Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыДидактикалық ойындар /.1-4 сыныптар./ Кітапша.

Дидактикалық ойындар /.1-4 сыныптар./ Кітапша.

Скачать материал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дидактикалық ойындар.

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             

 

                      

 

 

 

 1.«Үй жануарлары»

Ойын мақсаты: Үй жануарларының дене мүшелерін атауға, ажыратуға үйрету.

Ойын шарты: Дөңгелене отырып, ғажайып қалтадан үй жануарларын алып, алған жануардың дене мүшелерін атату, олар туралы мейірімді сөздер айту.

-        Балалар малдың төлдері қандай? (әдемі, сүйкімді.)

-        Қалай еркелетеміз? (ботақан, қошақан.)

-        Төлдер қалай ойнайды. (секіреді, жүгіреді.)

Мен өлең оқимын, сендер қандай төлдер екенін айтып, қимыл іс-әрекет арқылы көрсетесіңдер.

 

             Шөре, шөре лағым,

             Тентек болма шырағым.

             Секеңдемей деміңді ал,

             Селтеңдеме құлағың,- деп нені атаймыз?- Лақты.

 

Қара көзің мөлдіреп,

Қызықтырмай қоймайды.

Жібек жүнің үлбіреп,

Қарасам көз тоймайды.- Бұл не?- Бота.

 

              Әукім- әукім, әукешім,

              Қасиыншы әукешін.

              Енең әне келеді,

              Ақ мамасын береді.- Бұл не?- бұзауым.

 

Қырау-қырау құндызым,

Құлдырайды шабады.

Жылтыңдаған жұлдызым,

Құстай қанат қағады.- Бұл не?- құлыншақ.

 

Балалар әжелерің, аталарың еркелеткенде қандай сөздер айтады?- құлыншағым, қошақаным, ботақаным т.б.

 

 

                         2.«Кім тез жинайды.»

Ойын мақсаты: Көкөністер мен жемістерді ажырата білуге үйрету. Ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.

Ойын шарты: Тәрбиеші балаларға ойын шартын түсіндіреді. Себеттің сыртында алма мен қиярдың суреті жапсырылады. Алманың суреті бар себетке жемістер, ал қиярдың суреті бар себетке көкөністер салынады.

Балалар екі топқа бөлініп тұрады.Тәрбиешінің белгісі бойынша балалар ойынды бастайды. Ойын соңында қай топ тез әрі дұрыс жинайды сол топ марапатталады.Ойынды топта я болмаса аулада ойнауға болады. Ойын 4-5 рет қайталанады.

 

                         3.«Қоянға көмектес.»

Ойын мақсаты: Заттарды санауға және олардың екі тобын салыстырып, өлшеміне, пішініне және түстеріне қарай ажыратуға үрету.

Ойын шарты: Балалар бізге қонаққа қоян келді, ол бізбен бірге ойнағысы келеді. Балалар көздеріңді жұмыңдар, ал қоян бұл кезде көкөністердің қасына сандарды қояды. Балалар көздерін ашқанда қандай санның тұрғанын айтып берулерің керек. Тапқан баланың еңбегі бағаланып отырады. Ойын 3-4 рет қайталанады.

 

                        4.«Пішінді құрастыр.»

Ойын мақсаты: Түстер мен пішіндер арқылы құрастырып үйрету. Есте сақтау, көру, ажырату қабілеттерін дамыту.

Ойын шарты: Балалардың алдына әр түрлі пішіндер беріледі. Ол пішіндерден суреттегі көрсетілген заттарды құрастырады. Түсі мен пішінін дұрыс ажыратулары керек.

 

 

 

 

 

 

                            5.«Артығын тап.»

Ойын мақсаты: Тіл байлықтарын, сөздік қорларын молайту. Тапқырлық қабілеттерін дамытып, ойынға деген қызығушылықтарын дамыту.

Ойын шарты: Балалардың алдына аңдардың суреті бар конверт таратылады.Балалар суретті алып ненің артық екенін ажыратып табулары керек.

 

                           6.«Ыссы- салқын.»

Ойын мақсаты: Өсімдіктер туралы түсініктерін дамыту. Балалардың сөздік қорларын байытып, тапқырлыққа, ойлампаздыққа баулу.

Ойын шарты: Өсімдіктерді балалар көре алатын, қолдары жететін, орындарын ауыстырып қоюға болады. Санамақ айтып ортаға бастаушы баланы таңдайды. Ол бала есіктің артына шығады. Допты өсімдікткрдің артына жасырады. Ішке «кір» деген кезде допты қай өсімдіктің артына жасырғанын тауып алу керек. Тапқаннан кейін допты алуға болады. Бастаушыға допты балалар іздеуге көмектеседі, доптан алыстап кетсе «салқын, салқын» деп, жақындаса «жылы,жылы» деп, қасына келсе «ыссы, ыссы» деп белгі береді. Яғни сол жерден допты іздеу керек.

Ойынды басында 4-5 өсімдіктермен, үйренгесін 10 шақты өсімдіктерді қолдануға болады. Допты тапқан бала «мен допты  бегония ханшайымы гүлінің артынан таптым», я болмаса «мен допты арқар мүйізі гүлінің артынан таптым» деп тапқан гүлдерінің аттарын атап айтулары керек. Балалар барлық өсімдіктермен танысқаннан кейін ойын ойналады.

 

 

 

 

                         7.«Жер, су, ауа, от.»

Ойын мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін дамытып, тез жауап беруге дағдыландыру.

Ойын шарты: Балалар шебер құрып тұрады, допты бір балаға лақтырып  «Жер» деген кезде жердегі өсімдіктер, заттар, адам, ұй, жануарларды атап айтады, «су» дегенде суда тіршілік ететін балық аттарын, су көліктерін атайды, «ауа» дегенде ұшақ түрлерін, құстардың атарын, аспан, бұлт, ай, жұлдыздың аттарын атайды.

Бұл ойынды екінші бағытпен ойнатуға болады.

«Ауа» дегенде кезде балалар қолдарын жоғары көтереді, «Су» дегенде қолдарын алға созып жүзеді, «от» дегенде қолдарын былғайды, «Жер» дегенде қолдарын төмен түсіреді.

                                8.«Тез жауап бер.»

Ойын мақсаты: Түстерді, пішіндерді, сапасын дұрыс атай білуге дағдыландыру.

Ойын шарты: Балалар шеңберде тұрады, допты кім қағып алады сол бала заттың аты мен түсін айтып допты келесі балаға лақтырады. «Жасыл»- жапырақ, «көк»- аспан, «сары»- күн, «қызыл»- гүл, «ағаш»- отырғыш, «тас»- үй, «темір»- қасық т. б. Ойынды үйренгесін тапсырманы күрделендіруге болады. Бір сөзбен жауап бермей екі,үш сөзбен жауап беруге болады.

 

                   9.«Дыбыстар қайда орналасқан».

Ойын мақсаты: Дауысты дыбыстарды ажырата білуге үйрету.

Ойын шарты: Үш сандықша жасалынады.Бірінші сандықшада дауысты дыбыс басында, екінші дауысты дыбыс ортасында, үшінші дауысты дыбыс аяғында көрсетілген. Балаларға  жазылған сөздер үлестіріліп береді. Дауысты дыбыстар сөздің қай жерінде кездеседі сол сөзді сандықшаларға салады.  

 

                       10.«Көкіністер мен жемістер»

      Мақсаты: Жемістермен, көкіністерді айыра білуге, атай білуге   үйрету.Ойынға деген қызығушылықтарын арттыру, жылдамдыққа үйрету.

     Ойын шарты: Екі жерге екі себет қойылады.Үстел үстіне көкіністер

 мен жемістерді шашып тастаймыз.Балалар көкіністер мен жемістерді ажыратып екі себетке бөліп салады.

 

                      11. «Нені қайдан алуға болады?»

    Мақсаты: Адамға қажетті заттарды тани, талдай білуге, нені қайдан алуға болатынын үйрету, сөздік қорларын байыту.

      Ойын ережесі: Тәрбиеші  үстел үстіне нанның, киімнің, ыдыстың, сүт пен ет тағамдарының (шұжық ет) суреттерін қояды.Бұл суреттер «Дүкенді» бейнелейді.Суреттердің жанында түрлі заттар аралас жатыр.Шақырылған бала суреттің ішінен біреуін алады да не екенін, қайда сатылатынын айтады.

Мысалы: - Пальтоны, көйлекті қайдан алуға болады?.

                 - Киім сататын дүкеннен аламыз.

                 - Ыдыстарды (кесе, қасық) қайдан алуға болады ?.

                  - Ыдыс сататын дүкеннен аламыз.

 Бала суреттің ішінен біреуін алады да, сол дүкенге апарып қояды.

 

                               12. «Ненің төлі жоқ?»

 Мақсаты: Үй жануарларын ажырата білуге, оларды төлдерін ажырата білуге, жануарларды күте білуге, қамқорлыққа ала білуге тәрбиелеу.

Ойын ережесі: Ойыншық үй жануарлары үстел үстінде тұру керек.Балалар ойыншықтарды мұқият қарап алады.Тәрбиешінің белгісі бойынша көздерін жұмады, сол кезде тәрбиеші үй жануарларын бір төлін тығып тастайды.Тәрбиеші  ненің төлі жоқ деп сұрайды?.Балалар жауап беру керек.Ойын бірнеше рет жалғастырылады.

 

                     

 

 

                  13. «Шектес сандарды ата».

   Мақсаты: Балаларға ойынға деген қызығушылықтарын    арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту.

 

 

 Ойын ережесі: Бұл ойын үшін бірнеше бөліктен жасалған карточка болу керек.Торкөзге жазылған сандар, ал бір торкөзге сан жазылмайды.Балалар сол жоқ санды тауып алып атау керек.Ойын бірнеще рет қайталанады.

 

                            14.«Қажетті сөзді тап».

    Мақсаты: Тапқырлыққа, ойланып жауап беруге, сықақ сезімін дамыту.

    Ойын ережесі: Тәрбиеші бір сөз атайды, балалар соған қажет заттардың атына байланысты сөздерді тез атауға тиісті.Мысалы: тоқылатын заттарды ата десе, балалар- шұлық, шәлі, қолғап, жемпір деп жауап береді.Қайда, немен, кім тоқиды?.- Фабрикада машинкамен, үйде бізбен тоқымашы тоқиды.

- Тігілетін заттарды ата- көйлек, етік, тымақ,көрпе, пальто Т.Б.

- Қайда, немен, кім тігеді?.

 

                           15. «Сыңарын тап»

   Мақсаты: Балалардың пішіндер туралы түсініктерін кеңейту.Байқампаздыққа және шапшаңдыққа үйрету.Ойынға қызығушылықтарын арттыру.Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

   Ойын ережесі: Геометриялық пішіндерді алып, қақ орталарынан кесу.Балалар сол геометриялық пішінді тауып құрау қажет.Ойын бірнеше рет қайталанады және геометриялық пішіндердің түр-түстерін айтып беруге тиіс.

 

 

                            16. « Қателеспе»

        Мақсаты: Спорт түрлерін анықтауға және білімдерін бекітуге жаттықтыру.Спортпен шұғылдануға деген талабыне арттыру.

        Ойынның шарты:

     Спорттың бір түрі бейнеленген суретті кім бірінші табады, сол ойынның жеңімпазы болады.

 

                           17.«Кім тез жинайды?»

    Мақсаты: Көкіністер мен жемістерді айыра білуге, топқа бөле білуге, шапшаңдыққа баулу; тәрбиешіні тыңдай білуге тәрбиелеу.

   Ойынның шарты:

   Себеттің сыртында жапсырылуы тұрған көкініс пен жемістер бойынша жемістер мен көкіністерді себетке жинау.

 

                       18.«Экологиялық бағдаршам»

    Мақсаты: Балаларды табиғат сұлулығын көріп, сезіне білуге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.Табиғатқа деген сүйіспеншілігін сақал-мәтел, тақпақтар, тиым сөздер арқылы білімдерін алттыру.

    Ойынның шарты:

   Балалар бағдаршамның кез-келген түсін таңдап алады да сол түстегі тапсырманы орындайды.

     Қызыл түс- тыйым сөздер

     Жасыл түс- тақпақтар

     Сары түс- мақал-мәтелдер

 

  

 

 

 

                          19.« Сыңарыңды тап»

 Мақсаты: Балаларды әсемдік әлемін танып білуге үйрету, гүлдер туралы толық түсінік беру.Гүлдерді күтіп баптауға тәрбиелеу, түстерді айыруға үйрету.

 

                            Ойынның барысы:

 Балалар екі топқа бөлінеді.Балалардың қолдарында гүлдердің суреттері.Балалар өз суреттерін екінші  топтан табу керек, қолдарынан ұстап, алға шығып, гүл туралы айту керек,(гүлдің аты, түсі т.б.)

 

                         20. «Жол белгілерін қою»

   Мақсаты: Балалардың жолда жүру туралы алған білімдерін тиянақтау, жол белгілерін айыра білу.Балаларды мейірімділікке, байқағыштыққа тәрбиелеу.

                  

                               Ойын барысы:  

     Балаларға көше макетін мұқият қарау ұсынылады.Сосын қай жерге қандай белгі қою керектігін айтқыза отырып, жол белгілерін қою.

 

                            21. «Сиқырлы сандық»

  Мақсаты: Дыбыстарды анық, асықпай, дұрыс айта білуге үйрету.Сөздерде дыбыстың дұрыс айтылуына назар аударту.

 

                                 Ойын барысы:

   Тәрбиеші әдемі сиқырлы сандықтан неше түрлі ойыншықтарды шығарады (Бота, құлыншақ, аю, мысық, машина).Балалар ойыншықтар арқылы сөйлемдер құрап береді.

 

                 

 

                  22. «Үй жануарлары мен төлдері»

   Мақсаты: Балаларды үй жануарларымен таныстыру, төлдерін айыра білуге үйрету.

                            Ойынның шарты:

 Үй жануарларының төлдерін айыра білу.

 

                                23.«Дүкенші»

   Мақсаты: Балаларға мамандықтар туралы түсінік беру.Рольге  бөліп ойнауға үйрету және оларды айыра білуге баулу.

                               Ойынның шарты:

  Тәрбиеші дүкенші болып ойнайды.Балалар сатып аоушы борлады.Балаларға заттың түсін және қай жерде қолданылатынын білгізу.

 

 

 

 

 

 

 

Дайындаған:Кошакаева А.А

2016.19.12жыл

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дидактикалық ойындар /.1-4 сыныптар./ Кітапша."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Животновод

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бұл методикалық кітапшада бастауыш сынып балаларына арналған әртүрлі Қызықты, ойландырар дидактикалық ойындар қарастырылған.Мыслы: үй жануарлары.әртүрлі пішіндер,артығын тап, ыссы-салқын.Сабақ барысында қолдануға болады және де бала-бақша тәрбиешілеріне таптырмас құрал.Көңілдеріңізден шығады деп ойлаймын.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 581 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.02.2018 2085
    • DOCX 59.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кошакаева Айгуль Альмишовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кошакаева Айгуль Альмишовна
    Кошакаева Айгуль Альмишовна
    • На сайте: 6 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 238052
    • Всего материалов: 90

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов

Курс повышения квалификации

Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 954 человека из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 7 708 человек

Курс повышения квалификации

Инклюзивное и интегративное образование детей с ОВЗ в условиях введения и реализации ФГОС НОО ОВЗ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 304 человека из 61 региона
  • Этот курс уже прошли 1 201 человек

Курс профессиональной переподготовки

Инклюзивное образование в начальной школе

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 159 человек

Мини-курс

Сельский и индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Профориентация детей и подростков

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 42 человека

Мини-курс

Стартап: стратегия, развитие, и инвестиции

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе