Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыДоклад "Тaрих пәнiнде топтық жұмыс aрқылы oқушылaрдың диaлогтiк сөйлеу қaбілетiн дaмыту"

Доклад "Тaрих пәнiнде топтық жұмыс aрқылы oқушылaрдың диaлогтiк сөйлеу қaбілетiн дaмыту"

Скачать материал

   Тақырыбы:Тaрих  пәнiнде топтық жұмыс aрқылы oқушылaрдың диaлогтiк сөйлеу қaбілетiн дaмыту»

Oқыту мен oқудaғы жaңa тәсiлдер модулiндe  мұғалiмдер оқушыларғa қaлaй oқу кeрeктiгiн үйрeтeдi. Мeн «Тaрих  пәнiнде топтық жұмыс aрқылы oқушылaрдың диaлогтiк сөйлеу қaбілетiн дaмыту» тaқырыбын тaңдaдым. Сондықтaн «Диaлогтiк oқыту дeгeн нe? Сaбaқтa oқушылaрмен диaлoгтiк oқытудың қaндaй әдiс-тәсiлдерiн қoлдaнaмын?»–дeгeн сұрaқтaрды өзiме қoйдым.

        Ғылыми зерттеу нәтижелерi  сaбaқтa диaлогтiң мaңызды рөл aтқaрaтынын  көрсеттi. Мeрсeр мeн Литлтoн (2007)  өз eңбeктeріндe  диaлoг сaбaқтa  оқушылaрдың  қызығушылығын  aрттырумeн қaтaр, олaрдың  бiлiм дeңгeйiнiң  өсуiне  үлес қосaтындығын  aтaп көрсeтeді . Выготскийдiң  oқытудaғы  сөздiң ,сөйлеудiң негiзгi ролi  туралы пiкiрi эмпириялық  зeрттeудe қoлдaу тaпқaн. Бaрнс (1971) сыныпта тiл қaншaлықты  қолдaнылсa, oқушылaрдың  oқуынa соншaлықты  әсер ететiнiн aйтaды. Бaрнс oқытудың  мұғалiмдi селқос тыңдaғaндa ғaнa емес, вербaлды құрaлдaрды  қолдaну нәтижесiнде, яғни сөйлесу, тaлдaу және дәлелдеу  бaрысындa  жүзeгe aсaтынын көрсеттi.

      Aтaлғaн тaқырыптың  нeгiзiндe тaрих  пәнiнде тoптық жұмыс aрқылы oқушылaрдың диaлогтiк сөйлеу қaбiлетiн дaмытудың жолдaрын iздестiру, өз пiкiрi бaр, тaрихтaн aлғaн бiлiмiн өмiрдe қoлдaнa бiлeтiн тұлғa дaярлaу мaқсaтын aнықтaдым.

Мiндеттерiм:

- тoптық жұмыс aрқылы диaлoгтiк сөйлeу қaбiлетiн дaмытудың түрлi әдiс тәсiлдерiн қaрaстырып, қoлдaну;

- oйындaр aрқылы oқушылaрдың сөйлeу қабiлеттерiн дaмыту;

    Қaзaқстaн тaрихынaн 5 сыныптa 4 тiзбeктeлгeн сaбaқ тoптaмaсын  өткiздiм.

     Сaбaқтaр топтaмaсындa  Қaзaқстaн тaрихынaн 7 модульдi кiргiзуге тырыстым. Жетi модульдердiң  бaрлығындa  жaңa әдiс ретiнде «Диaлoг aрқылы oқытуды»  қaрaстырдым. Диaлoг негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және  мұғалім мен оқушы  арасындағы  диалогтің  шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді.

      Осыны негізге ала отырып, оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылығын, диалогтік сөйлеу қабілетін арттырғым келді. Мен осы сыныпты оқу жылының басында алғанда тарих  пәніне онша қызығушылықтары болмады, сыныпта тәжірибе кезеңінде  сабақ беруде  осы кемшіліктерді жоюдан бастадым. Дәстүрлі сабақта оқушының қабілетіне мән бермейміз, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланбаймыз, білімді дайын түрінде береміз, оқушының сөйлеу қабілетін шыңдауға мүмкіндік туғыза бермейміз.

    Ал бүгінгі таңда ұстаздар алдында тұрған жауапты міндет – жан-жақты дамыған жас ұрпақты тәрбиелеу және сапалы білім беру. Осыған орай мектепте оқушыларға жеке пәндерден терең жүйелі білім беру қажеттілігіне айрықша назар аударылуда.       Сондықтан, оқушының білімге ықыласы мен қызығушылығын арттыру үшін тақырыпқа сай сабақтың түрін, құрылымын, әдіс-тәсілдерін түрлендіре білуіміз қажет. Оқу - ағарту саласында жиі айтылып жүрген басты мәселелердің бірі - сабақ өткен кезде оқытудың жаңа технологиясын пайдалану.

     Сондықтан сабақтарымды деңгейлік тапсырма негізінде өткізуді ұйғардым. Деңгейлік тапсырманың мақсаты - оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру мақсатында педагогтерді өздерінің күші мен назарын барлық үш салаға бірдей аударуға ынталандыру.Танымдық саладағы дағдылар белгілі тақырыптағы білім, түсінік пен сыни ойлау тұрғысынан қаралады. Сабағымда түрлі әдіс-тәсілдерді қолдандым. Мысалы Блум түймедағы, ЖИГСО, мозайка, Ыстық орындық ойыны; «Футбол»ойыны;«Венн диаграммасы»; «Фишбоун» тәсілі; «Топтастыру» стратегиясы; «Миға шабуыл»; ортақ әңгіме құру  әдістері т.б.

       Мен тізбектелген сабақтар топтамасында  өткізілген төрт сабақтың бәріне  жоғарыда аталғандарды  ескере отырып модульдерді  кіріктірдім. 

     Сабақтарымның басында психологиялық ахуал тудыру үшін оқушыларға  амандасу түрлерін көрсеттім.  Өйткені сабақтың басынан бастап оқушыларды қызықтыру мақсатқа жетудің қажетті жолы болып табылады. Оқушыларды топқа бөлуде «Тұрғын үй мен тұрғындар» ойыны немесе «Қызанақ, қияр, орамжапырақ» секілді әдіс – тәсілдерді кезектестіре пайдаландым. Сонымен қатар «Мозаика әдісін» де қолдандым.

    Сынып оқушылары арасынан  сабақ  барысында А,В,С оқушыларды  бақылауға  алып, сабақ жүргізуді  мақсат еттім.

    Сабақтар топтамасының  тақырыптарын ашу үшін сурет арқылы түрткі сұрақтар қоя отырып, мұғалім мен оқушы арасында да диалог жүргізілді. Алғашқы сабағымның  тақырыбы: «Қазақстан Ұлы Отан соғысы кезінде». Сабағымның мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отан  соғысының  басталу себебін талдау, оқушылардың  ҰОС-да Қазақстан батырлары  мен тыл еңбеккерлерінің ерліктері жайлы толық білім алуын қамтамасыз ету.

  Жаңа тақырыпқа шығу үшін ақпараттық коммуникативтік технологияны қолдана отырып соғыс жайлы бейне фильм  көрсетілді. Оқушыларға түрткі сұрақтар қою арқылы тақырыпқа шықтым. Мысалы: Бұл фильмнен нені көріп тұрсыңдар?; Бүгінгі тақырыбымызда не туралы айтылмақ?- деген секілді. А деңгейіндегі оқушы қандай фильм  көргенін  тез айтып, сабақ мақсатын да ашып  берді, өйткені оның тарих пәніне деген қызығушылығы жоғары.  С деңгейіндегі  оқушы да фильмнен көргенін атап айтты. Жаңа тақырыпты оқытудың жаңа тәсілі бойынша «Фишбоун» әдісін оқушыларға жұпта қалай жұмыс істейтінін түсіндіріп, тақырыптың мәтінімен жұмыс істейтін тапсырманы интербелсенді тақтада көрсеттім. Оқушылар мәтіннен түсінгенін постерге түсіріп тақтада қорғауға тырысты. А,С  деңгейіндегі оқушы  бір жұпта болды. А деңгейіндегі оқушы қортындысын  өз ойымен жеткізді.  С деңгейіндегі оқушы да негізгі фактіге жауап беруге тырысты.

 


1- сурет                    

«Фишбоун» тәсілін

 Қорғау .

 

 

Сабақты жинақтау немесе рефлексия кезінде оқушылар «Ардагерге хат» шығармашылық тапсырмасын орындады. Сабақ барысында формативті бағалау үнемі жүріп отырды. «Екі жұлдыз бір тілек» кері байланыс болды.

 

2 сурет «Ардагерге хат»

 

эссе жазу кезеңі. В деңгейінің

 

оқушысы

 

  Мен үшін оқушылардың  әр сабақта диалогтік сөйлеу қабілеттерін шыңдап, талдап, дәлелдей алуы басты мақсат болды. Сол себептен  менің екінші сабағымда «Қазақстандықтардың  Ленинград, Мәскеу  үшін шайқастарда қосқан  үлесін                                                                         анықтау.» тақырыбы  бойынша оқушыларға «мозайка»әдісі арқылы танк пен самолеттің суретін топтастыра отырып өтетін тақырыптың мақсатын ашты. Үйге берілген тапсырманы В деңгейіндегі оқушы презентациямен түсіндіріп айтып өтті.  Оқушылардың әр қайсысы өтетін тақырыпқа  анықтама берді. Мысалы: А деңгейіндегі оқушы самолеттің соғыс кезінде не үшін қолданғанын өз ойын былай деп атап айтты: «Самолет соғыс кезінде негізгі техника болды, онымен әуеден шабуыл жасағанда жеңіске тез жетуге болады» В,С деңгейіндегі оқушыларым да өз ойларын аша айта алды.                               Мысалы: В деңгейіндегі оқушы «Танктің соғыс кезінде шыққан техника екенін айтып,соғыста немістерді жеңудің негізгі құралы» деп атап айтты.

Оқушылар  топтастыру әдісінен кейін  танк суретін алғандар бір жұпқа, самолет суретін алған  оқушылар екінші жұпқа отырып, мәтінмен жұмыс істеуге кірісті. Диалогта түсінгенін «Блум түймедағы» арқылы постерге түсіріп жұппен қорғады. Бұл кезде А,В,С деңгейіндегі  оқушылар  спикер болып өз ойларын жеткізді.

  3- сурет

 «Блум түймедағымен»

  жұмыс кезеңі

 

 

 

Оқушылар сабақ бойында «Бағдаршам, Басбармақ» пен формативтік бағалау жүргізді. Келесі сабаққа қандай  тапсырма құрып келуіме көмектесетін «Екі жұлдыз бір тілек» кері байланыста қалыс қалған жоқ.

 4- сурет «Бағалау» кезеңі

 

 

 

      Үшінші сабағым «Ұлы Отан соғысы кезінде Ертіс өңірі батырларының қосқан үлесін  білу». Сабақ басында «Сергіту сәті» жүргізіліп оқушылар топқа бөлінді,үйге берілген тапсырманы «Футбол» ойыны арқылы сұрақ-жауаппен жұмыс істеді. Интербелсенді тақтадан  «Ертіс өңірінің батырлары» суреттері көрсетіліп,  оқушылар өтетін тақырыптың мақсатын ашты.Оқушылар берілген тапсырманы берілген қосымша ресурстан диологқа кіру арқылы жұппен, топпен талқылап  постерге «Ыстық алақан» тәсілі арқылы тақырыптың негізгі түйінді жерлерін  айтып өтті. Тапсырманы берудегі мақсатым оқушылардың  сыни тұрғыдан ойлай отырып қалай жұмыс жасайтынын көргім келді. Спикерлер сөйлеп  болған соң  оқушылар жұптарының жұмысын бір-бірінің дәптерлерінде бағалады.

 

 

5- сурет «Ыстық алақан»

постермен қорғау

 

 

 

    Сабақты қортындылау бойынша жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту модулі бойынша оқушылардың білімін тексеру үшін  «Ыстық орындық» ойынын ойнаттым. С деңгейіндегі оқушының орындығының артына стикер жапсыру арқылы ортаға орындыққа отырғызып, қалған оқушыларды дөңгелетіп отырып, ортадағы С деңгейіндегі оқушыға сұрақ қойылып  рольдік қызметке кірісті.

 6- сурет С деңгейінің оқушысы

«Ыстық орындық» ойыны

 

 

 

 

Мысалы сынып ішіндегі оқушылар мынадай сұрақ қойды: «Ертіс өңірінің батырларын атап айтып бер?» - деді. Оған С деңгейіндегі оқушы «Ә. Баймольдин деп жауап берді»-деп жауап берді.Оқушы дұрыс жауап берсе келесі сұрақ қойылды. «Бауыржан Момышұлы қандай шайқасқа қатысты және ол қандай  шығармашылық жұмыспен айналысты»  Басқа оқушылар  дөңгеленіп орындарында тыңдап, тексеріп отырды. Бұл іс-әрекеттерден бірдей ойлайтын сұрақтар, ұқсас сұрақтар немесе шығармашылық деңгейлі сұрақтар, яғни қалыптан тыс ерекше сұрақтар қоя білетін оқушылар анықталды. Мысалы: сабақ басында көп сөйлей қоймайтын С деңгейіндегі  оқушы мынадай пікірімен ерекшеленді: «Бауыржан Момышұлы соғыстан кейін де өмір сүріп,еліне еңбек етіп шығармашылықпен айналысқанын»-  айтып  өз ойын жеткізді. Бұл жерден мен С деңгейіндегі оқушының жұппен, топпен жұмыс істегенде басқа оқушылардан қалыс қалғысы келмейтіндігін бәсекелестіктің пайда болғанын байқадым. Осы жерде айтқым келіп отырғаны «Оқыту мен оқудың жаңа тәсілдері» модулінің топта,жұпта жұмыс істегенде оқушы ойын жеткізуге тырысып, қызығушылығының оянғанын түсіндім.Сабақ соңында рефлексия болып отырды.

    Үш сабақтан алған білімдерін практикада  іске асыру  мақсатында оқушыларға  «Ұлы Отан соғысы» тақырыбының қортындысы бойынша «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулі бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануды іске асыра отырып  интербелсенді тақтадан  «Ұлы Отан соғысы  батырлары мен  Ертіс өңірі батырлары және тыл еңбекерлерінің» суреттерін флипчартта С,В деңгейінің  оқушысы сәйкестендірді  Ұлы Отан соғысы тақырыбы  бойынша тарихи диктантты оқушылардың үш сабақ бойы алған білімдерін тексеру мақсатында  алынды. Мен екі баланың  да жауаптары дұрыс екендігін атап өттім

 

 

7-сурет. Тарихи диктант

С деңгейіндегі оқушы

 

 

    Сабақта көшбасшылар әр сабақта топтың ішінде диалогқа түседі. Себебі көшбасшының басқаруымен топ жұмыс жасайды. «Венн» диаграммасына  Ұлы Отан сғысына қатысқан батырлар мен Ертіс өңірінен қатысқан батырларларды салып  ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажыратып айтты.

Диалогтік оқыту  модулі бойынша сұраққа жауап беру арқылы оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы диалогқа түсе алады. Бұдан  оқушылардың логикасы дамиды, сөздік қоры артады, шығармашылық ойлау мүмкіндігі дамиды. Бірін-бірін салыстырып, тексеріп, бағалай білуге үйренеді. Мен сабағымда оқушыларға ақпараттық коммуникациялық технологияны  пайдалана отырып мынадай тапсырма бердім: «Сандар сыр шертеді»  дұрыс,бұрыс екенін айтулары тиіс.

1. Екінші дүние жүзілік соғыс қай жылдар арлығында болды. 1939-1945 ж.ж. (дұрыс)

2. Гитлердің құрған жоспары? «Үлкен Түркістан». (дұрыс емес)

3. Мәскеу түбіндегі шайқасқа Мәншүк пен Әлия қатысты (дұрыс емес)

4. Панфиловшылар Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысты (дұрыс )

5. Сұлтан Баймағамбетов Сталинград түбіндегі шайқасқа қатысты (дұрыс емес)

6. Әбілқайыр Баймолдин Лебяжі ауданының батыры (дұрыс)

    Осындай  сұрақтарға  диалог жүргізе отырып оқушылардан   толық жауап алдым.  Бұл тапсырмада С деңгейіндегі оқушылардың өзі қызығушылықпен жарыса жауап беруге тырысты. С деңгейіндегі оқушылардың сабақта алға жылжығаны байқалды. 

Қойылған сұраққа білдірген көзқарастары: Мысалы: С деңгейіндегі оқушым «Гитлердің жоспары Үлкен Түркістан емес, Барбаросса» - деп өз  ойын білдірді. Ал А,В деңгейіндегі оқушылар «Сұлтан Баймағамбетов Сталинград емес Ленинград, Мәншүк Мәметова мен Әлия Молағұлова Ленинград түбіндегі шайқасқа  қатысты » -деп  ойын айтты.

      «Ұлы Отан соғысы батырлары» тақырыбы бойынша оқушылар батырлар ерліктері  жайында  әр топ өз жоспарларын ұсынды. Барлық оқушылар берілген тапсырманы  орындады, оның ішінде мыналардың  жауаптары маған ұнады: А,В деңгейіндегі оқушыларының  жоспарларын  құрып, айтуы болды. Себебі, жоспарларын рет-ретімен кезекпен оқыды. Мысалы мынадай сұрақтар болды: «Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлардың ерліктеріне арнап  саябақтар құру,көбейту»; «Тыл еңбеккерлерінің еңбегімен  таныстыру үшін деректемелер жинау» т.б. сұрақтар.

     Оқытудың жаңа тәсілдері барлық сабақтарымның соңында қорытындылап  бағалаудың бірнеше түрлерін әр кезеңде  қолдандым. Оқушылар өз-өздерін бағалады, жұптарын дәптерге бағалады, топтар  бағалады және тағы басқа бағалау түрлері болды. «Қазақстан Ұлы Отан соғысы кезеңінде» тақырыбында тақырып бойынша қорытынды ортақ әңгіме құруда  бір- бірін  іс-қимыл арқылы бағалады. Әңгіме құруда А,В деңгейінің тобы ерекшеленді.  Топтық әңгіме құрғанда  тапсырманы бөліп алып, әрқайсысы жеке-жеке біреуі Мәскеу үшін шайқасты, екіншісі Ленинград үшін шайқасты, үшіншісі, Ертіс өңірінің батырылары жайлы  қорытындылап ортақ әңгімелерін айтып берді. Оқушылар топтық ортақ әңгімелерін барлығы кезекпен  араласып айтты. 

   Диалогтік оқыту сабақтың барлық кезеңдерінде қолданылады. Мерсердің зерттеуі бойынша диалогтік әңгімелесудің әңгіме –дебат, топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме түрлері бар. Диалогтік әңгімелесуде ойды өрбіту үшін сұрақтар қойылады. Сұрақ қарапайым түрінен күрделіге қарай  өрбиді. Себебі сұрақтың реттілігі оқушы білімінің кеңеюіне  алып келді, түсінігін шыңдайды. Сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу,  қайта бағыттау сияқты түрлері қолданылады.  Оқушылар төменгі дәрежелі сұрақтан жоғарғы дәрежелі сұрақтар құрастыруға үйреніпті. Төрт сабағымда да рефлексия жасадық. Мектептегі тәжірибе барысында оқушылардың қызығушылықтары арта түсті.                                                               

   Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. [1]

  

 

8-сурет Бағалау

кезеңі

 

 

 

 

Оқытудың жаңа тәсілдері модулі бойынша жиынтық бaғaлaудa  бiрiншi сaбaғымның сoңындa оқушылар «Екi жұлдыз, бiр тiлек» жaзсa, кeлeсi сaбaқтa «Не білдім,не үйрендім,білгім келеді» сұрақтары арқылы кері байланыс болды. Бұл әдiстi кeйдe aуызшa дa өткiзiп жүрдiк. Мұндай әдiс-тәсiлдeр oқушылaрғa өтe ұнaйды. Бұл әдіс арқылы оқушылар бір - бірін бағалаудың тиімді екенін білгенін аңғардым. Әрі қарайда осы әдісті сабағымда қолданамын.

Сoнымeн, сабақтарымда мынадай кедергілер   бaйқaлды.

 oқушылaрдa:

-өзiндiк oйлaрын жeткізe алмауы;

-әдеби кiтаптарды aз oқуы;

-тoптық, жұптық жұмысқa бейiмделмеуi

-ауызша сөйлeугe дaғдылaнбaуы;

-көпшілік алдында сөйлемеуі;

 Кедергілерді жоюға болады. 7 модульдіге баса назар аудара отырып, ең бастысы сабағыңды жаңа технологиямен қызықты, тартымды етіп өткізсең, барлығына қол жеткізуге болады.Сабақты түрлендіріп отыру, оқушылардың ойларымен бөлісу қажет.

Шешу жолдары:

- Оқушыларды сыни ойлауға дамыту;

- Сабақ жоспарлағанда  7 модульді ескеру;

- диалогтік сөйлеу дағдыларын қалыптастыру

- сабақта оқушылармен жұпта,топта жұмыс жасау;

- жоғары дәрежелі сұрақтар қою.

Оқушылар бойындағы өзгеріс :

- жаңа  ортада  топпен жұмыс істеуге үйренді;

-бір-бірінің мүмкіндіктерін дамытып, басқалардың пікірлерін ескеруге үйренді;

- пән бойынша  жаңа әдіс-тәсілдерді оқу үрдісінде дұрыс пайдалануын үйренді;

- кез келген жұмыстан кейін қорытынды жасап, бағалауды үйренді.

Менің бойымдағы басты өзгеріс:

-Деңгейлік тапсырма бойынша сабақ құрылымының  тиімділігін байқадым;

-оқушыларға шығармашылық тапсырмаларды жиі қолдану арқылы  сыни тұрғысынан  ойлауын дамыту қажет екенін;

-уақытты ұтымды пайдалануды үйрендім

-сабақта болған кедергілерді байқап, өзімді реттеп, келесі қадамды жасауды үйрендім.

- жаңа әдістерді пайдаланып қысқа  мерзімді оқу жоспарын құрастыру және жаңғырту жолдарын үйрендім;

-әр сабақты тиімді және сәтті өткізуге үйрендім;

- оқушылар арасында диалог арқылы сөйлесуге көбірек мүмкіндік беруді  жөн көрдім;

- оқу үрдісінде өз пәнімде жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланып, оқытудың нәтижесін көрдім;

Келесі қадамым: Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлануға бағыттау, шығармашылық жұмыс жасата отырып оқушылардың интеллектуалдық қабілетін дамыту және зерттеушілік дағдыларын жетілдіру.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

3 деңгей нұсқаулық. Басылым 2012 ж.

 

 

 

           

 

 

 

 

 

Бәрімізді бүгінгі таңда алаңдататын мәселе – жас ұрпақтың сапалы білімді игеруі. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар - бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» деуінің өзі - үлкен көрегендіктің белгісі. Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс- тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Әр мұғалім өз іс- тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Ол заман көшіне ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыруы қажет.  Білім берудегі Кембридждік әдістің теориялық негізін оқып, таныса отырып, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері – 7 модульді практикалық түрде қолдану арқылы оның артықшылықтарына көз жеткіздім. 

     Жаңа әдістерін жетілдіру мақсатында педагогтардың біліктілігін  арттыру курсының  бізге ұсынылып  отырған бағдарламасы  мына  жеті  модульді  қамтыған:

1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.

2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.

4. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және  оқыту. 

7. Білім  берудегі  басқару және көшбасшылық

         Бұл модульдердің көпшілігін бұрыннан сабағымызда пайдаланып жүрсек те, тереңіне үңіліп, олардың өзіндік философиясын түсініп көрмеппіз. Әрине, бұрынғы дәстүрлі әдістерді де жоққа шығаруға болмайды, әр тәсілдің өзіндік артықшылықтары болады.  Біз қолданып отырған бағдарламаның түрлі тәсілдерді жинақтағанына қарамастан , сындарлы оқыту негіздері қамтылған. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» (СТО)  бағдарламасының  қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше.                                        Сын тұрғысынан  ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түпкір- түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі, ал бағдарламаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. Білім берудің кешенді міндеттерін және мұғалімнің әртүрлі жағдайларда жұмыс істейтіндігін ескерсек, тиімділік деген сөзге аса мән беріп сол курста негізге алынған  жеті модуль туралы қысқаша тоқталайын.

   1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер

«Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйретуді» ғана қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік –сындарлылық көзқарасымен тығыз  байланысты. «Қалай оқу керектігін үйрету » немесе метасана оқушыларға оқуды өз етінше  жалғастыра   алатын  білім  жинау жауапкершілігін  түсінуге  және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді. Бұл модулдің тағы бір ерекшелігі оқушыларды топтап оқытуы болып тұр. Топтап оқытудың пайдасы туралы Ибн  Сина  Әбу Әли Хусейн Ибн  Абдолла (Авиценна 980-1037) былай деген болатын:«Егер бала жалғыз оқып, сыныптастары жоқ болса, бұл оқытушы мен үйретушіге ортақ қынжылыс болмақ. Сондықтан ең жақсысы –  оқушылар оқу тәрбие үрдісінде үлгілі мінезге бір-бірінен үйренетін ұжымдық оқытуды ұйымдастыру».

Оқушыларды ұжымдық оқытудың төмендегідей пайдасы бар.

1.  Оқушылар оқу және тәрбие үрдісінде ғылымға сусап тұрады.Өз білімдерін мақтан тұтып, досының білімін қызғанады. Намыс пен мақтаныш оқушыны өзгелерден кейін қалмауға міндеттейді.

2. Оқушылар кездескенде үнемі сөйлеседі, сонымен естерін және шешендігін дамытады. Егер балалардың біреуі жақсы сөз естісе және оны құрбыларына айтса, онда балалардың естері дамиды және өзін-өзі оқыту жүреді.

3. Ұжымдық оқытудың келесі қоғамдық пайдасы оқушылар өзара достасады, бірін-бірі сыйлауға үйренеді, өзара дауласады, жарысады және пікір айтысады.

Топқа бөліп оқытқанда оқушылардың талпынысы артады, әр оқушы өзін жеке керекті тұлға ретінде сезінеді және өз үлесін қосуға талаптанады. Бір адамның айтқанынан гөрі бірнеше адамның айтқаны есінде тез сақталады. Рефлексия кезеңінде оқушылар алған жаңа ақпараттарды, жаңа білімді реттейді, өз пікірлерін дәлелдеп айтады. Манағы  флипчартқа түсіргендерін  топпен қорғайды.
  2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Сабақтарымда СТО әдістерін қолданған өте тиімді болды. Біріншіден, жеке, жұппен, топпен жұмыс барысында баланың белсенділігін, сабаққа қатысуын бақылауға болады. Өйткені бірін-бірі оқыту арқылы ойлау қабілеттері дамиды. Әр оқушының жауабы тындалуы қажет, әр топ мәселе бойынша өз ойларын ортаға салуы маңызды. Ой шақыру кезеңінің басты міндеті – алдағы  жұмыстарға оқушылардың қызығушылығын ояту,  дайындау. Ой шақыру кезіндегі жұмыстардың негізгі тәсілдері мен стратегиялары болады. Қай тәсіл болса да , ол тұлғаның шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталады . Сабақтарымда түрлі суреттер, ұлы адамдың еңбегімен,тарихи оқиғаларды салыстыра  отырып оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін табуды қажет ететін негізгі ерекшеліктер: ұтқырлық ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу, сұрақтар қою, дәлелдерді талап ету. Сыни тұрғыдан ойлаудың көптеген әдіс-тәсілдері бар.
«Алты қалпақ», «Миға шабуыл», «Кубизм», «Екі түрлі күнделік», «БҮБ» тб стратегиялық әдіс - тәсілдер арқылы жүзеге асыруға болады. Егер де мұғалім өзі сыни ойлай алса, оның шәкіртіде сыни тұрғыдан ойлай алады
. Іс-әрекетті ой елегінен өткізу кезеңінде жаңа ақпараттар кездестіреді, алға қойған міндеттерді шешуге ынталанды, осыны іске асыру барысында мұғалім берген мәліметтерге, оқулықтағы тақырыптарға сүйенеді. Бағдарлама үш деңгейден тұрады. Оқыту мен үйретудің тәсілі мынау болып табылады:

1. Қызығушылығын ояту-жаңа сабақты түсіндіру кезіндегі үйрену процесі. Бұл бұрынғы білетін білім мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады.

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер  арқылы оқытуда оқушылар бұрынғыдай тек тыңдап және көшіріп қана қоймай, белсенді әрекеттер атқарады. Ол белсенді әрекеттерге ойлау, оқу, сөйлеу, талқылау, жазу, пікірлесу, пікір таластыру жатады.

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер  арқылы оқытуда білім дайын күйінде берілмейді, ол тек белсенді әрекеттер арқылы ғана игеріледі, оқушылар өзара қоян- қолтық қарым -қатынаста болып, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру. Өзімізге сыни тұрғыдан ойлауымыз керек. Сабақта оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруі,  пікір алмасуы диалогпен жүзеге асты. Топтық әдісті қолданғанда  оқушылардың бір- бірімен ақылдасуы, оны  топтан біреуінің шығып  айтуы, ал  болжау әдісін қолданғанда оқушылардың мәтінде не туралы жазылуы мүмкін екендігі туралы өз ойларын да диалог арқылы көрсете білді.

2. Мағынаны тану – жаңа сабақты бекіту процесі. Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша  жұмыс жасайды,тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар олар идеяны жеткізіп қана қоймай, шешім табу үшін топқа сұрақ қояды және басқаларды сұраққа тартады. Әр топтан бір оқушы шығып ұжым алдында мәтін мазмұнын қысқаша баяндап береді.

3.  Ой толғаныс – сабақты қорытындылау кезеңі. Осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда қалай қолдану керектігін үйренеді. Мысалы, бұл жерде балалар эссе жазады. Өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, түйгендерін анықтайды.     Бұл модульдің нәтижесі көп. Атап айтар болсам, ой – пікірін ашық, еркін айту, бір-бірінің сабақ барысында қателіктерін айту, жақсы қасиеттерін үйрену, сабақ-білім естерінде көп уақытқа сақталады, сабақ барысында өзі талдайды, бір-біріне талап, өтініш, тілектерін білдіре алады.

   3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау. Бағалау –одан арғы білім туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Мұғалімдер мен оқушылар  өздерінің қандай мақсатқа жететіндіктерінің өлшемдерін түсіну. Осыған байланысты бағдарлама критерийлі бағалау тәсілдерін қарастырады.Білім алу кезінде бағаның орны ерекше. Бір сабақ үстінде бірнеше оқушыны бағалау мұғалім шеберлігіне байланысты. Баға алуда оқушылар алға талаптанады, ізденеді. Кейбір оқушы білім үшін емес, баға алу үшін оқиды. Сондықтан бағаны дұрыс қою және оның нақты болуын алға қою әр мұғалімнің есепке алар міндеті. Сабақ үстінде бірнеше бағалау әдістерін қолдануға болады. Суммативті баға мен формативті бағаны қою әрбір  сабақтың негізгі сатысы болуы шарт.

   4. Білім беруде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды АКТ пайдалану. Қытай философының «Маған жәй айтсаң – ұмытамын, көрсет­сең есімде сақтаймын, ал өзімді іс – әрекетке қатыстырсаң үйрене­мін» деген даналығы білім алу­шының білімге ықыласын арты­руда ақпараттық – комму­никатив­тік технологияларды пайдалана отырып, өзіндік ізденіс жүргізуді практикада жүзеге асырудың маңызды екендігін көрсетеді. Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қоғамдағы өзгерісті танып білуге және оларды тез қабылдауда мол мүмкіндік береді. Жоспарланған сабақты тиімді өткізуге көмектеседі, оқушының ой өрісінің дамуына, зерттеулік жұмыстар жүргізуіне ықпал етеді. Бағдарлама соңында мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сенімді және сыни тұрғыдан пайдаланушыларға айналады. Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиялармен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»-деп елбасымыз өз жолдауында айтып қана қоймай, әр мектепті түрлі ақпаратты техногиялармен қамтамасыз етуде. Ақпараттық технологиялардың білім берудегі пайдасы мыналар болып табылады.

– алыстағы ақпарат көздерін пайдалану,

– түрлі жүйелерге ену арқылы өз бетімен іздену,

– сұраныс бойынша ақпарат алу,

– интернет тарапында берілген тапсырмалар мен жаттығуларды орындау,

– ақпаратты кез-келген арақашықтықта тез арада жеткізу,

– өзі оқып отырған тілде электронды пошта арқылы хат алмасу,

– ақпараттың қажетті түпнұсқасына қосылу.

Интернет арқылы ғаламдық желінің ақпараттық ресурстарын қолдана отырып, оларды оқу үрдісіне енгізіп, сәйкес дидактикалық түсініктемелер беру арқылы дидактикалық мәселелердің келесі жолдарын тиімді шешуге болады.

– күрделілік дәрежесі жағынан түрлі материалдарды оқу дағдылары мен біліктерін қалыптастыру,

– интернеттен алынған материалды талдау негізінде ауызша сөз іскерліктерін жетілдіру,

– жазбаша серіктеріне хат жазу, жауап жазу, баяндама, реферат т.б. жазба жұмыстарын дайындау арқылы жазбаша тіл білігін арттыру,

– өзі оқып отырған  елінің тарихы мен мәдениеті, салт-дәстүрлері, экономикалық даму ерекшеліктерін қамтитын танымдық білімдерін кеңейту.

Яғни, ақпараттық технологиялардың білім беруде маңызы зор. Өйткені ол оқушыларға үлкен ақпараттық білім кеңістігіне жол көрсетеді. Бұл оқушының ой өрісін кеңейтіп қана қоймайды, білім деңгейін көтеруге үлкен үлесін қосады.

   5.  Талантты және дарынды балаларды оқыту

Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жасау. Оқушылардың қабілеттерін дер кезінде анықтай білген ұстаз болашақ талантты да тани біледі.                   Рас, ізденуші мұғалім бала бойындағы туа біткен түрлі қасиеттерді дәл байқап, оның сапалық ерекшеліктеріне баға беріп, ары қарай өз бетінше дамыта түсуіне жағдай туғызуы керек, көмектесуі қажет. Бұл үшін, әрине ұстаздың өзі де өзгеруі, яғни дәстүрлі оқытудың таптаулары сүрлеуінен арылуы тиіс. Осылайша оқытудың жаңа мазмұнын жасауға бетбұрысты әрбір мұғалім өзінен бастағаны жөн. Мұғалім  шәкіртке білім, білік, дағды беріп қана қоймай, ақыл-ойы мен қабілетінің дамуына көңіл бөліп, «оқи алуға үйрету керек». Дарынды және талантты балаларды оқытуда мына қағидаларды есте ұстаған дұрыс.

-Оқушының бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға деген табиғи талап-тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру.

– Білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау.

– Өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру

Осы қағидаларды ұштастыратын болсақ қана оқушы өзінің дарынды екенін сезінеді. Бойындағы «мені» оянады. Басқалардан артық тапсырма алу оларды шабыттандыра түседі, бірақ әрдайым мұғалім баланы қанаттандыру үшін өзіне сенімін молайту  үшін бірге ізденісте болуы шарт. Түрлі сайыстарға,олимпиадаларға қатыстырып, мақтау сөздер айтып ізденуде тоқтап қалмауға баулу керек. Ал мен бұл оқушымен жеке жұмыс  жоспары бойынша жұмыс істеген жөн деп таптым. Алға ұмтылған оқушыны артқа тартпай сабақ үстінде басқа тапсырмалар беріп бала білімін шыңдаған дұрыс. Қосымша ақпаратты жинауды осындай дарынды оқушыларға берсе, олардың да, өзгенің де жиғаны көп болмақ. Нашар мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді»-деп неміс педагогі А.Дистерверг айтып өткендей бүгінгі таң мұғалімдері жақсы мұғалім атану үшін түрлі әдістерді пайдалану арқылы бала білімін ұштауда. Мұғалім оқытуға кіріспес бұрын оқушылардың мінездерін зерттеп, білімдерін тексеруі тиіс. Мұғалім әр баланың білім дәрежесі қаншалықты екенін саралап алғаннан кейін, оның алға жылжуына ықпал етуге міндетті.

   6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.

Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология оқушылардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Білім берудің мазмұнына енгізіліп жатқан өзгерістер мен жаңалықтардың барлығы да ғылым негіздері бойынша білімді меңгертумен қатар оқытуды дараландыруға жағдай жасау арқылы оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, қажеттіліктері мен қызығуларына сай білім беруге бағытталып отыр. Сабақ беруде мұғалім оқушылардың жас ерекшелігін негізге алуы керек. Тапсырамаларды да меңгере алатындай, сұрақтарға дұрыс жауап іздей алатындай етіп қою керек.Сол кезде сабақ күтілген нәтижеге қол жеткізеді.

   7. Білім берудегі  басқару және көшбасшылық

Аталған модуль білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алу керек деген тұжырымға сыйады. Қандай жағдай болмасын, өзіңіздің өмірлік ұстанымыңызды таңдай білу, адамдық көшбасшылыққа негізделеді.  Олай болса, бағдарламаның негізгі идеясы сыни  тұрғыдан бағалау, өзгерту және  тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатыны негізделеді. Мектеп  жұмысының бағдарламасына оқушыларға көшбасшы болуға үйрететін тренингтер, рөлдік ойындар,олимпиадаға қатысу, ҒЖ жазу, қашықтық олимпиадалар кіреді. Әр мұғалім өз сабағының –көшбасшысы.Көшті қалай бастап алып жүрем десе де өз еркі. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол шеберлігіне байланысты.

Сонымен Қазақстанның білім беру мазмұны сөзсіз жаңа сатыға көтеріліп, алға қадам бастап келеді. Біліктілік пен шеберлігімізді ұштастырып, жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке көтеру біздердің міндетіміз.

 Қоғам дамуында білім берудің ең маңызды мәселе екендігі белгілі. Әрбір мемлекеттің өсіп-өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы  ұстаз берген білім. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келетін кез келген мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа форматты мұғалімінің еншісіне тиері анық. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Сапалы білім негізі – жан-жақты ақпараттық материал­дар­ды, көрнекі құралдар мен ұтым­ды технологияларды, тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, білім алушыға ешбір кітаптан таба ал­майтын білім беру.

«Педагогтік шеберлік» – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Ендеше, іздену мен үйренуді ешқашан тоқтатпайық дегім келеді. Өркениет көшіндегі білім кемесінің сапары сәтті болғай.

 

Қолданған әдебиеттер:

 

1.Нұсқаулық: ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы

2. ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы: Мектептегі тәжірибе кезінде орындауға арналған тапсырмалар.( үшінші басылым).

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад "Тaрих пәнiнде топтық жұмыс aрқылы oқушылaрдың диaлогтiк сөйлеу қaбілетiн дaмыту""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист сварочного производства

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 863 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.11.2015 1784
    • DOCX 313.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жолдасбекова Жанаргул Самаркановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 23305
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Достижение эффективности в преподавании истории на основе осуществления положений историко-культурного стандарта

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 639 человек

Курс повышения квалификации

Развитие ИКТ-компетенции обучающихся в процессе организации проектной деятельности при изучении курсов истории

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 95 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по истории в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 191 человек

Мини-курс

Музыкальная журналистика: создание и продвижение контента

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: нормативно-правовые основы, компетенции и педагогические аспекты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Дизайн-проектирование: практические и методологические аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе