Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы"Достық татулықтан басталады" 4-класс

"Достық татулықтан басталады" 4-класс

Скачать материал

Достық татулықтан  басталады.

Мақсаты: Оқушылардың  арасындаға жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлау, адал  дос  болуға және  қоршаған  ортамен   дос  болуға  үйрету.

Міндеті: Адам  қарым –қатынасындағы  достық  ұғымы  туралы  түсінік   беру; оқушылардың  арасында  достық   сезімдерін  дамытуға  ықпал  ету; оқушыларды  сыйластыққа,   әдептілікке, шынайлыққа, адалдыққа, тәрбиелеу.

Барысы:

Оқушылар  хормен: 

Үлкенге де  «сіз»

Кішіге де «сіз»,

Бар адамға құрметпен,

Бас иеміз  біз.

 

Сәлем  дос   (қолды беру)

Сен  қалайсың?         (арқасын  қағады)

Мен   сені сағындым  (жүректеріне  қолдарын  апарады)

Сен  міне  келдің  (құшағын  жаяды)

Келгенің   тамаша  болды  (құшақтасады)

 

Мұғалім.  Құрметті оқушылар,  бүгінгі тренинг  сабағымыздың  тақырыбы: «Достық  татулықтан  басталады»  Жалпы  дос  дегеніміз  не, қалай  дос  болу   керек екені    бәрімізге  белгілі, бірақ  та  кейбіреулер  дос  деген  сөздің   мәніне  жетпейді.

«Достық-өмір  үшін  ең  қажетті  нәрсе,  өйткені  ешкім  ешқашан  да  барлық  басқа  игілікке  түгел  ие  бола  тұрса  да,  дос-жарансыз  өмірді  қаламақ  емес» деп  Аристотель  атамыз  айтқандай  бүгінгі  тренингіміз  дос  туралы  талқыланатын  боламыз.

Балалар, алдымен  достық  деген   не,  оны  қайсысымыз  қалай  түсінеміз, соны  айырып  алайық.

 Достық  алдымен  екі  адамның  бір-біріне  деген  адалдығы. Адалдықсыз  достық  та   болмайды.  Ал  адалдық  деген  -рухани  тазалық.  Онсыз  сен  досың  үшін  майданда  да  жан   бере  алмайсың?

 

Тақырыпты  ашу  сұрақтары.

1.Дос  деген  кім?

 


                                  Сыр бөлісетін  адам.

                                                   Мені   жақсы  түсінетін   адам.

                                                   Көмекке  ардайым   дайын  адам

                                              Қандай  жағдай  болмасын  бірге  болатын  адам.

 

2.Достық  дегенді  қалай  түсінеміз? (жауапты  сурет  арқылы  беру. Әрбір  оқушы  өздері  салған  сурет  бойынша  түсіндіреді.

Бірінші  жауап  Адамдар  арасындағы  байланыс.             Екінші   жауап. Достықты  шеңберге   теңедім.

 

 

 

 


Үшінші  жауап  Жүрекке                      Төртінші  жауап  Байтерекке

 

 

 

 

3.Досың  барма? Ол қандай?

4.Досыңыздың  басына  қиындық  түсті, не  істейсіз?

5.Жақсы  дос  жаман  дос  қандай  болады?

6.Қыз  бала  мен ер  баланың  арасында  достық   бола  ма?

7.Менің  достарым   көп  болу  үшін  не  істеуім  керек?

 

«Жалғастырып  көр» ойыны

А) Әрбір  адамға  дос керек. Өйткені....................

Ә) Менің  сыныптастарыма  немесе  досыма  тілегім...............

Б) Сыйластық  бар  жерде.......

Сауалға  жауап  іздеу.

1.Біздің   сынып   қандай?

2.Сынып  оқушылары  арасында  сыйластық,  достық  қатынас  орнаған ба?

 

Көрніс: Саңырауқұлақтың  саясы.

Қатысушылар:  Жүргізуші, Құрмысқа, көбелек, Торғай, Қоян, Түлкі, Бақа.

 

Жүргізуші:  Көктем  келді,

                       Жер  көгерді,

                       Табиғат  әсем  күйге  енді!

                       Дала   гүлге   бөленеді.

                       Шалғынына  енді

                       Құрмысқа  келді.

 

Құрмысқа:    Шалғынға  осы жатайыншы,

                         Рахатқа  бір   батайыншы.

                         Қыс  бойы тоңазыдым,

                         Көктемді  аңсап  мен  сағындым.

                         Бұлттар  бері  жылжыпты,

                         Жаңбыр  сірә   төгеді.

                         Мына  саңырауқұлақ   пана  болса,

                         Бізге  тиер  көмегі.

Көбелек:         Күшім  кетіп  әлсіреп,

                          Қанатым  су болып  жабысып,

                          Ұша  алмадым  құрмысқа,

                          Алшы  менің  қасыңа,

                          Пана  берші  басыма.

 

Құрмысқа:   Кел,  кел

                        Сен  кішкентайсың  ғой

                        Екеуміз  сиярмыз.

 

Торғай:        Жаңбыр  қандай  күшті  еді,

                      Ұша  алмадым,  мені көр!

                       Бас   сауғалап  келіп  ем,

                       Жандарыңнан  орын  бер.

 

Құрмысқа  мен  көбелек:

                        Кел,  кел.

Торғай:         Рахмет  сендерге!

 Қоян:            Түлкі  қуып  есім  кетті,

                        Айналайын  аңдар-ау

                        Маған   пана  болыңдар,

                        Жасырыңдар  қорыңдар.

 

Үшеуі  қосылып: 

                        Тұра  ғой,  қосыл  да,

                        Жасырамыз  осында.

Түлкі:

Ор  қоянды  орғығын  көрдіңдер ме, балақайлар-ау?

 

Бәрі:    Жоқ,  жоқ,

             Көрген  жоқпыз.

 

Түлкі:

             Әлі –ақ  қолға  түсерсің.

 

Жүргізуші:  Міне,  жаңбыр  да  басылды,

                       Аспан  шайдай  ашылды.

                      Аңдар  саңырауқұлақтан   шықты,

                      Бір  біріне  қарасты,

                      Таңдана былай  таласты.

Құрмысқа:

Мен  жалғыз  өзім  сыйған  саңырауқұлақ  сиқыр  ма?

Көбелек:  

Біз  бәріміз  сонша  кішіміз  ғой.

 

Торғай:   Көңіл  сыйса,  бәрі  сыяды.

Қоян:  Екі  адам  ығысса,

             бір  кісіге   орын  табылады.

             (сол кезде  бақа  «бақ»етті.)

Бақа:   Ей  саңырауқұлақ  өсіп  кетті.

             Соны  да  білмегендерің  бе?

Бәрі:    Достарды  біз    қолдаймыз,

             Қиын  шақта  қорғаймыз.

 

Ән:   Дос  болайық  бәріміз.

 

     Әрқашан  дос,  біргеміз,

     Ажырама  іргеміз.

     Ілгері  жүріңдер.

     Достық  жырын  біліңдер ,

     Ту ғып  ұстап  бірлікті,

      Еңбекті  сүйіңдер!

                 Қ- сы.

Дос  болайық , бәріміз,

Жарасып  тұр  әніміз.

Тыныштықты  сақтаймыз.

Атсын  күліп  таңымыз.

 

Қайраттанып  қарышта,

Озып  шыққан  жарыста,

Батыл  бас,  жас  ұлан!

Самға  биік,  алысқа,

Жұлдыздарға   ғарышқа,

Бойда  күш  тасысыған.

 

Мақал-мәтелді жалғастыр?

1.Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан......................(көзіңе мақтар)

2.Досыңа  күлме  келер ......................................(басыңа)

  3.Доссыз  адам  тамыры  жоқ ..............................( ағашпен  тең).

4.Досқа  күлкі  қылма,  дұшпанға..........................(таба қылма)

5.Досы  жоқпен  сырлас,

Досы көппен ............................................................( сыйлас)

6.Досыңменен  дос   болғанға  шаттан

Дұшпаныңмен  дос  болғанан ................................ (сақтан)

7.Ақылсыз  достан,  ақылды  .................................(дұшпан   артық.)

8.Дос  басқа  қарайды,

Дұшпан.................................................................... ( аяққа  қарайды).

9.Досы көпті  жау  алмайды,

   Ақылы  көпті.......................................................(дау алмайды)

 

Социометрия әдісі.

Мақсаты: Балалар  ұжымдағы  өзара  қарым-қатынасты  анықтау, алынған  мәліметтерді  оқу  -тәрбие  жұмысында  қолдану,топ  ішінде  психологиялық  қолайлы  жағдайды орнату.

Нұсқау.

Балалар  сіздерге  сұрақтар  қойылады. Сол  сұраққа  осы  өз  сыныптарынан  үш  адам  есімдерін  жазасыңыздар.

1.Кіммен  дос  болғың  келеді?

2.Партада  кіммен  бірге  отырғың  келеді?

3.Мерекелерде  кімге  сыйлық  бергің  келеді?

 

Өміршендік  ережелері.Әр  адамның  ережесі  -өз  жүрек  қалауымен  жүру  және    батыл  әрект  жасау. Сол  сияқты  иығыңды  тіктеп, жарқын  көңілмен  іштей  табысқа   жетуге  талаптанып,  өміршеңдік  ережелерін  айтайық.

Жігер   деген –Мен

Күш  деген –Мен

Махаббат  деген –Мен

Кешірім деген –Мен

Құдірет   деген –Мен

Жасөспірімдік  деген –Мен

Жастық  шақ  деген –Мен

Денсаулық  деген –Мен

Адалдық  деген –Мен

Жарқындылық  деген –Мен

Бар ғажайып  деген –Мен

 

Хормен: Бәрі  маған  байланысты,

               Бәрі менің  қолымда.

 

Шапшаң  ойын. « Иә  мен  жоқ»

Достық  біреуге  жымиғанан  бастала  ма?

Достық  біреуді  қорғағанан  басталады ма? 

Достық  біреудің  бағынан  алма  ұрлағанан  бастала ма?

Достық  бір –біріне  зат бөлісуден  басталады  ма?

Достық  біреуді  итеріп  құлатқанан  басталады  ма?

Достық  біреудің  машинасын  жөндегенен   басталады ма?

Достық  төбелескенен  басталады  ма?

Достық  мазақтағанан  басталады ма?

Достық  сыпайы  болудан  басталады  ма?

 

 

Жүректен–жүрекке.

Ортада  қобдиша   тұр.  Онда  түрлі–түсті  жүрекшелер  бар.  Кімге  қай   түстегі  жүрекше   ұнайды,  соны алайық.

    

 

 

 


Қызыл –адамгершілік, сары–адалдық, қызғылт–мейрімділік, көгілдір–сүйіспеншілік,  жасыл–әдептілік,  көк–ізеттілік, ақ–қайырымдылық

Осы қасиеттер  бойларыңызда  дари берсін. Достықтың  екі  түрі  болады. Бірі  адал  достық,  екіншісі  амал  достық. Адал  достық–өмірлік  нұсқа  болады,  амал  достықтың   өрісі  қысқа  болады, сондықтан балалар  адал  достықты   таба  біліңдер. Достарыңа   әрқашан  адал,  таза  ақ  ниетті  болыңдар. Бүгінгі  тренинг  сабағымызды  қортындылай  келе, сендерге  тек  қана   шын  дос  тілеймін.Өздерің  де  нағыз  бола  біліңдер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Достық татулықтан басталады" 4-класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по сертификации продукции

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Мейірімділік асыл қасиет.

Мақсаты: балалардың «мейірімділік» «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту:

Дамытушылық: оқушылардың психологиялық ой -өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе бәлуге үйрету;

Тәрбиелік мәні: оқушыларды мейірімділікке, қайырымдылыққа, кішіпейілдікке тәрбиелеу.

Міндеттері:

-Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

-Өзара сыйластық қарым - қатынастарын дамыту;

-Мейірбандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ -жауап, әңгімелеу.

Көрнекі құралдар: оқулық суреттер.


Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 172 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.01.2016 762
    • DOCX 56.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Елубаева Роза Шалабаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Елубаева Роза Шалабаевна
    Елубаева Роза Шалабаевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5305
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 257 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 1 263 человека

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 63 человека из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 353 человека

Курс повышения квалификации

Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 952 человека из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 7 702 человека

Мини-курс

Управление проектами: концепции, практика и финансы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология развития и воспитания детей: особенности и подходы

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 15 регионов

Мини-курс

Экономика и управление

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе