- 09.01.2016
- 2034
- 12
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
«Менің Отаным-Қазақстан»
Мен қазақпын мың өліп мың тірілген,
Жөргегімде танынғам мың тілімен.
Мен қазақпын деп айтамын,
Қуана дүниенің төбесінен тебіне.
Өткен ғасырларда, Отанымызды қорғап жерімізге жауды кіргізбеген: Исатай, Махамбет, Қабанбай, Қарасай, Бөгенбай батырларымыздың және 1986 жылы «Өз жеріміз, өз еліміз» деп көтеріліске шықан біздің Сәбира, Ләззат, Қайрат, Ербол сияқты ағаларымыз бен апаларымыздың «Тәуелсіз жерім» деген аңсаған армандарына 1991ж ие болдық.
1991 жылдан бастап жаңа туған нәрестедей Тәуелсіз Мемілекет болып, сол жылдардың бас кезеңіндегі қиыншылықтарды, ел басымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың, «Өз халқына, өз Отанына» деген сүйіспеншілігінің арқасында күресе жеңе шығып, талай жетістіктерге қол жеткіздік. Соның ішінде тоқтап айта кетсем:
Қазақ даласы кенді Алтай тауларынан ақ Жайықтың жасыл жағалауына дейін созылады. Біздің жердің қайнауы Алтын мен күміске, темір мен көмірге, мұнай мен газға аса бай. Осындай кең байтақ жомарт далада ұлы батырлар мен ақындар саусағынан сан өрнек төгілген зергерлер,шеберлер жасаған, бүкіл дүние жүзінде ақындар Абай мен Жамбылдың, оқымысты Ш.Уалихановтың, жазушы М.Әуезовтің, академик Қ.Сатбаевтың есімдері жақсы таныс. Біздің Республикамызда жүз жиырма дан астам халықтың ұл қыздары тау- тәтті ынтымақ пен жемісті еңбек етеді. Біз қандас болмасақта, Біз жандаспыз! Қазақстанды осы бір мүшел аз уақыттың ішінде –ақ дүние жүзінің көптеген елдері Орта Азиядағы бірден –бір дамыған ел ретінде танып отыр.
Нарықтық заманнының алғашқы жылдардағы қиындық кездің өзінде зейнетақы мен дәрігерлердің, ұстаздардың, бюджеттен қаржыландыратын қызметкерлердің еңбекақысы беріліп тұрды.
Тәуелсіз еліміз нарықты дамуда өз жолын таңдады. Көптеген елдерден инвестиция таратып, экономиканы жолға қоюдың, саяси реформаларды жүзеге асырудың арқасында халықтың әл- ауқаты бір шама көтеріліп, жағдайының жақсарғанын байқауға болады. Мұнай өндіруден алдыңғы қаттарлы елге шықтық. Көптеген шет мемілекеттеріне танымал ел болдық Басқа елдерге қарағанда Қазақстанда ұлт аралық жан-жал болған жоқ. Бейбіт өмір сүріп жатырмыз. ҚР біздің сүйікті де ортақ Отанымыз.
ҚР 1992 жылы «Ұлттық рәміздері» қабылданданды
1993 жылы Өзіміздің ең алғашқы «Ұлттық валютамыз» қабылданып, 2006ж ұлттық валютамыз екінші рет қабылданды.
1995 жылы «Ата Заңы» қабылданды: Елге адал қызымет етуге, еліміздің өркендеп өсуіне, еліміздің нарықты экономикасын көтеруге, барлық халыққа тең құқық беруіне, барлық балаларға тегін білім алуға, әр бір адамның саяси азаматық құқықтарын сақтауына оған ел басы кепілдік береді.
1998 жылы Ақмола, «Астана» бас қала болып өзгертіліп, қалада зәулім әдемі ғимараттар, үйлер салынып және басқа қалаларда құрлыс өркендеп үлкен деңгейге көтеріліп, Қазақстанымыз гүлденіп жатыр.
1989 ж «Тіл туралы» Заң қабылданды, 1997 ж тіл туралы Заң екінші рет қабылданды,
Тіліміз бен Дініміз өзімізге қайта оралып.
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
деп Қ.Мырзалиев атамыз айтқандай, басқа тілдің бәрін бізге білу артық болмас, дегенімен өз тілмізді, өз дінімізді құрметеп, білуіміз керек. Қай ұлт болмасын тілі алдымен өзінің ана тілінде шығып, екінші тілді ана тілінің негізінен үйрету керектігі ғылыми тұрғыдан дәлелденген.
Қазақ тілі Мемілекеттік тіл бірақ басқа тілдердің, Қазақстанда дамуына, сақтауына барлық жағдай жасалынған.
Халқымыздың ежелден-ақ бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, олардың парасаты мол, мейрімді, ақылды, еңбекшіл болып өсуіне бағыт-бағдар беріп отырған. «Бала балқыған қорғасындай, қандай да қалыпқа құюға болады» делінген халықтың даналық сөздері де осыған байланысты туса керек. Тәуелсіз еліміздің еңсесін өркениетке жетелейтін ұрпақтың тәрбиесі бүгінгі күннің ең өзекті мәселелеріне айналып отыр. Бұрынырақ « Ұрпақ тәрбиесі тал бесіктен басталады»- деуші едік. Заман ілгері жылжыған, ғылым дамыған сайын бала тәрбиесі құрсақта жатқаннан басталатындығы анықталып отыр. Ендеше үзсілсіз тәлім- тәрбие үрдісінің түп тамыры, өзге мектепке дейінгі тәрбиеден бастау алатынына ешкімнің таласы жоқ .
Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиелеу, білім беру жұмыстарын кешенді түрде, халықтық педагогикаға сәйкес үйлесімді ұйымдастыру , баланың ойлау, ән-күй, әдебиет өнеріне қызығушылыққа баулу, олардың денсаулығын нығайтып , дене түзілісінің дұрыс жетілуіне бас назар аударып, өмірдегі, табиғаттағы әсемдік атаулыны сезіне, қабылдай білуге үйрету. Ұлттық дәстүрлерге негізделген оқу-әдістемелік кешенін жасау.
Елбасымыздың баса назар аударғанының нәтижесінде білім берудің сапасын арттыру, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жолға қою үшін балабақшаларды қайта қалпына келтіру ісіне көңіл бөлінуі тәуелсіз еліміздің болашағы- балаларға деген зор қамқорлық екені дауысыз.
Ата- бабаларымыздың бізге қалған адамдық асыл қасиеттерінің үлгісін жоғалтып алмай, болашақ ұрпаққа жеткізу біздің борышымыз.
6 664 983 материала в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Абленова Назым Адиловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс профессиональной переподготовки
500/1000 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300 ч. — 1200 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч.
Курс повышения квалификации
72 ч. — 180 ч.
Мини-курс
4 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.