алатынына да көз жеткіздік.


Бекзат: Құрметті ұстаздар мен ата-аналар жиналған болса , ертеңгілігімізді бастайық.Біздікі не тұрыс?


Мадина:Дұрыс айтасыңдар, бастайық 4 жыл тынығуды білмей тыным таппаған ,Ұстазымызда бір дем алып біздің өнерлерімізді тамашаласын.

Сол кезде алып ұшып , алқа –салқа Даниял кіріп келеді


Даниял: Ой ,достар, бастап қойдыңдар ма? Мен, не кешігіп қалдым ба?


Мадина:Ия, Даниял сенің әдетің емеспе әрдайым кешігіп жүретін. Дәл осы жолы үлгердің .

Даниял: Кешіріңдер,достар көңілімді түсірмеңдерші! Бастауышымызбен қоштасу сәтін кереметтей өткізейік. Жарайды, олай болса, бастайық.


Барлығы бірге тұрып сәлем береді.

Ұлдар:Ассалаумағалейкум, ағайындар!

Қыздар:Армысыздар, аяулы ұстаздар, ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер!

Барлығы:Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!

Музыка ойнайды (Өз елім)

Шашу (Жұлдызай апасы мен Аяулым мамасы шашу шашады)

Диана :

Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар,ұстаздарым қымбатты!



Мадияр:

Армысыздар аталар мен аналар,

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Фарабидей бабалар.


Асия:

Армысыздар,өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

Азамат болып кешегі сәби еркелер.


 Алижан:

Армысың сен, алтын ұям мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мектебіме арналады бұл әнім.


Бәрі қосылып бірге:

 Мектеп үйім, ұстаздарым, ата-анам.

Сенен өсіп,сенен ғана нәр алам.

Саяң ыстық сен мәуелі бәйтерек.

Тамырланып сан тарапқа тараған.


1- жүргізуші: Ернұр

Алтын ұя мектептен атамыз да, әжеміз де, әкемізде, анамыз да тәлім алған. Келесі кезекте шырқалар « Мектебім» әнін сүйікті мектебімізге арнаймыз.

Хор : Мектебім


2- жүргізуші:Жұлдызай

Ернұр, біз мектепте білім ала отырып, мектеп, ұстаз, әке, ана, дос, Отан жайлы ұғымдарды санамызға сіңіріп өстік. Егер әр оқушының жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол - мұғалімнің еңбегі.


1- жүргізуші: Ернұр

Дұрыс айтасың, Жұлдызай! Сол нұрды жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төкті десейші! Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат атандырғаннан артық абырой мен құрмет жоқ шығар, сірә!




5 оқушы шығады:

Ұ – ұлағатты Балғындарға баянды,

Мәди Сырын төккен ұстазым!

С – салмақты Шәкіртіне аяулы,

Жанель Нұрын төккен ұстазым!

Т – танымал Есейіп ертең кетсең де,

Даниял Шәкіртпін ұстаз алдында.

А – ардақты Білім – ойдың сұлуын

Әли Асу еткен ұстазым.

З – зиялы Жүрегінің жылуын

Данияр Шашу еткен ұстазым.


Сағи:

Бала десе ойламайды өз қанын

Көрсем дейді күнге де қол созғанын.

Шын жүректен жатса, тұрса тілейді

Шәкіртінің өзінен де озғанын.

Адам бар ма мұғалімнен жаны ізгі

Аялаймын олар басқан әр ізді

Арманым сол талабына қадірлі

Өнегелі болсам ұстаз тәрізді


Мадияр:

Сары үрпек балапандай жапырласып,

Алғаш біз мектеп кірдік есік ашып,

Күлімдеп өзің сонда қарсы алғансың.

Еппенен әр жүректің кілтін басып.

Жылынған қызғалдақтай күн көзіне

Жаутаңдап қарайтын ек біз өзіңе.

Ержетіп біз де сендей болсақ дедік.

Еліктеп қимылыңа, мінезіңе.

Күн өтті күнді қуып, күн артынан.

Өзіңдей жан болмады бізге жуық.

Ұшырған балапанын қарлығаштай

Қараушы ең бәрімізге жүзің жылып.





Диана:

Жаныңның шуағына жылынсақ та,

Кейіттік біз өзіңді кейбір шақта,

Күн санап сотқарың мен сойқандарың

Ақ тал боп бірте-бірте кірді шашқа

Сонда да қажымадың қамықпадың

Сондада мәпелеуден жалықпадың.

Күнде ойлап келешегін әр бөбектің

Арманның қанатында қалықтадың

Ержеттік өтті ол күндер дүбірменен

Алижан:

Сағынам нұр жұзіңді күлімдеген.

Сүйсінем еске аламда өміріме,

Ұялып тәтті сезім көңіліме,

Толғанып тебіренем, өзің жайлы,

Білмеймін теңерімді сені кімге

Азамат бір тентегің міне бүгін

Өмір шат көгімізде күледі күн

Мақтана атыңды атап мен келемін.

Өйткені мен өзіңнің бір түлегің.


Бекзат:

Тұрыңдар келе жатыр мұғалім!

Кім боласың?

Кім болсаң да, бол аман!

Бастықпысың?

Өте жақсы , тұра қал.

Академик министр бол тіптен сен.

Кім болсаң да мектеп көрдің кеше сен.

Кім болсаң да, қарайлап жүр ұстазға.

Қашан көрсең күнге ұқсаған жанары.

Ұстаздардан көнбіс адам жоқ әлі.

Қай баласың?

Кім боласың шырағым?

Кім болсаңда кідіре тұр кішкене

Кідіре тұр өтіп кетсін мұғалім.



Мадина:

Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,

Менің де, көкейімде із қалыпты.

Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің

Ерінбей үйреттің де әр әріпті.

Қоссаңдар бірді екіге үш болады,

Деуші едің Білімменен күш болады,

Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол

Ақылмен іс істесең іс болады.

Беруші ең бізге айтып өлең, тақпақ,

Таласып алушы едік біздер жаттап

Өзіңіз баға қойған күнделікті

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.


Аяулым:

Ұстазым ғой әліппені үйреткен

Көкейіме көрік беріп, гүл еккен

Мені оқытқан, өркенімді өсіріп

Жалындатып, жанарымды нұр еткен.

Шуағы мол жаз күніңдей қабағың,

Таң нұрындай арайлы ғой ажарың.

Жымиып бір маңдайымнан сипасаң

Балбырайды бал – бұл жанып жанарым.

Сағи:

Біз ең алғаш мектеп табалдырығын аттаған сәтімізде даярлық сыныбына келдік.Сол кезде басымыздан сипап қалам ұстатып, партаға түзу отыру мен жүріс тұрысымызды үйреткен Ұлжан апайға басымызды иеміз.Апай жүз жасаңыз тағы көптеген шәкірттер шығара беріңіз.

Жібек мінез салмақты.

Бәрімізге ардақты,

Үйреткен ұқыптылықты,

Рахмет Ұлжан апайға.

1- жүргізуші:Ернұр

Бүкіл жер бетіндегі ұстаздар қауымы шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, ыстығы мен суығына төзеді. Біз күлсек бірге күліп, біздің көңіліміз болмаса жаны қалмай сұрап тұратын, ұлағатты ұстаздар қандай тамаша қауым! Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен бастауыш сынып мұғалімдеріне арнап Диананың орындауында «Мектебім» әні шырқалады. Қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:Жұлдызай

Құрметті ұстаздар,шексіз алғысымызды айта отырып, жеке құндылықтарыңызды бағалай әр түрлі номинацияларда Сіздерді дипломдармен марапаттауға рұқсат етіңіздер

ФАНФАРЫ ойнайды


1-жүргізуші: Ернұр «Баға жетпес, мәртебелі» номинациясымен мектеп директоры, өзін- өзі тану пәнін оқытқан Хасенова Галима Токешовна марапатталады.

Алижан:

Күндіз түні ойладыңыз мектеп қамын

Тынымсыз атып жатыр әрбір таңың

Басқарып директор боп осы ұжымды

Баршаны аялаған алақаның


2-жүргізуші(Жұлдызай)

«Самая обаятельная и привлекательная » номинациясымен оқу ісінің меңгерушісі, орыс тілі пәнін оқытқан Шарипова Гульжан Амангельдықызы марапатталады.


Даниял:

Четыре года вы учили нас

Вели в огромную страну Добра и Знания

Мы помним как первыми вошли в класс

А вот сегодня скажем «Досвиданья».


1-жүргізуші:(Ернұр) «Алғашқы ұстаз» номинациясымен сүйікті ұстазымыз Косетова Асем Абылғазықызы марапатталады.

Асия:

Әлі есімде мектепке келгеніміз.

Келгеніміз,сыныпқа енгеніміз

Жасқаншақтап,тосырқап тұрған шақта

Өзің болдың ұстазым сенгеніміз.

Арманым болып аңсаған

Мәңгілік қалдың мекендеп

Өзіңе арнап ән салам

Ардақтап сізді өтем деп





2-жүргізуші: (Жұлдызай) «Күміс көмей» номинациясымен музыка пәнінің мұғалімі Тоқбаев Нұрбол Тұрдақынұлы марапатталады.

Диана

 Әдемі ғой ән сабағы мектептің,

 Жүректерге әсемдікті сепкен кім?

Нұрбол ағай, бас иеміз сізге біз,

Ән мен сазды талмай бізге үйреткен.


1-жүргізуші (Ернұр) «Мықты спортшы» номинациясымен дене шынықтыру пәнін оқытқан Мамырбекова Нұршат Даулетқызы марапатталады.

Әли:

Шынықтыру денені,

Ол да бір пән елеулі.

Барлық шәкірт ұнатар,

Физкультура дегенді

Нұршат Даулетқызына

Алғыс айтады түлегі.


2-жүргізуші: (Жұлдызай) Құрметті ұстаздар! Біздің бойымызға сіңірген ерен еңбектеріңізге оқушылар атынан мың да бір алғысымызды білдіреміз, сіздердің алдарыңызда бас иеміз. Сіздердің құрметтеріңізге арнап «Ұстазым» әні шырқалады

Хор: « Ардақты менің ұстазым»


1-жүргізуші: (Ернұр) «Қадірлі емші» номинациясымен мектеп медбикесі Элмира апай марапатталады.

Жанель:

Адамға деген мейірімнің өзінен

Бойыңыздан жылылық лебін сезінем.

Ақ халатты, абзал жан Элмира апай,

Мың алғыс, ризамыз өзіңізге.


2-жүргізуші: (Жұлдызай) «Еңбекқор жан» номинациясымен біздің сыныптың тазалығын қамтамасыз еткен Бибігүл апай марапатталады.

Мәди:

Өзің деп білем күн көктем,

Қызметін де көрсеткен,

Бар жылылық бойыңда,

Аяулы едің сен неткен.


1-жүргізуші: (Ернұр) Бас иіп, шексіз алғысымызды ақ жаулықты аналарға және қадірлі әкелерге білдіреміз.


2-жүргізуші: (Жұлдызай) Біздің қуанышымыз бен жеңісімізге ортақ болған, бізбен бірге уайымдаған — ата-ана. Олар бізге дүниедегі ең жақын қадірлі адамдар.

1-жүргізуші: (Ернұр) Құрметті ата-аналар, біз сіздерге алғысымызды білдіре отырып келесі өлең шумақтарын жолдаймыз.

Хор: «Анашым»

Аяулым:

Ыстық- ау кім - кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай, мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген

Мадияр:

Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!


Сағи:

Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,

Аумайсың жарығы мол ашық күннен.

Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.

Ақылды балаларың оны білген.

Бекзат:

Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,

Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.

Білім алып, тер төгем , еңбек етем,

Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!

Мәди:

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым

Сәбиді әлдилеумен түн қаттың.

Ақ сүтіңмен тал бойыма нәр бердің

Кең құшағың, аясындай гүл бақтың.

Хормен:

Аман болсын,аяулы анамыз,

Асқар таудай әкеміз!

Ата-анаға мың да бір рахмет!



1-жүргізуші: (Ернұр) Құрметті асыл да ,ардақты әке мен ана сіздердің құрметтеріңізге арнап Асия мен Бекзаттың орындауында «Әкем, анам» әні

2-жүргізуші: (Жұлдызай)

Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға

Ұқсатып ек біз сізді анамызға

Жақын тарттық, біртіндеп бауыр бастық

Жүргеніңді ұнаттық арамызда.

4-жыл білім беріп, алғаш білім ұясын жүрексіне аттаған кезімізде. құшақ жая қарсы алып, әрбір қателігімізді кешіре білген,жүзі жылы, құшағы кең , ойлылық пен парасаттылыққа жетелеген.әрбір балдырғанды тура жолды таңдай білсе ,бақытым сол деп қуанған –ұстазым, жанашырым Әсем апайды қошаметтеп ортаға шақырамыз.

2-оқушы шығып бір құшақ гүл беріп ортаға алып шығады.


Ұстаз:

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, алғаш мектеп табалдырығын осыдан

4 жыл бұрын жүрексіне аттаған бүлдіршін балаларым!

Міне 4 жыл кеше ғана сияқты еді.Осы 4 жылда бойларың өсіп, ойларың толып білім деген кеменің жел қайығына еріп кетіп бара жатырсыңдар.Сендерге тілерім әрдайым ақылмен іс істеп, сабақтарыңды жақсы оқып, орта буындада мені ұятқа қалдырмай, әдепті, ұстамды болыңдар! Айта берсем әрқайсысыңның мен үшін орның бөлек.Әр ұл мен қыздың есте қаларлық сәттері де болды. Мен сендерді ешқашан ұмытпаймын. Сендерге сәттілік тілеймін!

Ұстаз тілегі:
Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,
Сенімдердің айналыңдар серперіне.
Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,
Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.
Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен,
Аластайтын жаныңды күз көңілден.
Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,
Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.

Хормен:

Берген білім. Ерен күш.

Ұстазыма мың алғыс!


2-жүргізуші: (Жұлдызай)

Келесі шырқалар әніміз аяулы ұстаздарға арналады Ән «Ұстазым» Аяулым, Даниял
Данияр:

Бастауышым -Балбұлағым,

Лаулап жансын шамшырағың.

Өзің берген біліміңнен,

Самғап ұшты тау қыраның.

Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым -Балбұлағым

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын!

Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышта алған білім, жырларым,

Азық болар , мәңгі талай жылдарға.


Хормен:

Балалықпен тәртіп бұзсақ, кешіруді сұраймыз,

Терең білім алуды енді, мақсат етіп шыңдаймыз.

Алтын ұя мектеп даңқын, даралап тағзым етеміз,

Білімді әрі жалғастырып, арманға біз жетеміз


7.Хор «Сыныптастар, құрдастар»


8.КВН

9.Қыздар биі


10.Ата- анамен ойын


11.Флешмоб


12.Ата- анамен ойын

Мұғалім:Ал енді 4 «А» сынып түлектерінің орындауында «Қоштасу» вальсін тамашалаңыздар.

13.Вальс


Мұғалімнің сөзі:Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып бір жылға тағыда есейгелі отыр. Ендеше қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, бастауыш сынып өмірінен ескерткіш болсын деп әр оқушыға мына ашық хатты табыс етемін.

2-жүргізуші: (Жұлдызай)

Бітіруші түлектер

Жүктелер бар аманат.

Айтылды ізгі тілектер

Болмасын еш жаманат

Бастауышта оқыдық.

Ойға білім тоқыдық.

Бұлар бізден жалындар

Ертеңгі ірі ғалымдар.

Оқумен өсіп толыңдар.

Қиындыққа мойымай,

Аман-есен болыңдар!

Осымен «Бастауышым - балбұлағым» атты кешіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.


Құттықтау сөз

1.Мектеп басшылары

2.Ата- аналарға

























ҚҰРМЕТТІ АТА- АНА!!!


hello_html_73c8a14.gif

hello_html_73c8a14.gif

Сіздерге мектеп ішіндегі қоғамдық жұмыстарға

белсене қатысқандарыңызға және

балаңызға ұлағатты тәрбие мен үлгілі өнеге

көрсеткендеріңіз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз



Мектеп директоры: Г.Т.Хасенова

Сынып жетекшісі: А.А.Косетова



Үшарал қаласы

2015 жыл









1.Жанельдің мінезі бар жанға жайлы,

Ешкімді еш уақытта алдамайды.

Күліп жүр өмірде де дәл осылай

Қиындыққа кездеспей болсын жайлы.


2.Асия адал жүрек, ақкөңіл қыз,

Сыйлаймыз жақсы қыз деп сіз бен біз

Өнері бар бойында тұнып тұрған,

Жолың болсын қашанда кішкене қыз.


3.Еңбекқор, әзілкештік бойында бар,

Қате істі әрқашан мойындатар.

Әр ісіне жауапты Даниял да

Арманың болашақта орындалар.


4. Әдепті ол сақтайды.

Әділетті жақтайды.

Алижанды апайлар

Тәртіпті деп мақтайды.


5.Жаның бай , өзің сұлу ертегісің,

Мінекей ұшып барады ерке құсым.

Жақсы істі жүрегімен ұйымдастырар,

Жұлдызай - сен елімінің ертеңісің


6.Айтар сөзім, тілегім бар.

Көп жинап білім деген тірегіңді ал.

Бекзат сенің көңілің ақ, жүзің жылы,

Кең дархан сәбидей пәк жүрегің бар.


7.Қуаныш көп болуда сүйікті елде

Ақылды адам - бәрінен биік пенде.

Ернұржан болашағың жарқын болсын

Жұлдызың болсын әр кез биіктерде.


8.Бос жіберме ешқашан уақытыңды,

Аялай біл ақылың жақұтыңды.

Мадияр сен ел сыйлар азамат боп,

Болашақтан табарсың бақытыңды.


9.Дианадай әншіміз бар мақтанамыз,

Әніне рахаттанып шаттанамыз.

Талантымен талайды табындыртар,

Дианаға ақ тілекті ақтарамыз.


10.Білімімен үлгі болған сыныпқа,

Отырмайтын ойланбастан тыныпта

Мәди біздің өнегелі өнерлі

Арасында достарының беделді.

11. Бойында алаулаған жалын,

Жақсылық толғандырып жанын.

Аяулым біздің қайтпай үйге

Ойлаумен жүреді сыныптың қамын.

12.Жыр оқып, тарихын ол танытқан.

Кітап оқып білімін де дамытқан.

Сағи сыныбымыздың озаты.

Білімін ол болаттай қып қорытқан.

13. Аңқау, бірақ ақылды

Сыйлап жүрер жақынды

Данияр біздің ұлдарды,

Тәртіпке әркез шақырды.

14. Білімді алғыр жан-жақты.

Қыздарымыз сымбатты.

Мадина біздің әрқашан

Досымыз болар қымбатты.

15. Келеді сонау қашықтан.

Мектепке әркез асыққан.

Али біздің ақкөңіл

Көңілі дария тасыған.


.











«Сыныптастар, құрдастар»

( Армандастар әнінің әуенімен)


1.Бүгін міне бастауышпен қоштасамыз

Ұстаздар-ау жақсы істі қоштасаңыз

Үлкен сынып балалармен достасамыз,

Сыныптастар, құрдастар.


Қайырмасы:

Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік.

Бәріміз де өмір жолын бастап едік.

Білімменен алға, білімменен алға.

Ұмтылайық, ұмтылайық біз достар


2.Білімменен көрсетелік біздер қызмет

Білім берген ұстазыма көп-көп рахмет.

Көрсетпесін өмір өзен еш тауқымет.

Балалық босағада қалды тұрып.

Сыныптастар, құрдастар.


3.Толқындай жатқан жаңа жағаны ұрып,

Ойыны балалардың қалды тынып,

Қоштасып сеніменен ақырғы рет,

Балалық босағада қалды тұрып.

Сыныптастар, құрдастар.















Мектебім   сәулетті   мекенім.


1.Сәулесін  төгеді  көкте күн.
Жайнай түс  сүйікті мектебім.
Балауса  балдырған  шағымда,
Өзіңнен  аларым көп менің.


Қайырмасы:

Мектебім   сәулетті   мекенім.
Баурында  түлеймін  жетемін.
Сен   бұлақ,   мен  қайың  бүр ашқан,
Өзіңнен  нәр  алып   өсемін
.

2.Ұстаздың  мейрімі  тәрізді.
Жадымда  қалады  әр  ізгі  үн.
Елімнің  тарихын  танытқан.
Мектебім  өзіңе  қарызбын.

Қайырмасы.
 
3.Мектебім  мереке  ән  бердің.
Өзіңнен  арайлы  таң  көрдім.
Асылын  үйреттің  жалықпай,
Сан  түрлі  қызықты  әндердің.



















Анашым қартаймашы жалынамын

1.Оянғанда түнде жұбатып
Ақ сүт беріп өсірген
Басқанымда тәй – тәй қуанып 
Тұсауымды кестірген

Қайырмасы:
Анашым құдіретіне табынамын
Көрмесем бір күн сені сағынамын
Анашым қартаймашы жалынамын
























«Ұстазым»

1.Білім теңіздей сен едің мені жетелеген

Қарыз боп саған өмір бойы мен өте берем

Жемісім осы ұстазым саған берем,

Атяңды сенің әніме қосып өтемін мен


Қайырмасы:

Ардақты менің ұстазым,

Білімнің аштың есігін

Арманға мені жетелеген, ұстазым

Аяулы менің ұстазым

Өнеге бердің өмірде

Арм анға мені жетелеген сенсің


2.Биікке ұшсам сүйсініп маған көп қарадың

Ұстамдылық пен қайсарлығыңа таң қаламын

Шәкіртің үшін сен адал жансың, әрқашан

Өзіңе арнап ұстазым деп мен ән саламын


Қайырмасы:

Ардақты менің ұстазым,

Білімнің аштың есігін

Арманға мені жетелеген, ұстазым

Аяулы менің ұстазым

Өнеге бердің өмірде

Арм анға мені жетелеген сенсің














16



Автор
Дата добавления 17.10.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Рабочие программы
Просмотров490
Номер материала ДВ-071988
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх